5. Білім беру ұйымының құқықтары және міндеттемелері: 12. Оқу орны осы Келісімге, білім беру ұйымының жарғысына, білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларына және білім беру ұйымы қызметін реттейтін білім беру актілеріне сәйкес білім алушыдан адал және тиісті міндеттерді орындауын талап етуге құқылы.
13. Оқу орны өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1) оқу процесінің тізбесіне сәйкес өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өту үшін білім алушыны кәсіпорынға (ұйымға) жіберуге;
2) білім алушыны осы дуальды оқыту туралы шартта белгіленген міндеттер мен жауапкершілікпен таныстыруға;
3) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу жұмыс жоспарын өтудің білім беру бағдарламасын және күнтізбелік кестесін кәсіпорынның мен өкілімен бірге әзірлеуге және келісуге;
4) оқу орнының тиісті мамандықтары бойынша өндірістік оқыту шеберлері немесе оқытушылар арасынан оқу орны басшысының бұйрығымен өндірістік оқыту және кәсіптік практика жетекшілерін тағайындауға;
5) білім алушылардың осы кәсіпорынның (ұйымның) қызметкерлері үшін міндетті еңбек тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін сақтауына ықпал етуге;
6) білім беру бағдарламасы мен оқу процессіның тізбесіне сәйкес білім алушының өндірістік оқыту, кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыру және мерзімді бақылауға;
7) кәсіпорынның қызметкерлеріне білім алушылардың өндірістік оқыту мен кәсіптік практикасын ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсетуге;
8) қажеттілік туындаған кезде кәсіпорынға білім алушының оқу жетістіктері туралы мәліметтер беруге;
9) жазатайым оқиғаларды, егер өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өту барысында білім алушының қатысуымен болған жағдайда тергеуге қатысу;
10) өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметтер үшін тәлімгерге ақы төлеуді жүргізу міндетті.
6. Өтемақы төлемдерін төлеу 14. Білім алушыға өтемақы төлемін кәсіпорын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өндірістік оқыту және кәсіптік практика кезеңі үшін жүзеге асырады.
15. Өтемақы төлеу көлемі кәсіпорынның (ұйымның) ұйғаруы бойынша белгіленеді.