Тазалық. Айтуға оңай болғанымен, салмағы ауыр, МӘні терең, мазмұны кең



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата06.03.2017
өлшемі11,06 Mb.
#8006
1   2   3   4

ШАРИҒАТ НЕ ДЕЙДІ?

Әрине,  асыл  дініміз  Ислам  аста-төк  астың 

ысырапшылдығын  құптамайды.  Керісінше,  бай-

бағланның қолында барын беріп, қиналған қауымның 

қайғысын  бөлісуге  үндейді.  Десе  де,  «көрпеге 

қарап  көсілуді»  ұят  санайтын  қазіргі  қоғамда 

қанағатшылдықтан  гөрі,  бәсекелестік  басым.  Осы 

орайда, бірауыз дін өкілдерінің де пікірін білдік. Өз 

кезегінде  ҚМДБ-ның  Қызылорда  облысы  бойынша 

өкілі,  «Ақмешіт-Сырдария»  орталық  мешітінің  бас 

имамы Талғат Омаров шариғатта ысырапшылдыққа 

жол жоқ екенін жеткізді. 

– Бұл мәселені биік мінберлер мен басқосуларда, 

ел  арасында  көтеріп  жүргенімізге  біршама  жыл 

болды.  Өмір  болғаннан  кейін,  өлімнің  де  болаты-

ны  ақиқат.  Осы  тұста  көпшілік  мал-дүниені  қайтыс 

болған асылымыз үшін емес, жұрттардың «Пәленше, 

қайтыс  болған  түгеншесі  үшін  барын  салды.  Ұлан-

асыр ас берді» деуі үшін сарп етіп жатқандай. Баззар 

(р.а)  жеткізген  хадисте:  «Үнемдеген  адам  байиды, 

ысырап еткен кедейлікке ұшырайды»–деген. Тәлімді 

хадистің  мағынасы  түсінікті  болғанымен,  кейде 

көпшілік  байқай  бермейтін  жақтары  бар.  Айталық, 

кісілерді шақырып ас беру керек болса, олар дәмнен 

ауыз тиіп, дұға-тілекке ортақтасып кету керек бол-

са, оған азын-аулық қаражат жұмсау жеткілікті еді.  

Бірақ,  біздер  барымызды  шашып  дастарханды  той-

дан  айырмашылығы  жоқтай  жайнатып  жібереміз. 

Яғни, кісілердің назарын имандылыққа емес, дүниеге 

қызықтырып  қоямыз.  Нәтижесінде  ысырапшылдық 

кесірінен берекесіздік келуі мүмкін – деген өкіл имам 

түптеп  келгенде,  мұның  бәрі  бәсекеге  бастайтын 

амал болып қалыптасуына жол ашатынын жеткізіп, 

сөзін былай жалғады:

–  Құранда  «Исра»  сүресінің  26-27  аятын-

да:  «Шынында,  ысырапқорлар  –  шайтанның  ту-

ысы.  Ал,  шайтан  Раббыңа  өте  қарсы»  –  делінген. 

Д емек, ысырапшылдықтың қандай түрін жасасақта, 

Аллаға  қарсы  шыққандай  болады  екенбіз.  Бірде 

Пайғамбарымызға (с.а.с): «Жағфар (р.а) қайтыс бол-

ды» деген хабар келгенде: «Жағфардың үйіне тамақ 

апарыңдар.  Оның  жанұясы  шұғылданатын  іс  бо-

лып қалды (жаназа істері мен уайым, қайғы) – деп, 

өзгелердің ол қайғы болып жатқан үйге тамақ апа-

руын үндеген болатын. Басқа бір хадисінде қазалы 

үйде үш күнге дейін тамақ ішуден қайтарған. Мұның 

барлығынан қайғырып отырған үйге күш түспеуі үшін 

тыйған  болатын.  Сондықтанда  Құдайы  ас  мәзірінің 

қарапайым  болуын  ел  болып,  ауызбіршілікте 

ортақтасып шешкен жөн, – деді облыстың бас има-

мы Талғат қажы Сейіткәрімұлы. 

ҚАЙТПЕК КЕРЕК?

Әрине, біз бай-бағланның қаржысы мен дүниесін 

қызғанып отырғанымыз жоқ. Кезінде ұлт ұстазы Ах-

мет  Байтұрсынов:  «Той  деп  шашылды,  ас  деп  ша-

шылды, ар, білім деп дәулет шашарға қай қазақтың 

қайраты  жетеді?»  десе,  Ғұмар  Қараш  бабамыз: 

«Артық  дүние  тілеп,  артық  ысырап  қылмаңдар 

–  оның  өтеуін  төлей  алмай  қаласыңдар»  деп 

тереңінен түсінгенге тамаша тәмсіл тастап кетті. Тек 

ой жүгіртіп, ақ пен қараны ажыратсақ игі. Той мен 

құдайы  ас  дастарханының  айырмашылығы  болса. 

Батыс  өңірінің  дін  өкілдері  көтеріп  жатқан  дастар-

хан  мәзірі  баршаға  ортақ  мәселе.  Өйткені,  қазалы 

үйге  әрбір  пейшембілік  пен  жетісі,  қырқы,  жүз 

күндік асын өткізу оңай шаруа емес. Қатарда тұрып, 

келімді-кетімді  кісілермен  көрісудің  орнына  дорба-

сын арқалап, базар жағалап жүреді. Түптеп келген-

де,  үнемшілдіктің  ырыс,  ысырапшылдықтың  шығыс 

екенін  түсіну.  Шығыс  демекші,  тақырыпты  Шығыс 

Қазақстан  облысының  жыл  басында  қабылдаған 

жағымды 

жаңалығымен 

түйіндесек. 

«Шығыс 


Қазақстан  облыстық  I-ақсақалдар  форумында» 

келісілген шешімге сәйкес Өскемен өңірінде Құдайы 

астарда берілетін тағамдардың тізімі бекітілді. Атап 

өтсек; ет, жайма немесе күріш, нан, бауырсақ, шел-

пек, тоқаш, қант және құрма, шай, сорпа, су, құрт, 

ірімшік.  Міне,  осы  аталмыш  ас-ауқат  асқа  келген 

жамағаттың ауыз тиетін басты тағамдары болмақ. 

Иә, ертеде Дінқорған атанған бүгінгі Жаңақорған 

жұртшылығы да осы бастаманы қолдап, ақсақалдар 

қауымы  мен  зиялы  қауым  өкілдері,  имам-молдалар  

бас қосып, бәтуәлі істің біздің ауданда жүзеге асуы-

на ұйытқы болса, өскелең ұрпақтың бәсекелестікке 

бармайтыны  айқын.  Әрі  қабырғасы  қайысып, 

жақынынан  айырылып  отырған  жандарға  да 

жеңілдік  болар  еді.  Ендігі  сөз  сіздерде,  ауданның 

абыз  ақсақалдары  мен  ардагерлер  қауымы  һәм 

имам-молдалар.

Р.S:  Ал,  егер  шын  мәнінде  мал-дәулеті  асып-

тасып бара жатса, қаржысын қайырымдылық істерге 

жұмсауға,  яғни,  мұқтаж  жандардың  мұқтаждығын 

өтеп,  тұрмысы  төмен  отбасының  тірлігін  түзеп, 

жоқ-жітікке  жәрдемдесіп,  осы  ізгі  істерінің  сауабын 

дүниеден өткен марқұмның рухына бағыштаса, нұр 

үстіне нұр болмас па еді, ағайын?

Әбдісамат ӘБДІШ.

қашан қалыптасады?

АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ

«Діни  экстремизмді  насихаттаудың  ал-

дын  алу,  әсіресе  интернет  пен  әлеуметтік 

желіде  оның  жолын  кесу  жұмысын  жүргізу 

керек.  Қоғамда,  әсіресе,  діни  қарым-қатынас 

саласындағы  радикалды  көзқарасқа  бай-

ланысты  кез  келген  әрекетке  «мүлдем 

төзбеушілікті»  қалыптастыру  керек».  Бұл 

Президенттің  пәрмені.  Жолдаудан  үзіп  алған 

бұл  жолдар  жауапкершілікті  арттыруды  та-

лап етеді. Мұндағы мақсат – жастар қауымын 

ертелі-кеш  әлеуметтік  желінің  әлегіне  еніп, 

жат пиғылды діни парақшаның жалған наси-

хатына нанып қалмауға үндейді. 

Бұл  күндері  «Уацап»  месенджеріне 

тіркелмеген  жас  жоқ  шығар.  Жасы  да  жа-

самысы  да  күніне  кем  дегенде  он  мәрте  бас 

сұғады  бұл  желіге.  Барымен  бөліседі,  жоғын 

интернеттен  жүктеп  алады.  Бөліскеннің  не 

жазылғанның барлығын шынайы ақпарат деп 

қабылдауға  әсте  болмайды.  Осы  тұста  айта 

кететіні, ғаламтор әлемінде «фактчекинг» де-

ген  термин  бар.  Әсіресе,  әлеуметтік  желіде 

кез-келген  ақпаратты  қалың  оқырманға 

таратпас  бұрын  бірінші  тексеруді  талап 

етеді.  Яғни,  сараптап,  талдап,  интернеттегі 

сілтемелерін  тіміскілеп,  ақпараттың  шыққан 

түпнұсқасын  анықтауды  –  фактчекинг  дейді. 

Бұлай  жасауға  бір  ғана  себеп  бар.  Ол  – 

бүгінде  жымысқы  пейілді  адамдар  желіге  өз 

атымен  емес,  өзге  есіммен  тіркеліп,  аккаунт 

ашады. Сосын ел ішіне неше түрлі елді аразда-

стыратын,  бұқараны  билікпен  шағыстыратын 

жалған  ақпараттар  таратады.  Оның  ішінде; 

діни  мазмұндағы  мәліметтерге  сақ  болған 

жөн.  Себебі,  діни  сауаттылықтың  аздығынан 

байқамай сіз де жалған ақпараттың жаршысы 

болып кетуіңіз әбден мүмкін. 



МЫНА ХАТТЫ 

10 АДАМҒА ТАРАТ...

Күнделікті  көріп  жүргеніміздей,  қысқа 

мәтіндегі  ала-құла  діни  ақпараттар  «Уацап» 

месенджеріндегі топқа не жекеге келіп тұрады. 

Діни  ұғымды  желеулеткен  хабарламаның 

қайсысы  дұрыс,  не  бұрыс  екеніне  мән 

бермейтін  күйге  жеттік.  Мәселен  мына 

сарындағы ақпараттарды көпшілік бөліскенде 

шығар.  Адамды  иландыратын  иірімі  тама-

ша  бір  болған  оқиғаны  баяндайды  да:  «Бұл 

ақпаратты  10  адамға  таратсаң  10  минуттан 

кейін  өміріңде  өзгеріс  болады.  Бұл  шындық. 

Құранды  теріске  шығаруға  болмайды»  деп 

тәмамдайды.  Немесе  Құранды  қорлаған 

қыздың құбыжыққа айналып кеткендігі туралы 

жан түршігерлік бейнероликті де көрдік. Енді 

бір сәт ойлап көріңізші, ғаламтор әлемін кезіп 

жүрген мұндай діни мазмұндағы эмоцияналды 

бейне  роликтердің  кімге  керегі  бар?  Қандай 

мақсатта  таратылуда?  Қой  терісін  жамылып, 

қасқырша әрекет еткен пасық пиғылдылардың 

пейілі ме? Әрине, басым бөлігі қолдан жасала-

тыны айқын. Мұндағы мақсат – қоғамның ең 

нәзік діни сенімі мен иманына күдік ұялату. 

Мысалы,  хатты  10  адамға  тарата  салып, 

шексіз  бақытқа  кенелу  мүмкін  бе?  Пайымға 

салсақ, астарында шынайы өмір заңдылығынан 

алшақтатып,  ұшқары,  жеңіл-желпі  етіп 

көрсету  мүддесі  жатқан  секілді.  Дұрыс,  сана 

бостандығына  бәріміз  еріктіміз.  Бірақ,  кей-

де  әлгіндей  «10  адамға  хат  тарат»  деген 

белгісіз бәзбіреудің бұйрығын қалай орындап 

жатқанымызды  байқамай  қалып,  бәріне  та-

ратып шығамыз. Ақиқатында асыл дініміз Ис-

ламда қорқытып, үркітіп насихаттау бізге жат. 

Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.с): бір хадисінде: 

«Дінді  ауырлатпаңдар  –  жеңілдетіңдер. 

Қорқытпаңдар  –  сүйіншілеңдер»  –  деген. 

Яғни,  дінді  насихаттаудың  да  өзіндік  жолда-

ры  бар.  Жұртшылықты  жалықтырып  алмай, 

жүрегіне жол таба білу де үлкен өнеге. 

ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ

Жақында  ғана  «Уацап»  месенджеріндегі 

аккаунтыма араб тілінде жазылған алты ауыз 

сөз, сосын соңынан «Бұл бақыт дұғасы. Жеті 

адамға  таратсаң,  төрт  күн  ішінде  өміріңде 

қуаныштты  сәт  болады.  Бұл  шын  екен»  де-

ген  хабарлама  келді.  Іштей  бір  күліп  алдым-

да,  жоғарыдағы  айтылғандай  фактчекинг 

жасадым.  Телефонымдағы  таныстарымның 

тізімін  тіміскілеп  отырып,  араб  тілінің  мықты 

білгір маманын іздедім. Таптым. Ол – Қазалы 

ауданының  бас  имамы  Мейрамбек  Жәмиев. 

Кезінде жоғарғы оқу орнында жүргенде бізге 

араб  тілі  грамматикасынан  дәріс  бергені  бар 

еді.  Содан  әлгі  «бақытқа  жетелейтін»  хат-

ты  көшіріп,  желі  арқылы  Мейрамбек  ұстазға 

жібердім.  Ондағы  мақсат  –  арабша  мәтіннің 

мағынасын аударту. Жауабы да қызық болды. 

Бұл араб тілінде жазылған сөздің ешқандайда 

мағынасы жоқ болып шықты. Яғни, әріптер бір-

бірімен  ұйқаспайды.  Жай  әріптерді  біріктіріп, 

жалған хабарлама жасай салған. Бұл бір деп 

бас бармағыңызды бүгіп қойыңыз. 

Екіншіден,  Қазақстанға  танымал  Нұрлан 

Жанай  деген  блогер  әрі  IT-маман  бар.  Бұл 

блогер  таяуда  діни  ақпарға  фактчекинг  жа-

сап,  көптің  көзін  ашты.  Естеріңізде  бол-

са,  жаңа  жыл  қарсаңында  интернет  сайттар 

мен  әлеуметтік  желіде  «Индонезияда  ұзақ 

жыл  Құраннан  дәріс  берген  ұстаз  дүниеден 

өтіп,  оны  жерлеу  барысында  қабірінен  нұр 

сәулесі жарқырап тұрған» деген ақпарат жел-

дей  есті.  Суреті  қоса  бар.  Өзіме  бұл  хабар-

лама  3-4  қайтара  келді.  Сосын  сендік.  Бірақ, 

Нұрлан  Жанай  сенбеді.  Сондықтанда  ол 

интернетті игілігіне икемдеп, бұл жаңалықтың 

түпнұсқасын  тапты.  Бақса,  расында  Индоне-

зияда  бұл  оқиғаның  болғаны  шындық  екен. 

Алайда  әлгіндей  қабірінде  күн  нұрындай 

сәуле  жарқырамаған.  Бұған  дүниеден  өткен 

қаридың әпкесі Назри Зайнуддиннің баспасөз 

өкілдеріне  берген  сұхбаты  дәлел.  Онда  ол: 

«Мазар  басында  ағамды  жерлеу  барысын-

да  мұндай  таңқаларлық  ешнәрсе  болма-

ды.  Бұл  вирустық  ақпарат  деп  білемін»  деп 

мәлімдеген.  Ал,  біз  ауылда  отырып  алып, 

«Не  деген  иман»,  «Аллаға  шүкір»,  «Тәуба, 

тәуба»  деген  секілді  білетін  сөздерімізді  ай-

тып таңдай қақтық. Шынында мұндай жалған 

діни  ақпаратты  таратудың  кімге  қажеті  бар 

екен? Әрине, мүдделі топтардың бір ойлағаны 

бар болса керек. Сол үшінде толассыз келген 

хабарламаға таң-тамаша болып, таңқалмастан 

бұрын, ақпараттың дұрыс не бұрыстығына көз 

жеткізіп  алған  абзал.  Не,  ең  дұрысы  күмәнді 

болса,  «удалить»  пернесіне  апарып,  өшіріп 

тастау. 

ТҮЙІН. 

Сайып 


келгенде, 

діни 


сауатсыздықтың сан соқтыратынын әсте естен 

шығармаған абзал. Әманда, «Мәңгілік ел» жа-

стары  асыл  дініне  берік,  ізгілік  іліміне  жерік 

болса.  Міне,  сонда  ғана  әлемді  алаңдатқан 

дәстүрлі емес деструктивті ағымға һәм желіде 

жүрген  жалған  ақпаратқа  сауатты  түрде 

тегеурінді тосқауыл қоя аламыз.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.

ЖАЛҒАН АҚПАР, 

ЖАРҒА ЖЫҚПАСЫН...



СІЗ НЕ ДЕЙСІЗ?

ҚУАНЫШ БЕКТАЕВ, 

аудан тұрғыны: 

Бұл тұрғыда бізде «ұят болады» деген түсінік 

бар. Көпшілік асқа келгенде дастарханымызға 

сын айтып кетпесін деген ниетте бәсекелестікке 

қалай барғанымызды білмей қаламыз. Ең 

қарапайым дастархан бұл – бауырсақ, шел-

пек, құрма, қант, шәй секілді тағы да өзге 

қаржыны көп талап етпейтін дәмдер қойылса 

екен. Баршаға ортақ мәзірдің болғанын өзім 

қолдаймын. Өйткені, өздеріңіз білетіндей, 

дінімізде ысырапшылдыққа жол беруді 

құптамайды.

САЙДУЛЛА ҚАЖЫ ОМАРОВ,

ауданның бас имамы:

Расында бұл өзекті. Өйткені, күнделікті көріп 

жүргеніміздей, той мен құдайы астың дас-

тарханында еш айырмашылық жоқ. Мұны ел 

болып қолға алса, тәртіпке келтіруге болады. 

Бұған дейін де ауыл-аймақтағы имамдар халық 

арасында осы игі бастама жайлы уағыз айтып 

келді. Алла қаласа, алдағы уақытта аудандық 

мешіт жанындағы асханадан бастаймыз. Яғни, 

ас беруге келген ағайынның қолына мешіт та-

рапынан қарапайым дастарханнан тұратын 

дәм мен тағам түрінің тізімін беретін боламыз. 

Әрине, бірден бәрі қолдай кетеді дегенге сену 

қиын. Десе де, барынша ысырапшылдыққа жол 

бермеу жөнінде жұртшылық арасында насихат 

жүргіземіз.  

МҰЗАРАП МАХМУТОВ, 

кент ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Бұл бастаманы қос қолдап құптаймын. Аста-төк 

дастарханның құдайы асқа мүлдем қажеті жоқ. 

Бізде мынадай түсінік қалыптасқан. Ас беру-

де бәсекелестік бар. Өзгенің дастарханынан кем 

қылып қойсам, жұрт сырттай сөз етеді дейді. 

Яғни, «дүниесі бар дұрыстап дастархан жайса 

қайтеді» дегендей әңгімеге қаламын ба деп, да-

старханына барын қояды. Осылай қарызданып, 

қауғаланып, келімді-кетімді қонағын күтемін 

деп жүріп, қаза болған адамын ұмытып кетеді. 

Сондықтанда жаңақорғандық ағайынды құдайы 

ас жасағанда қарапайым дастархан мәзіріне бет 

бұруға шақырамын. 

ЖЫЛДЫҚ АСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ

Уақыт  шіркін  зымы-

рап,  зулап  өте  шығыпты. 

Жаны  жайсаң,  жүрегі 

жұмсақ, елінің қалаулысы, 

артында 


қалған 

ұрпағының 

мақтанышы 

және 


еліне 

еңбегін 


сіңіріп,  басына  ерекше 

қасиет  тұнған  ғасырлық 

жас  жасаған  Ұлы  Отан 

соғысының ардагері Жүніс 

Қабетенұлы 

атамыздың 

өмірден  озғанына,  яғни 

бақилық  болғанына  бір 

жыл толыпты.

Өзіңізден көп нәрсе түйдік өмірден,

Кетпейсің ата ешқашан мына.

Шын пейіл ақ көңілден,

Біз енді иманы мен бірлігі қатар жүретін.

Қабетеновтер әулетіміз өзіңіз тамырын көгерткен.

Ғасырлық өмір сүрген арамызда,

Мұңайып еске аламыз баршамызда.

Осындай ғұмырлы ғасыр өмір мен,

Ғибратты жол тілейміз баршаңызға.

Әкеміз Жүніс Қабетенұлының жылдық асын 17 

наурыз 2017 жылы Түгіскен ауылында беретінімізді 

хабарлай отырып, барша жамағатты Құран ішінде 

болып, астан дәм татуға шақырамыз.



Асқа шақырушылар: Қабетеновтер әулеті.

Арқа  сүйер  аға, 

абзал  жар,  ардақты  

әкеміз 


Ақтаев 

Төрехан  1954 жылы 

3  наурызда  дүниеге 

келген  еді.  Биыл 

63  жасқа  толар  еді. 

Амал  не,  тағдырдың 

жазмышы 

болады 


екен , көнбеске шара 

жоқ.


Әкеміз 

біздің 


досқа 

адал, 


өте 

ақжарқын, 

адамгершілігі 

биік 


кісі 

еді. 


Өзінің  

еңбекқорлығымен 

бізді  қатарынан  кем  қылмай  тәрбиелеп,  өсірді. 

Әкеміздің  айтқан  өсиеттеріне  адал  болып,  ке-

лешек  өмірімізге  шырақ  етіп  өтетін  боламыз. 

Тағдыр заңы осылай екен, енді Құран бағыштап, 

жақсы  қасиеттерін  жадымызда  сақтаймыз. 

Жатқан жерің жарық болғай, жан әке! 

Тәрбиеңді көріп өстік жасымнан

Ешкім сендей сипамаған басымнан.

Түсіне алмай қалдық әке артыңда,

Кетуің де болды -ау бізге тосыннан.

Алла салды басымызға сынақты,

Жиі еске алсын деп пе жылатты.

Қайғысы мен қызығы көп өмір -ай

Бірде көтеріп, бірде жығып құлатты.



Еске алушылар: жұбайы Сапура, 

ұл-қыздары.



ЕСКЕ АЛУ

Ұлы Отан соғысы мен 

еңбек ардагері Б ейсенбек 

Шаншаров 2017 жылдың 

2 наурыз күні 97 жасқа 

қараған шағында 

ақіреттік сапарға аттан-

ды.


Б.Шаншаров 1920 

жылы 2 маусым-

да Қыркеңсе ауы-

лында дүниеге кел-

ген. Үшінші сынып-

та оқып жүргенде 1932 

жылы елде ашаршылық 

басталған кезеңде күн 

көріс қамымен Тәжікстан 

Республикасына қоныс 

аударды. Тәжікстанда 

біраз жылдар тұрып тек 

соғыстан кейін елге оралды. 

1942 жылы армия қатарына шақырылып, Гро-

ховец қаласында 3 айлық әскери дайындықтан 

өтіп, сол жылы Сталинград майданына кірді. 1943 

жылғы соғыста ауыр жарақат алып, Ташкент госпи-

талында емделіп әскери сараптама комиссиясының  

қорытындысына сәйкес II-ші топтағы мүгедек 

ретінде Ташкент облысының Аққорған ауданындағы 

әскери комиссариатқа  әскери үстел меңгерушісі 

қызметіне жіберілді. 1946 жылы  әскери 

комиссариаттағы қызметтен шығып, Оңтүстік 

Қазақстан облысы Мақтарал ауданына көшіп келді.

1953 жылы Сарыағаш ауданындағы Қапланбек 

атындағы техникумына сырттай оқуға түсіп, агро-

ном мамандығы бойынша білім алып, 1955 жылы 

Ташкент облысының Алмазар ауданындағы 3-ші мал 

бордақылау совхозында партия комитетінің хат-

шысы болып қызмет атқарды. 1956 жылы Шанша-

ров Бейсенбек отбасымен бірге елге оралысымен, 

ауданға қарасты «Бірлік»  кеңшарының №4 жылқы 

фермасының меңгерушісі қызметіне жіберілді. 1958 

жылдан бастап сол фермада агроном болып еңбек 

етті.

1969 жылы аудандық партия комитетінің жолда-



масымен «Задарья» кеңшарының мал фермасының 

меңгерушілік қызметіне жіберіліп 13 жыл осында  

жұмыс істеді. 

Майдангердің Ұлы Отан соғысындағы ерліктері 

ескеріліп, I-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Герма-

нияны жеңгені үшін», «Жуков», «Ұлы Жеңістің-30, 

40, 50, 60, 70 жылдық мерекелік медалімен 

және соғыстан кейінгі жылдарда атқарған ерен 

еңбектері үшін «СССР-дің 70-жылдығы», «Еңбек 

ардагері» медалымен, «Құрмет белгісі» орденімен 

марапатталған.

 Бейсенбек ақсақал  Ұлбибі анамыз екеуі жар-

ты ғасырдан астам бір шаңырақтың астында түтін 

түтетіп, бес ұл-қызды өсіріп тәрбиелеп, олардан 23 

немере мен 24 шөбере сүйді. 

Барар жеріңіз пейіштің төрі болсын, жатқан 

жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын, абыз 

аға. Сіздің жарқын бейнеңіз біздің және өзіңізді 

білетін азаматтардың жүрегінде ұзақ сақталатын бо-

лады.


Ізгі ниетпен: аудан әкімі, мәслихат хатшы-

сы, қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық ардагер-

лер кеңесінің төрағасы, аудандық қорғаныс істері 

жөніндегі бөлімі, Қыркеңсе ауылдық округі әкімі.



ҚАЗАНАМА

Қазақстан Республикасының «Сыбай-

лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тура-

лы» және «Қазақстан Республикасының 

мемлекеттік қызмет туралы» Заңдары 

талаптарының бұзылуына жол бер-

меу мақсатында Жаңақорған кенті, Ма-

нап Көкенов көшесі №34 ғимаратында 

«Жаңақорған аудандық тұрғын үй-

коммуналдық шаруашылығы, жолау-

шылар көлігі және автомобиль жолда-

ры бөлімі» коммуналдық мемлекеттік 

мекемесінің «Азаматтардың арыз 

шағым ұсыныстарын қабылдау жәшігі» 

орналасқандығын және 22-0-74 сенім те-

лефоны жұмыс істейтінін хабарлайды.



СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

«Жаңақорған аудандық тұрғын 

үй-коммуналдық шаруашылығы, жола-

ушылар көлігі және автомобиль жол-

дары бөлімі» КММ-нің басшысы Сей-

лов Есдәулет Мырзадәулетұлы әр 

аптаның жұма күндері сағат 15.00-17.00 

аралығында жеке азаматтар мен заңды 

тұлғаларды жеке қабылдайды.

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ


Келесі  кезекте  көктемгі  дала  жұмыстарын 

қаржыландыру  жайының  мәселесіне  тоқталсақ.  Ау-

дан бойынша бүгінгі күні барлық қажет қаржы көлемі 

305  млн.  теңгені  құрайды  екен.  Осы  көлемнің  100 

млн. теңгесі шаруашылықтардың өз қаржысы, қалған 

63  млн.  теңгесі  инвесторлардың,  90,0  млн  теңгесі 

ауылдық  несие серіктестіктері, 52 млн теңгесі басқа 

да  көздердің  үлесінде  екен.  Жетіспейтін  қаржыны 

«Аграрлық  несие  корпорациясы»  АҚ-на  қарасты  не-

сие  серіктестіктері  арқылы  қаржыландыру  жоспар-

ланып  отыр.  Осыған  байланысты  қазіргі  уақытта 

несие  серіктестіктеріне  ауылшаруашылық  тау-

ар  өндірушілерді  мүше  ретінде  енгізіп,  несие  алуға 

сұраныстар беру жұмыстары жалғасуда екенін білдік. 

Су  жеткізіп  беру  қызметі,  су  жүйелерін  тазалау 

жұмыстары  жайына  көз  жүгіртсек,  бүгінгі  күнге  су 

жүйелерін  тазарту  жұмыстары  шаруашылықаралық 

каналдарда 100 пайыз, ішкі шаруашылық каналдарда 

20 пайыз орындалыпты. 

Сонымен  қатар,  гидротехникалық  құрылыстарды 

жөндеу  шаруашылықаралық  каналдарда  екі  дана, 

ішкі  шаруашылық  каналдарда  25  пайыз,  насос 

қондырғыларын  жөндеу  33  пайыз,  гидробекеттерді 

жөндеу  (рейкалар)  56  пайыз  орындалған.  Бұл 

жұмыстар  көктемгі  су  пайдалану  науқанына  дейін 

толық  атқарылатын  болады  делінген  баяндамада. 

Тағы  бір  жағымды  жаңалық  Бесарық  су  қоймасына 

күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірінші 

наурыздан  бастап  5,0  млн  текше  метр  су  жинауға 

рұқсат алынған. Жиделі су қоймасында бүгінгі күнге 

8,0 млн  текше метр су жиналып тұр екен. 

Иә,  Жаңақорғанда  ауылшаруашылық  сала-

сында  серпінді  істер  өркендеп  келеді.  Әсіресе, 

жаңақорғандықтар ішкі өнімді өндіруді жолға қойып, 

басқа өңірге тәуелділікті азайтуға ниетті. Сондықтан, 

аудан  әкімінің  ықпалымен  2  600  мың  теңгеге  кон-

курс  жарияланып,  100-ге  жуық  шаруалар  арнайы 

сабақ  алып  үлгеріпті.  Яғни,  соңғы  технологияларды 

меңгеріп,  тәжірибе  алмасу  арқылы  біліктілікті  арт-

тыру  негізгі  мақсат.  Сол  арқылы  өнімділігі  жоғары 

тұқымға  қол  жеткізу  де  бар.  Яғни,  30  жылдан  бері 

қолданыста келе жатқан «Маржан» тұқымын ресейлік 

«Лидер» және өзбектің «Лазурь» тұқымына ауыс тыру 

бағытында  жұмыстар  жүргізілуде.  Бүгінде  Қаратөбе, 

Келінтөбе,  Қожакент  және  Қыркеңсе  ауылдық 

округінің  шаруақожалықтары  белсенділік  танытып, 

өнімділігі жоғары тұқымға қол жеткізіпті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет