2 дәріс Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым



бет1/6
Дата27.09.2023
өлшемі3,45 Mb.
#110587
  1   2   3   4   5   6

2 дәріс Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
Алматы, 2023
Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде, діни ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамыды. Педагогика ұзақ уақыт философияның бөлігі ретінде негізгі философиялық тұжырымдамалар бағытында қалыптасқан.
Бірінші тұжырымдамада Сократ пен Платонның идеялары жинақталып, адам дамуының негізгі факторлары – оның табиғи қабілеттері, ал сыртқы жағдайлар адамның дамуына елеусіз әсер етеді. Екінші тұжырымдамада Гераклит, Демокрит, Эпикурдың идеялары біріктірілген: адамның дамып, тәрбиеленуін қоршаған орта мен сыртқы жағдайлар белгілейді.
Жоспар
1. Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
2. Педагогика - қазіргі адамтанудың саласы
3. Педагогика ғылым ретінде
4. Педагогиканың объектісі, пәні және қызметтері
5. Педагогиканың негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру), олардың өзара байланысы

Неміс педагогы Франц Хофман педагогиканың дамуында үш кезең көрсетеді:

  • Ерте кезең. Тәрбие даналығы. Бұл адамзаттың қарапайым педагогикалық ойлаудан тәжірибемен тексерілген ойлауға көшу кезеңі. Осы кезеңдегі педагогикалық дереккөздер: Ежелгі Египет папирустары, «Соломон притчаларының кітабы» және т.б.
  • Екінші кезең – «Пайдагогия». Бұл кезеңінің қалыптасуында Ежелгі Грецияның педагогикалық ойлары ерекше орын алады. Бұнда педагогикалық білім саяси, философиялық және психологиялық білімнің бір бөлігі болып табылады.
  • Педагогиканың дербес ғылыми теория ретінде қалыптасу кезеңі. Ұлы чех педагогы Я. А. Коменскиймен байланысты. «Ұлы Дидактика» еңбегі педагогиканы ғылым ретінде жүйелеген оқулық және әдістемелік құрал.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет