Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Педагогиканың объектісі, пәні және қызметтері



бет59/226
Дата20.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#44463
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   226
Педагогиканың объектісі, пәні және қызметтері.Объект – осы ғылым зерттейтін шынайы болмыстың саласы. Пәні – объектіні осы ғылым тұрғысынан көре білу тәсілі. Нысан дегеніміз – зерттеу-шінің танымдық әрекеті бағытталған шынайы болмыс, ал пән дегеніміз - зерттеудің нысанын (объектісін) ғылыми тұрғыдан көру тәсілін бей-нелейтін зерттеу субъектісі мен объектісі арасындағы буын.
Ғылымның пәнін анықтау оның тәрбиелік мәртебесіне бағы-нышты. Егер педагогикада теориялық деңгей бар екені мойындалса, онда оның пәнін былайша көрсетуге болады: педагогика ғылымының объектісі болып табылатын әрекеттегі қарым-қатынастар жүйесі. Мысалы, педагогикалық ғылыми пәннің бірі – дидактикада оқытудағы қатынастар жүйесінде оқушыны оқытудың объектісі мен білім алудың субъектісі деп қарастырады.
Педагогика әрекеттің ерекше түрін зерделейді. Бұл әрекет – педагог өз алдына белгілі бір мақсат қоятын болғандықтан, мақсатты бағытталған әрекет: белгілі бір нәрсеге (үйренуге) үйрету және тұлға-ның адами қасиеттерін тәрбиелеу, кейде мұны «мәдениет трансля-циясы» деп те атайды. Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені мең-геруіне және өзін-өзі дамытуына бағытталған әрекеттің осы түрі педа-гогика ғылымының өз пәні болып табылады.
Бұл білім беруді өзінің құрамдас бөліктерімен бірлікте қарастырып зерттейтін, өзінің зерттеу объектісі ретінде санайтын ғылыми пән.
Білім берудің негізгі мақсаттарына: оқушыға қоршаған дүниені тануға үйренуге, оқушыға еңбек етуге, жұмыс жасауға үйренуге, оқу-шыны адамдармен бірге өмір сүруге үйренугекөмектесу, оқушының өзіне деген үйлесімді қарым-қатынасын қалыптастыру.
Педагогика ғылымдарының қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері. Педагогика ғылымының атқаратын міндеттері:

  • тәрбие заңдылықтарын танып білу;

  • озат педагогикалық тәжірибені талдау, жинақтау;

  • іргелі, қолданбалы және практикаға бағытталған зерттеулерді ұйымдастыру;

  • педагогика ғылымының ұғымдық-категориялықаппаратын анықтау және дамыту;

  • оқыту мен тәрбиенің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын және әдістерін жетілдіру;

  • жаңа тиімді педагогикалық технологияларды құрастыру;

  • дипломнан кейінгі кәсіптік білім беру мәселелерімен айналасу;

  • білім беру жүйесінде жоспарлау және экономика мәселелерін жетілдіру;

  • білім беру жүйесіндегі реформалаудың тұжырымдамалық негіздерін анықтау.

Педагогика басқа ғылымдармен тығыз ынтымақтастықта дамы-ды. Ол үнемі өзінің ғылыми құрал-жабдықтарын, ғылыми логикасын басқа ғылымдардағы ғылыми аппаратпен, әдіс-тәсілдермен салысты-руға мүмкіндігі болды. Педагогика нақты теориялық және қолданбалы жасалымдарға қажет жалпы ғылымилық негіздерді өңдеп, терең зер-делеп отырды. Педагогиканың жалпы ғылымилық негіздері оның көп ғасырлық болмысында мәнді өзгерістерге ұшырады.
Педагогика – бұл білім және тәрбие беру әрекетінің түрлі жақ-тарын зерттейтін басқа ғылымдар қатарындағы білім және тәрбие бе-ру туралы арнайы ғылым. Бұл білім беруді өзінің құрамдас бөлік-терімен бірлікте қарастырып зерттейтін, өзінің зерттеу объектісі ретін-де санайтын бірден – бір ғылыми пән. Сонымен, педагогика білім және тәрбие беру туралы бірден-бір арнайы, кең ауқымды ғылымдар жүйе-сінің қатарына кіреді. Педагогиканың негізгі салалары: пе-дагогика тарихы, этнопедагогика, отбасы педа-гогикасы, әлеуметтік педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектеп-ке дейінгі педагогика, тәрбие теориясы мен әдістемесі, мектеп педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, кәсіптік педагогика, қосымша білім беру педагогикасы, түзету педагогикасы, әскери педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі, арнайы педагогика т.б. Арнайы педагогиканың өзі адамдардың денсаулықтарының кемістігіне байланысты бірнеше салаға бөлінеді: сурдопедагогика - саңырау, мылқау, керең адамдарға, тифлопедагогика - көру қабілеті нашар, соқыр адамдарға, олигофренопедагогика – ақыл есі кем адамдарға, логопедия – тілінің кемісі бар адамдарға тәрбие және білім берумен айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет