КЕНІ, солт. Қазақстан обл. Петропавл қ-нан 2,3
км жерде орналасқан. сулы қабат қалыңд. 40–
80 м болатын төм. бор кезеңінің шөгінділерінде
жатыр. су сыйыстырғыш тау жыныстары био-
титпен байытылған орта түйіршікті кварц-глау-
конитті құмдардан тұрады. Минералды су 852–
907 м тереңдікте жатыр. Кен орнының суы арын-
ды, №6 ұңғыма дебиті 23,5 л/с және ол өздігінен
шығады. судағы йодтың мөлш. 9,5 мг/л, бром
52 мг/л, радон 49 эман, суының темп-расы 31,5°с.
Хим. құрамы бойынша хлоридті және натрий-
кальций-магнийлі. негізгі компоненттері – ани-
ондар (мг/л) хлор 12071–11202; сульфаттар 2–12,
гидрокарбонаттары 159–183; катиондары: на-
трий-калий 5989-ға дейін, кальций 661–721, маг-
ний 232–328. Органик. компоненттері белгілі бір
берілген нормадан аспайды (2,4 мг/л). суы кер-
мек татиды. Пайдалануға болатын қорының мөл-
шері тәулігіне 1,72 м
3
(2 л/с). су қоры Петропавл
қ-ның демалыс аймағы үшін 50 жылға жететін-
дігі анықталды.
ҚЫЗЫЛЖЕМСАУЛЫ ҚАРАШАҚАЗ (Rufіbren-
ta rufіcollіs) – қазтәрізділер отряды, үйрек тұқым-
дасына жататын құс. Қазақстанның солт. және
батыс бөлігіндегі көлдерде кездеседі. Жон арқасы
мен құрсағы қара, бүйірі мен құйрығының асты
ақ түсті. Екі шекесінде үлкен жирен дақтары бар,
олар айнала ақ қауырсындармен көмкерілген.
Жемсауы, мойнының екі бүйірі ашық қоңыр, қы-
зыл түсті. дене тұрқы 55 см, қанатының ұз. 37 см,
құйрығының ұз. 11 см-дей, салм. 1 кг-дай. Қ. қ. –
жыл құсы. Көктемде ұшып келіп, тік жартастарға
ұя жасап, 3 – 6 (кейде 9) жасыл реңді жұмыртқа
салады. Жұмыртқаны мекиені басады. Күзде
жылы жаққа қайтып, негізінен, Каспий т-нің оңт-
нде (иран, түрікменстанда) қыстайды. Шөптесін
өсімдіктермен қоректенеді. сирек кездесетін құс
Аудандағы Горькое көлі
Қызылжар бөгені
Қызылжар
439
болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның
«Қызыл кітабына» енгізілген.
ҚЫЗЫЛКЕЗЕҢ – Күршім жотасының оңт.-шы-
ғысындағы тау. Шығыс Қазақстан обл. Күршім
ауд. Майтерек а-ның батысында 5 км жерде орна-
ласқан. Абс. биікт. 1731 м. солт.-шығыстан оңт.-
батысқа қарай 16 км-ге созылып жатыр, енді жері
8 км шамасында. Беткейі көлбеу бірнеше ұсақ
шоқылардан тұрады. солт. беткейінен Қыстау-
Күршім, шығысынан Қалғұты өзендерінің салалары
бастау алады. солт.-шығысында салқыншоқы, оңт-
нде Ақтөбе тауларымен шектеседі. Орта және жоғ.
девонның эффузивтік жыныстарынан түзілген.
тауалдының қоңыр топырағында бетеге, селеу,
жон-қырқаларында түрлі бұталы өсімдіктер өседі.
ҚЫЗЫЛКЕМЕР – Мойынқұм құмды алқабын-
дағы құдық. Жамбыл обл. т.рысқұлов ауд. Қосапан
а-ның солт.-шығысында 31 км жерде орналас-
қан. тереңд. 13 м, су шығымы 500 л/сағ. теңіз
деңгейінен шамамен 600 м-ден жоғары биіктікте жа-
тыр. солт-нде Қадырқұдық, оңт-нде Қамсақ, Шош-
тықара, батысында түменбай, шығысында дегерес
қыстаулары бар.
ҚЫЗЫЛКӨЛ – Ақжар көлдерінің оңт-ндегі тұзды
көл. Оңт. Қазақстан обл. созақ ауд. Құмкент а-
ның батысында 7 км жерде орналасқан. теңіз
деңгейінен 331 м биіктікте жатыр. Аум. 16,1 км
2
, ұз.
6,1 км, енді жері 2,8 км, жағалау бойының ұз. 18,6
км. солт. және шығыс жағалауы жатық, батысы
мен оңт. тік жарлы. суы тұзды, тереңд 8 м, су көл.
60,4 млн. м
3
. Көктемде Үшбас өз. жарып ағады да,
жазда өзен арнасы көл суынан бөлінеді. Алабы
шабындыққа, жайылымға пайдаланылады. Емдік
шипасы бар Қ-дің солт-нде демалыс үйлері бар.
ҚЫЗЫЛКӨЛ – өлкейек алабындағы тұйық көл.
Ақтөбе обл. ырғыз ауд. дүкен а-нан оңт-ке қарай
6 км, теңіз деңгейінен 77 м биіктікте жатыр. Аум.
15,2 км
2
, ұз. 8,5 км, енді жері 2,3 км, жағалау бо-
йының ұз. 19,5 км. суы тұзды, жағалауы жайпақ,
батпақты. Онда қамыс, құрақ шоғырлары өскен.
Оңт., оңт.-шығысында төбелі құмды алқап жатыр.
Кейбір жылдары көктем айларында өлкейек өз-нің
суы құяды. сондықтан аумағы ұлғайып, батпақты
жағалауы суға айналады. негізінен жауын-шашын
жер асты және өлкейек өз-нің суларымен толысады.
Қараша айының 3-онкүндігінде суы қатып, наурыз
айының 2-жартысында ериді.
ҚЫЗЫЛҚАБАН – ызақұдық құмды алқабының
солт.-шығысындағы аласа тау. Оңт. Қазақстан
обл. Отырар ауд. дарбаза а-ның солт.-шығысында
13 км жерде орналасқан. Абс. биікт. 458 м. солт-
тен оңт-ке қарай бойлық бағытта 11 км-ге созыл-
ған, енді жері 2,5 км. Жонды қырқалы келген,
беткейі көлбеу, ұсақ төбелерден тұрады. Оңт-нде
Белтау жотасы, солт-нде Бақыршасай, батысында
Шығанақсай, шығысында тағансай жыралары бар.
таудың сұр қоңыр топырақ жамылғысында қияқ,
қоңырбас, жусан, баялыш, күйреуік, т.б. өсімдік-
тер өседі.
ҚЫЗЫЛҚАЙЫҢ БӨГЕНІ, Алматы обл. Ақсу
ауд. Қызылқайың а-нан төменде теңіз деңгейінен
525 м биіктікте жатыр. 1984 ж. пайдалануға беріл-
ген. су сыйымд. 6,5 млн. м
3
. Бөген Ақсу және сарқан
өзендерінің тарамдарымен, сондай-ақ Алшымбай
өз-нің суларымен толысады. суымен ауданның
шығысындағы Көкжайдақ, Ақсу, Қызылтаң, т.б.
елді мекендердің егістігі суғарылады және мал
жайылымындағы шабындықтар суландырылады.
ҚЫЗЫЛҚАЙЫҢ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Ақтөбе
обл. дөң хромит кенішінің солт.-шығысында 55
км жерде орналасқан. дөң депрессиясында жат-
қан кен орнының сулы қабаты визенамюр ярусы-
ның жарықшақты және карстталған әктастарында
шоғырланған. Ол меридиандық жолақ ретінде
Ор өз-нің сол жағалауын бойлай ені 7 км, ұз. 25
км-ге созылған. сулы қабат тас көмірлі әктас
77–153 м тереңдікте жатыр. әктастардың қалыңд.
300 м, аршылған бөлігі 30–33 м. суы арынды.
Қызылқайың жылғасы аңғарындағы жер асты
суы өздігінен шығып жатыр. Мұндағы ұңғыма-
лардың дебиті 21–26 л/с. Жер асты суы тұщы және
сәл ашқылтым, минералд. 0,4–1,5 г/л. Зиянды қос-
палары жоқ. Бас тоғандағы өзара әрекеттесіп жат-
қан ұңғымалардың тереңд. 150 м. дебиті 8–30 л/с.
ҚЫЗЫЛҚАҚ – Ертіс алабындағы тұзды көл.
Павлодар обл. Ертіс ауд-ның батысында орналас-
қан. Көл теңіз деңгейінен 41 м биіктікте жатыр.
Аум. 175 км
2
, ұз. 18,8 км, енді жері 14 км, жаға-
лауы бойының ұз. 106,5 км, ең терең жері 1,5 м,
су жиналатын алабы 2280 км
2
. дефляциялық
қазаншұңқырда жатқан көлдің түбі тегіс, лайлы
келеді. Жағалауының басым бөлігін сор басқан.
солт. мен оңт-нде жарқабақты жағалау кездеседі.
Көктемгі қар, жауын-шашын суларымен толыса-
ды. деңгейі жылына 0,3–0,5 м-ге ауытқып оты-
рады. Қуаңшылық жылдары тартылып қалады.
суының минералдануы 31 г/л. Көлге кішігірім
16 өзен құяды. Ірілері: Бірсуат, Ақсуат, Ағынсай,
т.б. төңірегі негізінен мал жайылымына және
шабындыққа қолайлы. Алабында Амангелді,
Шолақсай, Қызылқақ елді мекендері және бірнеше
қыстау орналасқан.
ҚЫЗЫЛҚАРАҒАЙ (БАЛҚАрАҒАй), Л и с т в я г а –
Алтай таулы жүйесінің оңт.-батыс бөлігіндегі
жота. Шығыс Қазақстан обл. Зырян, Қатонқарағай
аудандары және ресей Федерациясы шекарасын-
да орналасқан. Абс. биікт. 2783 м. Бұқпа, Көкжота,
теснинский Белок, Черный Камень, Быструхин-
ский Шпиль, т.б. биік таулардан тұрады. Бұқтырма
және Қатон өзендерінің суайрығы. солт.-батыстан
шығысқа қарай 120 км-ге созылған. Шығысында-
Қызылкезең тауы
Қызылқарағай
440
ғы таулы үстірт қатты тілімденген. Эффузивтік жы-
ныстардан, құмтастардан түзілген. Батысынан Ши-
халиха, Мансиха, Большая речка, Бобровка, оңт.
беткейінен Черемошка, Белая, Лукина, Черновая,
т.б. өзендер бастау алады. тау жоталарының биік
белдеулерінде тектоник. процестердің әсерінен
пайда болған Черновское, Маралды, т.б. көлдер
бар. Беткейлерінде қарағай, қайың және самыр-
сын орманы, 2000 м-ден жоғары субальпі және
альпі шалғыны өседі.
ҚЫЗЫЛҚИЯ – Қырғыз Алатау жотасындағы
асу. Жамбыл обл. Меркі ауд. тескентоған а-ның
оңт.-батысында 27 км жерде орналасқан. Ең биік
жері 3400 м шамасында. Асудан мамыр–қазан ай-
ларында салт атты адам өте алады. Асудың солт-нен
Меркі, оңт. және батысынан Қарақыстақ өзендері
таудың биік жоталарындағы қар, мұздықтарынан
бастау алады. солт-нде Боқтікен тауы, солт.-баты-
сында талдыбұлақ, оңт-нде Ақташ, шығысында
тұйықтөр асулары бар.
ҚЫЗЫЛҚИЯ МҰНАЙ-ГАЗ КЕНІ, Қарағанды
обл. Ұлытау ауд. Құмкөл мұнай-газ кені орнынан
батысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Құрылым
1984–85 ж. сейсмик. барлау нәтижесінде анықтал-
ған. Алғашқы мұнай өнімі 1986 ж. (3-ұңғыма ар-
қылы) алынды. Газ-мұнай шоғыры төм. неокомның
арысқұм горизонтының шөгінділерінен (тереңдік
арақашықтығы 1467–1600 м) табылған. сонымен
қатар аздаған мұнай өнімі 5- және 18-ұңғымадағы
іргетас жынысынан алынды. Мұнайға қанығу ко-
эфф. 0,59, газға қанығу коэфф. 0,57. Қабат қысымы
15,1–15,8 МПа, темп-расы 61–70°с аралығында өз-
гереді. Мұнайы жеңіл, тығызд. 0,797–0,805 г/см
3
,
күкірті аз (0,017–0,33%), парафинді (0,6–36,0%)
және онда 0,1–8%-ға дейін шайыр, асфальтендер
бар. Ашық түсті фракциялардың шығымы 300°с-
қа дейін 57,5%-ды құрайды. табан сулары хлор-
кальцийлі, тығызд. 1,050 г/см
3
, минералд. 61,1 г/л.
судың тәул. өнімд. 9,87 м
3
.
ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ – Атырау обл-ның
солт.-шығысындағы әкімш. бөлініс. Жер аум. 24,9
мың км
2
. Құрамындағы 31 елді мекен 9 ауылдық
округке біріктірілген. Орт. – Миялы а. тұрғыны
32,5 мың адам, орташа тығызд. 1 км
2
-ге шаққанда
1,3 адамнан келеді (2010). Қ. а. батысында Атырау
обл-ның индер және Махамбет аудандарымен,
Атырау қалалық әкімдігі аумағымен, солт-нде
Батыс Қазақстан обл-ның сырым және Қаратөбе
аудандарымен, шығысында Ақтөбе обл-ның
Ойыл және Байғанин аудандарымен, оңт-нде
Атырау обл-ның Мақат және Жылыой аудандары-
мен шектеседі. Жер бедері біршама күрделі: солт.-
шығыс бөлігін көлбеу жазық (теңіз деңгейінен
10–150 м биіктікте), оңт.-батысының кіші бөлігін
Каспий ойпаты алып жатыр. Көлбеу жазықтың
солт.-батысында өзен аңғарларымен тілімден-
ген ірі құм массивтері тайсойған мен Бүйрекқұм
орналасқан. Каспий ойпаты жағын кең аумақты
сорлар алып жатыр. Қ. а-нда кен байлықтарынан
мұнай, құрылыс материалдары (саз, құмтас) кез-
деседі. Климаты тым континенттік, қысы бірша-
ма суық, қары аз, жазы ыстық және құрғақ. Ауа
райының орташа темп-расы қаңтарда –12°с (кей-
де –40°с-қа дейін төмендейді), шілдеде 25,4°с
(кейде 43°с-қа дейін ысиды). Жылдық жауын-
шашынның орташа мөлш. 200 мм. Ауданның
солт. жағын қамтитын өзен жүйесін тайсойған
мен Бүйрекқұмды солт.-шығыстан оңт.-батысқа
қарай қиып өтетін Ойыл (төм. ағысы) мен оның
Көздіқара, Құройыл және Жарыпшыққан (оның
тармағы Жаманащы) тармақтары, ал оңт.-шығыс
жағындағы жүйесін ноғайты, топырақшашты,
Бұрмасай және Мұқыр атты салалары мен сағыз
өз-нің орта ағысы, сондай-ақ Ойыл мен сағыз өз-
нің бойларындағы кішігірім көлдер мен көптеген
құдықтар (Аққұдық, Белқұдық, тақырқұдық,
т.б.), сондай-ақ сор алқаптар (Жамансор т.б.) құ-
райды. Аудан аумағы құмды сұр, сортаң, сор
топырақты. Оларда жусан, еркек шөп, ақселеу,
бұйырғын, ойпаңдау жерлерде ақ жусан, бетеге,
терек, үйеңкі, қарағай, жыңғыл, т.б. өседі. Кейбір
жерлерде тамыры тері илеуге пайдаланылатын
кермек, лак жасауға қолданылатын қызыл мия
өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қоян,
сарышұнақ, ақ бөкен; құстардан бозторғай, сұр
құр, шөл қарғасы, дала бүркіті, байғыз, т.б. мекен-
дейді. Ірі елді мекендері: Миялы, сағыз, Мұқыр,
Жасқайрат, Қаракөл, тасшағыл, Жангелді,
Қоныстану, Қарабау. А. ш. жерінің аум. 2278,2
мың га; оның 2 мың га-сы егістік, 53,4 мың га-сы
шабындық, 2,22 млн. га-сы жайылым. Ауданның
оңт. бөлігінде оны басқа облыстармен және
аудандармен байланыстыратын солт.-шығыс ба-
ғытта Атырау–Қандыағаш–Орск т. ж. мен мұнай
құбыры, Атырау–Ақтөбе автомоб. жолы өтеді.
Қызылқарағай жотасы
Аудандағы жазық дала
Қызылқия
441
ҚЫЗЫЛ ҚОЯНЖЫН (Climacoptera affinis) – ала-
бота тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін
өсімдік. Қазақстанда торғай даласында, Үстірттің
солт-нде, Арал т. маңында, Балқаш–Алакөл ала-
бында, Қаратау жотасында, Мойынқұм құмды
алқабында таралған. Биікт. 5–25 (40) см, бұтақ-
тары қарама-қарсы орналасқан, қалың түкті. Ке-
зектесе орналасқан жапырағы доғал, кейде таспа
тәрізді. Гүлшоғыры – масақ. Гүлі қос жынысты,
гүл қоршауы 5 жапырақты. Аталығы 5. Гүл жа-
пырақшасы гүл қоршауынан қысқа. Қ. қ. сортаң,
сазды жерде, тақырда өседі. Оны түйе сүйсініп
жейді.
ҚЫЗЫЛҚҰМ – Зайсан қазаншұңқырындағы
құмды алқап. Ертіс өз-нің сол жағалауындағы
Бөкен, Құлжын, Қайыңды өзендерінің аралы-
ғында. Ауд. 340 км
2
, ұз. 43 км. Орта бөлігіндегі
құм төбелердің салыстырмалы биікт. 30–40 м.
төбелерінде арша, жүзгін, шайқурай, жусан,
көкпек, тобылғы, өзен аңғарын бойлай шалғынды
сораң шөп өседі. Ойыс жерлерде, 2 м тереңдікте
грунт суы кездеседі.
ҚЫЗЫЛҚҰМ – Бозащы түбегінің батысындағы
құмды алқап. Маңғыстау обл. Маңғыстау ауд-нда
орналасқан. Ендік бағытта созылып жатқан Қ-
ның аум. 290 км
2
, ұз. 48 км, енді жері 10 км. теңіз
деңгейінен 2–20 м биіктікте. Екі құм массивінен тұ-
рады. Құмды төбелердің салыстырмалы биікт. 6–
7 м. Жер бедері қырқалы құмды төбелерден тұ-
рады және төрттік кезеңінің аллювийлі жазығы
саналады. сортаңды-құмдақты топырағында жу-
сан, бұйырғын, тасбұйырғын, т.б. сораң шөпте-
сіндер өседі. солт-нде Шөлшағыл құмымен шек-
теседі. Құм жиектерінде Қияқты, тұщықұдық,
Шебір а-дары, Қожамкүп, Ақот құдықтары және
бірнеше қыстау орналасқан. Құмды алқап мал
жайылымына пайдаланылады.
ҚЫЗЫЛҚҰМ АРҚАРЫ (Ovіs ammon sever-
tzovі) – қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аша
тұяқты аң. Құлжасының дене тұрқы 130 см-дей,
шоқтығының биікт. 80 см, салм. 70–125 кг. негізгі
қорегі – астық тұқымдастар (бетеге, қау, бидайық,
т.б.), күрделігүлділер (жусан, көбенқұйрық, т.б.)
және әр түрлі шөптесін өсімдіктер (таспа, қазжуа).
Жыныстық жағынан 2 жасында жетіледі. Қазан
айының соңы желтоқсанның басында күйлеп, сә-
уір–мамырда аналығы жалқы (кейде екі) қозықа
табады. Қ. а. – өте сирек кездесетін аң. Қазақстанда
20 ғ-дың ортасына дейін сырдария мен Қуаңдария
өзендері аралығын мекендеген. Қазір Қазақстанда
Қ. а. кездеспейді. Арқар қорғауға алынып, «Құрып
кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрле-
рінің халықаралық саудасы туралы конвенциясы-
на» (ситЕс) және Қазақстанның «Қызыл кіта-
бына» енгізілген.
ҚЫЗЫЛҚҰМ АРТЕЗИАН АЛАБЫ, жер асты
суы. Қызылорда және Оңт. Қазақстан облыстары
аумағын, Қаратау мен Арал т. аралығын алып жа-
тыр. Қазақстандағы бөлігінің ауд. 115 мың км
2
.
Грунт сулары тау етегіндегі ысырынды конус-
тарда, ойпаттағы өзен арналарында, Қызылқұм
өңіріндегі еспе құмдарда таралған. Бор кезеңінің
сенон, тұран, сеноман, альб қабаттарымен тығыз
байланысты. Бұлардың әрқайсысының құрамында
бірнеше сулы құм, құмтас қабаттары кездеседі.
Қабаттар тау етегінен ойыс орталығына қарай
қалыңд. 30 м-ден 300 м-ге дейін жетеді; қалыптасқан
тереңд. 20–30 м-ден 1770 м-ге дейін өзгереді. Ойыс
орт-нда қазылған ұңғымалардан шығатын арын-
ды судың өнімд. 2–70 л/с, темп-расы 30–50°с.
Геотерм. болжам бойынша Арыс ойысының ең
терең бөлігінде судың ыстықтығы 100–110°с-қа
жетеді, ал олардың болжамдық пайдалану қоры 240
м
3
/с. суларының хим. құрамы, тұздылығы тау
етектерінен алыстаған сайын өзгеріп отырады.
Қаратау жотасы етегіне жақын аймағының бор
қабаттарында таралған сулар тұщы (0,2–0,4 г/л),
құрамы гидрокарбонатты-кальцийлі. Арал т-не қа-
рай судың тұздылығы арта түседі. Қызылорда қ-
ның тұсында минералд. 1–1,5 г/л, Арал т-нің жа-
ғалауында 3–10 г/л, құрамы сульфатты, хлорлы-
натрийлі. түркістан қ., Шәуілдір а. және Арыс қ.
маңында терең ұңғымалардан шыққан ыстық
сулардың шипалық қасиеті бар. Бор, антропоген
қабаттарындағы тұщы сулар ауыз су ретінде, егіс-
тік суғаруға кеңінен пайдаланылады.
ҚЫЗЫЛҚҰМ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Қызыл-
құм құмының солт. бөлігі және сарысу артезиан
алабының шығыс бөлігінде. Қызылорда обл-ның
Жалағаш ауд. жерінде орналасқан. Жер асты суы
жоғ. бор шөгіндісінде жатыр. су сыйыстырушы
тау жыныстары ұсақ және ірі құм түйіршіктерден
тұрады. Кен орны Үлкен Құмкөл, Жетібай және
Ақши телімдерінен ажыратылады. Үлкен Құмкөл
және Ақши телімдерінде сулы кешен 50–62 м,
Жетібайда 101–32 м тереңдікте. суы арынды, тау
жыныстарының суы мол, ұңғымалардың дебиті
20–58 л/с. суы сәл ашқылтым, минералд. 1,6–2 г/л,
сульфатты-хлоридті натрийлі, Үлкен Құмкөлдегі
бас тоғанның жобалық шығымдылығы 294 л/с,
Жетібайдікі 351 л/с, Ақшидікі 185 л/с. Кен орын-
дары 1978 жылдан пайдаланылуда.
ҚЫЗЫЛҚҰМ ОЙЫСЫ – Қазақстан мен өзбек-
стан елдері шекарасында, тұран плитасының Қы-
зылқұм шөліндегі жеке геол. құрылымы. Оңт-нде
нұратау, тамдытау, Жетімтау, Бұққантау қырат-
тарымен, оңт.-шығысында Шатқал-Құрама тауалды
өңірімен, солт.-шығысында Қаратау жотасының
баурайымен ұласады. солт-нде торғай ойысынан
Орт. Қызылқұм күмбезі арқылы бөлінген. тектоник.
құрылымы жағынан Қ. о. 3 құрылымдық ярустан
Қызылқұм құмындағы шайқурай өсімдігі
Қызылқұм
442
тұрады. 1-ярус саналатын ойыс табанын (500–
3000 м тереңдікте) геосинклинальдық жағдайда
жаралып, қатпарлықтарға жиырылған, бірнеше
жарылыстармен қиылған палеозойдың магмалық
шөгінді жыныстары құрайды. Опырықтар мен
қазаншұңқырларды толтырған 2-ярус баяу қатпар-
ланған пермь-триас шөгінділерінен түзілген. 3-
құрылымдық ярус (қалыңд. 500–2000 м) юра-бор
жүйелері мен кайнозойдың құмды-сазды, мергель-
ді шөгінділерінен тұрады. 2- және 3-құрылыстық
ярус жыныстары ойыстың палеозойлық табаны-
ның құрылымын жаңартып, оларды өте жайпақ
белдерге (Кемпір, Балтакөл, Босаға, Шөл–Шардара,
төртқұдық – Қызылқора, т.б.), бірнеше науаларға
(Жауқаш, Арыс, Келес) бөлген. Айналасындағы
палеозой құрылымдарымен салыстыру негізінде
ойыстың шеттерінде алтын, темір, мыс, қорғасын-
мырыш кендері, юра-бор қабаттарында мұнай-газ
көздері болуы ықтимал деп жорамалданады. Бор,
палеозой қабаттарында артезиан сулары бар.
ҚЫЗЫЛҚҰМ СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ, Оңт. Қазақ-
стан обл-ның Шардара ауд. жерінде. сырдария-
ның сол жағын қамтиды. 1967 ж. іске қосылған.
Жүйе арқылы 60 мың га егістік суғарылады.
су Шардара бөгенінен Қызылқұмдағы реттеу-
ші жүйелер арқылы алынады (секундына 220 м
3
су өткізеді). Жүйе Қызылқұм бас каналынан (ұз.
97,2 км), шаруашылықаралық каналдардан (ұз.
2112,4 км), су реттеуші автоматты диспетчерлік
басқарудан тұрады. Жүйе алабында егілетін басты
дақылдар: күріш, мақта.
ҚЫЗЫЛҚҰМ ШӨЛІ – әмудария мен сырда-
рия аралығындағы құмды алқап өзбекстан, Қа-
зақстан (солт. бөлігі) және шағын оңт.-батыс бө-
лігі түрікменстан республикасында жатыр. солт.-ба-
тысы Арал т-не, оңт.-шығысы өзбекстандағы Зе-
равшан аңғары мен нұратау тауларына ұласады.
Аум. 300 мың км
2
(оның
1
/
3
-інен астамы Қазақстан
аумағында (Қызылорда, Оңт. Қазақстан облыс-
тарында). теңіз деңгейінен орташа биікт. 53 м-ден
(Қызылорда обл. Арал т. жағалауы) 300 м-ге дейін
(Оңт. Қазақстан обл. Қайрақтау таулары, 388 м).
Қ. ш-нің орт. бөлігінде палеозой дәуірінен қалған
бұйратты қалдық тау жұрнақтары (Бұққантау,
тамдытау, Құлжықтау, т.б. өзбекстанда) кезде-
седі. Олардың ең биік жері 972 м (тамдытау тауы,
өзбекстан аумағында). Жалпы, шөлдің жер бедері
жазық. Геол. тұрғысынан 3 құрылымдық ярустан
тұрады. Олар бірнеше жарылыстармен қиылған
палеозойдың магмалық шөгінді жыныстары
құрайды. Жер қыртысында қалыңд. 500–2000 м
болатын юра және бор жүйелері мен кайнозойдың
құмды-сазды, мергельді шөгінділерінен тұрады.
тақыр жерлерде де кездеседі. Юра және бор қабатта-
рында мұнай-газ кен орындарының барлығы анық-
талды (Қызылорда обл-нда). Бор, палеозой қабатта-
рында артезиан сулары бар. Қ. ш-нің басым бөлігін
қырқалы-ұялы және қырқалы құм төбелер алып
жатыр. Кейде биікт. 10–15 м болатын шағыл құмдар
да кездеседі. Климаты континенттік. Қаңтар айы-
ның жылдық орташа темп-расы –7–9°с, кей жыл-
дары темп-ра –40°с-қа дейін төмендейді. Шілде
айының орташа темп-расы 26–29°с, кейде ауада
темп-ра 46°с-қа дейін жетсе, ал құмда 70–72°с-қа
дейін жетеді. Жауын-шашын мөлш. 100–175 мм-
ден аспайды, оның 60–65%-ы қыс және көктем ай-
ларына келеді. Шөлде қар жамылғысы тұрақсыз.
Алғашқы қар қараша айының соңында түседі.
Шөлдегі салыстырмалы ылғалдылық жаз айлар-
ында 16–25%-ға дейін (оңт-те 11–15%) төмендейді.
Желдің орташа жылд. 3–5 м/с. Жаз айларында
шаңды дауыл соғады. Қ. ш-нде тұрақты ағын
өзендер жоқ. тек солт-мен өтетін сырдария өз-нен
тартылған каналдар өзен аңғары бойын ғана сулан-
дырады. Қызылорда обл-ның оңт-нде Қызылорда,
Қуаңдария, Жаңадария және Іңкәрдария, т.б. ірі
су жүйелері тартылған. Көктемде құм төбелер,
қырқалар арасында шағын көлдер мен өзендер
пайда болады. Шөлдің басым бөлігін (92%-ын)
құм басып жатыр. сондықтан қандай топырақ
болмасын құрамында құм болады. Жалпы алғанда
топырағы бозғылт қоңыр, құмдақты қызғылт
және сұр, сортаң топырақ қалыптасқан. өсімдік
жамылғысында эфемер аралас жусан, сексеуіл,
жүзгін, құмқияқ, бұйырғын, тораңғы, т.б. өседі.
Шөл құмдарында қарақұйрық, ақ бөкен, тышқан,
сарышұнақ, тасбақалар, т.б. мекендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |