«Техникалық механика» пәнінен Лекциялар жинағы Ақсукент 2021ж


Қос күштер жүйесінің тепе-теңдігінің шарттары



бет18/76
Дата31.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#22919
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76
Байланысты:
«Техникалы механика» п нінен Лекциялар жина ы А сукент 2021ж

1.4.3. Қос күштер жүйесінің тепе-теңдігінің шарттары
Қос күштер жүйесі тепе-теңдікте болуы үшін жүйедегі қос күштер моменттерінің геометриялық қосындысы нөлге тең болуы қажет және жеткілікті.

Шындығында кеңістікте кез келген ретпен орналасқан қос күштер жүйесі әр уақытта да бір тең әсерлі қос күшке келеді. Сондықтан, осы тең әсерлі қос күштің әсері жойылуы, яғни оның моменті нөлге тең болуы керек. Ендеше жүйедегі қос күштер моменттерінің қосындысы да нөлге айналады:



. (1.26)

Немесе қысқаша түрде:



. (1.27)

Бұл векторлық тепе-теңдік теңдеуін координаттар өстеріне проекцияласақ үш скалярлық тепе-теңдік теңдеулерін аламыз:



(1.28)

(1.28) теңдеулерінен мынадай қорытынды шығарамыз: кеңістіктегі кез келген қос күштер жүйесі тепе-теңдікте болу үшін ондағы барлық қос күштер моменттерінің әрбiр координаттық өстегі проекцияларының қосындылары жеке–жеке нөлге тең болуы қажет және жеткілікті.



Егер жүйедегі қос күштердің барлығы да бір жазықтықта жататын болса, онда барлық моменттер осы жазықтыққа перпендикуляр бағытталады да, біріне-бірі параллель болады. Бұл жағдайда моменттердің алгебралық қосындысы нөлге теңестіріледі:

(1.29)

Қос күштердің жазық жүйесі тепе-теңдікте болу үшін ондағы қос күштер моменттерінің алгебралық қосындысының нөлге тең болуы қажет және жеткілікті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет