Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


  Педагогикалық ғылымдар жүйесі



Pdf көрінісі
бет89/301
Дата16.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#116485
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

1.4. 
Педагогикалық ғылымдар жүйесі. 
Педагогика немесе педа
-
гогика ғылымы (екеуі де бір мағынада) туралы тұтас айтқанда өзара 
байланысты бөліктердің немесе салалардың қайсыбір жиынтығы ой
-
ластырылады.
«Педагогика 

ғылым» терминімен сипатталатын маз
-
мұндық 
бірліктегі педагогикалық пәндер жүйесін қарастырады. Бұл пәндердің 
барлығына ортақ объектісі 
– 
білім беру болып табылады. Бұлардың 
әрқайсысы өз пәндерін бөліп алып, білім берудің түрлі жақтарын 
қарастырады. Бір жағынан, педагогика ғылым
-
дарын, басқа жағынан білім 
беру үдерісінің осы немесе басқа қырларына
қызығушылық танытатын 
пәндерден ажырату керек. Мысалы, педагогикалық психология 
– 
бұл 


77 
психологияның бір бөлігі, ол педагогика емес, өйткені психолог оқыту мен 
тәрбиелеу жағдайын
-
да адамның психикасын зерттегенде өз пәнінің аясында 
қалып оты
-
рады. Педагогикалық пәндерді әр түрлі негізде жіктегендіктен 
белгілі бір қиындықтар туындайды. Негізгі білім беру әрекеттеріне 
– 
тәрбие
мен оқытуға сәйкес оларды оқып үйренетін
тәрбие теориясы, оқыту
-
дың 
педагогикалық теориясы 
– 
мазмұнын, әдістерін және ұйымдас
-
тыру 
формаларын ғылыми негіздейтін 
– 
дидактика бөлініп шықты. 
 
Педагогиканың философия, психология, әлеуметтану, физио-логия 
және басқа ғылымдармен байланысының түрлері. 
Белгілі бір мағынада педагогика жеке пән бола тұра, ол зерттеу 
жұмысының логикасына байланысты басқа ғылымдарға да, сондай
-
ақ 
ғылыми
танымның жалпы күйіне бағынышты.
Педагогиканың басқа ғылыми 
пәндермен байланысының тетігін тек дайын педагогикалық білімдерді 
іргелес ғылымдардағы сол сияқты білімдермен
жай салыс
-
тыру арқылы ғана 
ашуға болмайды. Бұны тәрбие теориясынан, дидак
-
тикадан, әдістемеден, 
мектептанудан және т.б. зерттеу үдерісінің түр
-
лі типіндегі ғылымдар 
нәтижелерін алудың мақсаттары мен тәсілдерін талдау негізінде ғана жасауға 
болады. Бұндай
байланыс төрт түрге бө
-
лінеді. Ең маңыздысы
басқа 
ғылымдардың тұжырымдарын жинақ
-
тайтын негізгі идеяларды, теориялық 
қағидаларды пайдалану болып табылады. Екінші түрі 
– 
ғылымдарда 
қолданылатын зерттеу әдістерін қолдану. Үшінші түрі 
– 
кейбір 
ғылымдардың
мәліметтерін, олардың зерттеулерінің нақты нәтижелерін 
пайдалану. Төртінші түрі 
– 
кешенді зерттеулер. 
Тегінде, педагогикаға кез
-
келген ғылыми білімдер жарайды, ол кез
-
келген ғылыми пәнмен әрекеттесе алады. Бірақ солардың ішінде екі ғылым 
саласымен қарым
-
қатынасы ерекше. Бұл философия мен психология. 
Философия 
– 
барлық ғылымның шығу тегі, ал психология дәстүрі және мәні 
бойынша педагогика ғылымының міндетті және тұрақты серігі. Бұл 
ғылымның екі саласының педагогикамен ара қатынасы арнайы қарастыруды 
талап етеді. Педагогиканың филосо
-
фиямен байланысы 
– 
педагогикалық 
ойлардың дамуының біртұтас шарты. Философиялық білімдер 
педагогикалық зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз етудің құрамына кіреді. 
Олар теориялық зерттеу 
– 
тәжіри
-
бемен тікелей, педагогикалық болмыспен 
– 
жанама, ал философиямен тікелей байланыста болатындықтан, 
педагогикалық
теорияны құру үшін керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   301




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет