«Техникалық механика» пәнінен Лекциялар жинағы Ақсукент 2021ж


Күштің нүктеге қатысты моментінің қасиеттері



бет14/76
Дата31.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#22919
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76
Байланысты:
«Техникалы механика» п нінен Лекциялар жина ы А сукент 2021ж

Күштің нүктеге қатысты моментінің қасиеттері.

Күштің түсу нүктесінен оның әсер ету сызығы бойымен жылжытудан күш моменті өзгермейді.



Күштің О нүктесіне қатысты моменті күштің өзі нөлге тең болғанда, немесе оның әсер ету сызығы осы О нүктесі арқылы өтетін болса ғана нөлге айналады.

2. Күштің нүктеге қатысты моментінің векторлық анық-тамасы. күштің О нүктесіне қатысты моменті деп радиус-вектор мен күшінің векторлық көбейтіндісіне тең векторды айтады (1.19-сурет). Күштің айналдырушы әсері оның моментімен анықталады дедік. Олай болса, моменттің анықтамасы күштің айналдырушы әсерін сипаттайтын жағдайларды түгел қамтуы керек. Ол үшін моментті жалпы жағдайда векторлық шама деп алуға тиістіміз. Күш моментін анықтайтын вектор мынадай шарттарды қанағаттандыруы керек:

1) оның модулі көбейтіндісіне тең болуы; 2) оның жазықтығына перпендикуляр бағытта орналасуы; 3) бағыты оң бұранда ережесіне сәйкес таңдалуы қажет. Осыған орай көбейтіндісін қарастырып көрейік (1.19-сурет). Біріншіден, бұл векторлық көбейтіндінің модулі күш моментінің модуліне тең екенін байқаймыз:

.

Екіншіден, бұл вектор күштің әсер ету жазықтығына, яғни ОАВ жазықтығына О нүктесінде түсірілген перпендикуляр бойымен оң бұранда ережесіне сәйкес бағытталатынын көреміз. Олай болса, векторы жоғарыда айтылған момент векторына қажетті шарттарды толық қанағаттандырады. Сондықтан да оны күші моментінің векторы ретінде алуға болады. Егер күшінің О центріне қатысты моментінің векторын символымен белгілесек, онда ол мынадай формуламен анықталынады:

.

Бұл формула күш моментінің векторын анықтайды. Момент векторы , күш әсерінің жазықтығының О нүктесіне түсірілген перпендикуляр бойымен бағытталады, алгебралық шамасы (1.14)-формуламен есептелінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет