Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдары және олардың арақатынасы



бет93/226
Дата20.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#44463
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

4.3. Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдары және олардың арақатынасы.Педа-гогика ғылымындатұлғаны тәрбиелеу, білім беру, оқыту, дамыту, қалыптастыру, әлеуметтендіру, табыстылық, тұлғаның құзыреттілігі т.б. негізгі категориялары мен ұғымдары болып табылатыны белгілі.
Тәрбие үдерісінде тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалып-тастыру», «әлеуметтендіру» бір-бірімен тығыз байланыста дамиды. Дамудегеніміз, ең алдымен адам ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Бұл өзгерістер белгілі бір әлеу-меттік ортада болады. Адам биологиялық жанды зат ретінде дүниеге келеді де, ол даму үрдісінде әлеуметтік қызметтерді (өмірге, адам-дарға, еңбекке, тұтастай қоғамға қатысты, т.б.) атқару арқылы ғана тұлға болып қалыптасады. Тәрбие-әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда, қоғам бақылайтын және түзету енгізетін, жастарды мемле-кеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне қатысуға мақсаттылықпен даярлау ісі.
Тәрбие туралы түсінікке баланың жеке басының қалыптасуы мен дербес ерекшеліктерін ескерумен іске асырылатын толыққанды және толық құқылы тұлға тәрбиелеуге болады деп тануды талап ететін және педагогикалық үдерістің субьектісі ретінде тұлғаның қоғамдағы жаңа ұстанымы орнығады.
Тұлғаның қалыптасуы ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі, өз тағдырына өзі үкім ете білуі және өзінің қарым-қатынасын түсіне білу қабілетін меңгерген, сонымен бірге құндылық атаулыны тұрақты таңдай алу сияқты дамудың шартты түрдегі жетіс-тіктері жатады. Тұлғаның қалыптасуы – тұлғаның шындықпен өзара әрекеті барысындағы өзгеріске түсу үдерісі және оның дене құрылысы мен әлеуметтік-психологиялық жаңаруындағы өзгерістердің пайда болуы.
Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында тәрбие ортадан дамуына қажетті материалды іріктейді; жағымсыз ықпалдардан шығу жолдарын іздестіреді; оқушының мүмкіншілігін анықтайды, ашады, табиғи нышандарының дамуына жағдай жасайды.
Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі көптеген идеяларға негізделеді: адамды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту; ересек адамдар мен балалардың бірлесу іс-әрекеттерінің ынтымақ-тастығы, мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігі, мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуы, ата-аналармен мен мұғаліммен ынтымақтас-тық, өзін-өзі құрметтеу идеясы , өзін-өзі тәрбиелеу т.б.
Тәрбиеадамның ішкі жан дүниесіне ұнамды қозғау салып, өзіндік өңдеу белсенділігін арттыра алса ғана, адам өз дамуындағы қызметін орындай алғаны.
Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуін және тұрақты сапалар мен қа-сиеттерді иемденуін білдіреді.
Балада табиғаттан, тумысынан жалпы адамдарға тән сөйлеу мәдениеті және жеке өз басына байланысты әртүрлі нышандар қоры, табиғи қасиеттері жеке адамның өзіндік мүмкіншіліктерін құрайды, солар арқылы түрлі қабілеттіліктердің қалыптасуы басталады.
Табиғи мүмкіншіліктер адамның әлеуметтік өмір әрекеттерінің барысында дамиды. Адамның өмір сүру ортасы болмаған жағдайда табиғи нышандардың, қабілеттіліктер мен бейімділіктердің де күші жойылады.
Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор, ол – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық, дағдысына бағытталған жұмыс. Егер тәрбие жеткіліксіз, әлсіз болса, баланың қалыптасуына кері әсер етеді.
Жеке тұлға дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі және сыртқы. Қоршаған орта, тәрбие – сыртқы әсерлер. Сыртқы әсерлерінен пайда болатын сезімдер мен толғаныс-тардың жиынтығы – ішкі әсерлерге жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы – осы екі фактордың байланысынан пайда болады.
Тұлғаны әлеуметтендіру біріккен қарым-қатынас іс-әрекет ба-рысында қалыптасады. Педагог кез келген қызметке кірісуі үшін ал-дын-ала қойылатын талаптарды ескереді. Педагогикалық талапты орындау ғана педагогикалық мақсатты қатынастардың нәтижелі бо-луын қамтамасыз етіп қоймайды. Балалар ұжымындағы шағын топтар-дың пікірі мен беретін бағасы және іс-қылықтары да маңызды.
Тұлғаны әлеуметтендіруде әлеуметтік тұрғыдаотбасына әлеу-меттік-экономикалық, құқықтық, психологиялық және педагогикалық, баланы отбасына тәрбиеге алған отбасына қолдау көрсету, көп балалы және мүгедек балалы отбасы балаларының денсаулығын нығайтуға көмектесу негігі орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет