ҚТӘ – 203 абдырахманова қалия. Махаббат бұл – ұлы күш



Дата09.05.2023
өлшемі20,5 Kb.
#91380
Байланысты:
Документ (3)


ҚТӘ – 203 АБДЫРАХМАНОВА ҚАЛИЯ.
Махаббат бұл – ұлы күш.
Бұл өмірден алынған оқиға .
Осыдан 10 жыл алдын , мен денсаулық саласында жұмыс жасайтынмын. Сары күздің жайма шуақ күндерінің бірінде жоғарыдан :
« Тез арада елде тұңғыш рет жүрек алмастыру операциясын жасау керек. Бұл маңызды ота еліміздегі медицинаның қарыштап дамып келе жатқанның көрсеткіші болуы тиіс!» . – деген бұйрық келді.
Ол кезде жүрегін алмастыруы тиіс адамдар өте көп болатын. Ең қиыны – донор табу. Туыстарының келісімісіз қайтыс болған адамдардың жүрегін алуға болмайды. Келісетіндері елуден біреу ғана. Кардиологиялық орталықта донордан күдерін үзіп , ақтық демінің таусыларына аз қалғанын білсе де , бір Алладан үмітін үзбей өмір сүріп жатқан науқастар біраз болатын. Солардың бірі , көп болса үш ай ғана өмір сүруі мүмкін деген диагноз қойылған бір жігітті таңдап алдық. Есімі – Жәнібек. Жасы жиырма бес шамасында. Жоғарыдан келген бұйрық бойынша жүрек алмастыру ота 10 күннен соң жасалуы керек !
Тиісті сараптамалар , анализдерден соң Жәнібекті «отаға дайын» деген қорытынды жасадық. Тарихи отаға да үш күн қалды. Біз дайынбыз . Енді Жәнібектің психологиялық дайындығын тексеру мақсатында сөйлеспекші болдық. Бірақ біз күтпеген жағдай болды.
- Жәнібек саған үш күннен кейін жүргіңе ота жасаймыз. Сен оған дайынсыңба?
- Ия білемін , бірақ мен бұл отадан бас тартамын!
- Неге ? Сен өзіңнің 3 ай ғана өмірің қалғанын білесің бе?
Мұндай мүмкіндік мыңнан біреуге ғана туады. Саған осы мүмкіндік бұйырып тұр.
- Білемін . Әрине , өмір сүргім келеді. Бірақ осында мен секілді ауырып жатқан бір қыз бар. Есімі – Айна . Оның да 4 – 5 ай өмірі қалған. Мен тірі қалып , ол кететін болса мен үшін бұл фәнидің қызығы жоқ. Оның да жүрегін алмастыруларыңды сұраймын. Екеуімізге бірге жасаңыздар! Тірі қалсақ- біргеміз., өлсекте – бірге кетеміз. Болды!
- Жәнібек олай болмайды , қолымызда тек бір донор бар . Айнаға донорды қайдан табамыз.
- Кешіресіз , бірақ бұл менің соңғы шешімім.
Мәссаған ! Бұлай боларын кім білген . Осы екі жан мұнда танысып , қалған аз ғана ғұмырларын бірге өткіземіз деп серттескен секілді . Енді не істейміз?
Жәнібекке әзер табылған донор екінші жанға табыла ма ? Табылған жағдайда қалған үш күн ішінде Айнаны отаға дайындап үлгереміз ба ? Айнаның ағзасы бұл отаны көтере алама ?
Одан да Жәнібекпен жеке өзім дұрыстап сөйлесіп көрейін.
- Жәнібек сен…….
- Аға ! Мен Айнаны сүйемін. Осы ауруханаға түсіп аз ғана өмірім қалғанын есіткен бұрынғы қызым мені тастап кетті . Ертең өлетіні белгілі еркек кімге керек дейсіз. Осы жағдайдың бәрін ойлап қиналып жүрген кезде , Айнаны кездестірдім. Айна екеуіміз осы жерде таныстық . Бір – бірімізді бір көргеннен ұнаттық. Қалған санаулы күндерімізді бірге өткіземіз деп шештік. Өлімнен қорықпаймыз. Ол жаққа да бірге кетеміз , керек болса. – деп өз әңгімесін аяқтады.
Көзі жасаурап махаббатты жайлы мұңды әңгіме айтқан Жәнібекке мен сендім. Сендім де осы құдіретті махаббаттың бар екеніне бас идім. Қос ғашықтық талабына дәрігерлерде көнді. Екінші донорда табылды. Белгілі тарихи күн келді. Бүгін қос ғашыққа ота жасаймыз , ота өте қиын болды. Бірақ екі ғашықтың бір – біріне деген кіршіксіз махаббатын көріп , Аллахым оларға екінші өмір сыйлаған сияқты. Ота сәтті өтті. Жәнібектің де , Айнаның да денсаулығы жақсы . Отадан кейін екеуі 1-2 айдай дәрігерлер қарауында болып , жағдайлары жақсарғаннан кейін ауруханадан шығарды .
Арадан 4 – 5 ай өтіп олардың үйленіп , шаңырақ көтергенін есіттік. Қазір үш баласы бар , бақытты отбасылардың бірі. Жәнібек өз жеке кәсібін ашты , ал Айна болса мектепте қазақ тіл әдебиеттен сабақ береді екен. Осылайша бақытты да , баянды өмір сүріп жатыр.

Қорытындылай келсек махаббат деген құдіретті күшқой шіркін. Екі жанның бір – біріне деген кіршіксіз , таза , мөлдір махаббаты адамның жүрегін елжіретпей қоймайды. Екі жан бір – бірін Алла разылығы үшін жақсы көретін болса , олардың арасы жер мен көктей қашықтықта болса да , тіпті оларға бүкіл әлем қарсы болса да , Аллахым оларды түбінде тағдырларын тоғыстырады. Біздің кейіпкерлеріміз Жәнібек пен Айнада өздерінің мөлдір махаббаттарының арқасында ең ауыр отаның өзін бірге жеңіп бақытты ғұмыр кешіп жатыр. Аллахым олардың жұптарын айырмасын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет