Технология – табиғи шикізатты тұтыну бұйымына жəне өндіріс құралына дейін өңдеудің əдістерімен құралдары туралы ғылым. Технология механикалық жəне химиялық технология болып екіге бөлінеді. Механикалық технология


Гомогенді химиялық процестер. Гомофазалы химиялық процесстің жылдамдығы



бет10/23
Дата10.12.2023
өлшемі104,08 Kb.
#136591
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
13. Гомогенді химиялық процестер. Гомофазалы химиялық процесстің жылдамдығы
Гомогенді деп бір текті ортада, яғни жүйенің бөлімдерін бірін бірінен бөлетін жанасу беттері жоқ сұйық немесе газ қоспаларында өтетін химиялық үрдістерді атайды Гомогенді химиялық процесте барлық реактивті заттар мен реакция өнімдері реакция жүретін фазада болады. Сондықтан гомогенді химиялық процестің 
Газды фазадағы гомогенді үрдістер әсіресе органикалық технология үшін тән және бір қатар жағдайларда органикалық заттарды буландырып, соңынан буларды газ тәрізді реагенттермен – хлормен, оттегімен, күкірт диоксидімен, азот оксидтерімен өңдеу арқылы жүзеге асырылады; осыған сәйкес хлорлау, тотығу, сульфирлеу, азоттау және т.б. химиялық реакциялары жүреді. Газды және сұйық фазалардағы гомогендік үрдістердің жылдамдығына әрекеттесуші заттардың, концентрациясы, қысым, температура және араластыру әсер етеді.
Гомогенді үрдістің жалпы жылдамдығы химиялық түрленудің кинетикасымен анықталады , ягни конверсия жылдамдығы мен заңдылықтары бұл жағдайда химиялық реакцияның жылдамдығы мен заңдылықтарымен анықталады. Газ немесе сұйық фазаларда жүретін гомогенді процесстер механизімі бойынша гетерогендік реакциялардан гөрі оңайырақ жүреді. Гомогенді өнеркәсіптік процесстер газ фазасында реагенттер ағыны жеткілікті турбулентті ағыс болған кезде қарапайым конструкциялы реакторларда жүзеге асады.
Реакциялардың басым көпшілігі бірнеше сатылар арқылы жүреді. Барлық реакцияның жылдамдығы, әдетте, ең баяу өтуші сатының жылдамдығымен шектеледі, ол реакцияның реттілігін де анықтайды.Сондықтан, реакция реттілігі оның молекулярлылығымен, яғни реакцияның стехиометриялық теңдеуі бойынша әрекеттесуге түсетін молекулалар сандары қосындысына тура келмейді. Мысалы, сутегі пероксидінің ыдырауы сұлба бойынша:
2H2O2 → 2H2O + O2
екінші реттілік реакция болып өтуге тиісті, ол шындығында бұл реакцияның реттілігі оны өткізу шарттарымен байланысты. Сондықтан реакция реттілігі мен оның молекулярлылығын бөліп айту керек. Реакция реттілігі деп кинетикалық теңдеудегі әрекеттесуші заттардың концентрацияларының дәреже көрсеткіштерінің қосындысын айтады. 
Гомогенді жүйелер үшін химиялық реакциялар — көп жағдайда көлемдік аппараттар, араластырғыш құрылғылармен және жылуалмастырғыш элементтермен жабдықталған, сондай-ақ қуысденелі немесе көбіне жазық насадкалы колонналарда жүреді. Гомогенді жүйедегі процестер периодты немесе үздіксіз жүреді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет