төмпегінің төменгі жағындағы эктодермадан қалыптасады. Ауыз қуысының бүйір және
төменгі қабырғаларының негізі висцеральды желбезек доғаларынан, ал мүшелерінің
құрамындағы дәнекер ұлпалық аралықтар мезенхимадан дамиды.
Тіс – ауыз қуысы кілегейлі қабығы бүртіктерінің (эпителий қабатынан тіс
тақташалары, мезенхимадан тіс емізікшелері жетіледі) сүйектенуі нәтижесінде дамиды.
Тіс тақташаларынан кіреуке мүшелері жетіліп, олардың пішіні призма тәрізді ішкі
кіреуке жасушалары (адамантобласттар) тіс кіреукесін ( эмалін) түзеді. Тіс
емізікшесінің адамантобласттармен жанасып жатқан жасушалары дентин түзуші
жасушаларға – одонтобласттарға айналады. Цементті – мезенхима жасушалары
жасайды.
Тіл – екі түрлі бастамадан: тілдің ұшы мен денесінің эпителий қабаты – ауыз
қуысы түбінің эктодерма бастамасынан, ал тіл түбірінің эпителий қабаты – II және III
желбезек доғаларының вентральды ұштары аралықтарындағы энтодермадан, тіл еті мен
дәнекер ұлпасы – мезенхимадан дамиды.
Еріннің, ұрттың, таңдайдың, қызыл иектің кілегейлі қабықтарының эпителий
қабаттары эктодермадан, ал өзіндік тақташалары мезенхимадан, сілекей бездерінің
паренхимасы – эктодермадан, стромасы мезенхимадан дамиды.
Жұтқыншақ, өңеш пен қарынның кілегейлі қабықтарының эпителий
қабаттары және бездері – алдыңғы ішек бөлімінен, сірлі қабықтары спланхнотомнан,
қалған қабықтары мен қабаттары мезенхимадан дамиды.
Ортаңғы және артқы ішектер бөлімдері дененің ұзын бойлай өсіп, сарыуыз
қпашығымен өзек арқылы байланысқан, шажырқайға ілінген екі бөлікті ішек ілмегін
(төмендеген бөлік, өрлеме бөлік) түзеді. Ішек түтігі ұзындығының ұзарып өсуіне
байланысты, ішек ілмектері сағат тілі бағытымен краниальды шажырқай артериясы
бойымен толық бір айналым жасайды. Төмендеген бөліктен ащы ішектердің, өрлеме
бөліктен жуан ішектердің эпителий қабаттары мен бездері ( энтодерма), сірлі қабықтар –
спланхнотомнан, қалған қабаттары мезенхимадан дамиды.
Филогенезде біржасушалы қарапайым жәндіктердегі цитоплазмалық ас қорытудан
бастап, жануарлар дене құрылысының күрделенуіне байланысты көпжасушалы
организмде азық қорыту процесінің әр түрлі қызметтерін атқаруға бейімделген мүшелер
дамып жетіледі. Ішекқуыстыларда азық қорыту мүшелер жүйесі болмайды (қорыту және
сіңіру процестерін энтодерма жасушалары атқарады). Төменгі сатыдағы құрттарда азық
қорыту жүйесі: ауызжұтқыншаққа (эктодермадан – азықты ұстау, жұту қызметтері )
және ортаңғы ішекке ( энтодермадан – азық қорытылады) бөлінеді. Жоғары сатыдағы
құрттарда екіншілік дене қуысының (целоманың) пайда болуына байланысты ішек түтігі
қоршаған дене бөліктерінен оқшауланып, кіреберіс және шығаберіс тесіктер пайда болады
да, үш бөлімге: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді. Желілілерде
(қандауыршада) – ауыз қуысы жүтқыншақтан көлденең шымылдықпен бөлінген.
Жұтқыншаққа көптеген жебезек саңлаулары ашылады. Ортаңғы ішек қабырғасында
бауыр төмпегі дамып жетіледі. Аналь тесігі құйрықтың алдыңғы жағында орналасады.
Балықтарда желбезек аппаратының жақсы жетілуіне байланысты ауызжұтқыншақ көп
өзгеріске ұшырайды. Алдыңғы ішек қысқа өңеш пен қарыннан тұрады. Ортаңғы ішекте
бауыр мен ұйқы безі жақсы жетілген. Артқы ішектің соңғы бөлігі клоакаға зәр бөлу
және жыныс мүшелерінің шығару өзектерімен бірге ашылады. Қосмекенділерде желбезек
аппараты жойылып, ауыз бен мұрын қуыстары толық бөлініп, бір-бірінен ажырайды.
Жұтқыншақтан кейін, онымен жалғасқан газ алмасу мүшелері дамиды. Алдыңғы ішек
өңеш пен қарыннан, артқы ішек бүйен мен клоакадан тұрады. Бауырымен
жорғалаушыларда ауызжұтқыншақта желбезек аппараты эмбриондық дамудың бастапқы
кезеңдерінде болады. Қатты таңдай айқын білінеді, крокодилдерде ауыз қуысы
жұтқыншақтан жұмсақ таңдай арқылы бөлінген. Кейбір бауырымен жорғалаушыларда
қарыннан, оның етті бөлігі бөлінеді. Ал құстарда ол қарынның жеке бөлімі болып
қалыптасады. Артқы ішекте екі бүйен дамып жетіледі. Сүтқоректі жануарларда ауыз бен
мұрын толық бөлінген. Ортаңғы ішек ащы ішектер мен бездерден, артқы ішек: бүйеннен,
тоқ ішектен (жиек ішектен) және тік ішектен тұрады. Сыртқы орта жағдайларына
бейімделуге және азықтану түріне байланысты түрлі жануарларда азық қорыту
аппаратының мүшелері түрліше дамиды.
3 – сұрақ. Ауызжұтқыншақ. Ауыз қуысы (cavum oris) – жұтқыншақпен
жалғасып азық қорыту аппаратының бас бөлімін құрайды. Ол ауыз саңлауынан (rima
oris) – басталып, шығаберіс тесігі есінмен (isthmus faucium) аяқталады, екі бөлімнен:
ауыздың кіреберісінен (vestibulum oris) және өзіндік ауыз қуысынан (cavum oris
proprium) тұрады. Ауыздың кіреберіс бөлімінің сыртқы қабырғасын: еріндер мен ұрт,
ішкі қабырғасын: қызыл иек пен тіс аркадалары құрайды. Ауыз қуысы мүшелері тері
типтес кілегейлі қабықпен (екі қабаттан: ішкі – көпқабатты жалпақ эпителий, оның
астындағы өзіндік тақташа – борпылдақ дәнекер ұлпасы) қапталған. Ауыз қуысының
мүшелері: жоғарғы және төменгі ерін, ұрт, тіс, қызыл иек, қатты және жұмсақ таңдай, тіл,
сілекей бездері.
Ерін (labia) – ауыз саңлауын шектейтін терілі-етті қозғалмалы мүше. Ерін үш
қабықтан: ішкі - кілегейлі қабықтан (өз кезегінде екі қабаттан тұрады: ішкі –
көпқабатты жалақ эпителий, оның астындағы борпылдақ дәнкер ұлпалық өзіндік
тақташа), ортаңғы – етті қабықтан (ауыздың дөңгелек бұлшық еті) және сыртқы –
теріден тұрады. Жоғарғы және төменгі еріннің (labium superius et inferius) ауыздың екі
бүйіріндегі тоғысқан бұрышын езу (angulus oris) дейді, еріндердің кілегейлі
қабықтарында тым майда интрамуральды еріннің сілекей бездері (glandulae labiales)
болады. Еріннің терісінде жекеленген сезімтал түктер (pili tactilis) орналасады.
Сиырдың жоғарғы ерінінен мұрын тесіктері аумағында мұрын-ерін қаңсары (planum
naso-labiale), қой мен иттің жоғары ерінінде суағар сайы (philtrum) болады, ал
шошқаның жоғарғы ерні түксіз талпақ танауға (planum rostrale) жалғасады.
Ұрт (bucca) – ауыз қуысының екі бүйір қабырғаларын шектейтін терілі-етті
қозғалмалы мүше. Оның құрылысы теріге ұқсас, үш қабықтан: кілегейлі, етті (ұрт бұлшық
еті) қабықтардан және теріден тұрады. Кілегейлі қабығында майда қабырғалық ұрт
сілекей бездері (glandulae buccales) болады, ал азу тістерінің тұсында оның ішкі бетіне
шықшыт сілекей безінің (papilla parotidea) өзегінің бүртігі ашылады. Сиыр, қой мен
ешкі ұртының кілегейлі қабығында пішіні конус тәрізді механикалық қызмет атқаратын
емізікшелер болады. Итте дорзальды ұрт сілекей бездері бет бездері (gl. zygomatica) деп
аталады. Вентральды ұрт бездері болмайды.
Қызыл иек (gingiva) – жақ сүйектердің тіс жиектерін қаптап, тістерді тіс ұяларына
бекітіп тұратын ауыз қуысы кілегейлі қабығының қатпары.
Тіс (лат. Dens, көпше түрі – dentes, грек. odontos) – ауыз қуысы кілегейлі
қабығының қатты туынды мүшесі. Қызметіне байланысты тістер: күрек тістер (dentes
incisivi - I), сойдақ тістер (dentes canini - C), алдыңғы азу тістер (dentes premolares - P)
және нағыз азу тістер (dentes molares - M), ал жануарлардың жасына және тістердің
шығу сипатына қарай: сүт тістер (dentes decidui - Dd) және тұрақты тістер (dentes
permanentes - Dp) болып бөлінеді. Ал құрылысына байланысты: қысқасауытты тістер
(brachiodontes) және ұзынсауытты тістер (hypselodontes) болады. Жануарлар тістері
бассүйектің: жоғарғыжақ, төменгіжақ және тұмсық сүйектерінің тіс ұяларында қатарымен
орналасып, жоғарғы және төменгі тіс доғаларын (аркадаларын) құрайды.
Қысқысауытты тістер – бір-бірінен анық ажырайтын үш бөліктен: тіс
сауытынан (corona dentis), тіс түбірінен (radix dentis) және тіс мойнынан (collum
dentis) тұрады. Тіс сауыты үш қабаттан (сыртынан ортасына қарай: кіреуке, дентин, тіс
жұмсағы – тіс пульпасы), тіс түбірі де үш қабаттан (сыртынан ортасына қарай: цемент,
дентин, тіс пульпасы) тұрады. Қажалған тіс түбірі жағынан өсіп шықпайды.
Ұзынсауытты тістер – құрылысы бірдей тіс сауытынан (сыртынан ортасына
қарай: цемент, эмаль, дентин, тіс пульпасы) тұрады. Ауыз қуысында тістің тек жоғарғы
кішкене бөлігі ғана болады, қалған негізгі бөлігі тіс ұяларында болып, тіс түбірінің
қызметін атқарады. Тіс сауыты қажалған сайын тіс ұясы жағынан өсіп отырады.
Барлық жануарлардың сүт тістері, ит пен шошқаның тұрақты тістері және күйіс
қайтаратын жануарлардың күрек тістері – қысқасауытты тістерге, ал жылқының барлық
тұрақты тістері және күйіс қайтаратын жануарлардың тұрақты азу тістері – ұзынсауытты
тістерге жатады.
Тіс кіреукесі (эмалі) – бір қатарда орналасқан майда алтықырлы тым қатты эмаль
призмаларынан тұрады. Құрамының 98 % минеральды тұздар. Жануарлар организміндегі
ең берік зат. Оның тығыздығын кварцпен, омырылғыштығын фраформен салыстырады.
Дентин – құрылысы ерекше сүйек ұлпасы. Құрамының 70 – 80 % минеральды
тұздар.
Цемент – құрылысы сүйек ұлпасына ұқсас, құрамының 60 – 70 % минеральды
итұздар.
Тіс пульпасы – қан мен лимфа тамырлары және жүйкелерге бай жіңішке
талшықты дәнекер ұлпасы.
Қатты таңдай (palatum durum) - сүйек таңдаймен ( сүйек таңдай: жоғарғыжақ
сүйектердің таңдай өсінділеріне, тұмсық сүйектің таңдай өсінділерінен және таңдай
сүйектің горизонтальды тақташасынан құралған) жанасқан ауыз қуысының төбесі. Ол
ауыз қуысы кілегейлі қабығының қатпары. Қатты таңдайдың ұзвн бойымен таңдай жігі
(raphe palatini) өтеді. Одан оңға және солға таңдай білеуліктері (rugae palatini)
орналасады. Күрек тістің артқы жағында, таңдай жігінің бойында күректіс бүртігі
(papilla incisiva) болады. Оның екі жақ қапталына ауыз және мұрын қуыстарын өзара
жалғастырып тұратын жұп күректіс өзегі (ductus incisivus) ашылады. Жылқыда қатты
таңдай кілегейлі қабығы астында вена тамырлар торабы жақсы жетілген. Білеуліктер
саны: жылқыда 16 – 18, сиырда 15 – 20, қойда 14, ешкіде 12, шошқада 20 – 22, итте 6 – 9.
Сиырда қатты таңдай кілегейлі қабығы астында кілегейлі сілекей бөлетін таңдай бездері
(gl. palatinae) болады. Күректіс бүртігінің алдыңғы жағында қалыңдау келген тіс
жастығы (pulvinus dentalis) байқалады.
Жұмсақ таңдай (palatum molle) немесе таңдай шымылдығы (velum palatinum)
– қатты таңдайдың артқы жағындағы жалғасы. Оның негізін таңдай сүйектің
горизонтальды тақташасының артқы жиегінен басталатын таңдай бұлшық еті (m.
palatinus) құрайды. Жұмсақ таңдай - ауыз қуысын жұтқыншақтан бөліп тұрады. Оның
ауыз қуысы жағындағы беті ауыз қуысына тән кілегейлі қабықпен, ал мұрын-жұтқыншақ
беті ( аңқа) – тыныс алу жолдарына тән кілегейлі қабықпен астарланған. Жұмсақ
таңдайдың артқы жағындағы бос иілген жиегін таңдай доғасы деп аталады. Ол екі
бүйірінен жұтқыншаққа қарай өтіп, оң және сол таңдай-жұтқыншақ доғаларын түзеді.
Таңдай доғасы мен тіл түбірі аралығында, ауыз қуысын жұтқыншақпен жалғастыратын
ауыздың шығаберіс тесігі – есін болады. Жұмсақ таңдай кілегейлі қабығы тіл түбіріне
қарай өтіп, тіл денесінің тұсында таңдай-тіл доғасын жасайды. Осы доғаның артқы
жағында және тіл түбірінің екі қапталында таңдай бадамшалары (tonsilla palatina)
орналасады. Жұмсақ таңдайдың кілегейлі қабығында кілегейлі сілекей бөлетін таңдай
бездері (gl. palatinae) болады. Жылқыда таңдай шымылдығы өте ұзын болады.
Сондықтан, жылқы малы ауызымен дем ала алмайды.
Таңдай шымылдығының бұлшықеттері:
1.Таңдай бұлшықеті (m. palatinus) – сүйек таңдайдың артқы жиегінен басталып,
таңдай доғасына қарай бағытталады, ол жұтынғаннан кейін жұмсақ таңдайды қысқартады.
2.Таңдай шымылдығын көтергіш бұлшықет (m. levator veli palatini) – самай
сүйектің ет өсіндісінен басталып, жұмсақ таңдайдың орта тұсында аяқталады.
3.Таңдай шымылдығын қатайтқыш бұлшықет (m. tensor veli palatini) – таңдай
шымылдығын көтергіш бұлшықетпен бірге басталып, қанатша сүйек ілмегіне қарай
бағытталады да, одан асып өтіп, таңдай шымылдығының екі бүйірінде аяқталады.
Ауыз қуысының түбінде негізінен тіл орналасады. Тіл мен қызыл иек
аралығындағы тіласты қатпарларына көпөзекті тіласты сілекей бездерінің өзектері
ашылады.Тіл ұшының төменгі жағында, ауыз қуысы кілегейлі қабығының тілге қарай
өтетін қатпарын – тіл жүгеншігі (frenulum linguae) деп атайды. Оның екі қапталында
тіласты сүйелшелері (caruncula sublingulis) көрінеді. Бұлардың төбесіне төменгіжақ
және бірөзекті тіласты сілекей бездерінің өзектері ашылады.
Тіл (linqua, s. glossa) – қимылы жақсы жетілген бұлшықетті мүше. Бұлшықеттер
арқылы төменгіжақ және тіласты сүйектермен байланысқан. Тіл – ауыздағы азықты
араластырып, шайнау мен жұту процестерін іс жүзіне асырумен қатар, азықтың татымын
анықтайды. Тіл – тіл түбірінен (radix linguae ), тіл денесінен (corpus linguae ), тіл ұшынан
(apex linguae ), тіл арқалығынан (dorsum linguae ) және екі бүйір бетінен (facies lateralis )
тұрады. Тілдің негізін ұзынынан, көлденеңінен және биігінен орналасқан бұлшықет
талшықтарының шоғырлары құрайды. Сыртынан ауыз қуысының кілегейлі қабығымен
қапталған. Тілдің бетінде механикалық және татым емізікшелері болады. Механикалық
емізікшелерге: жіпше емізікшелер (papillae filiformes ) және конусша емізікшелер
(papillae conicae ), ал татым емізікшелеріне: саңырауқұлақша емізікшелер (papillae
fungiformes ), қорғанша емізікшелер (papillae vallatae ) және жапырақша емізікшелер
(papillae foliatae ) жатады.
Татым емізікшелерінде азықтың дәмін анықтайтын татым
бүршіктері болады. Тілдің қатысуымен дәм сезімі, сипап сезімі, су мен азықты қабылдау
қызметтері атқарылады. Итте тіл дене қызуын ретеуге де қатысады.
Тілдің бұлшық еттері:
1.Тілдің өзіндік бұлшықеті (m. lingualis proprius) – тілдің еттік негізін құрайды.
2.Біз-тіл бұлшықеті (m. stiloglossus ) немесе тілдің бүйірлік бұлшықеті – тіласты
сүйектің үлкен бұтағының бүйірінен басталып, тілдің екі қапталын бойлай, оның ұшына
жетіп аяқталады.
3.Тіласты-тіл бұлшықеті (m. hyoglossus ) – тіласты сүйектің денесінен және
көмекей мүйіздіктерінен басталып, тіл бұлшықетінде аяқталады. Тілді артқа тартып
қысқартады және жалпақтандырады.
4.Иек-тіл бұлшықеті (m. genioglossus ) – төменгіжақ сүйектің иек бұрышынан
басталып, тілдің ұшы мен денесінде аяқталады. Тілді алға тартып, жалпақ пішін береді,
қатты таңдайдан ажыратады.
5.Иек-тіласты бұлшықеті (m. geniohyoideus ) – төменгіжақ сүйектің иек
бұрышынан басталып, иек-тіл бұлшықетінің төменгі бетімен артқа қарай бағытталады да,
тіласты сүйек денесінде немесе оның тіл өсіндісінде аяқталады.
Ауыз қуысының бездері (glandulae oris) – ауыз қуысына қабылданған азықтың
өңделуі мен қорытыла бастауы үшін маңызды рөль атқарады. Шайналып ұсақталған азық
ауыз қуысының сілекей бездері бөлетін сөлмен араласып, шыланып шайланып
ұсақталғаннан соң, жұтуға ыңғайлы жағдайға келеді. Сілекей құрамындағы ферменттердің
көмегімен шайналған азық құрамындағы күрделі көмірсулар, мысалы крахмал, ауыз
құрамында қорытылып, мономерлеріне ыдырай бастайды. Сілекейдің құрамында
микроорганизмдерді жоятын (лизоцим) және қарын бездерінің белсенді қызметіне ықпал
ететін биологиялық белсенді заттар да болады. Ауыз қуысының сілекей бездері, олардың
мөлшері мен орналасуорындарына байланысты: қабырғалық (интрамуральды) сілекей
бездер және қабырғадан тыс жатқан (экстрамуральды) сілекей бездер болып екі топқа
бөлінеді. Қабырғалық бездер - ауыз қуысы мүшелерінің кілегейлі қабықтарында, ал тілде
ет талшықтары аралықтарын да орналасатын майда бездер. Бұлардың майда шығару
өзектері ауыз қуысына ашылады. Қабырғадан тыс жатқан бездер ірі болады. Олар ауыз
қуысынан тыс орналасады, бұлардың ірі шығару өзектері де ауыз қуысына ашылады.
Бұларға: құлақтүбі (шықшыт), төменгіжақ (алқым) және тіласты (бұғақ) жұп сілекей
бездері жатады.
Құлақтүбі (gl. parotis) – сыртқыесту жолының төменгі жағында, төменгіжақ пен
атлант аралығында орналасқан көлемді без. Құрылысы жағынан көпіршікше-түтікше
бездерге, сірлі сілекей бөледі. Шығару өзегі (ductus parotideus) – жақаралық кеңістіктегі
қанатша бұлшықеттің медиальды бетімен ұрт аумағына бағытталып, төменгіжақтың
вентральды жиегіндегі тамырлы ойықпен төменгіжақтыңлатеральды жағына шығып,
үлкен шайнау бұлшықетінің алдыңғы жиегімен жоғары көтеріліп, 3 – 4 жоғарғы азу тістер
деңгейінде ұрттың кілегейлі қабғындағы емізікше (papilla parotidea) төбесіне ашылады.
Төменгіжақ безі (gl. mandibularis) – төменгіжақаралық кеңістікте орналасады.
Бездің артқы бөлігін шықшыт безі сыртынан жауып тұрады. Шығару өзегі (ductus
mandibularis) – бездің жоғарғы жиегімен алға қарай бағытталып, тіласты безінің
медиальды бетімен өтіп, іласты сүйелшесінің төбесіне ашылады. Сірлі-кілегейлі (аралас)
сілекей бөледі.
Тіласты безі (gl. sublingualis) – ауыз түбіндегі тіласты қатпарының кілегейлі
қабығында, тілдің екі қапталында орналасқан. Без екі бөлімге: алдыңғы бөлімі – көпөзекті
тіласты безі (gl. sublingualis polistomatica), артқы бөлімі – бірөзекті тіласты безі (gl.
sublingualis monostomatica) бөлінеді. Көпөзекті без барлық жануарларда болады, тілдің
бүйірлік бұлшықетінің медиальды бетінде орналасады. Бірөзекті без жылқыда болмайды.
Тіласты безі аралас сілекей бөледі.
Сілекей бездері – құрылысы жағынан паренхималы мүшелерге жатады,яғни
паренхимадан және стромадан тұрады. Без паренхимасын сілекей бөлетін соңғы бөлімдер
және шығару өзектері құрайды. Без бөлікшелері – соңғы бөлімдер мен майда шығару
өзектерінен (ендірмеөзектер, жолақты өзектер, бөлікшеішіндегі өзектер) тұрады. Олар
өзара жұқа дәнекер ұлпалық аралықтармен байланысқан. Ірі шығару өзектері
бөлікшелераралық дәнекер ұлпалық аралықтарда орналасады. Шықшыт безінің соңғы
бөлімдері сероциттерден, ал алқым және бұғақ бездерінің соңғы бөлімдері -
сероцитерден (құрамында ферменттер болатын сілекей бөледі) және мукоциттерден
(құрамында муцин болады) тұрады.
Жұқыншақ (pharynx) – ауыз қуысын өңешпен, мұрын қуысын көмекеймен
жалғастыратын, екі жүйеге ортақ пішіні түтікше етті-жарғақты мүше. Жұтқыншақта 7
тесік: 3 кіреберіс (2 хоана тесіктері және есін) және 4 шығаберіс (2 есту түтігінің, 1
өңешке, 1 көмекейге) болады. Түтікше мүше ретінде қабырғасы үш қабықтан: ішкі
кілегейлі қабық, ортаңғы етті қабық және сыртқы адвентиция қабығынан тұрады.
Жұтқыншақ қуысында ауа жүретін тыныс алу жолы мен ауыз қуысында өңделіп
жұтылатын азық жүретін азық жолы бір-бірімен айқасып жатады. Тыныс алу жолын
аңқа немесе мұрын-жұтқыншақ (nasopharynx) жолы деп те атайды. Аңқаның кілегейлі
қабығы тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтары сияқты бірқабатты көпқатарлы
кірпікшелі эпителиймен, ал азық жолының кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ
эпителиймен сатарланған. Жұтылу процесі кезінде тынысжолы жабылып қалады.
Жұтылатын өңделген азықтың қысымымен жұмсақ таңдай жоғары көтеріліп, хоана
тесіктерін жабады. Ал тіл түбірінің қысымымен көмекей бөбешігі көмекейдің кіреберіс
тесігін жауып тастайды. Өңештің кіреберіс тесігі алға қарай тартылып, ауыз қуысының
шығаберіс тесігі – есінге жанасады да, азық жұтқыншақтың етті қабығының көмегімен
есіннен өңеш тесігіне итеріліп, азық жұтылады. Жұтудан кейін тіл түбірі алға, өңеш артқа
жылжып,жұмсақ таңдай төмен түседі де, бөбешік алға серпіліп (негізін эластинді
шеміршек құрайды), тыныс жолы ашылады.
Жұтқыншақтың кілегейлі қабығында жұтқыншақ бездері (gl
. pharyngeae) және
лимфа фолликулдары болады. Лимфа фолликулдары жұтқыншақтың артқы жағында
жұтқыншақ бадамшасын (tonsilla pharyngeae ) жасайды.
Жұтылу процесін іс жүзіне асыратын жұтқыншақтың ортаңғы етті қабығы: үш
жұп тарылтқыш және бір жұп кеңейткіш бұлшықеттерден тұрады.
Жұтқыншақтың тарылтқыш бұлшықеттері:
1. Ростральды (алдыңғы) тарылтқыш бұлшықеттер:
1) таңдай-жұтқыншақ бұлшықеті (m. palatopharyngeus),
2) қанат- жұтқыншақ бұлшықеті (m. pterygopharyngeus).
Бұлар таңдай, қанатша сүйектерден және таңдай бұлшықетінен басталып, таңдай-
Достарыңызбен бөлісу: |