3.2.Тұлғаның дүниетанымын қалыптастырудың әдіснама-лық негізі.Философияның түрлі бағыттарының тұлғаның қалып-тасып келе жатқан дүниетанымын бағалаудағы маңызы. Философияның өзі де дүниетаным. Философия тәрізді дүниетанымның басқа формалары да бар: мифологиялық, діни, көркемдік, натуралистік, үйреншікті. Философияның, басқа дүниетаным формаларынан айырмашылығы–оның қоғамдық сананың ғылыми саласына жататындығы. Философияның категориялық аппараты бар, өз дамуында барлық ғылымдар мен адамзат дамуының бірыңғай тұтас тәжірибесіне сүйенеді.
Философия мәні ”дүние - адам” мәселесі туралы ойлар. Фило-софия екі құбылысқа негізделеді: бүтін дүние және адамның осы дү-ниеге қатынасы; таным принциптерінің кешені, таным әрекетінің жал-пы әдісі. Осыған орай, философияның дүниетанымдық және әдісна-малық басты екі қызметі анықталады.
Адам мәселесінің маңыздылығына байланысты бірінші орында философияның гуманистік (адамгершілік) қызметі тұр. Оның мақсаты адамға тән құндылық, оның қабілеттілігі, сезімі мен парасатының үй-лесімді дамуы, мәдениеттілікке қатысты мінез-құлықтың жоғары дең-гейдегі көрінісі. Адамгершілік – адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ізгілік, тілектес-ниеттестік сезімі, адамдармен іштей және жалпы түрде қарым-қатынас жасау ерекшелігі.
Білім беру мазмұнындағы дүниетанымдық идеялар жүйесі. Дүниеге көзқарас – дүниенің даму заңдылықтарын ғылыми негізде танып білу. Оқушылардың дүниетанымы ғылыми-философия-лық білімді, ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге болмысты танудың жалпы әдістер жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде қалыптасады.
Әр адамның дүниетанымдық көзқарасы ұзақ та күрделі зияттық әрекет. Олар адамның рухани мәдениетінің негізін құрап, ұстанымдарын, ар-ұят, намысын анықтай-ды. Сенім – көзқарастың ең жоғары күйі. Сенім білім сияқты обьек-тивті шындықтың субьективті көрінісі, адамдардың ұжымдық тәжіри-бесін меңгеруінің нәтижесі. Сенім жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім. Сенімге айналған білім мен биік мұрат дүние мен адамды өзгертеді.
Сенім жеке тұлғаның рухани құндылықтары пен бағыттарын, мақсат-мүдделерін, тілектері мен қажеттілігін, сезімі мен мінез-құлықтарын анықтап, біртұтастықты реттейді, яғни жүйелеушілік қызмет атқарады.
Сенім жеке тұлғаның іс-әрекетін, болашақ өмір жолын анық-тайды. Сенім – жеке тұлғаның өз құндылық бағыттары мен көзқарас-тарына сәйкес әрекет етуге итермелейтін саналы қажеттілігі. Адамның сенім жүйесі оның дүниетаным көрінісі. Сезім – сенімнің үйлесімді қасиеті. Сенімді өмірде басшылыққа алу - таным қуанышы мен ақиқат шындығы, сұлулыққа сүйсіну мен оған берілгендік, әлеу-меттік оптимизм мен мақсаттылық сияқты зияттық сезімдермен бай-ланысты.
Қажымас ерік-жігер – дүниетанымның маңызды құрамы. Се-нім адамды әрекетке итермелейді. Ғылыми дүниетаным теориялық санамен ғана шектеліп қоймай, тәжірибеде сана мен жігерді іс-әре-кетпен біріктіреді.
Дүниетанымның құрамды бөлігі ретіндетеориялық ойлау - адамның білімді, болмыс құбылыстарын шығармашылықпен ұғынуы, дүниетанымды мейілінше жетілдіріп, ерік-жігерді, сенімді іске асыру-ға бағыттау қабілеті.
Биік мұрат өмірлік мақсат рөлінде дүниетанымның ең маңызды құрамды бөлігі саналады. Биік мұрат сананың құрамында сенім сипатына ие болғанда дүниетанымға айналады.
Дүниетанымның тағы бір құрамдас бөлшегі - дүниетанымдық сенім, принциптер мен арман-мұратқа сәйкес әрекет етуге деген эмоционалды-жігерлі әзірлік.
Жеке тұлғаның құндылық бағдарытұлғаның адамгершілік са-насында, мінез-құлық пен іс-әрекеттерінде, арман-мұраттары, жақсы-лық, әділеттілік, бақыт, өнегелік ұстанымындарында көрініс береді.
Құндылық бағдар адам мінез-құлқының маңызды қозғау-шы күші болып табылады, оның іс-әрекетінің себеп-салдарын анық-тайды. Адамның құндылық бағдары мен мотиві арасындағы байла-нысын адамның қажеттігін қанағаттандыруға, яғни қажетті обьектіні табуға ұмтылысы арқылы түсіндіруге болады. Құндылық бағдары субьектінің іс-әрекетінің мотивін анық-тайтын болғандықтан, олар сол іс-әрекетті таңдау мен оның жүзеге асу барысына да әсер етеді. Осылайша құндылық бағдары адамның қажеттіліктері мен қоршаған ор-таны байланыстырушы буын болып табылады.Құндылық-теориялық таным ретінде субьектінің бойында құндылық сана мен жалпы әлеу-меттік мәдени факторлар әсерінен қалыптасқан, мақсат-мүддеден, ұнатудан, нұсқаулардан тұратын қатынас. Сананың құндылық бағдары, яғни, логикалық-әдіснамалық өлшемдері негізіндегі көзқарас, дә-лелді білімді ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері таңдалынып алынады. Санадағы құндылық - обьективті шынайы заттық білім, шы-найы, дұрыс ақпараттың арқасында қоғам алдында маңыздылық пен құндылыққа ие болады.
Жеке тұлғаның құндылық бағдары адамгершілік сананың тиянақты және терең көрінісі. Ол жекелеген іс-қылықтар мен себеп-салдарында ғана емес, мінез-құлық пен іс-әрекеттің бүкіл барысында көрініп, сананың жалпы бағыттылығында, жеке тұлғаның бастапқы өнегелік ұстанымын іске асырады. Құндылық бағдар тәрбиелік ық-палдардан тұратындықтан жеке тұлғаның интегралды көрсеткіші болады.