Азот қышқылы, HNO3 — тұншықтырғыш, иісі бар, түссіз, сұйық зат.
Азот қышқылын өндірудің бірнеше әдістері бар:
Селитрадан алу. натрий селитрасын концентрленген күкірт қышқылымен араластырып қыздыру (Глаубер) әдісі болды.
NaNO3+H2SO4=NaHSO4+HNO3
Ауадан алу. ауадағы азот пен оттекті қосып, азот қышқылына айналдырудың технологиялық әдісі N2+O2=2NO-103 кДж
2NO+O2=2NO2+112 кДж
2NO+H2O=HNO2+HNO3+116 кДж
3NO2+H2O=2HNO3+ NO +136 кДж
Аммиакты тотықтырып алу. көмір кокстегенде шығатын аммиакты тотықтырып азот қышқылын алу
Сұйытылған азот қышқылын концентрлейтін қондырғылар. Концентрлеу құбырына берілетін сұйытылған азот қышқылы екіге бөлінеді, бір бөлігі буландырғыш арқылы буға айналып барботаждау құбырының оныншы (барлық тәрелкенің саны 20) тәрелкеге беріледі (2), сұйытылған азот қышқылының екінші белгілі тікелей оныншы тәрелкеден жоғары орналасқан барботаждау құбырындағы тәрелкеге жіберіледі. 92-94%-ды концентрлі күкірт қышқылы жоғары орналасқан тәрелкенің біреуіне жіберіледі. Қоспаны жылытуға құбырдың төменгі жағынан өткір су буы (2500С температурадағы) енгізіледі. Азот қышқылының буы аз мөлшерде су буы және азот қышқылының ыдырауынан пайда болған азот оксидтері құбырдан тоңазытқыш конденсаторына (3) жіберіліп, азот қышқылы конденсацияланады, ал нитроз газдарын (азот оксидтері) бөліп алып, азот қышқылын өндіретін цехта жартылай шикізат ретінде қолданады. Азот оксидтерінің бірсыпырасы конденсацияланған азот қышқылында ериді, солардан азот қышқылын тазарту үшін ол қышқыл конденсатордан қайтадан құбырдағы жоғарыда орналасқан тәрелкелерге қайта келіп төменнен көтерілген бу қалпындағы азот қышқылы мен азот оксидтерінің қоспасымен үрленіп оксидтерден тазартылып тоңазытқышқа (4) келіп салқындап өнім ретінде тұтынушыларға ұсынылады.Пайдаланылған сұйытылған 68%-ды күкірт қышқылы ректификациялау құбырының төменгі шетінен шығарылып ыстық қалпында буландырылып 92-94%-ды концентрлі қышқылға айналады.
Азот қышқылы тыңайтқыштар,дәрі-дәрмек,пластмассалар,қопарылғыш заттар,органикалық бояулар өндіруге қолданылады.
Қолданылуы
- терең наркоз бен миорелаксацияны талап етпейтін жалпы анестезияда ( хирургияда, оперативті гинекологияда, стоматологияда, босануда ауыруды басу үшін)
- ауыру синдромында; жедел коронарлық жеткіліксіздікте, миокард инфарктісінде, жедел панкреатитте (басу)
- санадан айырылуды талап ететін медициналық емшаралар жүргізгенде ауыруды басу үшін.
20. Аммиак өндірісі, оның медицинада қолданылуы.
Аммиак – азот пен сутектің формуласы бар бинарлы бейорганикалық химиялық қосылысы, өткір иісі бар түссіз газ.
NH3=17.03 г/моль
Өндірістік аммиакты алу.
1-кезең. Шикізатты дайындау. Табиғи газдан күкіртті алу(алып тастау). Күкірт каталитикалық у болғандықтан, оны тастау міндетті.
2-кезең. Никель катализаторының көмегімен 750С, 30 атм қысымда буды азайту арқылы сутегін алу.
CH4+H2O=CO+3H2
3-кезең. Ауа жіберу жіне енгізілген ауадағы оттегіндегі сутектің жануы.
2H2+O2=2H2O нәтижесінде су буы, көміртек моноксиді, азот қоспасы пайда болады.
4-кезең. Келесі «ығысу» реакциясы бойынша көміртегі диоксидіне дейін 2,3 сатыда түзілетін көміртек моноксидінің тотығуы 2 ығысу реакторында өтеді.
CO+H2O=CO2+H2
1 реакторда 400С темір оксидінің катализаторы, 2 реакторда мыс катализаторы 220С қолданылады.
5-кезең. Көмірқышқыл газын газ қоспасындағы калий карбонатының буферлі сілтілі ерітіндісімен немесе (этаноламин NH2CH2-CH2-OH) амин ерітіндісімен жуу. Көмірқышқыл газы соңында сұйытылып, атмосфераға шығарылады.
6-кезең. 4-кезеңнен кейін қалған газ қоспасындағы 0,35% көміртегі моноксиді аммиак синтезі кезінде темір катализаторын уландырыатындықтан, ол 325*С никель катализаторындағы метанға сутекпен конверсиялау әдісінде алынып тасталады.
7-кезең. Бұл кезеңде шамамен 74% сутегі мен 25% азот бар газ қоспасы сығылады(25-300 атм қысымда). Темпаратурасы жоғарылап кетпес үшін қысқан соң, бірден суатады.
8-кезең. Компрессордан шыққан газ енді «аммиак синтезі цикліне» өтеді. Алдымен, газ қоспасы 380-450С темір катализаторын қолданатын түрлендіргішке түседі. Аммиак сұйытылып, қабылдау бункеріне жіберіледі. Ал, реакцияланбаған газдар конвертерге қайта қайтарылады.
Соңғы мақсатты өнім- сұйық NH3
Аммиактың жыл сайынғы әлемдік өндірісі 150 миллион тоннаға жетеді. Негізінен азот тыңайтқыштарын (нитрат және аммоний сульфаты, мочевина), жарылғыш заттар мен полимерлер, азот қышқылы, сода (аммиак әдісі бойынша) және басқа да химия өнімдерін өндіру үшін, тоңазытқыш техникасында қолданылады. Сұйық аммиак еріткіш ретінде қолданылады.
Медицинада көбінесе «нашатыр спирті» деп аталатын аммиактың 10% ерітіндісі, әлсіздік жағдайында (тыныс алуды қоздыру үшін), құсуды ынталандыру үшін, сондай — ақ сыртқы невралгия, миозит, жәндіктердің шағуы кезінде қолданылады. Егер дұрыс қолданылмаса, өңеш пен асқазанның күйіп, рефлекторлық тыныс алуды тоқтату (жоғары концентрацияда деммен жұту кезінде) қалуы мүмкін.
Хирургиялық тәжірибеде жылы қайнаған суға сұйылтылып, қол жуу үшін қолданады.
Аммиа́к — NH3, сутегі нитриді, қалыпты жағдайда - түссіз, өткір иісті, ауадан екі еседей жеңіл, тұншықтырғыш газ. Өнеркәсіпте сутек пен азотты қосып, тікелей синтездеп, ал лабораторияда аммоний тұздарын сілтімен қосып қыздырып, аммиак алады. Аммиак суда жақсы еріп, аммоний гидроксидін, ал қышқылдармен реакцияға түсіп, аммоний тұздарын түзеді.
Өндірістік жағдайда аммиак азот пен сутектен каталитикалық синтездеу арқылы өндіріледі:
N 2 + 3H 2 → 2NH3 + Q.
Затты алу процесі 500 ° C температурада және 350 атм қысымда жүзеге асырылады. Катализатор қолданылады.Алдынан шыққан аммиак салқындату арқылы алынады. Реакцияға түспеген азот пен сутек синтезге оралады.
Зертханалық жағдайда аммиак негізінен аммоний хлориді мен сөндірілген әктен тұратын қоспаны әлсіз қыздыру арқылы алынады:
2NH 4 Cl + Ca (OH) 2 → CaCl 2 + 2NH 3 + 2H 2 O.
Кептіру үшін дайын қоспаны әк пен каустикалық сода қоспасы арқылы өткізеді. Құрғақ аммиакты ондағы металды натрийді ерітіп, кейіннен айдау арқылы алуға болады.
Бұл токсикант. Тұншықтырғыш және нейротропты әсер етуі мүмкін, ингаляциямен улану өкпе ісінуіне және жүйке жүйесінің зақымдалуына әкелуі мүмкін зат ретінде жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |