Қазақстан Республикасының Ел басы Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Үш тілің тұғырың» деп үш тілге - қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тіліне назар аудару туралы айтып өтті. Ағылшын тілі - бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен колданылып келе жатқан тілдердің қатарына жатады.
Ағылшын тілін оқып-үйренемін деушілердің саны күннен-күнге көбеюуде. Ағылшын тілін оқып үйрену үшін, қазақ тілі негізінде құрастырылған бұл оқу құралы жоғары оқу орындары қазақ бөлімі студенттеріне жəне өз бетімен ағылшын тілін үйренушілерге жəне көптеген оқу құралдарында оқытатын студенттерге ұсынылып отыр. Білім министрлігі бекіткен Мемлекеттік білім беру стандартына сəйкес шет тілдерін оқытудың типтік бағдарламасы бойынша жасалған.
Оқу құралының мақсаты ағылшын тілінде оқудың негізгі ережелерімен таныстыру, оқу программасы көлемінде сөйлеу, жазу, оқу, аудару дағдыларына үйрету.
Оқу құралы 20 сабақтан тұрады. Əр сабақтың құрамы негізінен мынадай: 1 .Оқу ережесіне сай жаттығулар. Өткен материалдарды пысықтау.
.Грамматикалық ережелер мен жаттығулар. Лексика-грамматикалық жаттығулар
.Мəтінге байланысты жұмыс. 4.Өздік жұмыс жəне диалог.
Мəтін соңында берілген тапсырмалар негізінен студенттің мəтін мазмұнын қалай түсінгендігін тексеруді жəне өтілетін функционалдық үлгілерді қолдануға үйретуді мақсат етеді. Бұл тапсырмалар мəтіндердің түрлерімен жəне оларды оқу максатымен тығыз байланысты. Берілген мəтіндер мынадай мақсаттарды көздейді: негізгі мəліметті анықтап түсіну, мазмұнын толық түсініп оқу, түсінгенін айтып беру. Сонымен катар əр бөлімде жазуға үйрету мақсатын көздеген арнайы тапсырмалар берілген: шығарма жазуға, баяндама жазуға т.б.
Оқу құралы қазақ аудиториясының оқушылары мен студенттеріне жəне өз бетімен ағылшын тілін үйренушілерге көмегін тигізер деген үміттеміз.