Технология – табиғи шикізатты тұтыну бұйымына жəне өндіріс құралына дейін өңдеудің əдістерімен құралдары туралы ғылым. Технология механикалық жəне химиялық технология болып екіге бөлінеді. Механикалық технология


Амин қышқылдарының өндірісі. Амин қышқылдарының жіктелуі және олардың негізгі қасиеттері. Олардың медицинада қолданылуы



бет22/23
Дата10.12.2023
өлшемі104,08 Kb.
#136591
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
ОХТ СЕССИЯ (1)

Амин қышқылдарының өндірісі. Амин қышқылдарының жіктелуі және олардың негізгі қасиеттері. Олардың медицинада қолданылуы

Аминқышқылдары - карбон қышқылының молекуласындағы көмірсутегідегі сутегінің орнын амин тобы басқан органикалық қосылыстар.
Аминқышқылдарының түрлері:

  1. Алмастырылмайтын, бұған: валин, лейцин, изолейцин, лизин жатады.

  2. Шартты түрде алмастырылатын, бұларға: аргинин, гистидин.

  3. Алмастырылатын, бұларға:аланин, аспаргин, глицин,тирозин жатады.

Оны өндірудің 4 әдісі белгілі:

  1. Белок гидролизі Гидролиз әдісінде құрамында белок бар шикізат қышқыл ерітінделерде 100-105С, 20-48 саг қыздырылады. Көбінесе HCl 20процент белоктың терең гидролизін қамтамасыз еткендіктен жиі қолданылады. Реакцияны тездету үшін иммобилизацияланған протолитикалы ферменттерді, ион алмастырғыш шайырды қолданады. Аминқышқылдарын реакция үстінде жоғалтуды азайту үшін ең жақсы әдіс – реакцияны вакуумда немесе инертті газ атмосферасында жүргізу. Гидролиз үшін алынған қышқыл мен белок массасының арақатынасы 200:1

  2. Микробиологиялық синтез Микробиологиялық әдіс – а.қ алуда 60пайызын құрайтын, ең перспективалы әрі экономикалық тиімді әдіс. Басты артықшылығы – жаңартылған шикізаттан L-амнқышқылын алу.

  3. Химиялық

Химиялық синтез әдісі – ақ өндірудің шығымы жоғары әдіс. Кемшілігі- процессс соңында ақ рацематты изомерлерінің қоспасы ретінде алынады.

  1. Биотрансформация Биотрансформация – ақ ізашардың химиялық-энзиматикалық синтезі арқылы алу әдісі. 2 кезеңнен тұрады:

  • Тиісті карбон қышқылы синтезделеді(ізашар)

  • Карбон қышқылы(аммиак болса) аминқышқылына айналады.

Биотрансформация осылай тірі жасуша ферменттерімен жүзеге асырылады. Мысалы, осы әдіспен Фумар қыщқылы негізінде Аспарагин қышқылы алынады.

Жалпы, ақ алудың технологиялық схемасы:

  1. Шикізат дайындау

  2. Қоректік орта

  3. Залалсыздандыру

  4. Инокулятпен қоректік ортаны себу

  5. Ферментация

  6. Биомассаны культуралық сұйықтықтан бөлу

  7. Мақсатты өнімді бөлу, тазалау, шоғырландыру

  8. Жанама өнімдер

  9. Биопрепаратты стандарттау

  10. Буып-түю шаралары

  11. Сатылымға шығару

Қоспадағы немесе жеке аминқышқылдары медицинада дәрі-дәрмектерді өндіруде қолданылады, соның ішінде метаболикалық бұзылулар мен ас қорыту органдарының аурулары, орталық жүйке жүйесінің кейбір аурулары, тыныс алу аурулары (глутамин қышқылдары, глицин, аспаргин, ацетилцистеин және т.б.)






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет