Технология және биоресурстар факультеті


Енқап  –  құрсақ  қабырғасы  қабаттарынан  дамып  жетілген,  пішіні  дорба  тәрізді  ен



Pdf көрінісі
бет15/30
Дата03.03.2017
өлшемі1,67 Mb.
#6975
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30

Енқап  –  құрсақ  қабырғасы  қабаттарынан  дамып  жетілген,  пішіні  дорба  тәрізді  ен 
орналасқан  қуысты  мүше.  Енқаптың  қуысы  құрсақ  қуысымен  шап  өзегінде  орналасқан 
қынаптық өзек арқылы жалғасады. Қабырғасы үш қабықтан: ұмадансыртқы көтергіш 
бұлшық еттен  және жалпы қынаптық қабықтан құралған. Ұма мен жалпы қынаптық 
қабық  борпылдақ  дәнеер  ұлпасы  арқылы  байланысқан.  Ұма  екі  қабаттан:  сыртқы  – 
теріден,  ішкі  етті-серпімді  қабаттан  (беткей  шандыр,  бірыңғай  салалы  ет  ұлпасы) 
тұрады. Етті-серпімді қабаттың жалғасы – ұма пердесі енқап қуысын екіге бөлікке бөледі. 
Оларда  жалпы  қынаптық  қабықпен  (сыртқы  -  фиброзды  қабат,  ішкі  -  сірлі  қабық  -
құрсақ  қуысы  іш  пердесі  қабырғалық  жапырақшасының  жалғасы)  қапталған  және 
сыртқы көтергіш бұлшық етпен (ішкі қиғаш бұлшық еттің жалғасы) арқауланған жұп 

ен орналасады. Сірлі қабықпен астарланған енқаптың  қынаптық қуысында сірлі сұйық 
болады. Қынаптық қуыс – құрсақ қуысының енқаптағы жалғасы.   
Жыныстық  қатынас  мүшесі  (пенис)  –  кеуекті  дене  мен  несеп-жыныс  өзегінен 
құралған.  Айғырда  қаса,  күйісті  жануарлар  мен  қабанда  қамшы,  төбетте  шүкі  (түкі)  – 
деп аталады. Ол жыныстық мүше түбірінен, денесінен, басынан тұрады.  
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Көбею мүшелерінің жануарлар организміндегі маңызы. 
2. Көбею мүшелері қандай бөлімдерге бөлінеді? 
3. Көбею мүшелерінің дамуы (филогенезі және онтогенезі). 
4. Еннің анатомиялық және гистологиялық құрылысы, топографиясы.  
         5.  Еркек  жануарлар  жыныс  жолдарының  (тұқымәкеткіш  өзекшелер,  ен  қосымшасы, 
енбау, шәуетжолы, несеп-жыныс өзегі) макро – және микроқұрылысы.  
         6. Қосымша жыныс бездерінің құрылысы.  
         7. Енқаптың құрылысы. 
         8. Жыныстық қатынас мүшесінің құрылысы.  
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1.
 
«Жануарлар  морфологиясы  және  латын  терминологиясы»  оқулығы,  2005,  399  – 
415 беттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№19 ДӘРІС. 
 
Дәрістің тақырыбы: Ұрғашы жануарлар көбею мүшелерінің  морфологиясы.                                                                        
 
Дәрістің  мақсаты:  Студенттерді  ұрғашы  жануарлар  көбею  мүшелерінің  макро  – 
және  микроскопиялық  құрылыстарымен,  жануарлардың  түрлеріне  байланысты  олардың 
құрылыстарындағы ерекшеліктермен таныстыру. 
Түйінді  сөздер:  жұмыртқалық,  фолликул,  овуляция,  сары  дене,  жатыр  түтігі 
(жұмыртқа жолы), жатыр, қынап, несеп-жыныс кіреберісі, жыныс ернеулері, клитор. 
Иллюстрация  –  ұрғашы  жануарлар  жыныс  мүшелері,  жұмыртқалықтың 
гистологиялық  құрылысы,  ұрғашы  жануарлар  жыныс  жолдары  мүшелері  (таблицалар, 
слайдтар). 
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
         1. Ұрғашы жануарлар көбею мүшелерінің құрылыс заңдылықтары. 
         2.  Жұмыртқалықтың  құрылысы,  топографиясы  және  жануарлардың  түрлеріне 
байланысты олардағы ерекшеліктер. 
         3.  Ұрғашы  жануарлар  жыныс  жолдарының  (жатыр  түтігі,  жатыр,  қынап,  несеп-
жыныс кіреберісі, сыртқы жыныс мүшесі) құрылысы.  
Дәрістің қысқаша мазмұны: 
1-сұрақ.  Ұрғашы  жануарлар  көбею  мүшелері  екі  бөлімнен  тұрады:  жыныс  безі  – 
жұмыртқалық  және  жыныс  жолдары.  Жұмыртқалық  –  құрылысы  жағынан  қомақты 
паренхималы  мүше  (паренхима,  строма),  жыныс  жолдары  –  түтікше  мүшелер 
(қабырғалары үш қабықтан: кілегейлі, етті, сірлі немесе адвентиция.      
2  –  сұрақ.  Жұмыртқалық  –  аналық  жыныс  жасушалары  (овоциттер)  дамып,  пісіп 
жетілетін  және  аналық  жыныс  гормондары  бөлінетін,  пішіні  сопақша  келген  жұп 
паренхималы қомақты мүше. Ол үй жануарларында мезогастрий бел аумағының жамбас 
қуысына  кіреберісінде,  шажырқайға  ілініп  тұрады.  Шажырқай  арқылы  жұмыртқалыққа 
қоректендіретін қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер енеді.  
Жұмыртқалықта: алдыңғы түтіктік ұшы,  
                              артқы жатырлық ұшы;  
                              жоғарғы шажырқайлық жиегі,  
                              төменгі бос жиегі;  
                              латеральды беті,  
                              медиальды беті болады.  
Оның  түтіктік  ұшына  жатыр  түтігінің  құйғышы  (воронка),  ал  жатырлық  ұшына 
өзіндік  жұмыртқа  байламы  арқылы  жатыр  мүйізі  байланысады.  Жұмыртқалық  –  екі 
қабықпен:  сыртынан  бастама  эпителиймен  (бірқабатты  текше  тәрізді)  және  оның 
астындағы  ақ  қабықпен  (тығыз  дәнекер  ұлпасы)  қапталған.  Жарып  қарағанда 
жұмыртқалық  бір-бірінен  анық  ажырап  көрінетін  екі  аймақтан:  фолликулалы    және 
тамырлы  аймақтардан    тұрады.  Фолликулалы  аймақта  –  овогенез  процесі  жүреді,  ал 
тамырлы  аймақ  арқылы  жұмыртқалықты  қоректендіретін  қан,  лимфа  тасырлары  мен 
жүйкелер  өтеді.  Фолликулалы  аймақта  түрлі  даму  сатысындағы  жыныс  жасушаларының 
фолликулдары (фолликулалы жасушалармен қапталған овоциттер) орналасады: 
Алғашқы 
(примордиальды
фолликулдар 
(бірқабатты 
фолликулалы 
жасушалармен  қапталған  жетілмеген  жас  овоцит)  –  фолликулалы  аймақтың  шеткі 
жағында топтасып жатады; 
Өсуші  фолликулдар  -  фолликулалы  аймақтың  ортасына  қарай  орналасқан  ірі 
фолликулдар. 
Жұмыртқа 
жасушасы 
цитоплазмасында 
сарыуыз 
жинақталып, 
фолликулдардың  көлемі  ұлғаяды.  Овоциттерден  мөлдір  негіздік  жарғақ  (шыныша 
жарғақ) арқылы бөлінген фолликулалы қабық – фолликулдардың мөлшеріне байланысты 
бірқабатты  жалпақ  жасушалардан  бірқабатты  текше  тәрізді,  бірқабатты  призма  тәрізді 
жасушаларға,  одан  әрі  ұлғайған  сайын  –  көпқабатты  жасушаларға  айналады.  Фолликул 

қабығының  сыртындағы  жұмыртқалық  стромасынан  (борпылдақ  дәнекер  ұлпасы)  ішкі  - 
тамырлы  қабық  және  сыртқы  -  талшықты  (фиброзды)  қабық  (фолликул  текасы
түзіледі.  Кейіннен  фолликул  жасушалары  аралықтарында  осы  жасушалардың  сұйық 
өнімдеріне толған қуыстар пайда болады. Олар бір-бірімен қосылып, фолликул қуысына 
айналады  да,  мөлшері  тым  ірі  көпіршікті  фолликул  түзіледі.  Жұмыртқа  жасушасы 
көпіршікті фолликул қуысының бір жағындағы пішіні призма тәрізді бір қабат фолликул 
жасушаларымен  қапталған  жұмыртқа  төбешігінде  орналасады.  Жұмыртқа  жасушасын 
сыртындағы  бір  қабат  фолликул  жасушаларымен  біріктіріп,  «сәулелі  тәж»  деп  атайды. 
Жарылуға  дайын  тым  ірі  көпіршікті  фолликул  -  жұмыртқалықтың  сыртқы  бетіне  жақын 
орналасады  да,  жетілген  фолликул  (Грааф  көпіршігі)  деп  аталады.  Қабырғасы  төрт 
қабаттан тұрады. Олар: ішінен сыртына қарай – фолликулалы қабат, шыныша жарғақ, 
тамырлы  қабат,  талшықты  қабат.  Фолликул  қабатының  жасушалары  фолликул 
қуысындағы фолликул сұйығына эстроген гормонын бөледі. Гипофиздің ЛГ гормонының 
әсерінен  жетілген  фолликул  жарылады  да,  даму  сатысындағы  жұмыртқа  жасушасы 
фолликул сұйығымен  бірге  жатыр  түтігі  құйғышына құйылады. Процесс  овуляция деп 
аталады. Аденогипофиздің лактотропты гормоны әсерінен жарылған көпіршік орнында 
сары  дене  өсіп  жетіледі.  Жасушалары  лютеоциттер  деп  аталады.  Фолликул  текасы 
жасушаларынан  текалютеоциттер  жетіледі.  Аталған  жасушалар  прогестерон  гормонын 
бөледі. Фолликулдардың көбі толық жетілмей, кері ыдырап,  ыдырама (атреттік) денеге 
айналады. 
Сары дененің түрлері: 1. Буаздық сары дене, 2. Жыныстық айналым сары денесі 
(кері ыдырап, ақ денеге айналады), 3. Дерттік (патологиялық) сары дене. 
Фолликулдарың,  сары,  ақ  ыдырама  денелердің  аралықтарында  қоректендіруші  қан, 
лимфа тамырлары мен жүйкелер өтетін борпылдақ дәнекер ұлпасы (строма) болады. 
Жұмыртқалықтың  тамырлы  аймағы  арқылы  аналық  жыныс  безін  қоректендіретін 
ірі  қан  және  лимфа  тамырлары  мен  қызметін  реттейтін  жүйкелер  өтеді.  Осы  аймақтың 
стромасында 
эпителий 
жасушаларына 
ұқсас 
интерстициальды 
жасушалар 
(интерстициоциттер)  топтасып  әр  жерде  орналасады.  Бұл  жасушалар  да  эстроген 
гормонын бөліп, екінші жыныстық белгілердің дамуына ықпалын тигізеді. 
Барлық  жануралар  жұмыртқалығында  фолликулалы  аймақ  аналық    жыныс  безінің 
сыртқы  жағында,  ал  тамырлы  аймақ  оның  ішкі  жағында  орналасады.  Тек  биеде  ғана 
аталмыш амақтар керісінше орналасады. Бие жұмыртқалығында овуляция процесі бастама 
эпителиймен қапталған вентральды жұмыртқа шұңқырында жүреді. 
3  –  сұрақ.  Жатыр  түтігі  (жұмыртқа  жолы)  –  жатырға  ашылатын  иректелген 
жіңішке түтікше мүше. Оның жұмыртқалық жағындағы кеңейіп басталатын ұшын жатыр 
түтігінің  құйғышы,  ал  құйғыштың  шеткі  шашақталған  жиегін  түтік  салпыншағы  деп 
атайды. Қабырғасы үш қабықтан: кілегейлі қабық (екі қабаттан: бірқабатты кірпікшелі 
эпителий қабаты – призма тәрізді кірпікшелі эпителиоциттер, текше  тәрізді кірпікшесіз 
эпителиоциттер – секрет бөледі, өзіндік тақташа қабаты – Б.Д.Ұ., жекеленген миоциттер 
болады), етті қабық (ішкі сақинаша, сыртқы ұзынша) және сірлі қабық. 
Жатыр – плаценталы сүтқоректі жануарларда ұрық толық дамып жетілетін түтікше 
мүше.  Үй  жануарларында  жатыр  –  қосмүйізді  жатыр.  Ол  жатыр  мүйізінен,  жатыр 
денесінен  және  жатыр  мойнынан  тұрады.  Қабырғасы  үш  қабықтан  тұрады: 
эндометриум, миометриум, периметриум. Жатыр мүйізі мен жатыр денесінің кілегейлі 
қабығында  кілегей  бөлетін  жатыр  бездері  болады.  Жатырдың  жалпақ  баламын 
периметриум түзеді.  
Сиыр, қой мен ешкіде жатыры кілегейлі қабығында 10-14 – тен төрт қатарда жатыр 
сүйелшелері (карункулалар) болады. 
Мегежін  жатыр  мүйізінің  ұзындығы  140  –  150  см,  жатыр  денесінің  –  5  см,  жатыр 
мойнының – 15 см. 
Қаншық жатырының денесі оның мүйізінен 4 – 5 есе қысқа. 

Қынап  –  жыныстық  қатынас  және  төлдің  туу  процесін  қамтамасыз  ететін  түтікше 
мүше.    Қабырғасы  үш  қабықтантұрады:  кілегейлі  (көпқабатты  жалпақ  эпителиймен 
астарланған), етті (сақинаша, ұзынша), сірлі қабық және адвентиция.  
Несеп-жыныс  кіреберісі  –  қабырғасының  құрылысы  қынапқа  ұқсас.  Етті  қабығын 
сыртынан кіреберістік қысқыш бұлшық ет сақина тәріздес қаптап жатады. 
Сыртқы  жыныс  мүшесі  (жыныс  ернеулері)  –  жоғарғы  және  төменгі  жағынан 
дорсальды  және  вентральды  бітістермен  (комиссура)  байланысқан.  Олардың  негізін 
жыныс саңлауының қысқыш еті құрайды. 
Клитор  (тылақ)  –  жыныстық  қатынас  мүшесі  (пенис)  сияқты  нашар  жетілген 
үңгірқуысты  мүше.  Ол  екі  клитор  аяқшаларынан,  клитор  денесінен,  клитор  төбесінен 
тұрады. Клитор аяқшалары шонданай төмпегіне бекиді.   
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Ұрғашы жануарлар көбею мүшелері қандай бөлімдерге бөлінеді? 
2. Жұмыртқалықтың анатомиялық құрылысы және топографиясы. 
3. Жұмыртқалықтың гистологиялық құрылысы.  
         4. Ұрғашы жануарлар жатыр түтігінің құрылысы.  
         5. Жатырдың анатомиялық және гистологиялық құрылысы.  
         6. Қыныптың, несеп-жыныс кіреберісінің құрылысы.         
         7. Сыртқы жыныс мүшесінің (жыыс ернеулерінің, клитордың) құрылысы. 
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1.
 
 «Жануарлар  морфологиясы  және  латын терминологиясы»  оқулығы,  2005,  416  – 
424 беттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№20 ДӘРІС. 
 
Дәрістің тақырыбы: Жүрек-тамырлар жүйесінің морфологиясы.                                                                        
 
Дәрістің мақсаты: Студенттерді тамырлар жүйесі бөлімдерімен және қан айналым 
жүйесінің дамуымен, қан тамырларының түрлерімен және олардың құрылыстарымен, қан 
тамырларының жануарлар организміндегі тарамдалу заңдылықтарымен таныстыру. 
Түйінді  сөздер:  тамырлар,  артериялар  (қызылтамырлар),  веналар  (көктамырлар), 
артериолалар 
(қызылтамыршалар), 
капиллярлар 
(қылтамырлар), 
венулалар 
(көктамыршалар), жүрек, қан, лимфа.  
Иллюстрация  –  тамырлар  жүйесінің  бөлімдері,  артерия,  вена,  капиллярлар 
(таблицалар, слайдтар). 
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
         1. Тамырлар жүйесінің жалпы сипаттамасы, оның бөлімдері.          
         2. Қан айналым жүйесінің дамуы: филогенез, онтогенез. 
         3. Қан тамырлары, олардың құрылысы және тарамдалу заңдылықтары. 
Дәрістің қысқаша мазмұны: 
1-сұрақ.  Тамырлар  немесе  жүрек-тамырлар  жүйесі  жануарлар  организміндегі 
жасушалық  және  ұлпалық  деңкейдегі  зат  алмасуды,  гуморальдық  реттелуді,  дене 
қызуының  реттелуін  қамтамасыз  етеді,  қорғаныс  қызметін  атқарады.  Тамырлар  жүйесін 
зерттейтін ілім ангиология деп аталады. Тамырлар жүйесі  - құрылысы мен қызметі бір-
бірімен тығыз байланысты, шығу тегі біртекті үш жүйеден: қан айналым, лимфа айналым 
және қанжасау, иммундық қорғаныс қорғаныс мүшелері жүйелерінен тұрады. 
2  –  сұрақ.  Филогенез.  1.  Біржасушалы  қарапайымдарда  –  тамырлар  жүйесі 
болмайды (зат алмасу үдерісі сулы ортада жүреді).  
2. Көпжасушалы қарапайым жәндіктерде – тереңде орналасқан дене жасушалары 
аралықтарында тамырлар арналары дамып жетіледі де, зат алмасу процесі барлық дене 
жасушаларында бір деңгейде жүреді.  
3.  Күрделі  көпжасушалы  жануарларда  –  арнайы  тамырлар  жүйесі  жетіледі 
(тамырлар бірқабат жұқа эндотелиймен астарланады), тамырлар жүйесі қоршаған сыртқы 
сұйық  ортамен  қатынасын  үзеді,  организмдегі  зат  алмасу  процесін  тамырлар  қуысы 
арқылы  үздіксіз  қозғалыста  болатын  қан  тәріздес  ұлпа  сұйығы  іс  жүзіне  асырады. 
Қарапайым тамырлар дененің еекше қуысына ашылады, яғни тұйықталмаған тамырлар 
жүйесі  жетіледі  (буынаяқтыларда).  Бұларда  арқаның  бойымен  өтетін  қан  тамыры 
қабырғасының  бір  бөлігінде  ет  ұлпасы  жетіліп,  ол  жүрек  тәрізді  толқынды  жиырыла 
бастайды. 
4.  Төменгі  сатыдағы  құрттарда  –  тамырлар  арналарының  ұштары  бір-бірімен 
жалғасып,  тұйықталған  тамырлар  жүйесі  дамиды.  Бұлардың  денесінде  бір  арқа  және 
екі  құрсақ  тамырлары  жетіледі.  Организмнің  бас  бөлігіне  қан  арқа  тамырының 
жиырылуы  арқылы  жеткізіледі.  Дене  сегменттерінде  олар  өзара  метамерлік  тамырлар 
арқылы жалғасып жатады.      
5.  Қарапайым  хордалыларда  (қандауырша)  –  қан  айналым  жүйесін  желбезек 
саңлауларындағы  тарамдалған  майда  қан  тамырлары  арқылы  жалғасқан  арқа  және 
құрсақ  қолқалары  құрайды.  Қан  жасушалары  болмайды.  Жүректің  қызметін 
жұтқыншақ  астында  жатқан  құрсақ  қолқасының  етті  бөлігі  атқарады.  Қандауырша 
денесінің  артқы  бөлімінде  құрсақ  қолқасы  кеңейіп,  вена  қойнауын  түзеді.  Бұған 
алдыңғы  мойындырық  венасы  және  артқы  кардинальды  вена  ашылады.  Ішкі 
мүшелерден басталған вена тамырлары бауыр арқылы өтіп, бауыр венасын құрайды. Ол 
вена қойнауына ашылады. 
6. Балықтарда – желбезек пен дене мүшелеріндегі капиллярлар торларының жетілуі 
қанның қозғалысын  қиындатып,  жүректің  жетілуіне  ықпалын  тигізеді.  Бұлардың  жүрегі 
төрт бөлімнен: вена қойнауынан, жүрекшеден, қарыншадан және артерия бағанынан 

тұрады.  Оларды  қақпақшалар  бөліп  тұрады.  Вена  қойнауына  қан    -  жалпы 
кардинальды  вена  және  бауыр  венасы  арқылы  келеді.  Артерия  бағаны  желбезек 
артерияларына жалғасады. Балықтарда жүрек арқылы тек вена қаны ағып өтеді.  
7.  Құрлықтағы  жануарларда    газ  алмасу  мүшесі  -  өкпе  дамып  жетіледі  де,  вена 
қойнауы  жүрекшемен  бірігіп  кетеді,  ал  артерия  бағаны  қолқа  мен  өкпе  артериясына 
ажырап кетеді. Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларда – жүрек үш бөлімнен 
(перде  арқылы  бөлінген  оң  және  сол  жүрекшелері  және  бір  қарыншасы  болады). 
Құстар мен сүтқоректі жануарларда жүрек төрт бөлімнен (оң, сол жүрекшеден және оң, 
сол  қарыншадан)  тұрады.  Балықтардың  желбезек  артерияларынан  қолқа  доғасы  мен 
ұйқы артериялары дамиды. Ішкі ұйқы артериясы желбезек артериясының 3- жұбынан, 
өкпе  артериясының  бағаны  –  оның  4-  жұбынан,  қолқа  доғасы  –  6-  жұбынан 
(бауырымен жорғалаушыларда – оң және сол; құстарда – оң; сүтқоректілерде - сол) дамып 
жетіледі.  
Онтогенезде – филогенезде қамтылған негізгі сатылар қайталанады. Қан тамырлары 
негізінен мезенхима жасушаларынан (ангиобласттар, яғни қуысты аралшықтар жетіледі, 
қуысындағы  мезенхима  жасушаларынан  –  қан  жасушалары,  ал  қабырғаларын  құрайтын 
жасушалардан – эндотелий дамиды) қалыптасады.  
3  –  сұрақ.  Қан  айналым  жүйесін  –  жүрек,  артериялар,  микроайналым  арнасының 
қан тамырлары (артериолалар, капиллярлар, венулалар), веналар және олардың қуысымен 
үздіксіз ағып, ұдайы қозғалыста болатын сұйық та, тірі ұлпа – қан құрайды. 
Қан  тамырлары:  артериялар  –  қанды  жүректен  организм  мүшелеріне  алып 
шығатын қан тамырлары, веналар – қанды организм мүшелерінен жүрекке алып келетін 
қан тамырлары. Артериялар мен веналар қан тасымалдайтын ірі қан тамырлары. Бұлардың 
қабырғалары арқылы қан мен қоршаған ұлпа арасында зат алмасу процесі жүрмейді.  Зат 
алмасу үдерісі – микроайналым арнасы қан тамырларының қабырғалары арқылы жүреді.  
Артериялар – қабырғасының құрылыс сипатына байланысты үш топқа:  эластинді, 
эластинді-етті және етті артериялар болып бөлінеді.  
Эластинді артерияларға жүрекпен тікелей байланысқан ірі артериялар (қолқа, өкпе 
артерия  бағаны)  жатады.    Қабырғасы  (қалың  және  серпімділігі  күшті  болып  келеді)  үш 
қабықтан:  интима  (эндотелий  (негіздік  жарғақта  орналасады),  эндотелийасты  қабат  – 
БДҰ, жас жұлдызша жасуша  – эндотелиоциттерге камбий қызметін атқарады, макрофаг, 
аздаған  миоциттер),  медиа  (фенестрлі  эластинді  жарғақтар,  эластинді  талшықтар, 
миоциттер), адвентиция (БДҰ – коллаген талшықтары артерияның ұзын бойымен бойлай 
орналасады, қан тамырлары, жүйкелер). 
Эластинді-етті  артериялар  –  қолқа  мен  өкпе  артерия  бағанының  жүректен 
алысырақ  жатқан  мүшелерге  дейінгі  ірі  тармақтары.  Аталмыш  артериялар 
қабырғаларында  эластинді  талшықтарға  байланысты  іс  жүзіне  асатын  серпімділік 
қасиетімен  қатар,  құрамындағы  миоциттердің  арқасында  жиырылу  қасиеті  де  пайда 
болады. Медиа қабығын эластинді жарғақтармен араласып сақинаша орналасқан бірыңғай 
салалы  ет  ұлпасының  миоциттері  тең  мөлшерде  құрайды.  Сондықтан,  мұндай 
артерияларды  аралас  артериялар  деп  те  аталады.  Басқа  қабықтары  мен  қабаттарының 
құрылысы эластинді артерияға ұқсас. 
Етті  артериялар  –  организм  мүшелеріне  артерия  қанын  әкелетін  немесе  мүшелер 
ішіндегі  артериялар.  Интима  –  эндотелийден,  эндотелийасты  қабатынан  және  ішкі 
эластинді  жарғақтан,  медиа  –  толығымен  сақинаша  орналасқан  миоциттерден  (ірі 
артерияларда  сыртқы  эластинді  жарғақ  болуы  мүмкін),  адвентиция  –  БДҰ  –  сынан 
құралған.  Жануарлар  организміндегі  барлық  артериялардың  серпімді  және  жиырылғыш 
элементтерінің жиынтыған «шеткі жүрек» деп атайды. 
Веналардың  қабырғалары  да  үш  қабықтан:  интимадан,  медиадан,  адвентициядан 
тұрады. Веналардың артериялардан айырмашылығы:  
1.Қабырғасы жұқа болып келеді;  
2.Интимада ішкі эластинді жарғақ болмайды;  

3.  Интимасында  қанның  бір  бағытта  ғана,  тек  жүрекке  қарай  ағуын  қамтамасыз 
ететін  қақпақшалар  (клапандар)  болады  (қақпақшасыз  веналарда  қақпақшаларды 
қызметін  арнайы  қысқыштар  –  сфинктерлер  атқарады.  Бұндай  веналар  дроссельді 
веналар деп атайды);  
4.Веналардың  қуыстары  кең  болып  келеді  (организмдегі  қан  тамырларындағы 
қанның 15% артериялар қуыстарында, ал 85% - веналар қуыстарында болады).         
Медианың  құрылысына  байланысты  веналар:  етті  веналар  және  етсіз  веналар 
(сүйек,  көкбауырдың  перделік,  ми  қабықтарының,  көздің  торлы  қабығының,  бауыр 
бөлікшелерінің  орталық  веналары)  болып  бөлінеді.  Етті  веналар:  медиасы  нашар 
жетілген  веналар  (жүрек  деңгейінен  жоғары  орналасқан  веналар),  медиасы  орташа 
жетілген  веналар  (жүрек  деңгейінде  жатқан  веналар)  және  медиасы  жақсы  жетілген 
веналар (аяқтар веналары) болып үш топқа бөлінеді. 
Микроайналым  арнасының  қан  тамырларына  қабырғалары  тым  жұқа,  қан  мен 
қоршаған  ұлпалар  арасындағы  зат  алмасуды  қамтамасыз  ететін  жіңішке  майда  қан 
тамырлары:  артериолалар,  капилллярлар,  венулалар,  артериола-венулалық  анастомоздар 
(жалғамалар) жатады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет