1-тақырып. ПЕДАГОГИКА АДАМ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСІНДЕ
1.1. Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы. Педаго-гика жалпыадамзат баласын тәрбиелейтін ғылымның негізгі саласы. Педагогика гректің «пайдос» - бала, «аго» - жетелеу деген сөзден құра-лады. «Баланы жетелеу» - деген мағынаны береді. «Пайдогогос» - ба-ланы жетелеп жүруші дегенді білдіреді. Қоғамның даму үдерісіне сәй-кес педагогика да балаға тек тәрбие беріп қоймай, білім, білік, дағды-ларын, шынайы болмысты қалыптастыратын, рухани құндылықтарын дамытатын, қолданбалы ғылымның саласы. Педагогика білім және тәрбие беру туралы бірден-бір арнайы ғы-лым болып табылады.Ғылымды кеңірек мағынада шындық өмір ту-ралы объективті білімдерді жасау және теориялық жинақтау іске аса-тын адами әрекеттің бір саласыдеп қарастырады. Ғылым - ғылымның құралдары мен әдістері пайдаланылатын және зерттелетін нысандары туралы білімдердің қалыптасуымен аяқталатын объектіні жүйелі және мақсатқа бағытталған түрде зерделейтін таным үдерісінің ерекше түрі. Ғалым сол ғылымда жинақталған білімнен, жалпы адами тәжірибеден алынған ақпаратқа сүйенеді, ол ғылыми мәселелерді шешуге бағыт-талған және ғылымда белгілі бір олқылықтардың орнын толтырады. Зерттеу барысында танымның арнайы құралдары қолданылады: мо-дельдеу, болжам жасау, эксперимент жүргізу және т.б.
Ғылымды ұйымдастыру мен талдаудың бірлігіне «пән» ұғымы алынды. Педагогика-педагогикалық пәндердің тұтас жүйесі. Педагоги-ка практикада өз орнын тапты, яғни орнықты. Зерттеу технологиясы жетілдірілді, педагогикалық теория жоғары деңгейге көтерілді. Соңғы жиырма жылдықта педагогика қолданбалы мамандықтарға қажет пән деп танылды.