Техника, технология и физико-математические науки



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата31.03.2017
өлшемі2,89 Mb.
#11032
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
часть шельфовой добычи нефти. 
       Ясно,  что  судьба  Каспия  волнует  все  пять  прикаспийских  государств, 
подписавших  и  ратифицировавших  в  ноябре  2003  года  так  называемую 
Тегеранскую конвенцию. Цель этой  Рамочной конвенции по защите морской среды 
Каспийского  моря  -  сохранение,  восстановление,  устойчивое  и  рациональное 
использование его биологических ресурсов. 
Основную  опасность  для  биоразнообразия  Каспийского  моря,  конечно, 
представляют морские нефтяные операции. Многие источники говорят: уже сегодня 
в  десятки  раз  сократились  запасы  осетровых  в  северо-восточной  части  Каспия.  1 
марта  2012  рассматривался  вопрос  подготовки  к  IV  сессии  конференции  сторон 
рамочной конвенции по защите морской среды Каспийского моря. Были обсуждены 
вопросы  экологии  Каспия  в  рамках  подготовки  Конференции  сторон  Тегеранской 
Конвенции на уровне министров, которая состоится осенью 2012 г. в России.  
В  ходе  переговоров  участники  высоко  оценили  тот  факт,  что  впервые  за  8 
лет  был  подписан  Протокол  к  Тегеранской  конвенции  о  региональной  готовности, 
реагированию  и  сотрудничестве  в  случае  инцидентов,  вызывающих  загрязнение 
нефтью  (Конференция  сторон,  г.  Актау  (Республика  Казахстан)).  Была  отмечена 
необходимость  завершения  работы  над  оставшимися  протоколами  Тегеранской 
конвенции  по  оценке  воздействия  на  окружающую  среду  в  трансграничном 
контексте  (ОВОС), по  сохранению  биоразнообразия  и  по  защите  Каспийского  моря 
от  загрязнения  из  наземных  источников  и  в  результате  осуществляемой  на  суше 
деятельности.  
       В  январе  2012  года  Президентом  нашей  страны  был  подписан  Экологический 
Кодекс Республики Казахстан, в котором предусмотрены экологические требования 
при  осуществлении  хозяйственной  и  иной  деятельности  в  государственной 
заповедной  зоне  казахстанского  сектора  Каспийского  моря.    Вопросы  охраны 
окружающей  среды  являются  одними  из  приоритетных,  и  этому  способствовало 
внедрение  в  жизнь  Экологического  кодекса,  одобрение  Президентом  страны 
Концепции перехода Республики Казахстан к устойчивому развитию.  
       По мнению экспертов ЮНЕП, активная разведка нефтяных и газовых ресурсов, 
растущие сети трубопроводов и транспортных путей, промышленное загрязнение от 
притока  рек  и  грунтовых  вод,  изменение  климата  и  береговое  опустынивание,  а 
также,  в  частности,  потеря  биоразнообразия  из-за  излишнего  использования 
рыбных запасов и появление агрессивных занесенных видов — это лишь немногие 
из экологических вызовов, которые угрожают Каспийскому морю. 
       Действительно,  нефтяная  отрасль  по  глубине  и  многообразию  негативных 
воздействий  на  окружающую  среду  превосходит  все  другие  отрасли  топливно-
энергетического  комплекса.  Наиболее  ощутимо  эти  воздействия  проявляются  в 
условиях  добычи, подготовки,  переработки и транспорта  углеводородного  сырья  и 
нефтепродуктов.  Для  решения  этих  экологических  проблем  нужно  тщательно 
исследовать  конкретный  вред,  который  наносится  окружающим  экосистемам  при 
нефтяных разработках. 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

51
 ~ 
 
Список  литературы 
 
1.  Джексенов  М.К.    Меры,  принимаемые  Республикой  Казахстан  по  охране 
окружающей среды Каспийского моря, Алматы, 2009 
2.  Диаров М. 
Экспресс-К
.,  №163 за 25/08/2004  
3.  Усиков  В.В.,  Усикова  А.А.,  Экономическая  и  социальная  география 
Казахстана, Алматы, Ата-Мура, 2008 
4.  Экологический кодекс Республики Казахстан, 2012 
 
 
А.Н. Утемисова, Г.Б. Төлемісова  
 
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
МӘСЕЛЕЛЕР 
 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Атырау қаласы 
 
Бұл  мақалада  Атырау  облысы  дамуының  2010-2012  жылдар  инновациялық 
жобаларындағы  экологиялық  мәселелердің  қарастырылуы  мен  шешілуі  жөнінде 
шолу және талдау жасалған. 
 
В  статье  проведен  обзор  и  анализ  решения  экологических  проблем  в 
инновационных проектах развития в 2010-2012 гг. Атырауской области. 
 
This  article  deals  with  review and  analysis of  solving of    ecological  problems in 
innovation  projects of developing of Atyrau region in 2010-2012. 
 
Өткен  20  жылда  Атырау  облысында  өнеркәсіптік  дамудың  негізгі 
көрсеткіштері  орнықты  өсу  үрдісіне  ие  болды.  Оған  көмірсутек  шикізатын  өндіру 
көлемінің артуы, өңдеу және құрылыс индустриясы салаларында жаңа өндірістердің 
іске қосылуы және қолданыстағы өндірістердің жаңартылуы негіз болып отыр.  
Тәуелсіздік жылдары өңірде мұнай өндірісінің көлемі едәуір артты. Мысалы, 
1993 жылы Теңіз кенішінде мұнай өндірісі 940 мың тоннаны құрайтын. Ал ағымдағы 
жылы  «Теңізшевройл»  компаниясы  26  млн.  тонна мұнай  өндіруді  жоспарлап  отыр, 
бұл 1993 жылғы көрсеткіштен 27 есеге көп.  
Өңірде  Атырау  мұнай  өңдеу  зауытын  жаңғырту  және  газ-химиялық  кешенін 
салу сияқты жалпы құны 1310,6 млрд. теңгенің екі үлкен жобасы қолға алынғанын 
айта  кету  керек.  2011  жылы  облыста  11,5  млрд.  теңге  соманың  12 инвестициялық 
жобасы жүзеге асырылуда, аталмыш жобалардың арқасында 1018 жаңа жұмыс орны 
ашылады.  
Атырау облысының барлық әлеуметтік-экономикалық даму саласында жақсы 
көрсеткіштер байқалуда. Соңғы 5 жылда өнеркәсіптің көлемі 3 есеге ұлғайса, мұнай 
өндірісі — 55 пайызға, газ өндірісі 2 есеге артты. 
Құрылыс индустриясында 6 жаңа өндіріс ашылды, 300 жұмыс орны құрылды. 
Гипсокартон,  гипсоблок,  құрғақ  қоспалар,  металл-пластик  құбырлар,  шприцтер 
шығаратын  кәсіпорындар  іске  қосылды.  Ағымдағы  жылы  10  млр.  теңге  соманың  6 
жаңа  өндірісін  іске  қосу  және  1100  адамды  жұмыспен  қамту  жоспарланып  отыр. 
Соңғы 
жылдардағы 
инновациялық 
жобалардың 
қаншалықты 
экологиялық 
мәселелерге қатыстыларына тоқталайық. 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

52
 ~ 
 
Елдің үдемелі индустриялды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы 
аясында,  2010  жылы  облыс  бойынша  құны  31,5  млрд.  теңге  құрайтын  7  нысан 
пайда-лануға берілді. 
1.  Қуаттылығы  75  МВт  құрайтын  Атырау  Электр  Жылу  Орталығының  IV 
кезегін іске қосу. Жылу орталығының қуаттылығын арттыру – өзге жеткізушілерден 
энергия тәуелділігін арылтты. 
2.  «Жайық  Агро»  коммуналдық  мемлекеттік  кәсіпорнының  жылыжай  және 
көкөніс  сақтау  қоймасы.  Бұл  жобаның  әлеуметтік  маңызы  тұрғындарды  көкөніс 
дақылдары  өнімімен  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Көкөніс  сақтау  қоймасының 
көлемі 5100 тонна, ал жылыжайдың аумағы 0,5 га. 
3.  Қазақстанда  және  Орта  Азияда  теңдесі  жоқ  «КазТурбоРемонт»  ЖШС-нің 
газтурбиналық қондырғыларды жөндеу және сервистік қызмет көрсету зауыты. 
4.  «Брандо»  ЖШС-нің  жылына  250  млн.  дана  бір  рет  пайдаланылатын 
шприцтер шығаратын зауыт. Зауыт өз өнімімен республиканы қамтамасыз етуде. 
5.  Индербор  поселкесінде  орналасқан  «БиасТек»  ЖШС-нің  құрғақ  құрылыс 
қоспаларын өндіру зауыты. 
6.  «Констракшн  КZ»  ЖШС-нің  тұрғын  үй  құрылысы  үшін  жеңілдетілген 
панель шығару зауыты. 
7.  «Металл  Продукт»  ЖШС-нің  металл  өнімдерін  өндіретін  Металлургиялық 
комбинаты. 
Инвестициялық  жобаларды  іске  асыру  осы  жылы  және  алдағы  уақытта  да 
жалғасатын болады. 
2011 жылы 6 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда: 
1. Құбыр жапқыш арматуралар шығаратын зауыт. Жобаның бастамашысы – 
«ШевронМунайГазИнк» 
компаниясы. 
Қуаттылығы 
жылына 
30 
000 
дана 
металлпластик құбырларының қосалқы бөлшектері. 
2.  Мұнай  өнеркәсібіне  арналған  химиялық  реагенттер  шығару  зауыты. 
«РауанНалко» ЖШС. 
3. «Брандо» ЖШС-нің бір рет пайдаланылатын шприцтер шығару зауытының 
қуатын арттыру. Жобаның қуаттылығы жылына 250 млн. дана шприц өнімін шығару. 
4.  Қуаттылығы  тәулігіне  50000  текше  метрді  құрайтын  №  5  су  сүзу 
станциясы. 
5. «Атыраунефтемаш» зауытын жаңарту. 
6. «ЖайыкАгро» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жылыжай мен көкөніс 
сақтау қоймасының екінші кезеңін салу. 
Бізде  әлі  қолға  алынбаған кеніштер  де,  кәдеге жаратылмай жатқан  шикізат 
та жеткілікті. Енді соларды игерудің жайы қалай? Алдымен, Елбасының 2003 жылғы 
17  мамырдағы  №1096  Жарлығымен  еліміздің  индустриалдық-инновациялық 
дамуының  2003-2015  жылдарға  арналған  стратегиясы  бекітілгенін  айтқан  жөн. 
Өйткені, республикадағы барлық өңірдің, соның ішінде Атырау аумағының да, одан 
әрі  дамуы  осы  құжаттан  бастау  алады.  Соған  сәйкес  облыстың  да  индустриалдық-
инновациялық  даму  бағдарламасы  әзірленді.  Қазір  оның  бірінші  кезеңі  сәтті 
аяқталды. 
Жалпы,  индустриалдық-инновациялық  бағдарламаны  орындау  бағытында 
2008-2012 жылы облыста 965 млрд. 751 млн. теңге шамасында қаржы қаралмақшы. 
Осы қомақты қаражатқа 23 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. 
Кейбір іске асырылған шаралар туралы айтуға болады.  
-  Алдымен,  Атырау  машина  жасау  зауыты  қайта  жаңғыртылды.  Сондай-ақ, 
«Вест-Дала»  ЖШС-і  қатты  тұрмыстық  және  инертті  құрылыс  материалдары 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

53
 ~ 
 
қалдықтары полигоны құрылысын бастады. Өзге де жүзеге асырылған жобалар бар. 
«Казкомсервис»  ЖШС-і  жерасты  суларын  барлау  және  өндіруді  қолға  алмақшы. 
Қазір  геологиялық  барлау  жұмыстарын  жүргізу  үшін  қажетті  құралдар  алынды. 
Ендігі  мәселе  қаржыға  қатысты.  Осы  орайда  «Теңізшевройл»  компаниясымен және 
«Каспий»  әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорациясымен  келіссөздер  жүріп  жатыр. 
«КазТурбоРемонт»  ЖШС-і  газтурбиналық  жабдықтарды  жөндеу  зауытын  қатарға 
қоспақ. Бұл кәсіпорын Орталық Азияда осындай құралдарды жөндейтін және оларға 
қажетті  босалқы  бөлшектер  шығаратын  жалғыз  өндірістік  ошақ  болмақ. 
-Үлкен  істің  бірі  ретінде  «АГТЭС»  ЖШС-і  жүзеге  асырмақ  қуаты  90  МВт  болатын 
газтурбиналық  электр  стансасы  құрылысын  атауға  болады.  Қазір  бұл  ауқымды 
жобаны қаржыландыру мәселесі талқылануда. Ол «Самұрық-Қазына» АҚ-ы арқылы 
шешілмек. 
Жалпы,  осы құрылым арқылы жүзеге  асуы тиіс  жабық  су  көздерінде  бекіре 
балықтарын  өсіру  және  оның  өнімін  алатын  кешенді  жоба  да  бар.  Оны  белгілі 
кәсіпкер  Қ.Қағазов  қолға  алып  отыр.  Бұл  екі  жобаның  да  қажетті  құжаттары 
«Самұрық-Қазына» АҚ-на жөнелтілді. 
Сонымен  қатар,  Қазақстанның  даму  қоры  арқылы  да  екі  жоба 
қаржыландырылмақ.  Олар  —  «Karabatan  Power  Station»  ЖШС-нің  біріккен  мұнай-
химия  кешенінің  инфрақұрылымын  қамтамасыз  ету  нысаны  және  «БИАС  ТЭК» 
мекемесінің  құрғақ  құрылыс  қоспаларды  өндіретін  зауыт  құрылысы.  Сондай-ақ, 
«Каспий»  әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорациясы  арқылы  жерасты  суларын  барлау 
мен өндіру болса, екіншісі тауарлық бекіре фермасын салу қолға алынады.  
Елді 
үдемелі 
индустриялды-инновациялық 
дамытудың 
Мемлекеттік 
Бағдарламасы  шеңберінде  2011  жылы  облыс  бойынша  11  индустриялды  жоба 
пайдалануға берілді, соның ішінде: 
1.   «ЖайықАгро»  КМК-ның  екінші  кезектегі  жылыжайымен  көкөніс  сақтау 
қоймасы. Қуаттылығы – 5100 тонна көкөніс. 
2.  «Флоусерв»  ЖШС-нің  сорапты  жабдықты  жөндеу  сервистік  орталығы. 
Қуаттылығы – жылына 20 сорап. 
3.  Металпластикалық  тұрбаларды  шығаратын  зауыт,  жылдық  қуаты  –  200 
тонна. Жоба бастамашысы – «ШевронМұнайГаз» компаниясы.  
4.  «Новус  Силинг  Каспиан»  ЖШС  мұнай  өнеркәсібі  құралдары  үшін  
тығыздағыш төсем өндірісі. Жылдық қуаты – 200 000 тығыздағыш төсем.  
5.  Мұнай  өнеркәсібі  үшін  химиялық  реагенттерді  шығару  зауыты.  Жылдық 
қуаты – 4700 тонна. «РауанНалко» ЖШС. 
6.  Қамыс-қылқанды  тақташа  шығару  зауыты,  «Досжан  и  К»  ЖШС,  қуаты  – 
400 тонна.  
7.  Балық  өнімдерін  өңдеу  зауыты,  «Каспиан  Фиш  Атырау»  ЖШС.  Қуаты: 
кептірілген балық — 50 000 пакет, мұздатылған балық – 1 000 тн.  
 «Мен  бүгін  біздің  шикізат  ресурстарымыз  бен  инфрақұрылымдарымыздың 
жоғарғы  бөліністері  саласында,  осы  бөліністерге  қызмет  көрсететін  жаңа  ғаламат 
жоба-лардың  бастау  алатындығы  туралы  хабарламақпын».(Мемлекет  басшысының 
27.01.2012 жылғы Жолдауынан).
 
Атырау  мұнай  өңдеу  зауытының  базасында  ароматты  көмірсутегі  өндірісі 
кеше-нінің құрылысы жүруде.  
Сонымен қатар, үстіміздегі жылы мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы 
жобаланып  отыр.  Кешен  іске  қосылған  кезде  жанармай  өндіру  3  есеге  артады. 
Өндірілетін  өнім  —  бензол  жылына  133  мың  тонна,  параксилол  жылына  496  мың 
тоннаны құрайтын болады.  

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

54
 ~ 
 
Әлемдік деңгейдегі Атырау газ-химия кешенінің құрылысы басталды. Ол жыл 
сайын  500  мың  тонна  пропилен  мен  800  мың  тонна  полиэтилен  шығаруды 
қамтамасыз етеді. 
Мемлекет басшысының биылғы халыққа арнаған «Әлеуметтік-экономикалық 
жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  Жолдауында  аймақтың  дамуына 
басым  маңыз  берілген.  Бұл  біздің  алдымызға  жаңа  міндеттер  қояды.  Жүктелген 
міндеттердің жемісті жүзеге асуы – экономиканың нығаюының, халықтың әл-әуқаты 
көтерілуінің және қоғамдық игілікті қамтамасыз етудің негізі болады.
 
Индустрияландыру  картасы  шеңберінде  Елбасы  назарына  ұсынылған 
жобалардың  бірі  —  «Шеврон»  компаниясының  металпластикалық  құбырларды 
шығару  зауыты.  Ол  биыл  жүзеге  асқан  жобалар  қатарында.  Атырау  полиэтилен 
тұрбалары  зауытының  директоры  Меңдіғали  Саппаевтың  айтуынша,  аталмыш 
өндіріс  өткен  жылы  13,5  мың  тоннаның  өнімін  өндірген.  Дегенмен,  зауыт  қызметі 
сұранысқа  байланысты  екенін  ескерсек,  қыс  айларында  құрылыстың  азаюына 
байланысты тапсырыс кемиді де, ал, керісінше, жаз мезгілінде өседі екен. Кәсіпорын 
тек  полиэтилен  тұрбаларын  өндірумен  ғана  шектелмей,  құрастырмалы  бөлшектер 
дайындайтынын  да  айтып  өтті.  Зауыттың  жаңа  өнімдері  республика  бойынша 
алғашқы  болып  қолға  алынып  отырған  жоба.  Яғни,  ыстық  су  мен  жылу  желісіне 
арналған  металпластикалық  тұрбалар  өндірілуде.  Жоба  құны  2,4  млрд.теңге, 
шамамен  жүз  жетпіс  жұмыс  орны  құрылған.  Ал,  қуаты  жылына  2000  тонна  өнім 
өндірілмек.  Алға  қарай  бұл  деңгейді  үш  мыңға  дейін  арттыру  да  көзделіп  отыр. 
Жобаның  инновациялылығына  тоқталсақ,  ультрадыбыспен  балқытып  біріктіруді 
қолданумен  және  жоғары  температураға  төзімді  шикізаттың  жаңа  түрін  пайдалана 
отырып,  бес  қабатты  құбырды  қалыптастырудың  жаңа  технологиясынан  тұрады. 
Зауыттың  өнімі  әлемдік  сапа  стандартына  да  сәйкес  келеді.  Оны  тұрғын  үй  — 
коммуналдық  шаруашылық,  құрылыс  қажеттіліктеріне,  сондай-ақ,  мұнай  —  газ 
секторында  да  кеңінен  қолдануға  болатындықтан,  Қазақстанда  және  шет 
мемлекеттерде  сұранысқа  ие.  Айта  кетелік,  мұндай  өнім  шығаратын  зауыт 
Қазақстанда  жалғыз.  Меңдіғали  Саппаевтың  хабарлауынша,  құрал  —  жабдықтар 
Германиядан  алынып  отыр.  Білгеніміздей,  мұндай  металпластикалық  тұрбалары  92 
градустық  ыстыққа  төзімді.  Елу  жылға  дейін  пайдалануға  болады  деп  күтілуде. 
Елімізде индустрияландыру, жаңа экономиканы құру мақсатымен көптеген игі істер 
жасалынды.  Әлі  де  бұл  шаралар  жалғасын  таппақ.  Кеше  салтанатты  шараның 
ашылу  барысында Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  өзі  атап  өткеніндей,  былтырғы 
жылы 152 нысан пайдалануға берілсе, үстіміздегі жылы 200 нысан іске қосылмақ.
 
«РауанНалко»  ЖШС,  мұнай  өнеркәсібі  үшін  химиялық  реагенттерді  шығару 
жөніндегі зауытты іске қосады. Мұнда болашақ өндірістің қуаты жылына 4700 тонна 
химиялық  реагентті  құрайтын  болады  (қосэмульсиялағыш,  қосымша  бөлшектер, 
коррозияны баяулатқыштар, тұз шөгінділері, бұрғылау қоспалары). Жобаның жалпы 
құны 1,2 млрд.теңге. Мұнда да 60-тан астам жұмыс орынды құру жоспарлануда. 
Жалпы,  осы  «Рауан  Налко»  ЖШС  қолға  алған  құрылыс  Қазақстанда  алғаш 
рет салынып жатқан осындай зауыт. Кәсіпорын қатарға қосылғанда қуатын одан әрі 
арттырып,  жылына  9700  тонна  шамасында  химиялық  реагент  шығару  мүмкіндігіне 
ие болады екен. Тіпті, әрі қарай сұраныс болса, бұл қуатты да екі есе өсірмек. Өткен 
жылы  5849  тонна  химиялық  реагент  шығарылыпты.  Дайын  өнімді  сақтайтын  алты 
мың тонналық өндірістік база бар. Таяу жылдары реагенттердің Қазақстандық үлесі 
қазіргі 50 пайыздан 90-ға жетпекші. Сайып келгенде, зауыт күллі еліміздегі бұрғылау 
ұйымдарын қамтамасыз етпек.  

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

55
 ~ 
 
Рас,  қазір  де  Атырауда  химиялық  реагенттер  дайындалуда.  Ол  үшін  мұнай 
өңдеу  зауытының  бір  цехы  жалға  алынған.  Бірақ,  оның  тарлығы  себепті  өндіріс 
қуатын  арттыруға  жағдай  жоқ.  Егер  өңірде  мұнай өндіру  көлемі  жыл  санап  артып, 
соған  сәйкес  бұрғылау  жұмыстары  да  өрістеп  отырғандығын  еске  алсақ,  онда 
қажетті  химиялық  реагенттерге  де  сұраныс  көбеймек.  «Рауан  Налко»  бұрынғы 
қуатымен  олардың  тапсырыстарын  өтей  алмағандықтан,  бұрғылау  ұйымдары 
қажеттігін сырттан тасымалдауға мәжбүр. Енді жаңа жобаның мәреге жетуі отандық 
өндіріс ошақтарын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұрын бізде мұнай мен 
газды  өңдеп  шикізат  ретінде  сату  ғана  басым  болатын,  бұл  табиғи  ресурстарды 
тиімді  пайдалану  және  қалдықсыз  өнім  шығару  мәселелерін  қарастырмайтын.  Ал, 
қазір  көптеген  жобаларда  жергілікті  ресурстарды  толық  және  тиімді  пайдалануды 
шешу, сол сияқты коррозия, экологиялық таза өнімдер мен материалдарды  тұтыну 
мәселелерін шешетін жобалар іске асырылуда. 
 
Пайдаланған әдебиеттер 
 
1.  Елбасы Н.А. Назарбаевтың  27.01.2012 жылғы  халыққа  Жолдауынан. 
2.  Атырау  облысының  2010  жылғы  әлеуметтік  –  экономикалық  даму  
қорытындысы мен 2011 жылға арналған жоспары. 
3.  «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы. 
 
 
 
 
 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

56
 ~ 
 
______________________________________________________________ 
 
ЭКОНОМИКА И ПРАВО 
______________________________________________________________ 
 
Ә. Сералиев 
 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қаласы 
 
ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН  ДАМЫТУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫ 
 
Кластер сөзі (ағылшынның cluster — жиналу, топтану) деген мағына береді. 
Бұл  тәуелсіздік  алған  кезеңдерден  ел  санасына  еніп,  көп  қолданыла  бастаған 
терминдердің бірі.  
Кластер  жақын  орналасқан  қала  немесе  көрші  елді  қосып  ала  отырып, 
агломерацияның дамуына да үлкен ықпал ете алатыны мәлім. Қазіргі таңда кластер 
барлық салада қолданылып жүр. 
Мемлекеттің экономикалық деңгейі дамытуға  байланысты кең тараған ұғым. 
Бір  салада  топтасып,  бірін-бірі  толықтыратын  кәсіпорындардың  өзара  байланысқан 
тобы  болып  табылады.  Әлемдік  деңгейде  тәжірибеден  өтіп  негізгі  мемлекет 
эконмикасын  дамытуға  бағытталған  бірден  бір  шара.  Қазіргі  әлемнің  дамыған 
алпауыт елдеріне көз жүгіртер болсақ инновациялық технология кластерін дамытуға 
ден  қойған.  Мысалы:  АҚШ  әлемге  әйгілі  инновациялық  технология  жетістіктерімен 
танымал.  Силикон  аңғар  кей  әдебиеттерде  Кремни  аңғары  аталып жүрген  аймақта 
да осы кластерлік жүйені енгізген. Бір аңғардың өзінде американдық кластермен 87 
мың  компания,  40  ғылыми  зерттеу  орталық,  10  университет  олардың  ішіндегі  ірісі 
1891жылы  Лиланд  Стэнфорд  құрған  Стэнфорд  университеті.  Осы  негізге  сүйенген 
аумақта  47  инвестициялық,  700  коммерциялық  банк  жұмыс  істейді.  Бұл  аймақ 
үшінде мемлекет үшінде пайдасы зор маңызды қадам. 
Сол  сияқты  көршілес  Ресей  мемлекеті  де  аймақтық  кластерді  дамытуды 
қолға  алған,  соның  аясында  Краснояр өлкесі, Железногорск  қаласында  ААҚ  "ИСС", 
ФМУК  "ГХК"  және  басқа  да  инновациялық  жобалар  космостық  және  ядролық 
технология  орталықтары,  ААҚ  "ЗПК"  поликристалдық  кремни  зауыты,  сол  маңда 
шоғырланған    Сібір  мемлекеттік  аэрокосмостық  университеті,  Сібір  федералдық 
университеті  сияқты  жоғарғы  оқу  орындарымен  етене  жақын  байланыс  орнатқан 
осы арқылы өлкенің әлеуметтік жағдайын жақсарту көзделген. 
Осы  әлемдік  тәжірибе  жетістіктерін  Қазақстанда  қолға  алғаны  анық.  Оны 
көрінісі  үкімет  жекелеген  аймақтарды  дамыту  бағдарламаларын  қолға  алуда. 
Оңтүстікте  Қазақстан  өңірінде  Созақ  пен  Бәйдібек  ауданы  болса,  оңтүстікке 
Мақтаарал,  Сарыағаш,  Отырар,  Түркістан  сияқты  аймақтарында  мақта  кластері 
жолға қойылған. Өңірде 400 мың тоннадан астам шитті мақта дайындалады. Мақта 
кластерін  дамыту  үшін  бірнеше  жобалар  қолға  алынған  біріншісі,  есілген  және 
иірілген  жіптердің 
өндірісі  бойынша  "OXY  TEXTILE"  ЖШС 
– 
"Кешенді 
автоматтандырылған  иіру-ширату  фабрикасы",  гигроскопиялық  мақта,  целлюлоза 
және  кабоксометилцеллюлоза  өндірісі  бойынша  "Хлопкопром-Целлюлоза"  ЖШС  – 
"Құрамында мақтасы бар шикізаттан ылғал жұтқыш мақта, мақта целлюлозасы және 
техникалық  карбоксиметилцеллюлоза  өндірісін  ұйымдастыру"  "Ютекс-KZ"  АҚ 
иірілген  жіптер  мен  дайын  маталар  өндірісі  бойынша  "Жаңашыл  тоқыма  өндірісін 
ұйымдастыру",  "Шымкент-Кашемир"  ЖШС  қой  және  түйе  жүнінен,  сондай-ақ 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

57
 ~ 
 
түбіттен  сырып  тігілген  көрпелер  өндірісі  бойынша  "Дайын  тоқыма  бұйымдарын 
өндіруді  ұйымдастыру",  "АГФ"  групп"  Өндірістік  Компаниясы"  ЖШС  киім  өндірісі 
бойынша  "Конвейерлі  ағынды  тігін  фабрикасы  және  қолданбалы  материалдар 
өндірісі  бойынша  цех",  "Есенжол-Назар"  ЖШС  кендірден  жасалған  кілем  өндірісі 
бойынша  "Кілем  өнімдерін  өндіру  жөніндегі  тоқыма  фабрикасын  құру",  дайын 
өнімдер өндірісі бойынша "TurKaz Textile" бірлескен кәсіпорны сияқты ірі жобалар – 
жергілікті мақта  талшығын  қайта  өңдеу  үлесін  ұлғайтуды,  аумақтың және  еліміздің 
тоқыма өнеркәсібін дамытуды, ел экономикасына оң әсер етуді көздейді. 
Батыс-Қазақстан  облысында  да  «Мұнайгаз  машина  жасаудың»  пилоттық 
кластері іске асырылуда.  
Германия,  Америка  және  Ресейдің  жетекші  фирмаларының  жабдықтарымен 
қамтылған.  «Технопарк»  Алгоритм»  ЖШС  базасындағы  машина  жасау  кешені 
өндірісінің материалдары мен бұйымдарын диагностикалау үшін бұзбайтын бақылау 
зертханасын құрылған..  
Отандық  кәсіпорындарды  алдыңғы  қатарлы  технологиямен  қамтамасыз  ету 
үшін зерттеу институттарымен терең байланыс  орната бастаған. 
Қарағанды  облысындағы  «Металлургия-металлөңдеу»  кластеріне  металл 
өнімдері  мен  машинажасаумен  айналысатын  52  кәсіпорын  жұмылдырылған.    2005 
жылы  «Металлургия-металлөңдеу»  кластерінің  Координациялық  кеңесі  құрылды, 
оның  негізгі  міндеті  металлөңдеу,  металлургия,  машина  жасау  саласындағы 
кәсіпорындардың  іскерлік  белсенділігін  арттыруға  атсалысу  болып  табылады. 
Жобалар  жаңа ғылымды қажет ететін өндіріс құруға мүмкіндік береді. 
Туристік қызметтерге деген сұраныстың артуына байланысты. Туристік сала 
қарқынды  дамуда  көзделген.  Туристік  кластерлер  тұрмыстық  және  коммуналдық 
қызметтердің  бардық  спектрін  қамтыған.  Туристік  салаға  түрлі  қызмет  көрсетуші 
ұйымдар  саны жыл  сайын өсіп  келеді  (қонақ  үйлер,  мұражайлар, театрлар, тарихи 
және мәдени ескерткіштер, демалыс парктері, шипажай-курорттық мекемелер).  
Әлемге  әйгілі  «Медеу»  биік  таулы  мұзайдыны,  «Шымбұлақ»  тау  шаңғы 
турбазасы,  «Табаған»  спортты-сауықтыру  кешені,  «Ақбұлақ»  биік  таулы  курорт 
кіреді. 
Туристік сала экономика ең жанды және перспективті саласы болғандықтан 
сала проблемаларына жіті көңіл бөлу қажет. Туристік кластерді дамыту үшін қонақ 
үйлердің, 
кэмингтер, 
туристік 
орталықтар, 
мейрамханалар, 
басқа 
инфрақұрылымдардың ауқымды құрылысы іске асуы ажет, бұл өз кезегінде отандық 
жеңіл,  тамақ  өнеркәсібі  мен  құрылыс  материалдарының  өндірісін  дамытуға  себеп 
болмақ. 
Осындай әлемдік тәжірибеден өткен кластерлік дамуды негізге ала отырып, 
отандық  инновациялық  технологияларды  дамыту  қажет  сол  арқылы  елдің 
әлеуметтік әлеуетін арттыруға болатынын қоғам өзі дәлелдеп отыр.  
 
Әдебиеттер тізімі  
 
1.  Е.В.Вавилова  «Экономическая  и  социальная  география  мира:  Учебное 
пособие.-М.,2003г. 
2.  «Мақтааралда  мақта  кластері  дамытылмақ»  Бақтияр  ТАЙЖАН.  Егемен  
Қазақстан 23.12. 2011ж 
3.  "Успех  инновационного  кластера  основан  на  открытости,  гибкости  и 
свободе" Крылов Дмитрий Тhe New Tames №12 05.04.2010ж 
4.  Красноярск независимое информационное агентство 2.05 2012ж газеті 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

58
 ~ 
 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

59
 ~ 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет