Тавасарова А. А


THE FUTURE INDEFINITE TENSE



бет34/85
Дата26.01.2022
өлшемі1,35 Mb.
#24341
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85
Байланысты:
Қарапайым грамматика

THE FUTURE INDEFINITE TENSE


ЖАЛПЫ КЕЛЕР ШАҚ
Future Indefinite Tense (Жалпы келер шақ) іс-əрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатындығын білдіреді. Бұл шақ қазақ тіліндегі ауыспалы келер шаққа сəйкес келеді. Мысалы:

I SHALL BE BUSY tomorrow. - Мен ертең бос болмаймын.



Не WILL COME to Almaty next week. - Ол Алматыға келесі жетіде келеді.

  1. Future Indefinite шағы shall жəне will көмекші етістіктер арқылы жасалады. Бұл көмекші етістіктер жіктелетін тұйық етістіктің (to демеулігінсіз) алдында тұрады. І-жақтың жекеше жəне көпше түрінде

SHALL етістігі, басқа II, ІІІ-жақ жекеше, көпше түрде барлық жақтарда WILL

етістігі келеді. Мысалы:

I (we) shall work. Не (she, it, you, they) will work.



  1. Future Indefinite шағындағы сұраулы сөйлем (жекеше жəне көпше түрінің барлық жақтары үшін) SHALL жəне WILL кемекші етістігі арқылы жасалып, бастауыштың алдында келеді. Мысалы:

Shall I (we) work? Will he (she, it) work? Will you (they) work?

  1. Болымсыз түрі SHALL WILL көмекші етістігі жəне NOT демеулігі арқылы жасалады. Болымсыз сөйлемде бастауыштан кейін SHALL, WILL көмекші етістігі, одан кейін NOT демеулігі келеді. Мысалы:

I shall not work. We shall not work.

You (they) will not work. He (she, it) will not work.

  1. Сұраулы-болымсыз сөйлемде NOT демеулігі бастауыштан кейін келеді. Мысалы:

Shall I (we) not work? Will he (she, it) not work? Will you (they) not work?

  1. Future Indefinite Tense болымды, болымсыз жəне сұраулы-болымсыз сөйлемдеріне берілетін қысқартулар көбінесе ауызекі тілде кездеседі.

I’ll work. I shan’t work. I'll not work. He won’t work. He’ll not work.

Shan't I (we) work? Won’t he (she, it, you, they) work?

  1. Future Indefinite Tense сұраулы сөйлемдеріне берілетін қысқа жауаптар:

Shall I work? - Yes, you'll (will). Will he work? - No, he’ll not (will not).

  1. Future Tense шағында бастауышқа сұрақ қойғанда, бастауыштың орнына Who? немесе What? сұраулы есімдіктері, содан кейін will көмекші етістігі қолданылады:

Who will be busy next Wednesday? - She will.

  1. Future Indefinite мезгілді,.уақытты жалпылама көрсеткендіктен қимыл-əрекеттің мезгілі, уақыты сөйлемде лексикалық жолмен - мезгіл үстеу арқылы беріледі. Белгілі үстеулер: tomorrow (ертең), the day after tomorrow (бүрсігүні), in an hour (бір сагаттан кейін), in a week (бip аптадан соң), soon (жақында), next day (week, month, year) (келесі күні (аптада, айда, жылы)), in a few days (бірнеше күнде). one of these davs (Осы күндердің бірінде, жақын күндерде).

Tomorrow I shall meet friend.

  1. Ертең мен досыммен кездесемін.

Не is going to spend his summer vacation in the crimea.

  1. Ол жазғы демалысын Қырымда өткізгісі келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет