Технология – табиғи шикізатты тұтыну бұйымына жəне өндіріс құралына дейін өңдеудің əдістерімен құралдары туралы ғылым. Технология механикалық жəне химиялық технология болып екіге бөлінеді. Механикалық технология



бет18/23
Дата10.12.2023
өлшемі104,08 Kb.
#136591
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Жанама реакция:
CH4-> C + 2H2 -88 кДж
Метан әдісінен ацетилен шығымы - 50 %, кемшілігі – энергияны шығыны өте жоғары.
Ацетиленді өндірудің технологиялық сызбанұсқасы:
Гидраторға үздіксіз қысылған, тазартылған жəне циркуляцияланған ацетиленмен араласып келеді. Газ қоспасы контакт сұйығы (1 л контакт сұйығының құрамында 200г H 2SO4 , 0,4г Hg, жəне 40г Fe2O3 болады) арқылы барботирленіп, 80-100С температурада гидратациялау үрдісіне қатысады. Реакция зонасынан қоспа бір рет өткенде ацетиленнің ацетальдегидке айналуы 50-60% болады. Бу - газ қоспасы (СН3-СНО, С2Н2, бу) (2) тоңазытқышқа келіп конденсацияланып, конденсацияланған су гидраторға (1) қайта оралып, ацетальдегидтің судағы ерітіндісі басқа (3) тоңазытқышқа өтіп, тоңазытқыштан жинағышқа (5) жіберіледі. Ацетальдегидті дистилляциялап, сонан соң Конденсацияланбаған газдар (4) сумен шайылып, суда ацетальдегидтер еріп, (5) жинағышқа келіп қосылады, ацетилен өндіріске оралады. Гидратордан шығатын контакт сұйығын регенерациялап үрдіске қайтадан қайтарады. Бұл əдістің кемшілігі: сынап улы, өте көп жұмсалады. Массасы 1 т ацетальдегид өндіргенде 0,1 кг сынап шығын болады. Осы себептен сынап қатысынсыз жүретін əдістерді қолдануға көңіл бөлінеді.
Өнеркәсіпте ацетилен тек жанғыш зат ретінде ғана қолданылмайды. Органикалық заттарды синтездеу үшін шикізат ретінде қызмет етеді: сірке қышқылы, этил спирті, пластмасса, еріткіштер. Оның 70% химия өнеркәсібінің қажеттіліктеріне жұмсалады және 30% металдарды дәнекерлеу және кесу үшін қолданылады.

  • Ацетилен – алкиндер тобына жататын, түссіз газ болып табылады. Ацетилен өндірісінің қазіргі күнге дейінгі өз мәнін жоғалтпаған тәсілі ол кальций карбидінен алу. Ол төмендегі реакция арқылы жүзеге асырылады.

СaO + 3C = CaC2 + CO
CaC2 + 2H2O = C2H2 + Ca(OH)2

  • Ацетиленді көмірсуларден алу өндірісі 20 ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады. Метан және басқа парафиндерден жоғары температуралы пиролиз қатысында ацетилен алады:

2СН4 = С2Н2 + Н2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет