Таусоғарова А


Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар тізімі



бет12/33
Дата14.03.2023
өлшемі0,57 Mb.
#74205
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Байланысты:
дополнительный материал

Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар тізімі:



  1. Базистік когнитивтік концептілер – тұтас адамзатқа тән, бірыңғай танымдық үдерістер нәтижесінде пайда болған әмбебап когнитивтік концептілер. Қандай-да бір ұлттық тілдерге және олардың арасындағы айырмашылықтарға қатыссыз қарастырылатын базистік когнитивтік концептілер әлемнің жалпытілдік бейнесін сипаттайды.

  2. Концепт – өз бойында адамзаттың әлемді тану тұрғысындағы сан ғасырлық білімі мен тәжірибесін жинақтап, жалпыадамзаттық, сондай-ақ жеке ұлттық-этникалық дүниетаныммен бірге психологиялық, этимологиялық, прагматикалық, мәдени ақпараттарды да қамтыған көп қабатты құрылымға ие таным бірлігі. Концепттің әр қабаты адамзаттың немесе ұлттың, я лингвомәдени қауымның, я әлеуметтік топтың, я жеке тұлғаның шындық болмыс және оның бөліктері туралы түрлі дәуірлердегі ұжымдық санасын, таным-білімін, тәжірибесін білдіруіне орай пайда болу мерзімі, семантикасы жағынан әр түрлі болуы мүмкін. К. термині латын тілінен аударғанда «өз бойына жинақтау», «елестету, түйсіну», «жазу, рәсімдеу», «жасау, пайда болу» деген мағыналарды білдіреді.



  1. Концептуалдау – әр түрлі танымдық формалар үшін қайсыбір кіші концептуалдық бірліктерден білімнің танылуының түрлі құрылымдарының пайда болуы және білімнің құрылымдану үдерісі, материал мен алғашқы теориялық концептілерден мейлінше дерексіз құрылымдарға қарай жылжуға мүмкіндік беретін ойлау қызметінің ұйымдасу тәсілі, ұғым-түсініктер байланысының сызбасы.

6 СЕМИНАР


Тақырып Концепті – түрлі дәуірлердегі мәдени өмірдің тұнбасы.
1.“Ұғымды” ғылыми білімнің нәтижесі ретінде, ал концептіні психологиялық, этимологиялық, прагматикалық, мәдени ақпараттарды қамтыған көп қабатты құрылым ретінде салыстыра сипаттап, кестеге түсіру.
2. «Жан» концепті – түрлі дәуірлердегі мәдени өмірдің тұнбасы.
Әдебиеттер:
1. Аскольдов С.А. Концепт и слово // Русская словесность: Антология. М., 1997. с. 267-280.
2. Бабушкин А.П. Типы концептов в лексико-фразеологической семантике языка. Воронеж, 1996.
3. Уматова Ж.М. Концепты душа/жан как лингвокультурологический феномен: Автор.дисс.кан.филол.наук. – Алматы, 2005.
6 СӨЖ. Жан базалық концепті ретінде сипаттау, концептуалдық талдау.

7 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет