Технология және биоресурстар факультеті



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата20.02.2017
өлшемі0,89 Mb.
#4559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

8-сұрақ.  Органогенез сатысында  ұрық  жапырақшаларынан  дамыған  ұлпалар 

қызметтік жағынан бір – бірімен өзара тығыз әрекеттесе байланысып, мүшелерді құрайды. 

Құрылысына  сәйкес  жануарлар  организміндегі  мүшелер  әр  түрлі:  түтікше,  паренхималы  

қомақты, қабатты мүшелер болып ажыратылады.  



Системогенез сатысында іштөлі мен ішбалапан организмдерінде құрылысы күрделі, 

бір – бірімен үйлесімді қызмет атқаратын мүшелер жүйелері қалыптасып, сыртқы пішіні 

мен ішкі дене құрылысы ересек дарақтарға ұқсас ұрық дамып жетіледі. 

Ұрықтантыс мүшелер 

Ұрықтантыс  мүшелер  —  тек  эмбриогенезде  ғана  жетіліп,  ұрықтың  дамуын 

қамтамассыз  ететін  уақытша  мүшелер.  Гаструляция  процесінің  соңына  қарай,  ұрық 

жапырақшалары  толық  дамып  жетілген  кезде,  олардын  шеткі  жақтарында  тұлғалық 

қатпар  пайда  болып,  ұрық  жапырақшаларын:  ұрықтық  және  ұрықтантыс  бөлімдерге 

бөледі.  Ұрық  жапырақшаларының  ұрықтық  бөлімінен  эмбрионның  денесін  құрайтын 

ұлпалар, мүшелер, мүшелер жүйелері, ал ұрықтантыс бөлімінен  — ұрықтантыс мүшелер 

(ұрық  қабықтары):  сарыуыз  қапшығы,  қағанақ  (амнион),  несепқабық  (аллантоис), 

сірқабық (сероза) және бүрліқабық (хорион) дамиды 

Сарыуыз қапшығы — хордалы жануарлардың ұзақ тарихи дамуында (филогенезінде) 

бірінші  рет  балықтарда  жетілген.  Ол  қоректік  заттар  қоры  саруызды  сыртынан  қаптап, 

энтодерма  торшлары  ферменттерінің  көмегімен  саруыз  түйіршіктеріндегі  күрделі 

органикалық  қосылыстарды  тез  сіңірілетіндей  күйге  дейін  қорытып,  қан  тамырлары 

арқылы  даму  сатысындағы  ұрыққа  тасымалдап,  оның  өсуіне  керекті  қоректік  заттармен 

қамтамасыз 

етеді. 


Саруыз 

қапшығы 


ұрықтантыс 

эктодермадан, 

мезодерма 

сплахнотомынан  және  энтодермадан,  ал  сүтқоректілер  мен  құстарда  –  энтодерма  мен 

мезодерма  сплахнотомының  іштік  (висцеральды)  жапырағынан  дамиды.  Ұрығы 

жұмыртқада,  немесе  уылдырықпен  байланысты  дамитын  жануарларда  саруыз  қапшығы 

қоректік заттар қорының қызметін атқарады. Ал, сүтқоректілерде ол аз уақыт (қойда – 13 

– 30, сиырда – 16 – 35, жылқыда – 70 – 85, шошқада – 11 – 23 тәулік) болады, бірақ, өте 

маңызды қызмет атқарады. Атап айтқанда, ол зат алмасу процесін атқарумен қатар, оның 

қабырғасында  алғашқы  қан  торшалары,  жыныс  торшалары  (гаметобластар),  гормондар 

түзіледі. 

Қағанақ  (амнион)  —  қағанақты  жануарларда  (құстар  мен  сүтқоректілерде)  жақсы 

дамыған  ұрық  қабығы.  Қағанақ  ұрық  дамуына  қолайлы  сулы  орта  түзіп,  оны  әртүрлі 

механикалық  әсерлерден  қорғап,  қорғаныс  қызметін  атқарумен  қатар,  ұрықты  кеуіп 

кетуден  сақтап,  оның  қоректенуін  қамтамасыз  етеді.  Құстардың  жұмыртқадағы 

ішбалапандары — эмбриогенездің 16-17 тәуліктерінде қағанақ сұйығын  жұтып, қоректік 

зат  ретінде  пайдаланады.  Қағанақ  —  ұрық  денесінің  сыртқы  жағындағы  эктодерма  мен 

мезодерма  спланхнотомының  қабырғалық  (париетальды)  жапырағынан  дамып,  ұрықты 

сыртынан қоршай қаптап өскен қағанақ қатпарларының қосылуынан пайда болады. Оның 


ішкі  бетін  астарлайтын  эктодерма  жасушалары  қағанақ  қуысына  сұйық  бөледі.  Ал 

қағанақтың сыртқы париетальды мезодерма қабаты несепқабықтың сыртқы висцеральды 

мезодерма  қабатымен  бірігіп,  қан  тамырларының  торлары  жақсы  дамып  жетілетін 

алланто-амнион қабатын құрайды 

Несепқабық    (аллантоис)  —  ұрық  денесіндегі  зат  алмасу  нәтижесінде  түзілген 

ыдырау  өнімдері  жиналатын  қуысты  ұрық  қабығы.    Ол  алғашқы  несеп  жиналатын 

қуықтың  қызметін  атқарумен  қатар,  қан  тамырларының  белсенді  қатысуыменұрығы 

жұмыртқада  дамитын  жануарларда,  қоршаған  орта  мен  ұрық  организмі  арасындағы  газ 

алмасуды  қамтамасыз  етеді.  Несепқабық  ұрықтың  ішек  түтігі  соңғы  бөлімінің  төменгі 

қабырғасынан,  ұрықтантыс  энтодерма  және  мезодерма  спланхнотомының  висцеральды 

жапырағынан  (сыртқы)  дамиды.  Қуысы  сұйыққа  толған,  пішіні  шұжыққа  ұқсас 

несепқабық  – сыртқы  ұрық  қабығы (сүтқоректілерде  – бүрліқабық,  құстарда  – сірқабық) 

мен  қағанақ  аралығында  орналасады.  Оның  сыртқы  висцеральды  мезодерма  қабаты 

сүтқоректілер  бүрліқабығының  ішкі  париетальды  мезодерма  қабатымен  бірігіп,  қан 

тамырлары  жақсы  дамыған  алланто  –  хорион  қабатын  түзеді.  Қан  тамырлары  күшті 

жетілген алланто – хорионның бүрлері жатыр қабырғасындағы кірмелермен байланысып, 

ұрықжолдасының (плацентаның) ұрықтық бөлігін құрайды. 

Сірқабық (сероза) – бауырымен жорғалаушылар мен құстар ұрығының сыртқы ұрық 

қабығы.  Ол  қорғаныс  және  газ  алмасу  қызметтерін  атқарады.  Сірқабық  ұрықтантыс 

эктодерма мен мезодерманың париетальды жапырағынан түзілген қағанақ қатпарларының 

қосылуынан пайда болады. 

Бүрліқабық  (хорион)  —  құрсақта  дамитын  сүтқоректілер  үрығы  мен  енесінің 

организмдері  арасындағы  зат  алмасуды  қамтамасыз  ететін  ұрықжолдасын  (плацента) 

жасауға  қатысып,  қорғаныс  қызметін  атқаратын  сыртқы  ұрық  қабығы.  Бүрліқабық 

ұрықтың қағанақ қатпарларының бір-бірімен қосылуы нәтижесінде пайда болып, сыртқы 

ұрықтантыс эктодерма мен ішкі мезодерманың париетальды жапырағынан дамиды. Оның 

қуысында бүрліқабық (хорион) сүйығы болады. Хорионның ішкі бетіндегі мезодерманың 

париетальды жапырағы мен аллантоистың сыртқы қабаты — мезодерманың висцеральды 

жапырағы  бірігіп,  қан  тамырлары  жақсы  жетілген  алланто-хорион  қабатын  түзеді. 

Алланто-хорионның  бүрлері  жатырдың  кілегейлі  қабығындағы  кірмелерге  (крипталарға) 

еніп  байланысып,  әртүрлі  жануарларда  құрылысы  түрліше  ұрықжолдасты  (плацентаны) 

жасауға қатысады 

Ұрықжолдас (плацента) – алланто – хорион бүрлері (ұрықтық бөлік) мен жатырдың 

кілегейлі  қабығының  (енелік  бөлік)  байланысынан  құрылып,  плацентарлы  сүтқоректілер 

ұрығының  (іштөлінің  толық  дамуын  қамтамасыз  ететін  уақытша  мүше.  Ол  жоғарыда 

аталған  ұрықтық  және  енелік  бөліктерден  ұрғашы  жануарлардың  буаздығы  кезінде  ғана 

түзіліп, іштөлі мен ене организмдері арасында жүретін зат алмасуды, экскреторлық (ұрық 

үшін),  механикалық  және  иммундыбиологиялыққорғаныстырды  іс  жүзіне  асырады. 

Сонымен  қатар,  ұрықжолдас  ішкі  секреция  безінің  қызметін  атқарады.  Ол  өзінің 

хориондық  гонадотропин,  прогестерон  және  ене  организмін  желіндететін  – 

соматомаммотропин гормондарын бөледі. Плацента ұрықтың дамуына қатерлі де зиянды 

заттарды,  залалды  микроорганизмдерді  енесінің  организмінен  ұрыққа  өткізбей, 

тосқауылдық  қызмет  те  атқарады.  Алланто  –  хорион  бүрлерінің  бүрліқабықтың  сыртқы 

бетінде орналасу сипатына қарай плацентаның төрт түрі ажыратылады: 

1.

 

Шашыранды  (диффузды)  ұрықжолдас  —  алланто-хорион  бүрлері 



хорионның  сыртқы  бетінде  біркелкі  шашырап  орналасып,  жатырдың  кілегейлі 

қабығындағы  кірмелермен  байланыс  түзеді.  Бұндай  плацента  биеде,  інгенде,  мегежінде, 

мәшіде (ұрғашы есек) болады. 

2.

 



Көптік  (котиледонды)  ұрықжолдас—  ұрықтың  бүрлі  қабығының 

(хорионының)  сыртқы  бетінде  аралшық  тәрізді    топтасып  жатқан  көптарамды  ірі 

аллантохорион  бүрлері  мен  жатырдың  кілегейлі  қабығында  төрт  қатарда  орналасқан 


сүйелшелер  (карункулалар)  кірмелерінің  байланысуынан  пайда  болған  ұрықжолдас. 

Бұндай плацента күйіс қайтаратын жануарларда (қой, сиыр, ешкі т.б.) болады. 

3.

 

Аймақтық  (белдеулік)  ұрықжолдас  –  алланто  –  хорион  бүрлері  хорион 



сыртқы бетінің орта тұсындағы аймақты айнала орап, белдеу тәрізді  орналасып, тек осы 

тұста  ғана  жатырдың  кілегейлі  қабығы  кірмелерімен  байланыс  түзеді.  Плацентаның  бұл 

түрі жыртқыш жануарларға тән. 

4.

 



Табақша  (дискі  тәрізді)  ұрықжолдас  –  алланто  –  хорион  бүрлері 

хорионының сыртқы бетінде пішіні дөңгелек табақ тәрізді аймақта топтасып орналасып, 

жатырдың  кілегейлі  қабығы  кірмелеріменбайланыс  жасайды.  Бұндай  плацента  адамда, 

маймылдарда және кеміргіштерде болады. 

Эпителий  ұлпасымен  қапталған  алланто  –  хорион  бүрлерінің,  плацентаның  енелік 

бөлігіндегі  жатыр  кілегейлі  қабығы  кірмелерімен  байланыс  сипатына  қарай 

ұрықжолдастың төрт түрі болады: 

1.

 



Эпителий-хорионды  ұрықжолдас  —  алланто-хорион  бүрлерін  қаптаған 

эпителий  ұлпасы  жатырдың  кілегейлі  қабығы  кірмелерінің  (бездерінің)  эпителийімен 

жанасу  арқылы  байланысатын  ұрықжолдастың  түрі.  Жатыр  эндометрийінің  эпителий 

қабаты бұзылмай, оның тұтастығы толық  сақталады. Туғаннан кейін бүрліқабық бүрлері 

жатыр  эндометрийінен  оңай  ажырайды.  Бұндай  плацента  биеде,  мәшіде  (есектің 

ұрғашысы), інгенде, мегежінде болады. 

2.

 

Дәнекерлі  –  хорионды  ұрықжолдас  –  алланто  –  хорионның  эпителий 



ұлпасымен  қапталған  бүрлері  жатыр  кірмесі  кілегейлі  қабығының  эпителий  қабатын 

бұзып,  оның  өзіндік  пластинкасына  еніп,  дәнекер  ұлпасымен  тікелей  байланысады. 

Туғаннан  кейін  бүрлер  кірмелерден  ажыраған  кезедегі  зақымдалған  жатырдың  кілегейлі 

қабығы сүйеошелеріндегі эпителий қабаты жедел қалпына келеді. Плацентаның бұл түрі 

күйісті  жануарларға  тән.  Инекциялық  ауруларға,  мысалы,  бруцеллезге  шалдыққан 

малдарда  туғаннан  соң  шу  түспей  қалуы  мүмкін.  Хорион  бүрлері  дәнекер  ұлпасына 

микроорганизмдердің  әсерінен  жабысып  қалады.  Сондықтан,  шу  түспеген  жағдайда 

ауырған  малдан  ауруды  жұқтырып  алмау  үшін,  мал  дәрігерлік  көмекті  аса  сақтықпен 

көрсеткен жөн. 

3.

 



Эндотелий-хорионды  ұрықжолдас  —  жыртқыш  жануарларда  болады. 

Алланто-хорион  бүрлері  жатыр  кілегейлі  қабығының  эпителий  қабаты  мен  дәнекер 

ұлпалық  өзіндік  тақташаны  бұзып,  оның  терең  қабаттарындағы  қан  тамырларының 

(капиллярларының)  эндотелий  қабатымен  тікелей  жанасады.  Плацентаның  бұл  түрінде, 

іштөлі ұрық кабықтарының бүрлері енесінің қан тамырлары қабырғаларымен тығызырақ 

жанасады  да,  іштөлі  организмі  қоректік  заттар  және  оттекпен  молырақ  қамтамасыз 

етіледі. 

4.

 



Қан-хорионды (гемохорионды) ұрықжолдас — адамға, маймылдарға, кейбір 

насекомжегіштерге,  қолқанаттыларға,  кеміргіштерге  тән.  Алланто-хорион  бүрлері 

жатырдың  кілегейлі  қабығы  эпителий  қабатын,  одан  кейінгі  өзіндік  тақташаны,  қан 

тамырлары  қабырғаларын  бұзып  өтіп,  қан  капиллярларының  ішіндегі  қанмен  сыртынан 

тікелей  жуылып  жатады.  Плацентаның  бұл  түрі  ұрық  пен  ене  организмінің  тығыз 

байланысын  қамтамасыз  етеді.  Туғаннан  кейін,  хорион  бүрлерінің  жатыр  эндометрийі 

кірмелерінен  ажырауы  кезінде,  қан  капиллярларының  қабырғалары  бүтіндігінің 

бұзылуына  байланысты  ұрғашы  жануарлар  жыныс  жолдарынан  қанның  ағуы  қалыпты 



жағдай.  Бірақ,  қан  тез  арада  тоқтайды  да,  жатыр  эндометрийінің  бұзылған  қабаттары 

регенерация процесі арқылы жедел қалпына келеді. 

5.

 

Төлдеуден  кейін  ұрықжолдасы  қызметін  тоқтатып,  алланто  –  хорионның 



бүрлері  (ұрықтық  бөлік)  енелік  бөліктен,  яғни  жатырдың  кілегейлі  қабығы  кірмелерінен 

шығып  ажырап,  олардың  арасындағы  байланыс  бұзылады.  Жұмыртқалықтағы  сары  дене 

мен ұрықжолдастың гормондар (прогестерон) бөлу қызметтері  тоқтап, гипофиз гормоны 

окситоциннің  әсерінен  жатырдың  етті  қабығы  жиырылып,  төл  туғаннан  соң,  біраздан 

кейін ұрық қабықтары (амнион, аллантойс, хорион) түседі. Олардың біріккен түсіндісін – 

шу деп атайды. 

6.

 

Хордалы  жануарлар  ұрықтары  эмбриондық  дамуының  алғашқы  кезеңінде 



барлық  жануарлар  ұрықтарында  хордалылар  типіне  тән  ортақ  белгі  –  ұрық 

жапырақшалары  мен  біліктік  мүшелер  пайда  болады,  кейіннен  кластарға,  отрядтарға, 

туыстарға  тән  белгілер  жетіліп,  олар  дене  құрылысы  мен  бітімі  бойынша  бір  –  бірінен 

ажырай  бастайды.  Эмбриогенездің  екінші  жартысынан  бастап,  жануарлар  түрлеріне, 

тұқымдары  мен  жеке  дарақтарға  тән  белгілер  жетіліп,  еркек  жануарлар  кейпіне  келеді. 

Сондықтан,  хордалылар  типтері  әр  түрлі  кластар  өкілдерінің  эмбриогенезіне  қысқаша 

тоқталайық. 

Бақылау сұрақтары: 

1.

 



Эмбриология туралы түсінік, эмбриогенездің негізгі кезеңдері. 

2.

 



Прогенез сипаттамасы. Гаметогенез, оның түрлері. 

3.

 



Сперматогенез, оның кезеңдеріне сипаттама беріңдер. 

4.

 



Овогенез, оның кезеңдеріне сипаттама беріңіздер. 

5.

 



Жыныс торшалары, олардың дене торшаларынан айырмашылықтары. 

6.

 



Сперматозойдтың құрылысы және оның маңызы. 

7.

 



Саруыздың мөлшеріне байланысты овоциттің жіктелуі. 

8.

 



Сүтқоректілер овоцитінің құрылысы. 

9.

 



Тауық жұмыртқасының құрылысы. 

10.


 

Ұрықтану және оның биологиялық маңызы. 

11.

 

Бөлшектену және оның әр түрлі жануарлардағы ерекшеліктері. 



12.

 

Гаструляция және оның кезеңдері, әр түрлі жануарлардағы ерекшеліктері. 



13.

 

Гистогенез:  эктодерма,  энтодерма,  мезодерма,  мезенхима,  біліктік 



мүшелерден қандай ұлпалар дамиды? 

14.


 

Ұрық  қабықтары,  олардың  құрылысы,  құс  пен  сүтқоректілердегі 

ерекшеліктері. 

15.


 

Ұрықжолдастың  құрылысы,  әр  түрлі  жануарларға  байланысты  олардың 

түрлері. 

1.

 

Ұсынылған әдебиеттер: 

1. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 

72 – 109 беттер.   

 

 



 

 

 



 

 

 

№4 ДӘРІС. 

 

Дәрістің тақырыбы: Ұлпалардың жіктелуі 

 

Дәрістің мақсаты: Студенттерді  ұлпаның анықтамасымен және оның жіктелуімен 

таныстырып, эпителий ұлпасы туралы оларға толық мәлімет беру. 

Түйінді  сөздер:    ұлпа,  эпителий,  негіздік  жарғақ,  борпылдақ  дәнекер  ұлпасы, 

жабынды эпителий, безді эпителий. 



Иллюстрация:  бірқабатты  эпителий  ұлпалары,  көпқабатты  эпителий  ұлпалары, 

бездер  жіктелуінің  нобайы,  бездердің  түрлері,  бездердің  құрылысы  (таблицалар, 

слайдтар). 

Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 

1.  Ұлпа  туралы  түсінік.  Организмнің  дамуы  барысында  ұлпалардың  қалыптасуы 

және оның морфологиялық белгілеріне байланысты жіктелуі. 

2. Эпителий ұлпасының жалпы сипаттамасы. 

3.  Жабынды  эпителий  ұлпасы,  оның  түрлері,  құрылысы,  денедегі  орналасу  орны, 

қызметі. 

4. Безді эпителий, оның түрлері, құрылысы. 

 

Дәрістің мазмұны: 



1-  сұрақ.  Ұлпа  (ткань,  тін)  –  морфологиялық  белгілері  мен  атқаратын  қызметінің 

ұқсастығына  байланысты  біріккен  біртекті  жасушалар  мен  жасушааралық  заттардың 

филогенездік  тұрғыдан  тарихи  қалыптасқан  жүйесі.  Белгілердің  ажырау  (белгілер 

дивергенциясы) заңдылығына байланысты жануарлар организмдері, оның ішінде мүшелер 

жүйелерін  құрайтын  түрлі  ұлпалар  біртекті  жасушалардан  (зигота  бластомерлерінен) 

дамиды.  Аталмыш  заңдылыққа  сәйкес  біртекті  зигота  бластомерлерінен  құрылысы  әр 

түрлі  ұрық  жапырақшалары  мен  біліктік  мүшелер,  олардан  гистогенез  арқылы  түрлі 

ұлпалар  дамып  және  қалыптасып  жетіледі.  Ұрықтың  біртекті  бластомерлерінен  әртекті 

ұлпалардың дамуы мен жетілуін жете зерттеп, орыс ғалымы Н.Г.Хлопин «Ұлпалардың 

дамуы  дивергенциясы  теориясының»  негізін  қалаған.  Ұлпалардың  жануарлар 

организміндегі  білгілі  бір  қызмет  атқаруға  мамандана  қалыптасуы  бірнеше  сатылардан 

өтеді. Алдымен біртекті зигота бластомерлерінен ұрық организміндегі орналасу орындары 

мен болашақ атқаратын қызметтеріне мамандануына сәйкес тек өздеріне тән құрылымдық 

айырмашылықтарымен  және  белоктар  түзілісінің  өзгешеліктерімен  ерекшеленеді. 

Жасушалар  топтарынан  туындайтын  бейжасушалық  құрылымдар  мен  олардан  түзілетін 

жасушааралық тірі заттар құрылыстарында да, аталған құрылымдардың шығу тегі болып 

саналатын  жасушалар  топтары  құрылыстарында  пайда  болған  құрылымдық  өзгерістерге 

сәйкес  құрылымдақ  ерекшеліктердің  болатыны  анық.  Жасушалар  популяциялары 

организмдегі  болашақ  орындарына  бейімделуі  (адаптация  -  бейімделу)  нәтижесінде 

жасушалар  ядролары  геномдарындағы  генетикалық  ақпараттар  да  жаңа  сипат  алып, 

жасушалар  топтарының  құрылыстарында  да,  морфологиялық  айырмашылықтар 

(дифференция  -  айырмашылық)  пайда  болып,  құрылысы  бір-біріне  ұқсамайтын  түрлі 

жасушалар топтары және олардың туынды құрылымдары дамып жетіледі де, құрылысы әр 

түрлі ұлпалардың негізі қаланады. Морфологиялық айырмашылықтарымен ерекшелінген 

жасушалар  топтары  мен  олардың  туынды  құрылымдары  тірі  организм  біртұтастығын 

(интеграция  –  бүтін,  біртұтас,  бірігу)  қамтамасыз  ету  бағытында  бір-бірімен  қайтадан 

өзара қызметтік байланыстарға түсіп бірігіп, өзіне тән белгілі құрылысы бар биологиялық 

құрылымдық жүйелерді, яғни ұлпаларды қалыптастырады. 

Эволюциялық дамудың нәтижесінде сыртқы пішіні мен дене құрылысы жағынан бір-

бірінен  әлдеқашан  ажырап,  ешқандай  да  ұқсастығы  жоқ  жануарлар  организмдеріндегі 

ұқсас  қызметтер  атқаратын  ұлпалардың  да  құрылысы  бір-біріне  ұқсас  келеді  екен.  Осы 



заңдылықты  зерттеген  орыс  ғалымы  А.  А.  Заварзин  ұлпалардың  дамуы  жөнінде 

«Параллельдік қатарлар теориясын» ашқан.  

Құрылысына,  организмдегі  орналасу  орындарына,  шығу  тектері  мен  атқаратын 

қызметтеріне байланысты құрылымдық белгілерді топтастырып, жануарлар организмінде 

кездесетін ұлпаларды: эпителий, дәнекер, ет, жүйке ұлпалары - деп төрт топқа бөледі.. 

2-сұрақ. Эпителий ұлпасы (жабынды ұлпа) – жануарлар филогенезінде, жабынды ұлпа 

ретінде  көпжасушалы  организмдерде  ең  алғаш  дамып  жетілген  ұлпа.  Эпителий  ұлпасы 

жануарлар  организмін  сыртынан  қаптап,  дене  және  сірлі  қуыстар  мен  түтікше  мүшелер 

кілегейлі  қабықтарынның  ішкі  бетін  астарлап,  организмнің  ішкі  ортасын  қоршаған 

сыртқы  ортадан  бөліп,  шекаралық  орын  алады.  Эпителий  ұлпасы  тірі  организмнің 

қоршаған  ортамен  байланысын  қамтамасыз  етумен  қатар,  денедегі  көптеген  бездердің 

паренхимасын  құрап,  организмдегі  түрлі  зат  алмасудың  жүруіне  қажет  бөлінділер 

(секреттер, гормондар т.б.) бөледі. Орналасу орны мен атқаратын қызметіне байланысты 



эпителий  ұлпасы  үлкен  екі  топқа  бөлінеді.    Олар:  жабынды  эпителий  және  безді 

эпителий. 



3-  сұрақ.  Жануарлар  организміндегі  орналасу  орындары  мен  атқаратын  қызметтері  әр 

түрлі  болғанымен,  эпителий  ұлпаларының  жалпы  құрылысы  бір-біріне  ұқсас  болып 

келеді. Эпителий ұлпаларына тән ортақ құрылымдық белгілер:   

1.  Эпителий  ұлпасы  –  тек  эпителиоциттерден  құралған,  жасушааралық  тірі  зат 

болмайды.  Тірі  организмде  эпителиоциттер  аралықтарындағы  (жарғақүсті  кешен  – 



гликокаликс  ғана  болады)  ені  10-50  нм  жарғақаралық  саңлаулар  арқылы  ұлпа  сұйығы 

(зат алмасуды қамтамасыз етеді) тұрақты түрде қозғалыста болады. 



2. Эпителиоциттер бір-бірімен өзара тығыз байланысып (тығыз жабысу – десмосома; 

құлып  -  саусақша  жанау;  саңлаулы  жанасу,  нексус  –  жасушааралық  зат  алмасу;  тығыз 

жанасу,  оқшаулау  –  сыртқы  ортадан  дененің  ішкі  ортасын  бөлу),  эпителий  ұлпасы 

қабаттарын құрайды  



3.  Эпителий  ұлпасы  қалыңдығы  100  нм  –  1мкм  (гликопротеидті  жіпшелер  мен 

аморфты заттан құралған) негіздік жарғақта (НЖ) немесе базальды мембранада (НЖ-

пен  төменгі  эпителий  қабатының  эпителиоциттері  жартылай  десмосома  арқылы 

байланысып, оны түзуге эпителиоциттермен қатар, шекаралас борпылдақ дәнекер ұлпасы 

да  қатысады)  орналасады.  НЖ-пен  бірқабатты  эпителий  ұлпасының  барлық 

эпителиоциттері,  ал  көпқабатты  эпителийдің  тек  төменгі  қабатындағы  эпителиоциттері 

ғана жанасады. Эпителий ұлпасында қан тамырлары болмайды (қоректік зат  – БДҰ-дағы 

қан  тамырларынан  пайда  болып,  НЖ  арқылы  диффузды  жолмен  сүзіліп  өтетін  ұлпа 

сұйығымен келеді), ол сезімтал жүйке ұштарына бай. 

4. Жануар организмінде эпителий ұлпасының  шекаралық орын алуына байланысты, 

оның  эпителиоциттерінің  құрылысында  полярлық  айырмашылықтар  болады.  Бірқабатты 

эпителий  ұлпасы  эпителиоциттерінің  ядролары  НЖ-пен  жанасатын  төменгі  базальды 

ұшына  жақынырақ  орналасады.  Олардан  жоғарырақ  Гольдж  кешені  (секрет,  экскрет 

бөлу),  төменірек  эндоплазмалық  тор  (заттарды  синтездеу  процесі)  мен  плазмолеммалық 

қатпарлар,  ал    –  қарама-қарсы  апикальды  /бос/  ұшында  микробүрлер  (сіңіру,  сору)  мен 

кірпікшелер 

(қозғалу 

процесі) 

орналасады. 

Көпқабатты 

эпителий 

ұлпасы 


эпителиоциттеріндегі    полярлық  айырмашылықтар  –  төменгі  негіздік  қабаттағы  және 

жоғарғы қабаттағы эпителиоциттерге тән. 

5.  Эпителий  ұлпасының  қайтадан  қалпына  келу  қабілеті  (регенерациясы)  жақсы 

деңгейде жетілген. Бұл процесс негіздік қабаттағы діңгекті жасушалардың қатысуымен іс 

жүзіне асады. 

3-сұрақ.  Жабынды  эпителийдің  морфологиялық  жіктелуі:  бірқабатты  және 

көпқабатты  эпителий  ұлпалары  болып  екі  топқа  бөлінеді.  Бірқабатты  эпителий 



үлпалары:  бірқатарлы  эпителий  және  көпқатарлы  эпителий  болып  бөлінеді. 

Бірқабатты  бірқатарлы  эпителий  ұлпалары:  1)  бірқабатты  бірқатарлы  жалпақ 

эпителий  (мезотелий)  -  өкпеқап,  жүрекқап,  ішперде,  плевра,  шажырқай,  шарбы,  сірлі 

байламдар, үңгілер, өкпе альвеолалары, ортаңғы құлақ қуысын астарлайтын эпителий, ен 

торы  қабырғасын,  бездердің  ендірме  өзектерін,  бүйрек  денешігі  қапшығын,  нефронның 

жіңішке  бөлімін  қаптайтын  эпителий;  2)  бірқабатты  бірқатарлы  текше  (куб)  тәрізді 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет