Физика-химиялық байыту әдісі шикізаттың жеке құрам бөліктерінің сулануына немесе әр түрлі реагенттер мен еріткіштерде еруіне негізделген. Кең көп тараған әдіске флатационды байыту жатады, ол шикізаттың әр бөлігінің әр түрлі сулануына негізделген. Алтын, күміс, басқа металдарды сынаппен өңдеп (амальгама), калий немесе натрий цианидімен өңдеп (циандау), мысты күкірт қышқылында немесе аммиакта ерітіп, бөліп алу т.б.
Химиялық әдіс бойынша байыту шикізаттың әр бөлігінің химиялық құрамының өзгеруіне негізделген. Бұл әдісте шикізат термиялық өңдеуге (жағу) түседі; «балласт» өнімдер газ немесе шлак ретінде жоғалтылады.
Шикізатты байытудың түрлері:
1.Гравитициялық байыту
2.Электромагниттік байыту
3.Электростатикалық
4.Флотация -физико-химиялық байыту әдістері,әрі көп қолданылатын әдіс.Ағылшынша қалғып шыңу деген мағына береді.Бұл әдістің негізі-кендер мен бос жыныстың бөлшектеріне судың жұғу және жұқпау қасиетіне негізделген.
5.Термиялық байыту
6.Химиялық байтыту
10.Шикізатты кешенді және ұтымды пайдалану проблемасы. Шикізатты рециркуляциялау
11.Шикізатты өңдеудің каталитикалық процестері. Каталитикалық крекинг және риформинг.
Қазіргі уақытта химия өнеркәсібінде және онымен байланысты салаларда, жаңадан енгізілген технологиялардың 90% -дан астамы каталитикалық процестер болып табылады. Катализ негізінде он мыңдаған өнеркәсіп өнімдері (бейорганикалық қышқылдар, аммиак, полимерлер синтезі үшін мономерлер, түрлі органикалық қышқылдар, спирттер, альдегидтер және т.б.) өндіріледі.
Каталитикалық процесстер полимерлер дайындау үшін мұнайхимиялық синтез жаңа процестерінің негізі болып табылады.
Катализ феноменінің алғашқы көрсетілімін 1835 жылы бір мезгілде Берцелиус пен Митчеллич ұсынған болатын , ал қазіргі уақытта катализдің қазіргі заманғы теориясын кеңестік ғалымдар А.А. Баландин, Н.Н. Семенов, Г.К. Боресков және т.б. дамытуда.
Каталитикалық процестер химияның және термодинамиканың жалпы заңдарына бағынады, бірақ оларда бірқатар ерекшеліктер мен артықшылықтар бар: катализ химиялық өзгерістерді, соның ішінде катализаторсыз іс жүзінде жалғаспайтын реакцияларды күшейтуге мүмкіндік береді, катализаторлар білімге химиялық реакцияны жіберуге мүмкіндік береді, талап етілетін өнімнің жоғары полимерлердің синтез реакцияларында соңғы материалдардың құрылымы мен қасиеттерін реттеуге болады.
Каталитикалық крекингтің негізгі мақсаты-жоғары сапалы бензин алу; одан бөлек құрамында бутан-бутилен фракциясы көп газ (жоғары октомды бензин компонентік өндіру үшін шикізат) жəне газойл фракцияларын алады. Катализатор есебінде аморфты алюмосиликаттар немесе құрылымы жетімен кристалды кристалды құрылымды цеолиттер қолданылады. Процесс температура жағынан термиялық крекингке (470-540ºС) ұқсас, бірақ реакция жылдамдығы бірнеше дəрежеге жоғары, ал алынған бензин сапасы да едəуір жоғары болып келеді.
Каталитикалық крекинг процесінде жоғары октан санды бензин фракциясы мақсатты өнім болып саналады. Бензиннен бөлек бұл процесте тағы көмірсутекті газ, жеңіл газойл (195-350ºС фракция), ауыр газойл жəне кокс түзіледі. Кокс катализатор бетіне отырады жəне сапасы, сонымен бірге түзімен кокстың да, шикізат сапасы мен процесс параметрлеріне тікелей байланысты.
Каталитикалық крекинг лабораториялық қондырғысы – тәжірибе жүзінде мұнай өнімдерінің сапасын арттыруда қолданылатын ірі қондырғылардың шағын,кішігірім түрі.
Яғни крекинг процесін алдын-ала зерттеуге пайдаланылатын лабораториялық қондырғы болып саналады.
Каталитикалық риформинг процесінің ғылыми негізі 1911 жылы Н.Д.Зелинский мен оның ізбасарларының алты мүшелі циклоалкандардың платина және палладий катализаторының қатысуы арқылы 310 °С арендерге айналуын ашуымен қаланған. Процестің негізгі реакциясы алты мүшелі циклоалкандардың дегидрленуі, мұның нәтижесінде өндірістік жағдайда жеткілікті мөлшерде ароматикалық көмірсутегі түзіледі.
Шикізат. Каталитикалық риформинг қондырғысының шикізаты ретінде ЭЛОУ-АТ қондырғысынан бөлінген мұнайдың 62-1950С фракциясы қолданылады. Бұл шикізат 140-1800С фракциясының бір бөлігін керосинді гидротазалау қондырғысына беру арқылы жеңіл фракциялармен байытылады.
Дайын өнімдер. Каталитикалық риформинг процесінің негізгі өнімі октан саны 96 болатын бутансыздандырылған катализат. Оны автокөлік бензиндерінің жоғары октанды компоненті ретінде қолданады. Сондай-ақ негізгі өнімдер қатарына каталитикалық риформинг нәтижесінде алынатын ароматты көмірсутектерді де жатқызуға болады.
R-86 биметалл катализаторындағы (платформинг) каталитикалық риформинг - мұнай өңдеу процестеріндегі ең негізгілерінің бірі. Автокөліктік, авиациялық бензиндер, жоғары октандық құрамдас бөліктердің ішінде бұл процесс жетекші орын алады. 1971 жылы іске қосылды.Бас жобалаушы – «Ленгипрогаз» институты.
Түрлендіру нәтижесінде оның қуаты жылына 420 мың тоннаға дейін жетті. Мақсатты өнімге тауарлық бензиндердің жоғары октандық компоненттері мен сұйытылған тұрмыстық газ.
Қолданатын катализаторлар: гидротазалау блогында-катализатор UOP-S-12T; риформинг блогын-каталиазтор UOP-R-56. Гидротазалаудағы қысым -27-28 атм; риформингте -22 атм; температура-470-5000С.
Достарыңызбен бөлісу: |