Мазмұны:
-Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ойнайды.
Театрландырылған ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсетеді.
Көлеңке театрдың сахнасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалың кардоннанжасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кеіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой-өрістері дамиды.
«Бауырсақ» ертегісі Ертегі кейіпкерлері арқылы мазмұнымен таныстыру. Сұрақ-жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.
Көңіл-күйлерін терең түсініп аяушылық сезімге қамқоршы болуға тәрбиелеу.
«Бұл бауырсақ кішкентай қу аң» Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерді таңдау, рөлдерге бөлу.
Фланелеграф арқылы – қызығушылықтарын, қиялдарын, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Мазмұндау мен тіл байлықтарын дамыту.
Кейіпкерлердің жан-дүниесін түсіне отырып, рөлдерге бөлініп ертегіні сахналай білулері
«Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін» Ертегінің атын атау «Бауырсақ», кейіпкерлерді атап таныстыру. Ертегіні айта бастау, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып түсіндіру.
Бірінші кейіпкерлерін атап тақтаға шығару ата, әже, қоян, түлкі, аю, қасқыр. Балалар сөздерді анық, ашық, бар эмоциямен айтқызу.
Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл –күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету.
Бауырсақ » ертегісінің қойылымы Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сахналау. Кейіпкерлер атрибуттары арқылы арқылы іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету.
Рөлдерін дұрыс орындауын қадағалау. Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру.
Кейіпкерлердің жан-дүниесін түсіне білуге, оны ашып көрсете білкге тәрбиел
«Шалқан» ертегісі Сұрақ-жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.Мимикалық, дидактикалық ойын арқылы эмоциялы шығармашылықтарын дамыту.
Көңіл-күйлерін терең түсінуге аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Ертегінің атын атау «Шалқан», кейіакерлерді атап таныстыру- ата, әже, немересі, ит, мысық және тышқан. Ертегіні мазмұндау фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып түсіндіру.
«Ата мен әжемде қонақта болғанда» Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерін бөлу, мейірімді тату-тәтті дос болуға тәрбиелеу.
Фланелеграф арқылы сөздердің дұрыс, анық, ашық айтылуын қадағалау, қимыл-қозғалыстарын көрсете білуін дамыту.
«Осындай үлкен Шалқан» Ертегіні қайталай отырып таңдаған балаларға кейіпкерлердің сөздерін айтып үйрету. Бір-бірлеріне қиын жағдайда көмектесіп, ренжітпеуге тәрбиелеу.
«Шалқан» ертегісін сахналау Кейіпкерлер атрибудтары арқылы –іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл- күйлерін білдіре отырып, сезімдерді көрсете білу, рөлдердің дұрыс орындалуын қадағалау.
Қиялдарын эстетикалық талғамдарын техникалық дағдыларын қалыптастыру.
«Үш аю» ертегісі Ертегі кейіпкерлер арқылы мазмұнымен таныстыру. Сұрақ-жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.Көңіл-күйлерін терең түсінуге, аяушылық сезімі қамқоршы болуға үйрету.
«Қане досым, сөзге қосыл» Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерін бөлу фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, қиялдарын, эстетикалық талғамдарын қалыптастыруы. Мазмұндаулары мен тілдерін дамыту.Мейірімді, тату-тәтті, дос болуға үйрету.