334
жақсылық жасау арқылы жақсарады, сондықтан топ ішінде өзара көмек,
өзара
сыйластық, өзара қолдау, өзара түсіністік сияқты ізгі әрекеттердің көп
орындалуы ынтымақтастық ортаны қалыптастырудың кепілі. Бұл
қатынастарды
дұрыс басқара алу үшін мұғалім оқушылар ұжымының
құрылымын, даму сатылары мен
ерекшеліктерін терең зерттеп, олардың
темперамент
типтерін (меланхолик, сангвинник, холерик, флегматик) жетік
білгені абзал.
3)
Проблемалық оқыту технологиясы.
Проблемалық
оқыту
идеясыоқушылардың ақыл
-
ойын дамытуда оқуды қызықты танымдық
үдеріске
айналдыруға байланысты пайда болған. Бұл идеялар
Я.А.Коменскийдің,
И.Г.Песталоццидің, Ф.А.Дистервегтің, К.Д.Ушинскийдің
және т.б. педагогтардың
еңбектеріндегі зерттеу өзегіне айналған.
Сонымен
қатар ХХ ғасырда шетелдік педагогикада проблемалық оқыту идеясы
американдық
психолог Дж.Дьюидің еңбек
-
терінде оқушыларды белсенді оқу
іс
-
әрекетіне қатыстыру, оқу пробле
-
маларының
шешімдерін өздігінен
іздеткізу тұрғысынан зерттеліп дами түсті.
ТМД елдерінде проблемалық оқыту технологиясының зерттелуі
М.А.Данилов
,
В.П.Есипов
,
И.Я.Лернер
,
А.В.Брушлинский, М.И.Махмутов,
А.М.Матюшкин т.б. ғалымдар еңбектерінде зерттел
-
ген. Бұл зерттеулердің
нәтижесінде
оқушыларға білімді дайын күйінде бере салмай,
керісінше, сол
білімге өздерінің ізденістері арқылы, алдарына қойылған проблемалық
ситуацияларды
шешу арқылы жет
-
кізудің маңыздылығы негізделді. Дәстүрлі
оқытуда балалардың ізденіс жұмыстарының айқын көрінбейтіні
алаңдатушылық туғызады.
«Білім – инемен құдық қазғандай»
балаларды
ізденіске,
шығармашылыққа,
тапқырлыққа
ой
еңбегіне
деген
қызығушылықтарын оятып,
ынталан
-
дыра алатын болуы керек.
Проблемалық
оқытудың негізгі элементі
-
проблемалық ситуа-ция.
Проблемалық оқу ситуациясын шешу арқылы балалар өз қателік
-
терінің
себептерін түсінетін болады, табылған тәсілдердің тиімділігін бағалайды, өз
шешімдерін басқа балалар шешімдерімен салыстыра отырып, ең дұрыс
шешімдерді таңдауға үйренеді.
Осындай ізденіс үстінде оқушылар өз пікірлерін негіздеу үшін
фактілер мен аргументтерді келтіріп, өз пікірлерінің дұрыстығын
дәлелдеуге
үйренеді. Сонда ғана қол жеткізген білімдері нақты сенім
-
деріне айналып,
білім берік естерінде сақталады. Осылайша білім берудегі үстірттілік пен
формализмнен
біртіндеп арылуға болатыны анық.
Достарыңызбен бөлісу: