1 Амирбай Д. Национальный банк Казахстана.// Финансы Казахстана, № 4/2002, с.
48-49.
2 Абдильманова Ш.Р. «Банковский маркетинг на рынке услуг населению» - Алматы,
2002 г. – 324 с.
3 Бондарь Т. Что происходит в банковской системе Казахстана (Становление
банковской системы Казахстана обошлось без кризисов) // ежемесячный деловой
журнал «Финансист», №10, 2009.
4 Кадырбаев А. Г. Банковские услуги в системе финансовых отношений. Труды
международной научной конференции «Наука и образование - ведущий фактор
стратегии «Казахстан - 2030». КарГТУ - Караганда, 2001.-c.371.
5 Кожагапанов Е. Банки Казахстана на внутреннем финансовом рынке // Казахстан,
Экономика и жизнь.-2003 .- № 10.-С.7.
6 Развитие банковской системы Республики Казахстан за 10 лет независимости.
Отчет Национального банка Республики Казахстан
Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы
№ 2 (25), 2012
~
67
~
______________________________________________________________
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
______________________________________________________________
Б.К. Қалшабаева
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қаласы
ҚАЗАҚТЫҢ АҒАШТАН ЖАСАЛҒАН ҮЙ ЖИҺАЗДАРЫ
Мақалада қазақтың ағаштан жасалған үй жиһаздарының заттай мәдениетінің
дамуында алатын орны қамтылған.
В статье рассматривается вопросы связанных с материальной культуры
казахов, а именно предметы быта сделанные из дерева.
This article discusses issues related to the material culture of the Kazakhs, namely,
household items made of wood.
Тәуелсіздігіміздің нығайып, ұлттық мәдениетімізді жаңғырту заманында
халықтың, елдің ерекшелігін көрсететін заттық және рухани мәдениетті зерттеуге
деген сұраныс ерекше артып отыр. Себебі, заттық мәдениеттің маңызды құрамдас
бөлігі болып табылатын үй жиһаздары әрбір халықтың көне тарихымен біте
қайнасып келе жатқан халықтың мәдениетін көрсететін элементтерінің бірі. Қазақ
халқының озық мәдениетінің бір үлгісі ретінде үй жиһаздары ғасырлар бойы дамып,
жетіліп, халық тұрмысына сіңудің нәтижесінде ұлттық мәдениеттің күрделі саласына
айналды.
Қазақ халқы өзінің күнкөріс тіршілігіне қажетті үй-жайды қалай салуды, киім-
кешек тігуді, азық-түлік өндіруді қалай кәсіп етіп, пайдалана білсе, әсем бұйымдар
да жасап, тұрмыста сән-салтанат құрып, шеберлік, әсемдік талғамын ұрпағына
жеткізе білді. Сондықтан да қазақ қолөнерінің бүгіні мен болашағын айтар болсақ
оның өткеніне назар аудармай кете алмаймыз.
Қазақтың үй-жиһаздары өмір салтына қарай қалыптасып, тұрмысқа
бейімделіп халықтың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан қазынасы, ғасырлар
мұрасына айналды. Оның айғағы соңғы жылдары халық өнерінің дәстүріне деген
ынта үдейе түсіп, бұрын ұмытылып қалған кейбір жиһаз түрлерін жаңартуға
ұмтылыс көбеюде.
Қазақ халқының қолөнер бұйымдарының арасында үй жиһаздары ерекше
орын алады. Үй жиһаздары ата-бабаларымыздың күнделікті тұтынған нәрселері
болғандықтан олардан сол кездегі өмірдің нышаны көрінді. Сондықтан оларды
зерттеу арқылы ертедегі тұрмыстың белгілерін анықтауға болады.
Жалпы үй жиһаздары халықтың тұрмысқа қажетті жабдығы болғандықтан
олардың жасалуына ерекше ден қойылады. Сондықтан әр халықтың өнерін,
өркениетін зерттеуде үй тұрмыс бұйымдарына баса көңіл бөлу аса өзекті. Күнделікті
тұрмыста көп қолданылатын жиһаз бұйымдарды зерделеу арқылы халықтың өткен
тарихын оқып білуге жол ашылады.
Қазақтар ағаштан қолөнер бұйымдарын, жиһаздар, ыдыс-аяқ, ер-тоқым, киіз
үйдің сүйегін т.б. тұрмыс қажеттігіне керекті заттар жасап отырған. Сондықтан олар
Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы
№ 2 (25), 2012
~
68
~
ағаштың өсуінен бастап, кесіп, кептіріп дайындау жұмыстарын және де физикалық,
механикалық негіздерімен қоса, табиғи биологиялық үдерістерін де жақсы меңгерген.
Сондай-ақ қазақ шеберлері жасаған сандық, кебеже, жүк аяқ, кереует сияқты қазақ
жиһаздары көшіп-қонуға жеңіл әрі ықшамды етіп жасалады.
Қазақстанның солтүстік аудандарында емен, қайың, терек секілді ағаштардан,
оның ішінде қызыл қайыңнан жиһаздар, үй мүліктерін жасаған. Олардың түрлерінен
ердің қастарын қашап, шапса, діңінен ыдыс-аяқ жасаған және оларды әсем оюлап,
өрнектеп безендірген. Ал орталық, шығыс аймақтарда алма, акация, ырғай, алмұрт
ағаштарын кеңінен қолөнер жұмыстарында пайдаланған [1, 74]. Кебеже, сандық,
жүкаяқ, қобдишалар жасау үшін алма мен жаңғақ ағаштарын, ал музыка
аспаптарын жасауға тал, қарағай, алма, арша ағаштарын таңдады.
XIX ғасырдың екінші жартысында, орыстардың келуімен қазақ арасында
жиһаздардың түрлері көбейіп қана қоймай аумақтарға кеңінен тарала бастады.
Шеберлер кәдімгі қазақ кереуеттерімен қатар екі адамдық орыс шаруаларының
кереуеті сияқты етіп жасап, тартпалы, жылжымалы суырмасы және екі жақтаулы есігі
бар неше түрлі шкафтар мен жиһаздар жасайтын болды. Мәселен, XX ғасырдың
басында Көкшетау, Павлодар, Петропавл уездерінде ыдыстар мен тамақ тағамдарын
сақтайтын буфет сияқты биіктеу келген шкафтар жасалды. Бірақ, бұл сияқты жаңа
жиһаздарды тек байлар мен дәулетті адамдар ғана жасатты [2]. Кедейлер жай ғана
жасалған жиһаздарды пайдаланды. Кейде астық салатын көлемді сандықтар мен
кебежелерді жасатуға қажеттіктер туды.
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында қазақ арасында кең
тараған ағаштан жасалатын жиһазының бірі - ағаш төсек (ел арасында «төсек ағаш»
атауы «төсағаш», «кереует»). Қазақстан жерінде кездесетін Қазақстанның солтүстік,
оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарына кең тараған төсек ағаштың ең көне
түрінің екі басы тым шалқақта және жайдақ болады, төрт аяғы ішке қарай кіріңкі не
тік келеді; екінші түрі - өткен ғасырда Қазақстанның шығыс және оңтүстік
аймақтарында кездесетін бастары тым шалқақ алты не сегіз аяқты төсек ағаштар;
үшінші түрі А.И.Якоби деректері бойынша, Омбы мен Павлодар төңірегінде
кезедесетін бір жақ басы тым шалқақ, аяқ жағында мүлде сүйеніші болмайтын
кушетка тәрізденген төсектер; төртінші түрі Торғай өңірінде кезедеседі. Оның тіп-тік
төрт аяғы және екі басы әлдеқайда қысқа болумен бірге, сәл ғана шалқақтанып
барып жоғарғы жағы имектеу келеді; бесінші түрі - Ақтөбе атырабынан кездесетін
бастары түзу ағаштан жасалып, сәл ғана шалқақ орналасатын төсектер, алтыншы
түрі - Семей, Өскемен төңірегінде кездесетін төрт аяқты, үсті жазық, екі басында бір
сүйемдей ғана тік орнатылған сүйеніші бар төсек ағаш; жетінші түрі - Қазақстанның
солтүстік-шығысында кездесетін орыс үлгісімен жасалған төсек ағаштар [3]. Ал келесі
бір еңбекте XIX ғасыр мен XX ғасырдың басында қазақтың күнделікті тұрмысында
кереуеттің (төсек ағаш) үш түрі болды. Біріншісі, екі басы жайпақтау келген сүйеніш
тақтайы бар, төрт аяқты етіп, неше түрлі оюланып жасалса, екіншісі де осы сияқты
екі басы жайпақтау сүйеніші бар, алты кейде сегіз аяқты болып келеді. Үшінші түрі
бір жақ басы сүйеніш тақтайлы болып, төрт аяқты келеді. Жоғарыда аталған
кереуеттің бірінші түрі барлық жерде кездеседі де, екінші түрі Шығыс Қазақстан
облысының Зайсан, Талдықорған облысының Лепсі, т. б. аймақтарында кездеседі.
Үшінші түрі Омбы және Павлодар аймағынан кездеседі. Бұл аталған кереует түрлері
ешбір темір шеге қағылмай-ақ қиюластырып, жиып алуға, жайып қоюға ыңғайлы
жасалған.
Қолда бар деректерге қарағанда, ағаш төсек осы айтылған түрлерінің
әрқайсысында жергілікті және әлеуметтік ерекшеліктер анық байқалады. Жоғарыда
Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы
№ 2 (25), 2012
~
69
~
айтылған көркемдік ерекшеліктеріне қарай сырлы төсек, оюлы төсек, сүйектелген
төсек, күмістелген төсек немесе жай ағаш төсек делініп те атала береді. Ағаш төсек -
адамның жатып тынығуы үшін пайдаланылатын үй жиһазы. Ағаш төсектің қазақ
үлгісіндегі түрі-қайқыбас төсек. Төсекті кептірілген қатты ағаштың (қайың немесе
емен) тегістеп, өңделген тақтайынан жасайды. Төсек ағаш сәнді болу үшін шебер
оның бетін әртүрлі бояулармен өрнек салып сырлайды не өрнектелген сүйекпен
әшекейлейді. Төсек ағаштың барлық түріне тән ортақ ерекшеліктің бірі - олардың
бет жағы ғана көркемделетіндігі мен қалған бөліктерінің көркемделетіндігі және
барлық бөліктерінің өмірге бейімделіп алмалы-салмалы болып жасалатындығы [1,
38].
Қазақ шеберлері жаңа жиһаздар жасауда да өзінің ұлттық өрнегін, тәсілін
сақтап қалды. Бұрынғыдай тұтынылатын мүліктің бір бетін ұлттық өрнекпен
безендіріп отырды. ХІХ ғасырдың аяғында «Азиялықтардың столы» деп аталатын
дөңгелек столдар Торғай облысының батыс жағы мен Омбы, Петропавл, Көкшетау,
Ақмола және Павлодар, Семей, Жетісу аймақтарына кеңінен тарады. Мұндай
столдардың үсті әшекейленіп қолдан сырланса, аяғы оюланып ұлттық үлгімен
көркемделді. Көкшетау уезінде мұндай столдарды жинамалы етіп, екі бөлімнен
құрастырып жасаған. Олар Орта Азия халықтарының барлығына бірдей тарамаған.
Т.А. Жданконың жазуына қарағанда қарақалпақтар өзінің дәстүрі бойынша текемет,
кілем төселген үйде дастархан жайып жерде отырып тамақтанған [4,121]
.
Жиһаздарды әшекейлеп жасауда ең қымбатты болып есептелетіні, тұтастай оюлап,
сүйектеу болып табылады. Бұлай етіп жасату көбінесе Қарқаралы, Семей, Торғай
өлкесі мен Ақмола облысының оңтүстік аймағына кеңінен тараған. Петропавл,
Көкшетау, т.б. аймақтарда тек ағаштан оюлау жағы басым болған. Қазақ шеберлері
жиһаздарды әшекейлеуге, ою салумен қатар ағашты күйдіріп те өрнектей білген.
Ағашқа ою-өрнек салу Қазақстан аймағында көне заманнан келе жатқан өнер.
Мәселен, археологиялық зерттеулердің нәтижесінде біздің заманымызға дейінгі I
ғасырларда Алтай аймағында көркем ою-өрнек салу техникасының тамаша
үлгілерінің болғандығы дәлелденді [5, 37].
Қазақта үй іші жиһаздарын жасайтын арнайы маманданған шеберлер болмаған.
Әр шебер өзінің мүмкіндігіне қарай үй бұйымдарын жасаған. Қазақ арасында он
саусағынан өнер тамған қолөнердің сан-саласын жақсы меңгерген ісмерлер аз
болмаған. Олардың ағаштан жасайтын үй іші жиһаздары - киіз үйдің сықырлауығы,
шкаф, жүкаяқ, төсек ағаш, кебеже, адалбақаннан тұрды. Осы бұйымдардың бәріне
бір ат не құлынды бие беретін-ді. Бұл ақы құны ешбір әшекейсіз, тек ағаш ісіне ғана
төленетін, ал оюлы, сырлы немесе сүйектетіп, күмістетіп жасатам десе, ол үшін
берілетін төлем молырақ болып, оны алдын ала келісім бойынша орындайтын [3].
Қазақстанның солтүстік ағашты аудандары мен Жетісу өңірінде қазақ-орыс
станцияларында және орыс деревняларында көп жылдар бойы жалда жүрген қазақ
жігіттері балташылық өнерді үйреніп, қазақ арасында орыс үлгісімен ағаштан үй
салды, ағаш төсек, асадал, сандық сияқты бұйымдар жасаған. XIX ғасырдың екінші
жартысында қарағай бөренелерінен қиыстырып, ағаш үй салатын маманданған
балташылардың казақ арасында көп болғандығын зерттеушілердің еңбектерінен де
көреміз. Баянауылдан шыққан балташы қазақ жігіттері, тіпті, Павлодар қаласында
орыстарға үй салумен де айналысқан екен. XIX ғасырда Торғай, Ақмола және
Семей облыстарынан ағаш шеберлерінің көптеп кездескендігі туралы Э.А.Масанов
зерттеулерінде де айтылған [6,22-26].
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында жастық ағаш жасау кеңінен
тараған. Мұны үш бұрышты тақтаға 30-35° еңісте, тік бұрышты етіп, жер төсекте
Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы
№ 2 (25), 2012
~
70
~
жатқан адамның басы биіктеу болу үшін құс жастықтың астынан астына қоюға
ыңғайлап жасалған тиянақ ағаш. Оның екі аяғы, жастықты жерге түсірмей тіреп
түратын тақтай кермесі және жастықтың астына қоюға лайықтап жасалған көлбеу
тақтай төсеніші болды. Олардың сыртын түгелдей, сүйенішінің ішкі жағын да сырлап
көркемдейді оюлап, неше түрлі әшекейлі тақтамен қиюластырып бекітіп, жастық
қойып жатуға ыңғайлы етіп жасайды [3]. Қолда бар деректерге қарағанда, жастық
ағаштың екі түрі болған. Оның ішінде Маңғыстау, Атырау, Орал, Ақтөбе облыстарын
мекендейтін қазақтар арасында кеңінен тараған түрі - ағаш кереуеттің басы
тәрізденіп жасалатындары. Оның биіктігі 60-70, көлденеңі 90-100 см шамасында
болады. Мүндай жастық ағаштың барлық бөлшектерін біріктіріп түратын екі қазық
бар, ал оның араларын 2-3 немесе бір ғана жалпақ аралық тақтай қосып түрады, ол
жастық ағаштың бас жағы атанады. Оның ішкі жағынан көлбеу орналасқан жастық
тақтай мен бас аралығында пайда болған доғал бүрышқа үшбүрышты қолтықша
тіреуіштер орнатылады. Осылайша кұрастырылатын жастық ағаштардың сырт жағы
тұтас және арқа тақтайдың ішкі беті де әртүрлі әдіспен көркемделеді. Нұсқалы
оюлар жүргізіліп, оған қосымша әр түсті бояулармен өрнектеледі. Кейбір жастық
ағаштың іші-сырты түгелдей бедерлі оюлармен безендіріледі. Ол оюлар эмаль
тәрізденген қызыл-сары, терең ойылған, түрі ақ, қара түсті бояулармен боялады.
Ою-өрнек мотиві зооморфтық, геометриялық фигуралар мен өсімдік тектес
өрнектердің әдемі тоғысуы арқылы жасалады.
Қолда бар деректерге қарағанда, жастық ағаш тек Қазақстанның батыс
аймақтарында ғана жасалып, ол өзге өңірде болмаған сияқты. Мүндай пікірдің
дүрыстығын әдеби деректер де растайды. Мәселен, өткен ғасырдың соңында
шаруашылық зерттеушісі В.В.Кранихфельд [7,86] Орал уезінде жастық ағаштардың
көптеп кездесетіндігін айтса, өткен ғасырдың басында Маңқыстау түбегінде
болған неміс саяхатшысы Р.Карутц онда төсағаштар мен жастық ағаштардың жиі
кездесетіндігі туралы жазған [8, 36]. Жеңіл-желпі заттарды сақтайтын кіші-гірім
сандықтар мен қақпақты кебежелерді де кеңінен жасаған. Сондай-ақ қазақтың
күнделікті тұрмысында қолданылатын жиһаздың түріне төсек-орындар мен
сандықтар, үй ішінің заттарын жиып қоятын, бет жағы неше түрлі оюлармен
әшекейленген жүкаяқ, сабаяқтар да жатады.
Революцияға дейінгі Қазақстанның барлық облыстарында көп жасалған
қажетті үй жиһаздарының бірі - жүкаяқ. Жүкаяқ-жиған жүктің астына қоюға
арналған ағаш тұғыр. Жүкаяқ кепкен мықты әрі жеңіл ағаштан,өңделген, тегіс
тақтайдан жасалады. Ол негізгі үш бөліктен жанағаштан (алдыңғы және артқы
беттер), аяқтан, шабақтан тұрады. Жүкаяқтың пішіні екі түрлі болады. Бірі- үсті тегіс
жүкаяқ, енді бірі-қайқыбас жүкаяқ. Жүкаяқтың алдыңғы беті бір түсті сырмен
боялып, оған кейде түрлі-түсті бояулармен өрнек салады не өрнек салған сүйекпен
қаптап әшекейлейді. Оның ұзындығы, негізінен, 90-130 см. Биіктігі 25-30 см, ені 45-50
см. Бізде бар деректерге қарағанда жүкаяқтың жасалу тәсіліне қарай бірнеше түрі
болған. Жүкаяқтың да тек бет жағы ғана көркемделеді. Бірде оның бетіне әртүрлі
сүйек әшекейлер ойысырылып, күміс бүркеншікті шегелермен шегеленеді, ою да
ойылады немесе түрлі-түсті бояулармен де өрнектелетін түрлері болған. Ал, Торғай
өңірінен үш аяқты сырлы жүкаяқты да кездестірдік [3]. Бүлардың аяқтары әркелкі
болып мүсіндеген. Жүкаяқ Қазақстанның барлық облыстарында жасалған. Ағаш
ұсталары оны жасауда қыруар еңбек сіңірген. Әрқайсысы өз әлінше көркемдеп
жасауға ұмтылған. Әр шебер оны өрнектеп, әдемілеу мақсатымен өзінің таусылмас
қиялына да ерік беріп, өз ісіне көптеген ерекшеліктер бере, жүкаяқтың сан алуан
үлгілерін қалдырған. Қазіргі күнде оның басым көпшілігі, әрине, сақталмаған,
Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы
№ 2 (25), 2012
~
71
~
сақталған үлгілерінің өзіне түгелдей тоқталу мүмкін емес. Сондықтан, осы арада сөз
болған жүкаяқ үлгілерінің өзі қазақ шеберлерінің өнер деңгейін анықтауда жеткілікті
мағлұмат бергендей.
Қазақ үй тұрмысында қолданылатын жабдықтың бір түрі, яғни киім-кешек
немесе басқада бағалы бұйымдарды сақтауға арналған сандық. Үлкен абдыра
сандықтардың ұзындығы 90-100, биіктігі мен ені 45-50 см шамасында жұқа қарағай
тақтайлардан жасалады. Олардың сырты түгелдей қызыл, жасыл немесе қара
бояулармен боялатын да бет жағы жез, күміс түсті тастармен безендіріледі.
Жағлан - Қазақстанның оңтүстік өңірінде 18-19 ғасырларда кең тараған, киім-
кешек салатын сандықтың көне түрі. Жағланның кейбір тамаша үлгілері қазірге
дейін Шу бойын мекендейтін елдерде кездеседі, Түркістан, Алматы музейлерінде де
сақталған. Негізінен, жағландар әбдіре сандық сияқты үлкен емес. Оның ұзындығы
60-70 см, ені мен биіктігі 30-35 см болады. Жағланның негізі жұқа тақтайлардан
құрастырылып, сырты түгелдей былғарымен қапталады, тек бет жағы ғана әр түрлі
әдіспен көркемделеді (8). Қошқар мүйіз, қос мүйіз, сыңар мүйіз оюларымен
жүргізіледі. Жағлан бетінің дәл ортасынан дөңгелек, екі шетінен жапырақ тәрізді
дөңес көздер көксауыр былғарыдан ойсырылады. Төрт бұрышындағы дөңгелек
жұлдыз тәрізденіп бастырылған өрнектің ортасында күміс көздер болады.
Жағлан жасайтын қазақ шеберлері 18-19 ғасырларда Қазақстанның оңтүстік
және Жетісу өңірлерінде көп болған. Жағланға қажетті сапалы былғары мен күміс
табу оңай болмаған, оларды тек сән қуған ауқатты адамдар ұзатылған қыздарына
арнап, өз материалдарынан жасатқан.
Қазақстанның барлық аудандарында ежелден бері көп жасалған бұйымның бірі
- қол сандық. Қол сандықтарды бойжеткен қыздарға арнап жасататын, ол
ұзатылғанда жасау құрамына енеді. Олай болса, қол сандықтар бойжеткен қыздар
мен жаңа түскен жас келіншектердің еншісіндегі өте сәнді бұйымдардың бірі, оның
көлемі де шағын. Ұзындығы 45-50 см, ені 25-30 см, биіктігі 15-20 см болатындықтан
қыз-келіншектердің ине-жіп, айна-тарақ, әтір-сабын сияқты уақ-түйек бұйымдарын
сақтауға арналады. Көпшілік қауымның жасататын қол сандықтары тек ағаштан ғана
мұқият өңделіп, бір түсті бояумен сырланып жасалады. Сән қуған кісілер қол сандық
беттеріне нұсқалы, бедерлі оюлар ойғызып, түрлі-түсті бояулармен сан қилы ою-
өрнектер салғызады. Бүған қоса неше түрлі шұға, асыл тастар, сүйек пен күміс
әшекейлерін кеңінен пайдаланатын болған. Әрине, қазіргі күнде қарапайым қол
сандықтар сирек ұшырасады. Ел арасында да, музейлерде де қол сандықтың өте
әсем көркемделген қымбат үлгілері ғана сақталған.
Қазақ ежелден азық-түлік сақтауға кебежені пайдаланған. Ол
Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен тараған. Бір қызығы, кебеженің жалпы
кескіні мен жасалу тәсілі барлық жерлерде бірдей деуге болады.
Бірақ, олардың бет жағын көркемдеу тәсілі әртүрлі, бірсыпыра кебежелерден
жергілікті ерекшеліктер анық байқалады. Кебеже - кімге болсын өте қажет бұйым.
Сондықтан, ағаш ұсталары оны көбінесе ешкімнің тапсыруынсыз-ақ көптеп жасап
сатуға шығарып отырған. Мұндай кебежелерді халыққа қолжетімді етіп аса
көркемдемей ақ жасайды. Өйткені, ою-өрнекпен безендіріліп, көркемделген
кебежелер қымбат болады, оны сатып алуға көпшілік халықтың мүмкіндігі де бола
бермеген. Ал, сән қуған ауқатты адамдар ел ішіндегі ең айтулы ұсталарға арнайы
тапсырып, тіпті, ақысын да алдын-ала беріп, кейде шеберді өз үйіне шақырып,
кебежені оюлатып, сүйектетіп, күмістетіп те жасататын болған.
Орта есеппен кебеженің үзындығы 70-90, биіктігі 40-50, ені 40-45 см
шамасында жасалады. Кебеженің төрт қабырғасы, түбі мен қақпағы төрт қырлы
Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы
№ 2 (25), 2012
~
72
~
қазық арқылы біріктіріледі. Мұның тек бет жағын ғана әсемдейді, ал артқы беті мен
екі жанын кейде қызыл, жасыл бояулармен бояп қойғаны болмаса басқадай әдіспен
көркемделмейді. Кебеженің бет жағына келетін екі қазық беттері, оның басы мен аяқ
жағы да мүсінделе көркемделеді. Қолда бар деректерге қарағанда, Қазақстанның
орталық, солтүстік-шығыс аудандары мен Сырдарияның төменгі ағысын мекендейтін
қазақ жұртшылығында сүйектелген кебежелер жиі кездеседі. Бұлардың өзі
көркемдеу әдісіне қарай өзара ерекшеленеді. Сырдарияның бойында кездескен
сүйектелген кебежелердің беттері түгелдей әртүрлі геометриялық фигуралар
формасында жонылып, өрнектелген сүйек әшекейлермен жабылған.
Ыдыс-аяқ сақтау үшін ағаштан жасалатын бұйымның бірі - асадал.
Казақстанның барлық өңірінде кездеседі. Қолда бар деректерге қарағанда
асадалдың дәстүрлі бірнеше түрі болған. Оның ең көнесі қазіргі тумбочка тәрізденіп
енінен биіктігі артық болып жасалса, екінші түрінің ені мен биіктігі шамалас келеді.
Үшінші түрінің биіктігі кебежедей ғана болады. Ал, ені мен биіктігінен 1,5-2 есеге
жуық артық, ұзынша болып жасалады. Енді төртінші түрі қазіргі буфет тәрізденіп
жасалатын асадалдар. Тумбочка тәрізденіп биіктеу асадалды оның көне түрі
деуіміздің себебі бар. Біріншіден, олардың көлемі көші-қонға қолайлы келеді, онша
үлкен болмайды (100x100 см, 60x70 см). Екіншіден, оны көркемдеу тәсілінде
нұсқалы ою, күмістеу, сүйектеу дәстүрі жиі кездеседі. Мәселен, кезінде Семей,
Павлодар, Қарағанды облыстарында мекендейтін ел арасынан табылып, қазір
Қазақстанның мемлекеттік орталық, Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер
және ғылым академиясының археология музейлерінде сақталған асадалдардың
беттері түгелдей сүйектеліп күмістелген [3]. Олардың екі не бір ашпалы есігі,
көлденең суырмалары болады. Іші бірнеше сөрелерге бөлінеді.
Қазақтың қолөнері - халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан
қазынасы, ғасырлар мүрасы. Мұны қазақ шеберлері жасаған тұрмыстық заттардан
анық көреміз. Қазақ халқының қолөнері шаруашылықтың жеке бір саласы болмаса
да халық тұрмысында маңызды орын алды. Қолөнердің біз қарастырған саласының
бірі үй жиһаздары өзінің даму дәрежесі жағынан едәуір биік болды. Өнеркәсіп
дамымаған бұрынғы кезеңде халық тұрмысына қажетті бұйымдарды өндіру мүмкін
емес еді, сондықтан күнделікті тұрмысқа қажетті заттардың барлығын халық
шеберлері жасайтын. Халық шеберлері жасаған бұйымдар күні бүгінге дейін өз
құнын жойған жоқ. Олардың арнайы білімі болмаса да, сұлулық пен әсемдікті
таңдай да талғай да білген. Өз тұрмысы мен мәдениетін жетілдіре білген.
Шеберліктің небір саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап,
меңгеріп, біздің дәуірімізге ұштастырған.
Қазақ қолөнері - ұлттық мәдениетіміздің құрамдас бөлігі. Халық шеберлері
үлкен талғаммен жасаған дүниелерді зерттеудің, олардың нұсқаларын жариялап
отырудың ғылыми маңызы зор. Бүгінгі заманауи дамуда қазақтың қолөнерін дамыта
отырып жас ұрпаққа насихаттау, үйрету, қолөнер бұйымдарының маңыздылығын
көрсету арқылы ұлттық бомысымызды, мәдениетімізді әлемге таныту игілікті іс.
Әдебиеттер тізімі
1. Арғынбаев Х.А. Қазақ халқының қолөнері. - Алматы, 1987.-34 б.
2. Вульфсон Э.С. Киргизы. - М., 1901.- 76 с.
3. Бекешов С.С. Қазақтың дәстүрлі ағаш ою өнері.- 070007-Этнография, этнология
және антропология тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы
№ 2 (25), 2012
~
73
~
дайындалған диссертацияның авторефераты. - Қазақстан Республикасы Алматы,
2001. – 24 б.
4. Шалекенов У.Х. Жилище Каракалпакского колхозного крестьянства // КСИЭ АН
СССР, серия XXVIII. М., 1957. – 378 с.
5. Ақышев К.А. Ертедегі есксрткіштер елесі. - Алматы, 1976.
6. Масанов Э.А. Домашние промыслы и ремесла казахского народа // Ученые
записки КазГУ. Т. 38. Вып.4.
7. Кутхуджин Ш. Казахскам орнаментика. Известия АН КазССР №78 серия
искусствоведения. Вып.1, 1950.
8. Карутц Р. Среди киргизов п туркменов на Мангышлаке. СІІб., 1910.-188 с.
Достарыңызбен бөлісу: |