Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Педагогикалық тарихындағы тәрбие мақсаты туралы ойлар



бет115/226
Дата20.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#44463
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

2.5.Педагогикалық тарихындағы тәрбие мақсаты туралы ойлар.Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген аз уақыт ішінде әлемдік қоғамдастыққа толық құқылы және беделді мүше болды, әлемдік эко-номикалық және мәдени кеңістікке белсенді түрде кіріге бастады, жас-тардың жаһандану үдерісіне кірігуі аясында қарқынды білім беру, ақ-параттық және мәдени өзара алмасуға белсенді қатыса алатынын көр-сетуі де ХХІ ғасыр жастарының табыстылығы мен құзыреттілігінің нәтижесі деп бағалауға болады.
Тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздерін ай-қындауда қай ғасыр, қай дәуір болсын тұжырымдамада қамтылған ұс-танымдарды басшылыққа алғанын байқамыз: тұлғалық-бағдарлы көз-қарас, құндылықты (аксиологиялық) көзқарас, құзыреттілік көзқарас, әлеуметтік көзқарас, антропологиялық көзқарас, гуманистік бағыт мә-дени сәйкестілік, табиғи сәйкестілік, этникалық және т.б.
Тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастырудың тарихи ал-ғы шарттарын айқындағанда қазақ елі тәрбие мәселесіне аса мән бер-генін көреміз. Сақ, ғұн дәуірінен, Түркі қағанаты, Алтын орда тұсынан бастау алған тәрбие өз өзектілігін жойған жоқ.
ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. Орта Азия, Қазақстан елдерінде ұлттық мәдениет, тәрбиенің бастаулары Әбу Насыр Әл-Фараби “Бақытқа жетудің жолы”, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Азаматтық саясат” т.б.,Жүсіп Баласағұнидің “Құдатғу білік” (“Құтты білік”), Махмұт Қашқари (ХІ ғ.) “Диуани лұғат ат-түрк” (“Түркі сөздерінің жинағы”), Ахмет Йугінеки (ХІІ ғ.). “Ақиқат сыйы” атты дастаны, Ибн Синаның “Медицина ғылымының заңдары” (“Каноны”), “Саулық сақтау кіта-бы”, Мұхаммед Хайдар Дулатидің “Тарих-и Рашиди”, Қадырғали Жалаиридің “Жаримат-ат тауарығы”т.б. ғұламалардыңеңбектерінденегізгіорыналады.
Ойшыл-философ, социолог, математик, физик, астроном, линг-вист, психолог, педагог, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Әл-Фараби(870–950) Отырарда туып, білім алып, кейін Бұқара, Мерве, Хоране, Александрия, Бағдат, Каир, Дамаск, Шам, Халеб сияқты мұсылмандық шығыстың көптеген қалаларында өмір сүріп, түркі, араб, парсы, грек, латын, санскрит және т.б. тілдерін жетік меңгереді. Әл-Фараби “Бақыт-қа жетудің жолы”, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Азаматтық саясат” трактаттарында “Жан қуаты” “бақыт” дегеннің не екендігін, оған жетудің жолдарын, өмірде ізгілік пен зұлымдықты ажырата білу, игілікті орнықтыру, зұлымдықтан арылу қарастырады. Бақыт – қайырымды адамдардың мәртебесі, кемелденушінің жаны мен тән қуатының жетістігі, тұтас дүниемен үйлесімділікте өмір сүру қа-білеті»,- дегенді айтады.
Түркістан өлкесінде дүниегекелген түрік әлемінің ойшылы Қожа Ахмет Иасауи (1094–1167) болды. Оның “Дүнияуи Хикмет” атты дастанында дүниені танып білу – өзіңді-өзіңнің тану, бағалау, жетіл-діру дегенді білдіреді.Ақиқатқа жету, шынайыөмір. Адам өзін-өзі та-ну бұлөзіндікжетілу. Осы тарихат жолында адам өзін ұстамдылыққа, жетілдіруге шақырады. Сол шынайы қасиеттері арқылы сүйіспеншілік пен махаббат идеясын ұсынады. “Өзін білгені – хақты (жаратушыны) білгені, құдайдан қорқып ынсапқа келгені”.
Қазақ хандығы жаңа мемлекет болып қалыптасу барысында (1470–1731 жж.) тәуелсіз ел болып, дербес өмір сүрді. Бірнеше ауыр қасіреттерді, жойқын соғыстарды бастан кешіріп, тіпті жер бетінен жойылып кете де жаздады. Жәнібек, Керей, Қасым, Есім, Хақназар, Тәуке, Абылай хандардың дипломатиялық ел билеу саясаттары мен жарғылары ерекшеленіп көзге түсті. Хандар халықтың бірлігі үшін ел ішіндегі сөзі куәлі, аузы дуалы билер мен ақын-жырауларды хан сарайы маңына топтастырды. Олар хандардың ел билеу саясатын қара халыққа түсіндіріп бақты.Ел мүддесін қорғауға, береке-бірлікке ұйытқы болды,яғни олар ханға да, қара халыққа да тәлімгер тәрбиеші, ақылгөй ұстаздық рөлді атқарып келді. Солардыңішіндеәрғасырдыңкөрнектіөкілдері: Майқы, Асан қайғы, Қазтуған, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Әнет баба, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Жиембет, Ақтамберді, Доспамбет, Үмбетей, Бұқар т.б. жыраулар мұраларынегізгіорыналады.Хандықдәуірдегімәденимұраныңасамолжәнебайтүрібилердіңшешендіксөздеріменақын-жыраулардыңтерме, толғауларыөзісүргенғасырдада, қазіргітаңдадатәрбиелікмаңызыөтежоғары.
XVІІ ғасырдағы тәлімдік мәні зор жазба мәдени мұраның бірі –“Жеті жарғы” атты заңдар жинағы. “Жеті жарғы” – Тәуке ханның (1678–1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұ-рып заңдарының жинағы қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды. “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ес-кі жолымен” байланысты туындаған билік заңдарын түздіріп, оларды одан әрі жетілдіруге арналған жаңа заңдар жүйесін болып табылады.
Ал қазақ халқының тарихы, мәдени құндылықтарының даму тарихы В.В Бартольд, Г.Н Потанин, В.В Радлов, Ә.Диваев, Абай Құнанбайұлының, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Н.Құлжанова, Ш.Алжанов, С.Қожахметов, Х.Досмухамедов, С.Торайғыров, Н.Төреқұлов т.б. еңбектерінде ақиқат тұрғысынан ғылыми негізделді.
Ы.Алтынсаринніңқазақ мектебінің негізін салуда орны ерекше. Мектептерге оқу құралдарын жазумен қатар, тұлғаның рухани құн-дылықтарын қалыптастыру мақсатында“Мұсылмандықтұтқасы” (“Шараит-ул-ислам”) кітабынжазды. Бұл кітаптың жазылуының негізгі себебі, исламдінініңаяттарындағыадамгершілік, иманжүзділік, қайырымдылыққағидаларынөзініңпедагогикалықкөзқарастарынанегіздейотырыптүсіндіруді көздеген еді.
Тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастырудың тарихи алғы шарттары Абай Құнанбаевтың еңбектерінде жатыр.Ұлы ақынның негізгі миссиясы «Толық адамды» қалыптастыру.Отыз төртінші қарасөзінде “адамның туысы, дене бітімі, шыққан жері, бармақ жері бәрі бірдей… Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі–ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсем екен деу – жан құмарлығы”… (жетінші, қырық үшінші сөз) деп ой түйіндей келе, “адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым… ол талаптылықпен ерінбей ең-бек еткен адамның қолына түседі…”, - тәрбиенің негізгі қағидаттарын береді.
“Ақыл – ардың сақтаушысы” дейотырып, адамгершілік тәрбиеніңнегізгібағыттарынкөрсетеді. Күресуді дәріптеген ұлы ағартушы :
Ынсап, ұят ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап…
Терең ой, терең ғылым іздемейді
Өтірік пен өсекті жүндей сабап, – деп кейбір жастардың іс-әрекетіне кейістік білдіреді, ар тазалығындәріптейді.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой.
Бес асыл іс көнсеңіз, – деп, ел қамын ойлаған жастардың бойында қандай қасиеттердің болуы керектігін тізбектейді.
ШәкәрімҚұдайбердіұлының «Үшанық» аттыфилософиялықеңбегінденегізгіқағидаадамалдындағыарпәлсапасы. Тұлғаныңбойындағыынсап, әділет, мейірім-ұждандегенадамныңбойындағынегізгіқұндылықтыңқалыптасатынынзерделейді. «Адамақиқаттыбаскөзіменкөрмейді, ақылкөзіменкөреді... Өлімненсоңбіртүрлітірші-лікбар. Екіөміргедекеректііс-ұждан», - депатапкөрсетеді.
ХХғасырдыңбасындаұлтзиялыларыА.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Шоқайт.б.ұлттықбілімментәрбиежүйесінің, зиялықауымныңнегізінқалады. Зиялықауымөкілдірініңнегізгімиссиясы–бақыттызиялыұлттықалыптастыруеді.
М.Жұмабаевұлттыңбақыттыболуыүшіннегекөңілаударукерекекеніннақтыкөрсетебілгенғалым.Ғалымныңайтуынша «Ұлтбақыты–тәрбиеденмақсұтадамдыһәмсоладамның, ұлтынасса, барлықадамзатдүниесінбақыттықылу. Ұлтмүшесі–әрбірадамбақыттыболса, ұлтбақытты, адамзатдүниесініңмүшесі–әрбірұлтбақыттыболса, адамзатдүниесібақытты”, - қоғаммүшелерініңбақыттыболуыұлтбақытыныңнегізіекенінетоқталады.
М.Шоқайөзінің «Ұлттықзиялы» депаталатынмақаласындазиялыдегенұғымға «Ұлттықзиялыдепкімдердіатаймыз», - депсұраққояотырып, «ұлттықзиялылырқатарынатекөзхалқыныңсаяси, экономи-калықжәнеәлеуметтікдамуынақалтықсызқызмететеалатынадамдарғанакіреалады», -депұлтзиялысыныңөміріелмүддесіменөзараүйлесімдіболғанынкөрсетеді.
Ж.Аймауытов жазушылығымен қоса қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология, көркемөнер ғылымдары саласында қалам тар-тып, құнды-құнды ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуымен, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы болуымен дараланған ірі тұлға.
Ж.Аймауытов өзінің тәлім-тәрбие саласындағы бағыт-бағдарын 1918 жылы ақпан айында Семей қаласында шыққан әдеби және ғылыми-қоғамдық “Абай” атты журналдың бас мақаласынан аңғартады. Онда Аймауытов: “…қазақ сахарасында мыңмен жалғыз алысып, жапа шеккен ұлы ағартушы Абайдың көздеген мақсаты халқын өнер-білімге, оқуға, отырықшылыққа, мәдениетті ел дәрежесіне жеткізу еді” – деп жазады. Ол Абай ұстанған ағартушылық жолды тыныс-тіршілігінің негізгі арқауы етіп алды.
Абай журналының 1918 жылғы 1,2 сандарында Аймауытовтың “Тәрбие” атты көлемді мақаласында тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер ғылы-ми тұрғыдан терең баяндалған.
Ж.Аймауытов “адам мінезінің, ақыл-қайратының әртүрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан… Адам баласының ұрлық істеуі, өтірік айтуы, кісі тонауы, өлтіруі сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен” дейді. Ол тәрбиенің екі түрлі болатынын: дене тәрбиесі және жан (рух) тәрбиесі болып бөлінетіндігін атап көрсетеді.
Аймауытов балаға әсер ететін нәрсе медресе (мектеп) және тәрбиеші (мұғалім) деп санайды.
Автор ең алдымен бала тәрбиесіндегі отбасының рөліне ерекше тоқталады. “Баланы бұзуға, яки түзеуге себеп болатын бір шарт жас күнде көрген өнеге. Ол өнеге әке-шешенің тәрбиесі арқылы қалыптаса-ды. Ата-ананың берген тәрбиесі баланың мінезіне салған ізге байла-нысты. “Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі” деп атамыз қазақ тауып айтқан. Балаға қайырымдылықты, қаталдықты, кішіпейілділікті, күйге-лектікті, шыншылдықты, өтірікшілікті беретін кім? Ол, әрине, ата-ананың тәрбиесі. Баланың бойына басынан сіңірген мінезді қайта түзету қиындық келтіреді. “Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді” деген сөз ата-ана тәрбиесінің күштілігін көрсетеді…” – деп автор бала мі-незін қалыптастырудағы жанұя мүшелерінің, әсіресе әке-шешенің ық-палын айқын ашып берді. Ол отбасында теріс тәрбиеленген баланы қайта тәрбиелеудің үлкен қиындық келтіретінін айтады.
Ж.Аймауытов өнегелі үйелменнен бұзық мінезді баланың шы-ғуы немесе тәрбиесі нашар отбасынан да тәрбиелі, өнегелі баланың өсуі мүмкін дей келеді де, бұл айтылғандар өскен ортаның, замандас, жолдас-жора, құрбы-құрдастың ықпалынан, соларға еліктеуден бола-тынын дәлелдейді.
Тәлімгер-ғалым бала тәрбиесіне туған елдің әдет-ғұрпы мен салт-санасының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ғылыми тұрғыдан дәлелдей түскен. Ойын-сауық, өлең-жырды естіп өскен елдің баласы өнерге бейім болады, діндар елдің баласы діншіл келеді. Жастайынан кемдік, жоқшылық, қағажу көріп өскен ауылдың баласы жасқаншақ, бұйығы болады деп қоғамдық салт-сана, әдет-ғұрыптың тәрбиеге тигі-зетін ықпалына тоқталады.
Ж.Аймауытов “Тәрбиенің негізгі мақсаты – мінезді түзеу, адам-шылыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу” деген қағиданы қуаттай келіп, “Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, айтып ұқтырғаннан гөрі, бала көргеніне көп елік-тегіш болып келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек” – дейді.
Ж.Аймауытовтың педагогика ғылымы саласындағы жүйелі ой-пікірлері оның 1924 жылы Орынборда басылған “Тәрбиеші жетекші” атты еңбегінен жақсы байқалады. Бұл еңбекте Аймауытов “Баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйе-сін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың негіз-гі бөлімі – дидактикаға ғылыми анықтама берген. Оның пікірінше, мұ-ғалімнің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан аумай шектеліп қалуға болмайды… Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңа-дан жаңаны табатын өнер… Дидактика мұғалімге жалпы жол-жоба көрсетіп, жетекшілік етеді… сыннан өткен тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды” – деп оқыту, білім беру әдісінің қатып-семіп қалған догма емес, үнемі ізденуден туатын іс-әрекет екенін дұрыс атап өтеді.
Психология саласында да өндіре еңбек етіп, артына көп мұра қалдырып кетті. Оның екі кітабы: “Психология” (376-бет, 1926 ж.), “Жан жүйесі және өнер таңдау” (80-бет, 1926 ж.) осы ғылым саласы-нан жазылған тұңғыш төл туындылар. Ж.Аймауытов “Тәрбиеге жетек-ші” (1924), “Комплексті оқыту жолдары” (1929), “Жаңа ауыл” (1930) дейтін еңбектерінде де психологиялық мәселелерге ерекше мән берген.
Тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастырудың тарихи алғы шарттарын айқындауда ғұлама ғалымдардың артына қалдырған тәлімдік мұралары бүгінгі жастардың бойындағы рухани –адамгер-шілік құндылықтарды, білімді, білікті, тұлғаның бойындағы құнды қа-сиеттерді қалыптастыруға мүмкіндігінің мол.
Қазақстанда педагогика ғылымының дамуына Ә.Сыдықов, Т.Тәжібаев, И.Сембаев, Қ.Бержанов, С.Мусин, И.Б., Мадин, Қ.Б.Сейталиев, С.Қалиев, Н,Д.Хмель, т.б. еңбектерін ерекше атауымыз керек.
Еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстанда білім берудің ұлт-тық моделі қалыптасуда. Онда білім мен тәрбие берудіңұлттық дәстү-рін әлемдік білім кеңістігінде орын алып отырған өзгерістермен өзара байланыстыруға айрықша көңіл бөлінуде.
ХХІ ғасыр ғасырлар тоғысында тұлғаның рухани құндылық-тарын қалыптастырудың тарихи алғы шарттарын дамытуда қазақ ға-лымдары игілікті шаралар атқарды. Белгілі ғалымдар С.Қалиев пен Қ.Жарықбаев түркі әлемінің ХІҮ ғасырлық тәлім - тәрбие мұрасын жинақтаған «Қазақ тәлім-тәрбие антологиясы” жарыққа шығуы ұлттық мұрамызды жинақтап, бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне құнды мұра етіп қал-дырып отырғаны белгілі.
С.Қалиевтің «ХV–ХІХ ғ.ғ. ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ойлар»,«Қазақтың салт-дәстүрлері және демократ ағар-тушылар», «Қазақэтнопедагогикасыныңтеориялықнегіздеріментарихы», «Қазақ тәлім-тәрбиесі”,«Этнопедагогика» т.б. еңбектері бүгінгі егемен еліміздің өркендеуіне қосқан іргелі үлес. Өзіне дейінгі тарихи мұраларды қайта жаңғырта отырып, ұлттық, әлемдік білім мен тәрбие үдерісіне қосқан педагогикалық тарихи,ғылыми еңбек болып табылады.
Халықтық педагогиканың ғылыми-теориялық негізін салушы ТМД кеңістігінің ғалымдары Т.С.Виноградов, А.Ш.Гашимов, А.Э.Измаилов, Г.Н.Волков, И.С.Кон т.б. халық педагоггикасы– ха-лықтың бала тәрбиелеу тәжірибесіне байланысты жинақтаған әдіс-тәсілдері, білім мен дағдылардың салт-дәстүрлердің жиынтығы деп қарастырады.
Халықтық педагогикасы мәселелері бойынша зерттеу жұмысын жүргізген Қазақстандық ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, Ж.Наурызбай, С.А.Ұзақбаева, Қ.Бөлеев, К.Қожахметова, Ш.Майғаранова, Р.Қ.Дүйсенбінова, Ш.Джанзақова т.б. қазақ халқының тәлім-тәрбиелік мұрасына ғылыми талдау жасап және оларды тарих, этнография, фольклористика зерттеулерімен салыстыра келе ұлттық мұра, ха-лықтық педагогика мен этнопедагогика ұғымдарына түсінік береді.
Халықтық педагогика негізінде білім мен тәрбие беруді академик А.Э.Измаилов былай дейді: «… барлық анықтамаларда авторлар, халықтық педагогиканың обьектісі мен нысанасы тәрбие үдерісі деп есептейді. Дегенмен, халықтық педагогикада оқыту үдерісінде алатын орнының маңызы бұдан да кем емес. …Демек, халық педагоги-касының анықтамасын екі жақты біртұтас үдеріс ретінде бірмезгілде тәрбиелеуде және оқытуда өз көрінісін табуға тиіс».
Этнопедагогиканы ғылым ретінде зерттеген алғашқылардың бі-рі – Г.Волков. Өзінің «Этнопедагогика» атты еңбегінде халықтық педагогикаға ғылыми талдаулар жасай келе, чуваш халықтарының этно-мәдени мұраларына жан-жақты сипаттама береді.
Кеңестік дәуірде, ұлттық дәстүрлерді зерттеуге жол бермеген кездерде, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін ғылыми негіздеген А.Мұхамбаева болып табылады.
Жоғарыдағы ғалымдардың зерттеулерін зерделей келе, ұрпақ-тан-ұрпаққа жалғасқан айтыс өнері, суырып салмалық шешендік өнер, мақалдар мен мәтелдерде халықтық тәрбиенің қайнар көздері, рухани мұрасы болып табылады.
Жеткіншек ұрпақты халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу мәселелері С.Ұзақбаеваның еңбегінде де көрсетілген. Ғалым халықтық педагогика идеяларын, ұғымдарын, әдіс-тәсілдерін, тәрбие құралдарын жан-жақты зерттеп, оларды эстетикалық тәрбие беру бағытында пайдалану жолдарын ашып береді. «Халықтық педагогика, - дейді автор, - тәрбие мен оқыту саласындағы халық бұқарасы білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының жиынтығы, солардың негізінде ұрпақтан-ұрпаққа ха-лық шығармашылығы арқылы (поэтикалық, музыкалық, сәнді-қолдан-балыөнер) беріліп отыратын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптас-қан халықтық педагогиканың мақсаты – жас ұрпақты ата-бабалар тәжі-рибесінің ең жақсы мұраттарына тәрбиелеу». Ғалымның ғылыми-зерт-теу еңбегінің ерекшелігі – халықтық педагогика негізінде эстетикалық тәлім-тәрбиеберудегі ауыз әдебиеті үлгілерін /шешендік өнер, айтыс т.б./ пайдалану мүмкіндіктерін көрсете білген.
М.Оразаев пен М.Смаилованың “Қазақтың салт-дәстүрлері” атты 8-9 сыныптарға арналған факультативтік курс бағдарламасының мақсаты оқушылардың жас шамасын ескере отырып, халқымыздың ұлттық ерекшеліктерін, салт-дәстүрін оқушылардың санасына сіңіру.
Бүгінгі таңда, халықтық педагогика негізінде жастарды тәрбиелеу мүмкіндіктеріне жолашылуымен қатар, этнопедагогика ғылымына тән өзіндік анықтамаларды, негізгі қағидаларды ғылыми тұрғыда тия-нақтауда, этнопедагогика мен халықтық педагогика байланысын анық-тауда және оның қағидаларын оқу-тәрбие үдерісіне тиімді пайдалану мүмкіндіктері мол.
Қазақстан Республикасы Білім заңы, Мемлекеттік білім бағ-дарламасы, орта мектептегі білім және тәрбие беру тұжырымдамалары негізінде мектептегі білім және тәрбие беру мәселелері қайта қаралып, осының нәтижесінде ұлттық негіздегі жаңа бағдарламалар, оқулықтар, оқу-әдістемелік нұсқаулар жазылды.
Алғаш рет 1995 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында» отбасы, мектепке дейінгі, мектептегі тәрбиенің сындарлы жүйесі жасалды. Тұ-жырымдамада жас ұрпаққа имандылық, адамгершілік, еңбексүйгіш-тік, Отансүйгіштік, ерлік, эстетикалық тәлім-тәрбие беру мәселелері жан-жақты қамтылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет