Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Білім беру үдерісінің заңдылықтарын анықтау



бет60/226
Дата20.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#44463
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   226
Білім беру үдерісінің заңдылықтарын анықтау педагогиканың тағы да бір міндетімен –педагогикалық жүйелерді негіздеумен байланысты. Бұл істе педагогиканың ғылыми теориялық қызметі оның құрастырушылық-техникалық қызметіне қарағанда басым және жүйе құрушылық бағытта болады. Оқыту мен тәрбиенің ғылыми негізделген жүйесін құру, жаңа әдістер мен оқу материалдарын жасау теориялық зерттеулер барысындағы педагогикалық құбылыстардың мәнін табу негізінде ғана мүмкін болады.
Педагогика ғылымының тағы бір міндеті жаңа білім мазмұнын және оған сәйкес оқытудың, тәрбиелеудің, білім беруді басқарудың мазмұнын, формаларын, жүйелерін жасау болып табылады. Әуелі бі-лім мазмұны және оқыту мән тәрбиелеудің әдістері жасалады, сонан соң ғана практикада тұжырымдамалық нұсқауларды іске асыру құрал-дары даярланады.


1.2. Педагогиканың негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, бі-лім беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы. Тәрбие категориясы ең алғашқы педагогикалық категориялардың бірі. Тәрбие екі мағынада қарастырылады: кең мағынадағы тәрбие және тар мағы-надағы тәрбие.
Кең мағынадағы тәрбие-ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жеткізу; тар мағынадағы тәрбие-субъект-субъектілі қарым-қатынасқа негізделген ұстаздан шәкіртіне, ата-анадан балаға берілетін тәрбие.
Тәрбие дегеніміз-құнды әлеуметтік тәжірибені, мәдени құнды-лықтарды меңгерте отырып, тұлғаның өзін-өзі дамытуға, қоғаммен үйлесімді қатынаста болуына бағытталған үдеріс.
Оқыту – тәжірибелі ұстаз бен оқушының арасындағы нәтижесінде белгілі білімдер, іскерліктер, дағдыларды, тәжірибені және өз мінез-құлқын, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын бір мақсатқа бағытталған белсенді өзара әрекет үдерісі. Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, оқу, оқыту ұстанымдары, оқыту үдерісі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, нәтижесі.
Білім – адам, қоғам, табиғат, заттар мен құбылыстар жайлы ғылымда жинақталған білім жүйесі; адамзаттың жинақтаған мол тә-жірибесі; ұғымдардың, заңдылықтардың, тұжырымдардың, қағида-лардың, деректердің, пайымдардың жиынтығы т.б.
Білім беру – қоғамдық, әлеуметтік, мәдени құбылыс; қоғам мен мемлекеттің өзінің азаматына қатысты қызметі; тұлғаның мәде-ниеті, мәдени құндылық; білім, білік, дағды-машықтардың және ойлау құралының жүйесі; ғылыми көзқарастар, шығармашылық қабілеттер мен мүмкіндіктерді дамыту үдерісі; терең сапалы білім негізінде жеке тұлғаның еркін бағдарлай білу, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі дамыту үдерісі; білім, білік, дағды мен іс-әрекеттердің жиынтығы және оны жүзеге асырудағы адамның іс-тәжірибесі; білім берудің тұтастығы, нәтижелілігі т.б. білім берудің қоғамдық қызметтері тұрғысынан ол – әлеуметтік тәжіриені жеткізудің құралы.
Оқыту дидактиканың маңызды категорияларының бірі; оқы-тушы мен оқушының өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатына-сы, іс-әрекеті; білім беру, біліктері мен дағдылары, іс-әрекеттерді мең-герту үдерісі; белсенді шығармашылық әрекетті басқарудың негізгі жолы; сапалы білім беру, тәрбие, дамыту мақсаттарына сай оқушы-лардың шығармашылығын дамытуға бағытталған арнайы ұйымдасқан іс-әрекет т.б.
Құзыреттілік - оқушылардың әр-түрлі іс-әрекеттер түрлерін меңгеруімен анықталатын білім беру нәтижесі.
Педагогикалық категориялардың өзара бірлігі мен байланысын қамтып тұрған базалық категория - педагогикалық үдеріс категориясы. Педагогикалық үдеріс - бұл қозғалыстағы, дамудағы әрекет. Педаго-гикалық үдеріс - субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын қарым-қатынастардың жиынтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет