Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


теория, әдiстер, әдiстеме, тех-нология



Pdf көрінісі
бет270/301
Дата16.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#116485
түріОқулық
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

теория, әдiстер, әдiстеме, тех-нология, 
оқыту технологиясы, педагогикалық технология
ұғым
-
дарының 
арақатынасын дұрыс ажырата білу және практикада дұрыс қолдана білу әр 
мұғалімнің технологиялық құзыреттілігінің басты көрсеткіші. Практикада 
кейде «технология» ұғымы «әдiстеме» немесе оқытуды ұйымдастырудың 
«формасы»
ұғымының синонимi ретiнде қолданылып кететіні байқалады. 
Аталған ұғымдардың барлығы оқыту үдерісінде
қолданылатын 


323 
болғандықтан мақсатты түрде олардың мағыналық ерекшеліктерін 
салыстыра отырып қарастыру қажет.
Теория
ұғымы біркелкі немесе біртұтас құбылыстар және оның 
элементтерi мен қызметтерiнiң жиынтығын сипаттайтын заңдар, 
категориялар, ұғымдар, тұжырымдамалар, қағидалар жүйесi ретiнде 
қарастырылады. Теория өздігінен ешнәрсенi өзгерте алмайды, бірақ адамның 
практикалық әрекеттерiн реттеуші рөлін атқарады. Теория адамдардың 
санасы арқылы қабылданады және сол теорияны ақиқатқа айналдыру үшін 
белгілі дәрежедегі күш пен энергияны жұмсаған жағдайда ғана материалдана 
алады. Теория үшiн оның ережелерiне кiретiн дәлелдемелер, негiздемелер 
мiндеттi болып табылады: егер негiздеме болмаса, онда теория да жоқ. Кез 
келген теорияның көздейтін соңғы мақсаты 
– 
оның практикада жүзеге 
асырылып, сол арқылы оның құндылығының бағалануы.
Оқыту теориясы
– 
оқыту үдерісінің заңдары мен заңдылықтарын
зерттейтiн, оқытудың мақсатын, міндеттері мен мазмұнын ашып көрсететiн, 
оқытуды ұйымдастыру формаларын және әдiстерiн, қағидаларын 
сипаттайтын педагогиканың құрамдасбөлiгi. Педагогика ғылымында оқыту 
теориясы «дидактика» ұғымының синонимi ретiнде қолданылады.
Әдiс
кең мағынада тұлға әрекетiнiң түрлі формадағы тәсiлдер 
жиынтығы, бiр нәрсеге жетудiң жолы деп анықталады. Кез келген ғылыми 
әдiс оның қажеттi алғышарты ретiнде қатысатын, белгiлi бiр теория негiзiнде 
зерттеледi. Әдiстiң негiзгi қызметi
– 

-
әрекеттi реттеу және бағдарлау. Әдіс 
– 
мақсатқа қол жеткізу тәсілдері.
Оқыту әдiстерi

педагогикалық үдеріске
қатысушылардың білімді 
меңгеруге бағытталған бiрлескен әрекеттерiн ұйымдастырудың тәсiлдер 
жүйесі. Оқыту әдістері сөздік, көрнекілік, тәжірибелік, бақылау және өзіндік 
бақылау әдістеріне жіктелген.
Әдiстеме
ұғымы нақты бір іс
-
әрекетті орындау үшін қолданылатын 
әдістер мен тәсілдер жиынтығы деп түсіндіріледі. Әдістеме бір істі 
атқарудағы әдiстер мен тәсiлдердiң кешенiн пайдалану тәртiбiн бiлдiредi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   301




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет