Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет117/226
Дата20.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#44463
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Тәрбиенің мақсаты - тұтас педагогикалық үдерістің жүйетүзуші факторы дегенді қалай түсінесіз?

  2. Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсаты туралы мәселелерге тоқталыңыз.

  3. Тәрбиенің мақсаты-жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастырудың мәнін ашыңыз.

  4. Тәрбие үдерісін ізгілендіру және демократияландыру дегенді қалай түсінесіз?

  5. Әлемдік және ұлттық мәдениет – тәрбие мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі екенінің мәнін ашыңыз.



3-тақырып. ҒЫЛЫМИ ДҮНИЕТАНЫМ – ОҚУШЫНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ


3.1Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері.Дүниетанымның қалыптасуы күрделі әлеуметтік педагогикалық мәселе. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан маңызы орасан зор. Дүниетанымның қалыптасуы көп қырлы, күрделі үдеріс, сондықтан педагогикалық ұғымда бұл мәселеге түрлі көзқарастар бар.
Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамдардың алатын орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, олардың осы көзқарастар ар-қылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары.Дүниетаным – адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсініп білуін, онымен дұрыс қарым-қатынас жасау іс-әрекетінің бағытын бейнелей-тін көзқарастарының бірыңғай жүйесі. Әлеуметтік топ пен жеке тұлға - дүниетанымның субьектісі болып саналады.
Дүниетанымды қалыптастыру-тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен бірге белгілі әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші.
Дүниетаным - адам санасында дүниенің, қоғамның бейнеленуі, оны жалпы түсінуі, адамгершілік, эстетикалық, ғылыми-теориялық, құндылықтарды меңгеру. Дүниетаным болмысты тану әдісі және адам әрекетінің ерекшелігін анықтайтын өмірлік ұстанымдары.
Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, адам ойының дамуының мәні мен заңдылық-тарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы са-насында көзқарас, сенім, болжам-ой, акисома, әр түрлі табиғи және қоғамдық үдерістер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез келген адамның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.
Дүниетаным негізіне тұлғаның дүниеге көзқарасы, яғни дүние туралы белгілі бір білім жиынтығы жатады. Мысалы, дүниетаным түр-лі білімді меңгерумен бірге, күнделікті көзқарастарды да меңгеру ба-рысында қалыптасады. Көзқарас үнемі білім, ғылым жетістіктерімен, өмірлік мәселелермен толығып, жетіліп отырады.
Дүниетаным көп қырлы, өте күрделі психикалық құрылым. Оның ұйтқысы теориялық ойлау, жоғары зияттық, яғни интеллектік сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік-жігердің қабілеттігімен үй-лесімді көзқарастар мен сенімдер.
Ғылыми-педагогикалық тұжырым жеке тұлғаның қоғамдық қа-тынастар, іс-әрекет, қарым-қатынас жүйесіндегі дүниетанымдық сана, сезім, ерік, жігер, білім, өмірлік ұстанымдар жүйесінің тұтас қалыпта-су идеясынан бастау алады.
Дүниетанымдық қызметінің бірі - әлеуметтік аксиология: құры-лымдық-құндылықтық, түйсіндірушілік және сындарлық болып бө-лінеді. Құрылымдық–құндылық қызметінің мазмұны: Жақсылық, Әді-леттілік, Шындық, Сұлулық сияқты түсініктерді талдау. Сондай-ақ, оған әлеуметтік арман-мұрат туралы түсінік те жатады. Қоғамдық ар-ман-мұрат жеке тұлғадан басталады. Бұл арман-мұрат адамгершілікке негізделеді.
Жеке тұлғаның дүниетанымының тағы бір қызметі жалпы білімді, оның құбылыстарын тану мен бағалау және шешім қабылдау үшін пайдалана алу біліктерін білдіреді. Жеке тұлғаның дүниетанымы: зат-тық-мазмұндық, психологиялық және эмоциональды-жігерлік катего-рия.
Әлеуметтік орта - қоғамдық-экономикалық формация түріне, қай тап пен ұлтқа жататындығына, белгілі топтың ішкі таптық айырма-шылықтарына, тұрмысы мен кәсібіне тәуелді. Қоғамдық-экономи-калық формация өзіндік тарихи, демографиялық, географиялық және ұлттық қалпында өмір салтының белгілі бір түрін, ойлау мен мінез-құлық амалдарын тудыратын әлеуметтік ортаны қалыптастырады. Сонымен, қоғамдық-экономикалық формация - әлеуметтік орта - өмір салты – жеке тұлға – дүниетаным ұйтқысы, жеке тұлғаның қалыптасуының негізгі жолы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет