Химиялық-технологиялық үдеріс. Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі
бір кезектесіп жүретін және бір-бірімен өзара байланысқан үдерістердің жиынтығын –
химиялық-технологиялық үдеріс (ХТҮ) деп атайды.
Жалпы алғанда химиялық-технологиялық үдеріс – кезектесіп жүретін үш сатыдан
тұрады:
1. Шикізатты химиялық өңдеуге дайындау: А → А1 және В → В
1
мұндағы, А, В – дайындауға дейінгі шикізат; А1, В1 – дайындалған шикізат;
2. Дайындалған шикізаттың реакция өніміне дейін химиялық өзгерісі екі
сызбанұсқамен жүреді:
A + B → C (негізгі реакция);
A + B → P (қосымша реакция).
мұндағы С – мақсатты өнім; Р – қосымша өнім.
3. Реакциялық қоспадан мақсатты өнімді бөлу жəне оны тазалау:
C
1 → C және P
1 → P
мұндағы, С
1
– бөлінген мақсатты өнім; Р1
– бөлінген қосымша өнім.
Технологиялық үдерістің жылдамдығы. Технологиялық үдеріс жылдамдығын арттыру тәсілдері
7. Шикізат базасы және химия өнеркәсібінің бастапқы заттары. Шикізат - бұл өнеркәсіптік өндірісте қолданылатын табиғи материалдар, өндірістің үнемділігі, технология мен жабдықты таңдау және өндірілетін өнімнің сапасы негізінен тәуелді болатын өндірістің негізгі элементі. Химия өнеркәсібі өнімінің өзіндік құнында шикізат үлесі 70% - ға жетеді. Сондықтан шикізатты өңдеу мен өндіруде ресурстар мен ұтымды пайдалану мәселесі өте өзекті.
Шикізатты жіктеу бірнеше белгілер бойынша жүзеге асырылады:
Шығу тегі бойынша:
Минералды
Жануарлар
Өсімдіктер
Қоры бойынша:
Сарқылатын
Сарқылмайтын
Заттың құрамы бойынша:
органикалық
бейорганикалық.
Агрегаттық күйі бойынша:
қатты
сұйық
газ тәріздес
Қолданылу аясына қарай:
тағамдық
техникалық
Шикізатты өңдеуге дайындаудың негізгі әдісі - оны байыту.
Шикізатты байыту - концентраттағы негізгі компоненттің мөлшерін арттыру. Шикізатты байыту оның фазалық күйіне байланысты болады.Шикізатты байытудың түрлері:
1.Гравитициялық байыту – ауа немесе сұйық ортада ұсатылған заттардың бөлшектерінің төмен түсу жылдамдығының бөлшек тығыздығына немесе бөлшек мөлшеріне тәуелді.Бұл әдіспен қаттылығы және тығыздығы әртүрлі минеарлыдарды бөледі.Бұл әдіс гидроциклон аппараттарында жүреді.Силикат өнідірісі мен металлургия өндірісінде шикізатты байыту үшін қолданады.
2.Электромагниттік байыту – ұсынылған заттардың магнитке атртылу қасиетіне негізделген.Ұсатылған шикізат магнит сепеаторынан өткенде магнике тартылатын және тартылмайтын екі фракцияға бөлінеді.Бұл әдіс темір және тас кендерін байыту үшін қолданады.
3.Электростатикалық байыту – ұсақталған шикізат құрамындағы әртүрлі бөлшектердің электр өткізгіштігіне негізделген.Электростатикалық сеператорларды магнит өрісінің орнына жоғары вольтті ток ток күзеткіштерінің теріс полюсіне жалғасқан электродты темір құбырының ортасына орнатады.Құбыр арұылы шикізат төмен түскенде электр өткізгіш бөлшектері теріс зарядталып қабырғасына бағытталады.Осылай электро тоғын өткізетіндерден өткізбейтіннен бөліп алады.Бұл әдіс мыс,кұм,силикат өндірісінде қолданады.
4.Флотация –физико-химиялық байыту әдістері,әрі көп қолданылатын әдіс.Ағылшынша қалғып шыңу деген мағына береді.Бұл әдістің негізі-кендер мен бос жыныстың бөлшектеріне судың жұғу және жұқпау қасиетіне негізделген.
5.Термиялық байыту – ұсатылған шикізат құрамындағы компоненттердің балқу температураларының айырмашылығына негізделген.
6.Химиялық байыту – шикізат құрамындағы компоненттерінің химиялық реагенттерімен әрекеттесулерінің айырмашылығына негізделген.
Кешеннің салалық құрамы біршама кең, оған мыналар кіреді: негізгі химия (тұздар, қышқылдар және сілтілер алу), органикалық синтез және полимерлерді өңдеу, оның негізі тау-кен химия өнеркәсібінің шикізаты (апатиттер, фосфориттер, күкірт және т.б.), сондай-ақ мұнай өнімдері.
Өндіріс үшін бастапқы материал синтетикалық және табиғи шығу тегі болуы мүмкін және ол осы параметр бойынша жіктеледі:
• Минералды. Бейорганикалық қосылыстар: ауыр және түсті металдардың рудалары, металл емес және жанғыш пайдалы қазбалар, сондай-ақ су мен ауа кіреді.
• Өсімдік.Ағаштың барлық түрлері, мақта, май және қант дақылдары, каучук және дәрілік өсімдіктер.
• Жануар. Майлы тін және өңделген сүйек.
• Синтетикалық. Көмір және мұнай-газ өңдеу өнеркәсібінің көмірсутекті өнімдері.
Бөлек, химия өнеркәсібінде қолданылатын шикізатқа бірнеше алмастырылмайтын реагенттер жатады, оларға мыналар жатады: құрылыс материалдарының өнімділігін айтарлықтай арттыратын және коррозияға жол бермейтін формат және натрий нитриті, сонымен қатар металлургиялық шикізат болып табылатын селитра.