Технология және биоресурстар факультеті



Pdf көрінісі
бет12/30
Дата03.03.2017
өлшемі1,67 Mb.
#6975
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30

жұтқыншақ  жігінің  (raphe  pharyngis)  каудальды  бөлігінде  аяқталады.  Ростральды 
бұлшықеттер аңқаны тарылтып, өңешті кеңейтеді.  

2. Ортаңғы тарылтқыш бұлшықет  немесе тіласты-жұтқыншақ бұлшықеті (m. 
constrictor pharyngis medius s. m. hyopharyngeus). 
Жұп  бұлшықет  тіласты  сүйектің  ортаңғы  бунағынан  (стилогиоид)  және  осы 
сүйектің үлкен мүйіздігінен (тиреогиоид) басталып, жұтқыншақ жігінде аяқталады. 
3. Каудальды тарылтқыш бұлшықеттер (m.m. constrictores pharyngis caudales). 
1) қалқанша-жұтқыншақ бұлшықеті (m.thyreopharyngeus), 
2) сақинаша- жұтқыншақ бұлшықеті (m. cricopharyngeus). 
Жұтқыншақтың  ортаңғы  және  каудальды  тарылтқыш  бұлшықеттері  –  қысқыш 
бұлшықеттер (өңделіп жұтылуға тиісті азықты өңешке қарай жылжытуға көмектеседі).  
Жұтқыншақтың кеңейткіш бұлшықеті: 
Каудальды  біз-жұтқыншақ  бұлшықеті  (m.  stylopharyngeus)  –  тіласты  сүйектің 
ортаңғы  бунағының  медиальды  бетінен  басталып,  көмекейдің  қалқанша  шеміршегінде 
аяқталады.  Бұлшықет  жұту  кезінде  жұтқыншақтың  артқы  бөлігін  кеңейтіп,  аңқаны 
тарылтады. 
4 – сұрақ. Өңеш (oesophagus) – жұтқыншақты қарынмен жалғастырып, жұтылған 
азықты  ауыз  қуысынан  қарынға  жеткізетін  ұзын  түтікше  мүше.  Организмдегі  орналасу 
орындарына  байланысты  үш  бөліктен:  мойын  бөлігінен  (pars  cervicalis),  көкірек 
бөлігінен  (pars  thoracica)  және  құрсақ  бөлігінен  (pars  abdominis)  тұрады.  Түтікше  мүше 
ретінде  өңештің  қабырғасы  үш  қабықтан:  ішкі  –  кілегейлі  қабықтан,  ортаңғы  –  етті 
қабықтан  және  сыртқы  –  мойын  бөлігінде  адвентициядан,  көкірек  және  құрсақ 
бөліктерінде  сірлі  қабықтан  тұрады.  Өңештің  қарынға  ашылатын  тесігін  қарын 
кіреберісі (ostium cardiacumдеп атайды.  
1.  Өңештің  кілегейлі  қабығында  төрт  қабат  ажыратылады  (ішінен  сыртына 
қарай):  эпителий  қабаты  (көпқабатты  жалпақ  эпителий),  өзіндік  тақташа  (борпылдақ 
дәнекер  ұлпасы),  етті  тақташа  (бірыңғай  салалы  ет  ұлпасының  миоциттер 
шоғырларынан), кілегейліасты негіз (борпылдақ дәнекер ұлпасы, өңеш бездері болады -  
gl
. oesophageae).  
2. Өңештің етті қабығы екі қабаттан: ішкі – сақинаша қабат, сыртқы -  ұзынша 
қабат.  Етті  қабық  жұтқыншақтың  жігінен,  көмекейдің  ожауша  және  сақинаша 
щеміршектерінен  көлденең  жолақты  ет  ұлпасы  түрінде  басталып,  төмендеген  сайын 
бірыңғай салалы ет ұлпасына ауысады. 
3. Мойын бөлігі адвентиция, көкірек, құрсақ бөліктері сірлі қабық. 
Қарын  (ventriculus,  s.  Gaster)  –  азық  қорыту  түтігінің  қапшық  тәрізді  кеңейген 
бөлігі.  Қарын  –  сөл  бөлу,  механикалық  (азықты  қозғау,  араластыру,  сығу),  биологиялық 
өңдеу  (микроорганизмдердің  көмегімен  –  көпбөлімді  қарынның  алдығы  бөлімдерінде), 
қорыту  (ферменттердің  қатысуымен  химиялық  өңдеу  –  күрделі  органикалық  заттардың 
полимерлерін  мономерлерге  ыдырату:  протеиндерді  амин  қышқылдарына),  сіңіру, 
экскреция қызметтерін атқарады. 
Бөлімдерінің  санына  байланысты:  бірбөлімді  қарын  және  көпбөлімді  қарын,  ал 
кілегейлі қабығының құрылысына сәйкес: безсіз қарын, безді қарын және аралас (безсіз-
безді) қарын болып бөлінеді. 
Бірбөлімді  қарын  –  құрсақ  қуысында  диафрагмадан  кейін,  сол  жаққа  ығыса 
көлденең  орналасады.  Оның  алдыңғы  қабырғалық  беті  (facies  parietalis)  –  бауыр  және 
диафрагмамен, артқы висцеральды беті (facies visceralis– ішек ілмектерімен жанасыды. 
Жоғарғы  алдыңғы  жағында  қарынның  кіші  иіні  (curvatura  ventriculi  minus),  ал  төменгі 
артқы жағында қарынның үлкен иіні (curvatura ventriculi majusболады. Қарынның сол 
жақ ұшына өңеш тесігі ашылады. Қарынның сол жақ бөлігін кардиальды бөлік (жүрекке 
-  kardia  -  жақын  орналасады),  ал  оның  он  екі  елі  ішек  шығатын  оң  жақ  бөлігін 
қақпақшалық  бөлік  (қақпақ  -  pylorus),  бұлардың  арасындағы  қарынның  негізгі  бөлігін 
қарын  түбі  (fundus)  немесе  қарынның  фундальды  бөлігі  деп  атайды.  Қарынның 
қабырғасы  да  үш  қабықтан:  кілегейлі,  етті  және  сірлі  қабықтардан  тұрады.  Бірбөлімді 
безді қарынның кілегейлі қабығы бірқабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған. 

Безді қарынның кілегейлі қабығында қарын сөлін бөлетін бездер болады. Олар орналасу 
орындарына  сәйкес:  кардиальды  бездер  (gl
.  cardiaca),  фундальды  бездер  (gl.  fundalis
және  пилорустық  бездер  (gl
.  pylorica)  болып  бөлінеді.  Кілегейлі  қабықтың  безді  бөлігі 
орналасқан бездеріне байланысты үш аймаққа: кардиальды, фундальды және пилорустық 
аймақтарға бөлінеді. Кілегейлі қабықтың безсіз аймағын  көпқабатты жалпақ эпителий 
астарлайды. Итте бірбөлімді безді қарын, жылқы мен шошқада бірбөлімді аралас қарын. 
Безді  қарынның  кілегейлі  қабығының  ішкі  эпителий  қабатының  астындағы  өзіндік 
тақташада  (борпылдақ  дәнекер  және  ретикулалы  ұлпалардан  тұрады)  қарапайым 
түтікше  бездер  орналасады.  Қарын  сөлін  бөлетін  негізгі  бездер  –  фундальды  бездер. 
Пішіні  түтікше  келген  қарын  түбінің  бездері  кілегейлі  қабықтың  ішкі  бетіндегі  қарын 
шұңқырларына  ашылатын  без  мойнынан,    өзіндік  тақташа  боймен  ұзынынан 
орналасқан  без  денесінен  және  кілегейлі  қабықтың  етті  тақташасымен  жанасып  жатқан 
без  түбінен  тұрады.  Без  мойнының  қабырғасында  бөлініп  көбею  арқылы  камбиальды 
қызмет  атқаратын  және  кілегейлі  қабықтың  ішкі  бетін  сылап  тұратын  кілегей  бөлетін 
мукоциттер (сопақ ядролы, цитоплазмасы солғын базофилді боялады)бездің денесі мен 
түбін пепсиноген ферментін бөлетін негізгі жасушалар (дөңгелек ядролы, цитоплазмасы 
базофилді боялады) құрайды. Негізгі жасушалардың сыртқы жағында мөлшері үлкендеу 
келген,  дөңгелек  ядролы,  қышқылдық  бояумен  қызыл  түске  боялған  париетальды 
(көмкерме)  жасушалар  орналасады.  Бұлар  тұз  қышқылын  түзуге  қажет  хлоридтер 
бөледі.  
Кардиальды  және  пилорустық  бездердің  қабырғасын  кілегей  бөлетін 
мукоциттер  құрайды.  Олардың  араларында  жекеленген  негізгі  және  париетальды 
жасушалар  кездеседі.  Кардиальды  бездер  сөлі  құрамында  крахмалды  ыдыратын 
амилоидты ферменттер болады. 
Жекеленген  эндокринді  жасушалар  түтікше  бездер  денелері  мен  түбінде 
кездеседі.  
Көпбөлімді  аралас  қарын  күйіс  қайтаратын  жануарларда  болады.  Ол  төрт 
бөлімнен  тұрады.  Олар:  мес  қарын  (rumen),  жұмыршақ  (reticulum),  қатпаршақ 
(omasum)  және  ұлтабар  (abomasum).  Алдыңғы  үш  бөлімнің  кілегейлі  қабығында  без 
болмайды.  Оларды  алдыңғы  қарындар  деп  атайды.  Бұларда  азық  механикалық 
биологиялық  өңдеулерден  өтеді.  Ферменттердің  қатысуымен  азықты  химиялық  қорыту 
процесі  ұлтабарда  жүреді.  Оның  кілегейлі  қабығында  да  кардиальды,  фундальды  және 
пилорустық безді аймақтар болады. 
 
Бақылау сұрақтары
1. Азық қорыту аппаратының маңызы, оның бөлімдері. 
2. Азық қорыту аппаратының онтогенезі және филогенезі. 
3. Азық қорыту аппараты бас бөлімінің бөлімдері. 
4. Ауыз қуысы мүшелерінің құрылысы. 
5. Тіс, оның түрлері, құрылысы. 
6. Жұтқыншақтың құрылысы, бұлшықеттері. 
7. Өңештің бөлімдері, құрылысы.  
8. Бірбөлімді және көпбөлімді қарын, олардың құрылысы. 
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 312 - 345 
беттер. 
 
 
 
 
 

№15 ДӘРІС. 
 
Тақырыбы: Азық қорыту аппараты ортаңғы және артқы бөлімдері мүшелерінің 
морфологиясы. 
 
Дәрістің  мақсаты:  Студенттерді  азық  қорыту  аппаратының  ортаңғы  және  артқы 
бөлімдері мүшелерінің құрылысымен және олардың топографиясымен таныстыру. 
Түйінді сөздер: ащы ішектер, он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек, бауыр, ұйқы безі, 
бүйен, тоқ ішек, тік ішек. 
Иллюстрация:  ішектер мен ас қорыту бездерінің таблицалары, слайдтар, атлас. 
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
1. Азық қорыту аппараты ортаңғы бөлімі мүшелерінің құрылысы және топографиясы.  
2. Ірі асқорыту бездерінің (бауырдың, ұйқы безінің) құрылысы және топографиясы 
3. Азық қорыту аппараты артқы бөлімі мүшелерінің құрылысы және топографиясы. 
Дәрістің мазмұны: 
1  -  сұрақ.  Азық  қорыту  аппаратының  ортаңғы  бөліміне  ащы  ішектер  мен  ірі  ас 
қорыту  бездері  жатады.  Ащы  ішектер  (intestinum  tenue)  қарын  мен  бүйеннің 
аралығында  орналасады.  Бұларда  қарында  жартылай  қорытылған  жын  құрамындағы 
қоректік заттар (протеиндер, майлар, көмірсулар) бауыр өтінің қатысуымен, жалпыішектік 
және  ұйқы  безінің  сөлдері  ферменттерінің  әсерінен  өздерінің  қарапайым  мономерлеріне 
ыдырап, қорытылған заттар мономерлер түрінде ащы ішектер кілегейлі  қабықтарындағы 
ішек  бүрлеріндегі  эпителий  микробүрлері  арқылы  сорылып,  қан  мен  лимфаға  сіңіріледі. 
Ащы  ішектер  кілегейлі  қабықтарының  ішкі  бетіндегі  қатпарлар  мен  ішек  бүрлері  – 
ішектер  кілегейлі  қабықтары  ішкі  бетінің  сору  ауданының  ұлғаюына  ықпалын  тигізеді. 
Азықтану  сипатына  байланысты  жануарлардың  ащы  ішектерінің  ұзындығы  әр  түрлі 
болады:  жыртқыштарда  (ит,  мысық)  қысқа,  талғаусыздарда  (шошқа)  орташа,  ал  шөппен 
азықтанатын жануарларда (жылқы, сиыр, қой, ешкі т.б.) – ұзын болады. 
Ащы  ішектерге:  он  екі  елі  ішек,  аш  ішек  және  мықын  ішек  жатады.  Он  екі  елі 
ішекке бауыр мен ұйқы безінің өзектері ашылады.  
Он  екі  елі  ішек  (intestinum  duodenum)  –  жануарлардың  түріне  байланысты 
ұзындығы  40  см  –  120  см  дейін  болатын,  қысқа  шажырқайға  ілінген  ащы  ішектің 
қарыннан басталатын бөлігі. Бұл ішек күйіс қайтаратын жануарларда ұлтабар ұшы деп те 
аталады.  Он  екі  елі  ішек  қарынның  қақпақшалық  бөлігінен  басталған  бойда,  S  тәрізді 
иілім  жасап,  оң  жаққа  бауырға  бағытталып,  одан  әрі  артқа  қарай  жүріп,  оң  бүйрекке 
жетеді  де,  солға  одан  соң  алға  бұрылып,  шекарасыз  аш  ішекке  өтеді.  S  тәрізді  иілім 
аумағында он екі елі ішек қуысына бауыр мен ұйқы безінің өзектері (сиыр мен шошқада 
бөлек,  қалғандарында  бірге)  ашылады.  Он  екі  елі  ішектің  кілегейлі  қабығында 
дуоденальды  безі  болады.  Бұл  ішек  негізінен  құрсақ  қуысының  оң  қабырғаастылық 
аумағында орналасады.  
Аш ішек (intestinum jejunum) – ащы ішектің ең ұзын бөлігі (сиырда 40 м, қойда 30 
– 35 м, жылқыда 30 м, шошқада 20м, итте 2 – 7 м). Ол ұзын шажырқайға ілініп, аш ішек 
ілмектерін  (ansae  intestinalis)  түзеді.  Аш  ішек  жылқыда  құрсақ  қуысының  сол  жақ 
жартысының  жоғарғы  және  ортаңғы  бөлігін,  күйіс  қайтаратын  жануарларда  –  құрсақ 
қуысының оң бөлігін алып жатады.  
Мықын  ішек  (intestinum  ileum)  –  ащы  ішектің  ең  қысқа  бөлігі  (сиырда  50  см, 
қойда 20  – 25 см, жылқы мен шошқада 30 см, итте 10  – 20 см). Мықын ішек  жылқыда 
бүйенге, ал басқа жануарларда бүйен мен тоқ ішектер шекарасына ашылады.  
Түтікше мүше ретінде ащы ішектің қабырғасы үш қабықтан: кілегейлі , етті және 
сірлі  қабықтардан  тұрады.  Кілегейлі  қабығында  қорытылған  заттарды  соруға  арналған 
ішек бүрлері (екі қабаттан: бірқабатты призма тәрізді эпителий және өзіндік тақташадан 
тұрады)  және  эпителий  қабаты  өзіндік  тақташаға  бойлай  еніп,  жалпыішектік  бездің 
кірмелерін  (крипталарын)  құрайды.  Ішкі  бірқабатты  призма  тәрізді  жиекті  эпителий 

энтероциттерінің  апикальды  бетіндегі  микробүрлер  ішектің  сору  ауданын  30  еседей 
ұлғайтады.  Энтероциттердің  ішкі  бетіндегі  жұқа  үлдір  тәрізді  гликокаликс 
(гликопротеидтерден  тұрады)  жын  құрамындағы  қоректік  заттарды  өзіне  жабыстырып, 
ферменттердің көмегімен жарғақтық қорыту процесін іс жүзіне асырады. Энтероциттер 
аралықтарында  кілегей  бөлетін  құтыша  (бокал  тәрізді)  біржасушалы  бездер, 
биологиялық  белсенді  заттар  бөлетін  эндокринді  жасушалар  кездеседі.  Зақымдалған 
энтероциттерді  кірмелер  қабырғаларындағы  діңгекті  жасушалар  бөлініп  көбейіп, 
алмастырып отырады. Крипталар қабырғаларындағы бірқабатты призма тәрізді жиекті 
эпителийді  негізінен  жиекті  энтероциттер  (энтероцит  жиегі    микробүрлерден  тұрады) 
құрайды.  Бұлардан  басқа  жиексіз  энтероциттер  (діңгекті  жасушалар,  митоз  арқылы 
көбейеді),  панет  жасушалары  (секрет  бөлетін  ірі  жасушалар  –  сөлінің  құрамында 
ферменттер  болады  және  жынмен  келген  қарын  сөлі  құрамындағы  тұз  қышқылын 
бейтараптандырады), құтыша жасушалар және эндокриноциттер болады.  
2  –  сұрақ.  Бауыр  (hepar)  –  организмдегі  ең  ірі  ас  қорыту  безі.  Ұрықтың 
эмбриондық  кезеңінде  бауыр  -  әмбебап  қантүзу  мүшесі,  майды  қорытуға  қатысатын  өт 
бөледі,  қақпалық  венамен  келген  қан  құрамындағы  улы  азоттық  (протеиндік)  алмасу 
өнімдерін,  биогенді  аминдерді,  дәрі-дәрмектер  қалдықтарын  бейтараптандырып, 
микроорганизмдерді  жояды,  қан  плазмасының  протеиндері  (альбуминдер,  фибриноген, 
протромбин),  ыдыраған  эритроцитер  гемоглобинінен  өт  пигменттері  түзіледі,  гликоген 
(полисахарид) гепатоциттерде қор ретінде сақталады, қан капиллярлар қабырғаларындағы 
тармақты макрофагтар (Купфер жасушасы) қанға түскен микроорганизмдерді, басқа бөгде 
заттарды  қармап,  фагоцитоз  арқылы  жояды,  протеин,  липид,  көмірсулар  алмасуына 
қатысады, организмдегі қанның 20 % қор ретінде сақталады (ішкі резерв).  
Бауырдың  көкетпен жанасатын алдыңғы бетін, оның  диафрагмальды беті (facies 
diaphragmatica),  артқы  бетін  висцеральды  беті  (facies  viceralis)  деп  атайды.  Жоғарғы 
жиегі (margo dorsalis) доғал, төменгі жиегі (margo ventralisқырлы болып келеді және оң 
және  сол  жиектері  (margo  dexter  et  sinister)  болады.  Доғал  жиегінде  өңеш  батыңқысы 
(impressio  oesophagea)  және  артқы  қуыс  венаның  ойыс  орны  байқалады.  Төменгі  қырлы 
жиегіндегі  бөлікаралық  ойықтар  (incisura  interlobularis)  бауырды  оң  бөлікке  (lobus 
hepatis  dexter)  және  сол  бөлікке  (lobus  hepatis  sinister)  олардың  арасындағы  аралық 
бөлікке  бөледі.  Аралық  бөлік  өз  кезегінде  бауырға  қақпалық  вена  (v
.  portae)  енетін 
бауыр  қақпасы  (porta  hepatis)  тұсында  екі  бөлікке:  жоғарғы  құйрықты  бөлікке  (lobus 
caudatus), төменгі шаршы бөлікке (lobus quadratusбөлінеді. Көп жануарларда құйрықты 
бөліктің құйрықты өсіндісі (processus caudatus hepatis) болады. Сонымен бауырда төрт: 
оң, сол, құйрықты және шаршы бөліктер болады. Бауырдың висцеральды бетінде жылқы, 
түйе  және  бұғыдан  басқа  жануарларда  өт  қабы  (vesica  fellae)  және  одан  шығатын  өт 
қабының  өзегі  (ductus  cysticus)  болады.  Аралық  бөлікті  сол  бөліктен  жұмыр  байлам 
(ligamentum
  teres)  –  іштөлінің  кіндік  венасы,  ал  оң  бөліктен  өт  қабы  бөліп  тұрады. 
Бауырды  диафрагмамен  жұмыр  байламның  жалғасы  орақша  байлам  байланыстырады. 
Ол  одан  әрі  қысқа  көлденең  тәждік  байламға  (ligamentum  coronarium)  ауысады.  Тәждік 
байлам  өз  кезегінде  екіге  ажырап,  оң  және  сол  үшбұрышты  байламдарға  (ligamentum 
triangulare  dextrum  et  sinistrum)  жалғасады.  Кейбір  жануралар  бауырларында  бүйрек 
батыңқысы (impressio renalisболады. 
Жылқыда  өт  қабы болмайды, сол бөлігі: латеральды және  медиальды бөліктерге 
бөлінеді.  Ол  құрсақ  қуысының  оң  қабырғаастылық    аумағында  жатады,  сол 
қабырғаастылық аумаққа аздап өтеді. 
Күйіс  қайтартын  жануарларда  оң  қабырғаастылық    аумақта,  8-қабыртқадан 
соңғы қабыртқаға дейін созылады. Төрт бөліктен тұрады. 
Шошқада  оң  және  сол  бөліктер:  өз  кезегінде  лстеральды  және  медиальды 
бөліктерге бөлінеді, оң қабырғаастылық аумақта жатады, сол қабырғаастылық аумаққа сәл 
ғана өтеді. 

Итте  бауырдың  мөлшері  басқа  жануарларға  қарағанда  салыстырмалы  көлемді 
келеді. Оң және сол бөліктер латеральды және медиальды бөліктерге бөлінеді. Құйрықты 
бөлікте  қосымша  емізікше  өсінді  (processus  papillaris)  болады,  оң  және  сол 
қабырғаастылық және семсерше аумақтарда орналасады. curvatura ventriculi majus.
  
Бауыр  сірлі  қабықпен  қапталған.  Оның  астындағы  дәнекер  ұлпалық  қапшық 
баыудың  ішіне  таралып,  бауыр  паренхимасын  пішіні  көпбұрышты  бөлікшелерге  бөледі. 
Бауыр  бөлікшелері  –  бауырдың  құрылымдық  және  қызметтік  бірлігі.  Стромасын 
бауырдың  дәнекер  ұлпалық  қапшығы  мен  бөлікшелераралық  дәнекер  ұлпалық 
аралықтар  құрайды.  Бауырға  бауыр  артериясы  (артерия  қаны)  және  қақпалық  вена 
(вена  қаны)  еніп,  бөлікшелераралық  дәнекер  ұлпасында  кезегімен:  бөліктік,  сегменттік, 
бөлікшелераралық артериялар мен веналарға таралады. Бауыр бөлікшелерінің бауыр 
бағандарынан өт капиллярлары бөлікшелераралық дәнекер ұлпасына шығып, бір-бірімен 
қосылып, қабырғасы бірқабатты текше тәрізді эпителийден құралған бөлікшелераралық 
өт өзегін түзеді. Бөлікшелераралық артерия, вена және өт өзегі бөлікшелераралық дәнекер 
ұлпасында  «бауыр  үштігін»  құрайды.  Бөлікшелераралық  артериялар  мен  веналар 
бөлікшелерді айнала шырмап жататын перделік (спеталық) артериялар мен веналарға 
тарамдалады. Бұлар өз кезегінде бауыр бөлікшелеріне кіріп, бір-бірімен қосылып таралып, 
бауыр  бағандарының  аралықтарымен  өтетін  қойнауша  (синусоидты)  капиллярларға 
(қабырғасында негіздік жарғақ болмайдыайналады. Бұлар бауыр бағанының ортасында 
бір-бірімен  қосылып,  қабырғасы  капиллярлар  қабырғасына  ұқсас  (эндотелиоциттерден 
тұрады)  орталық  венаны  түзеді.  Орталық  веналар  бір-бірімен  қосылып,  бөлікшеасты 
веналарды, олар өз кезегінде өзара қосылып, бауыр венасына айналады.  
Бауыр  бөлікшелері  бөлікше  шетінен  орталық  венаға  қарай  радиальды  (сәулелі) 
бағытта  орналасқан,  екіқатар  гепатоциттерден  құралған  бауыр  бағандарынан  тұрады. 
Бағандардың  арасымен  шеттен  орталық  венаға  қарай  қойнауша  капиллярлар 
(гепатоциттердің  қан  капиллярларына  қарған  бетін  тамырлы  бет  дейді)  өтіп,  өзара 
қосылып,  орталық  венаны  құрайды.  Бағандар  гепатоциттерінің  аралықтарымен 
орталықтан  шетке  қарай  өт  капиллярлары  (олардың  өздерінің  қабырғалары  болмайды. 
Қабырғаларының  қызметін  гепатоциттердің  қабықшалары  атқарады)  бағытталады.  Олар 
бөлікшелераралық  борпылдақ  дәнекер  ұлпасында  бір-бірімен  өзара  қосылып, 
бөлікшелераралық өт өзегін түзеді. 
Гепатоциттер  мен  қойнауша  капиллярлармен  ағатын  қан  арасында  зат  алмасу 
процесі  (гепатоциттерден  қанға:  глюкоза,  несепнәр,  протеиндер  т.б.  заттар;  қаннан 
гепатоцитерге:  аталған  заттарды  синтездеуге  керекті  заттар  өтеді)  жүреді.
  Бөлікшелер 
ішінде  дәнекер  ұлпалық  аралықтар  болмайды.  Өт  қабының  қабырғасы:  кілегейлі,  етті, 
сірлі  қабықтардан  құралған.  Кілегейлі  қабық  бірқабатты  призма  тәрізді  эпителиймен 
астарланған. Кілегейлі қабықта кілегейлі және сірлі қарапайым түтікше бездер мен лимфа 
түйіншелері болады.
 
Ұйқы  безі  (pancreas)  –  құрылысы  мен  қызметі  екі  түрлі:  экзокринді  және 
эндокринді  бөліктерден  құралған  аралас  без.  Ұйқы  безінің  экзокринді  бөлігі  құрылысы 
жағынан күрделі көпіршікше-түтікше безге жатады, ал эндокринді бөлігі инсулиттерден 
құралған  аралшықтар.  Экзокринді  бөлік  құрамында  ас  қорыту  ферментеріне  бай  ұйқы 
безінің  сөлін  бөледі.  Ұйқы  безі  –  паренхималы  мұше.  Паренхимасы  эктодермадан, 
стромасы  мезенхимадан  дамиды.  Ол  он  екі  елі  ішектің  шажырқайында  орналасады.  Без 
оң, сол және орталық бөліктерден тұрады. Оның  шығару өзегі (ductus pancreaticus) он 
екі  елі  ішекке  ашылады.  Бұдан  басқа  ұйқы  безінің  қосымша  өзегі  (ductus  pancreaticus 
accessoriusде болады. 
Ұйқы  безі  құрсақ  қуысында,  он  екі  елі  ішек  ілмегінің  аралығында  орналасады, 
Сыртынан  дәнекер  ұлпалық  қапшықпен  қапталған.  Қапшықтан  без  ішіне  тарамдала 
кіретін  дәнекер  ұлпалық  аралықтар  без  паренхимасын  майда  бөлікшелерге  бөледі. 
Дәнекер  ұлпалық  аралықтарда  қоректендіргіш  қан,  лимфа  тамырлары,без  жұмысын 
реттейтін  жүйке  талшықтары,ұйқы  безінің  бөлікшелераралық  шығару  өзектері, 

қапшықталған  сезімтал  жүйке  ұштары  орналасады.  Без  бөлікшелерін  өзара  тым  жұқа 
дәнекер  ұлпалық  аралықтармен  байланысқын  пішіні  дөңгелек  не  сопақ  келген  секрет 
бөлетін  бездің  соңғы  бөлімдер  (альвеолалар,  ацинустар),  ендірме  бөлімдер  және 
ендірме  өзектер  құрайды.  Альвеолалардың  қабырғасы  негіздік  жарғақта  бір  қабатта 
орналасқан,  пішіні  конус  тәрізді  безді  эпителиоциттерден  (гландулоциттерден
құралған. Бұлардың секрет бөлетін базальды бөліктері көкшіл түске, ал бөлінген бөлінді 
жиналатын 
гландулоцитердің 
апикальды 
бөліктері 
қызыл 
түске 
боялады. 
Гландулоциттердің  дөңгелек  ядролары  цитоплазма  орталығында  негіздік  жарғаққа 
жақындау  орналасады.  Бұлардың  базальды  бөлігінде  гранулалы  эндоплазмалық  тор 
тығыз жатады, Гольджи кешені мен митохондриялар жақсы жетілген.  Гландулоциттердің 
майда  тамшылар  түріндегі  секреті  жиналған,  қызыл  түске  боялған  апикальды  бөлігі 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет