Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Жобалау технологиясының оқушы үшін тиімділігі



Pdf көрінісі
бет284/301
Дата16.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#116485
түріОқулық
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

Жобалау технологиясының оқушы үшін тиімділігі: 
-
жоба мәселесін шешу барысында оқушы түрлі әдебиет көз
-
дерін 
өзі іздестіріп, өз білімін оқулықтан тыс материалдармен толық
-
тырады;
-
теориялық білімнің практикалық қолданысын іздестіруге
машықтанады;
-
жұптық немесе топтық ізденіс жұмыс барысында комму
-
никативтік іскерліктерін дамытады;
-
мектеп жасынан ғылыми
-
ізденушілік іс
-
әрекет дағдыларын 
қалыптастырады;
-
сыни ойлау, жүйелі ойлау, логикалық ойлауын дамытады;
-
белгіленген мерзімге дейін жобаны орындау кезеңдеріне қажетті 
уақытты өздері белгілеп, тайм
-
менеджмент негіздерімен танысады.


337 
5)
 
 
Оқытудың ақпараттық және коммуникативтік техно
-
логиялары. 
Қазіргі
ақпараттық қоғамда оқыту үдерісін
ақпараттық
-
коммуниткативтік технологияларынсыз көз алдына елестету мүмкін емес. 
Интернет желісі пайда болғаннан бастап ақпараттық
-
коммуника
-
тивтік 
технологиялар тек оқыту құралы емес, сонымен қатар әлемдік масштабтағы 
қарым
-
қатынас алаңына айналып, олардың тұлға сана
-
сына, оның 
дүниетанымына және жалпы тәрбиесіне әсері ерекше сезі
-
ле бастады. Кез 
келген ақпараттың қолжетімділігі әр тұлғаның әлемдік білім беру кеңістігіне 
интеграциялануына зор ықпал тигізуде. 
 
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар

түрлі ақ
-
парат 
көздерімен (электрондық, баспалық, қарым
-
қатынастық) жұмыс істеу үшін 
арнайы бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдаланатын 
педагогикалық технологиялар. Ақпараттық техноло
-
гиялардың жедел 
модернизациялануына 
байланысты 
мұғалімдердің 
ақпараттық 
құзыреттіліктеріне
деген талаптар жылдан
-
жылға кү
-
шею үстінде. 
Мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігіне төмендегідей іскер
-
ліктер мен 
дағдыларды меңгеруі жатады:
1)
электрондық базамен жақсы жұмыс істей алуы, ком
-
пьютерлік 
сауаттылығының болуы (
MS Offise Word, MS Offise Excel, MS Offise Power 
Point, MS Offise Publisher, т.б.
бағдарламалармен жұмыс істей алуы
); 
2)
оқушылардың
қызығушылығын арттыру мақсатында сабаққа 
қажетті материалдарды иллюстрациялық, анимациялық ерекшеліктерімен 
презентация
құрастыра білуі;
3)
мультимедиялық жобалардың, интерактивті тақтаның барлық 
мүмкіндіктерін пайдалана білуі, оқу бағдарламаларын көрсетуде қажетті 
деңгейде проекциялау техникасының тілін білуі;
4)
оқытатын
пәні бойынша электрондық
-
сандық ресурстар, 
электрондық оқулықтар, атластар, құралдар, электрондық жұмыс 
дәптерлері, электрондық күнделік, компьютерлік тесттермен жұмыс істей 
алуы;
5)
жеке электрондық дидактикалық материалдарының қорын 
дайындау, оқушылардың электрондық портфолио банкін дайындай алуы;
6)
сайттар, буклеттер жасайтын бағдарламаларды, редактор
-
лармен
жұмыс жасай алу, электрондық кітапханалар мен веб
-
сайт
-
тарға 
сілтемелерді пайдалана отырып, сабақ тақырыбына қажетті қосымша 
материалдарды пайдалана алуы;
7)
интернет желісінде блог, форумдар жүргізу, оқушылар
-
мен, ата
-
аналармен, әріптестерімен кәсіби желілік қоғамдастықтарда on
-
line жұмыс 
жасай алуы, желілік журнал, күнделіктер жүргізуі;
8)
интернет кеңістігінде оқушыларды дистанциялық олим
-
пиада,
сайыстарға, викториналарға қатыстыруы; 


338 
9)
арнайы 
Coursera, EdX, Udacity, FutureLearn және т.б. 
интернет 
платформаларында оn
-
line түрінде біліктілікті жетілдіру курстарына 
қатысуы
.
Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына байланысты 
мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігіне қойылған талаптар жылдан
-
жылға 
жаңарып, өзгеріп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   301




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет