Тавасарова А. А


THE PAST INDEFINITE TENSE



бет30/85
Дата26.01.2022
өлшемі1,35 Mb.
#24341
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85
Байланысты:
Қарапайым грамматика

THE PAST INDEFINITE TENSE


ЖАЛПЫ ӨТКЕН ПІАҚ

Past Indefinite Tense (Жалпьі өткен шақ) - сөйлеу кезінен бұрын болып өткен іс-əрекет, қимылды білдіретін етістіктің грамматикалық формасы. Бұл шақ қазақ тіліндегі жедел, бұрынғы, дағдылы өткен шақтарға сəйкес келеді. Мысалы:

We had an English lesson on Monday. - Дүйсенбі күні бізде ағылшын тілі сабағы болды. They were not here. - Олар мұнда болған жоқ. Не did not work in an office last year. - Ол өткен жылы офисте жұмыс істеген жоқ.

  1. Past Indefinite/Simple шағы етістік негізіне -d/-ed (жекеше жəне көпше түрінің барлық жақтарына) жалғаулары қосылу арқылы жасалады, бұлар дұрыс етістіктер деп аталады, мысалы: to work - worked.

Бұл жалғаудың айтылуы мынадай:

ə) қатаң дауыссыздан кейін -[t]: worked, dressed.

б) «t» немесе «d» əріпінен кейін -[id]: wanted, decided.

  1. Past Simple/Indefinite шағында кейбір етістіктердің сөздегі дауыстылардың алмасуы, сөздің түбегейлі өзгеруі арқылы, т.б. жолдармен жасалады. Бұлар бұрыс етістіктер деп аталады, ол үшін бұрыс етістіктер кестесін (II тұлға) пайдаланып, оларды жаттап алған жөн:

to go – went, to write – wrote, to come – came, to say – said.

Бұрыс етістіктері бар Past Indefinite шағындағы сөйлемдердің сұраулы жəне болымсыз түрлері to do көмекші етістігінің өткен шақ түрі did етістігі арқылы жалпы ережеге сəйкес құрылады:

Did you go there? - Сен онда бардың ба? Yes, I did. - Иə, бардым.

I went there at two o'clock. - Мен сағат екіде бардым. No, I did not (didn't). - Жоқ, бармадым.



  1. Past Indefinite шағындағы: а) сұраулы сөйлем (жекеше жэне көпше түрінің барлық жақтары үшін) to do көмекші етістігі арқылы жасалады. Бұл сөйлемдер to do көмекші етістігінің өткен шақтағы did жəне негізгі етістіктің тұйық рай түрлері (to демеулігінсіз) арқылы беріледі, мысалы:

Did I work? Did he work? Did I speak? Did he speak? ə) did

+ бастауыш + тұйық етістік тұлғасы арқылы беріледі: Did you go to school in 2001 ? - Yes, I did. No, I didn't.



  1. Past Indefinite шағында to be (болу) етістігінің осы шақтағы басқа етістіктерге ұқсамайтын өзгеше екі түрі бар, жекеше түрі: I (you, he, she, It) was; көпше түрі: we (you, they) were Мысалы:

I was at home at 5 o'clock. - Мен үйде сағат 5-те болдым. They were busy. - Олар бос болмады.

  1. Past Indefinite шағында to have (бар, болу) етістігінің барлық жағы үшін had [нж d] түріндегі етістік қолданылады, мысалы:

I had much free time yesterday.

2. Кеше менің бос уақытым көп болды.

  1. Сұраулы жəне болымсыз сөйлемде to be жəне to have етістігі көмекші етістікті талап етпейді:

I was a doctor. Was I a doctor?

I was not a teacher. Who was a teacher?


  1. Past Tense шағында бастауышқа сұрақ қойылған кезде көмекші етістік қолданылмайды. Қысқа жауап жіктеу есімдігінен, көмекші етістік DID жəне TO BE, TO HAVE етістігінен тұрады.

Who was born in 1876? - Jack London was. Who had a lecture yesterday? - We had.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет