96
беретін білім болып табылады.
Теория білімдерді жүйелеу, зерделенетін нысанның болашағын
болжау үшін де қажет. Демек, ол нысанның даму болашағын болтам
-
дау
үшін де керек. Теориясыз түсіну жоқ, сондықтан да түсіну
–
теорияның
стратегиялық миссиясы.
Теорияның маңызды бір қызметі
–
болжамдау, түсіндіру үлгісі: жалпы
тұжырымдаудан кейін феноменді болжайды. Болжамдау бола
-
шаққа
бағдарланған. Педагогикада болжамдау маңызды роль атқара
-
ды. Білім беру
әлемін ұйымдастыру
оқушылардың, мұғалімдердің, басқарушылардың іс
-
әрекетін болжамдаусыз мүмкін емес. Педагогика
-
да ғылыми педагогикалық
алдын
-
ала болжау жүргізіледі. Білім беру
-
дегі алдын ала болжауда
статистикалық өлшемдер пайдаланылады. Педагогикада ғылыми болжау
–
логикалық
-
әдіснамалық рәсім. Білім берудегі құбылыстың қазіргі нақты
көрсеткіштері негізінде осы құбылыстың келешегін анықтайды.
Педагогикадағы түсіндіру мен болжау ұқсас, тек түсіндіру өткенге, болжау
болашаққа бағдарланған.
Түсінудің жалпы теориясы
–
герменевтика
дамуда. Түсіну
–
әмбебап
рәсім. Сипаттау, түсіндіру және болжау ғылыми теорияның қызметтері.
Түсіну дегеніміз
-
құбылысты құндылық арқылы түсіндіру. Түсіндіру
–
бар
нәрсені, ал болжам
–
не болатынын, түсіну
–
не болуы керек екенін білдіреді.
Ғылымда, оның ішінде педагогикада түсіну ғылым зерттейтін нысандарға,
құбылыс пен үдерістерге белгілі бір мән беру. Педагогикада түсіну
гуманистік өлшем енгізді.
Достарыңызбен бөлісу: