95
Жүйелік тұғыр диалектикалық материализмнің бөлінбес бөлігі. Жүйелілік
тұғыр
-
нысанды
жүйе
ретінде зерттеу әдіснамасы (М.С. Каган, В.Г.
Афанасьев және т.б.). Жүйелілік тұғыр «жалпы ғылымилығымен», «ғылыми
білімнің
көп
салалығымен»,
«жалпы
ғылымилықтың
гносеологиялылығымен» сипатталады (А.Д. Урсул және т.б.).
Жүйелік тұғыр
-
нақты гносеологиялық жағдаяттағы диа
-
лектикалық әдістердің көрінісі.
Сондықтан, жүйелік жалпы ғылыми әдіснамалық зерттеудің бір құралы
ретінде оқу
-
тәрбие үдерісін және бір
-
бірімен байланысты құбылыстарды
жүйелі зерттеуге қажет сапалы ғылыми тұғыр болып табылады.
Жүйелік тұғыр
–
объектілерді жүйе ретінде қарастыру негізін
-
де,
жалпы ғылыми әдіснамалық ұстанымдардың жиынтығы. Жүйе (система, грек
тілінен аударғанда
–
біртұтас деген мағынаны білдіреді)
–
белгілі тұтастық,
бірлікті құрайтын, бір
-
бірімен, ортамен өзара қаты
-
наста және байланыста
болатын, элементтердің жиынтығын көрсететін жалпы ғылыми ұғым.
Жүйелердің типтері көпқырлы: материалды және рухани, орга
-
никалық
емес және тірі, механикалық және органикалық, биологиялық және
әлеуметтік, статикалық және динамикалық, ашық және тұйық және т.б. Кез
келген жүйе құрылымы мен ұйымдасуы бар көптеген әртүрлі элементтерден
тұрады. Құрылым
–
а) тұтастығы мен өзіне ұқ
-
састығын қамтамасыз ететін,
объектілердің тұрақты байланыстарының жиынтығы; б)
күрделі біртұтастың
элементтер байланысы арақатына
-
сындағы тұрақты тәсілі (заңы). Жүйелі
тәсілдің ерекшелігі, зерттеуді объектінің тұтастығын ашуға және оның
тетіктерін қамтамасыз етуге, күрделі объектінің байланысының көптеген
типтерін анықтауға, олар
-
ды бірыңғай теориялық картинаға жинақтауға
бағыттайды.
Жүйелік тұғыры –
зерттелетін педагогикалық құбылыстарды және
олардың арасындағы байланыстың көптеген элементін анықтау.
Зерттелуші
объектіні жүйе
ретінде, оның элементін, олардың ара
-
сындағы байланысты
және оны жіктеп, құрылымын және ұйым
-
дастыруды, тұтастай білім беру
ретінде басқару жолдарын анықтауға бағытталады. Педагогикалық жүйенің
ерекшелігі, бұл іс
-
әрекет жүйе
-
лері және қатынастар шеңберінде
қалыптасатын жүйелер (қайта құру
-
шы
-
белсенді, қайта жасаушы
-
орындаушы, тұтынушы
-
дара немесе әре
-
кет жасаушы және т.б.). Бұл
жүйелер оқыту үдерісінің субъектілері арқылы құрылады және олардан
бөлек
болмайды, солар арқылы жүзе
-
ге асады. Осы
контексте педагогикалық
жүйе ретіндегі оқыту
-
тәрбие
-
леу үдерісінің негізгі сипаттамасы, оның
біртұтастығы мен кешендігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: