Таусоғарова А


Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар тізімі



бет5/33
Дата14.03.2023
өлшемі0,57 Mb.
#74205
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
дополнительный материал

Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар тізімі:



  1. Әлем бейнесі – бұл адам және оны қоршаған орта қарым-қатынасының санада өңделуінің нәтижесі, адамның өзін қоршаған әлем туралы санада тіркелген таным-білімі, яғни әлемді қабылдау тұрғысындағы адам санасының шындығы. Әлем бейнесі әлемнің тура өз қалпындағы көрінісі емес, адам санасы қатысуымен жасалған бейнесі, әлемнің санада өңделген көрінісі болып табылады. Адам әлем бейнесін өз танымы, түсінігіне сәйкес түрлі тәсілдерді қолдана отырып жасайды, мысалы, жаңа бір құбылысты өзіне бұрыннан таныс екінші құбылыспен салыстырады. Осы тұрғыда әр халықтың дүниетанымы әлем бейнесінен орын алады. Адам ой-санасының дамуы тұрғысынан алып қарағанда, әлем бейнесі де қозғалыс үстіндегі құбылыс ретінде сипатталады, өйткені уақыт өтуімен бірге ол да өзгеріске түсіп отырады. Адам әлемді танып-түсінуде қателіктерге де бой алдырған, сондықтан әлемнің қарапайым, ғылыми бейнелері ажыратылады.

  2. Әлемнің тілдік бейнесі – адам және қоршаған орта қарым-қатынасының санада өңделген шындығының тілдегі көрінісі. Адам санасының қатысуымен жасалған әлем бейнесі тілдік бірліктердің өзара байланысында (лексика, грамматика, фразеологизмдер, мәтіндер) көрініс табады және ұрпақтан ұрпаққа жетеді, яғни тіл арқылы адамның әлем туралы танымы мен білімі материалданады, сондай-ақ тіл – әлем бейнесінің өмір сүру формасы.

2 СЕМИНАР


Тақырып: Когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдық аппараты, терминдер жүйесі.
1. Когниция, когнитивистика, менталдылық, менталитет, білім, ұлттық мәдени кеңістік, когнитивтік база т.б. терминдерге глоссарий құру.
2. Когнитивтік лингвистиканың қайнар көздері және қалыптасу кезеңдері.
3. «Адамның танымдық механизмі және компьютер (ақпаратты тану т.б. )» пікір алысу.
Әдебиеттер:
1. Кубрякова Е.С., Демьянков В.З., Панкрац Ю.Г., Лузина Л.Г. Краткий словарь когнитивных терминов. – М., 1996.
2. Оразалиева Э.Н. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. Ғылыми монография. – Алматы: Ан Арыс, 2006.
2 СӨЖ. Тіл – әлем – сана арақатынасы туралы көзқарастар

3 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет