Техническая механика


- аксиома (əсер жəне қарсы əсер заңы



бет4/4
Дата03.12.2023
өлшемі202,68 Kb.
#133983
1   2   3   4
5 - аксиома (əсер жəне қарсы əсер заңы). Екі дене бір-біріне əрқашан модульдері тең, бір түзу бойымен қарама-қарсы бағытталған күштермен əсер етеді.
Бұл аксиома Ньютонның үшінші заңы деп аталады. Бесінші аксиома механикада өте маңызды орын алады. Егер A денесі B денесіне F12 күшімен әсер етсе, B денесі A денесіне дəл осы сияқты модульді F21 күшімен қарама-қарсы бағытта әсер етеді (1.5-сурет).
F21 және F21 күштерінің модульдері тең, ал бағыттары бір түзу бойымен қарама-қарсы бағытталса да, олар әр денеге түсірілгендіктен, теңгерілген күштер жүйесін құра алмайды.
1.5 - сурет
Бұл күштердің бірін тура əсер етуші күш деп қараса, екіншісі қарсы əсер күші болып табылады. Сонымен, аксиома бойынша əрбір əсерге оған тең жəне қарама-қарсы бағытталған қарсы əсер болады. Осыдан барып табиғатта сыңар күш болмайтыны, əрбір күшке үнемі онымен бірге екінші бір қарама-қарсы күш сəйкес келіп отыратыны байқалады.
6 - аксиома (қатаю туралы). Деформацияланатын дене абсолют қатты денеге айналса да, механикалық күйі өзгермейді.
Басқаша айтқанда, берілген күштер жүйесі əсерінде тұрған деформацияланатын дене тепе-теңдігі, егер дене мезетте қатайса да, яғни абсолют қатты денеге айналса да, өзгермейді.
Бұл аксиомадан абсолют қатты дененің тепе-теңдігінің қажетті жəне жеткілікті болатын шарттарының деформацияланатын дене тепе-теңдігі үшін тек қажетті ғана болып, жеткілікті болмайтындығы көрінеді. Мысалы, егер күштер əсеріндегі резеңкеден жасалған дене оның тепе-теңдігі дене абсолют қатты денеге айналса да, сақталады. Ал бірақ та күштер тепе-теңдікте тұрған абсолют қатты дене бірден резеңкеден жасаған денеге айналса, онда дене тепе-теңдік күйін сақтай алмауы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет