«Технология» пәнінен 5-9 сыныптарға арналған электронды тест жинағы



бет1/12
Дата28.10.2022
өлшемі264 Kb.
#46053
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
tect tehnolog




«Технология» пәнінен 5-9 сыныптарға арналған
электронды тест жинағы

Әбибекова Рымкүл Қартабайқызы


Технология пәні мұғалімі
С. Торайғыров атындағы
№22 гимназия мектебі
Екібастұз қаласы


Түсінік хат

Қазақ тiлiнде оқытатын мектептердің 5-9 кластарына арналған тест жинағы оқушыларға оқу сапасына, тақырыпты, тарауды тексеру жүргізу арқылы, тоқсандық және жылдық бақылау кезінде пайдалануға болады.


Тесттік жинақта мататану, тiгiн кәсiпорын жабдықтары, тiгiн бұйымдарының орындалу технологиясы және жеңіл әйел киiмiн моделдеу мен конструкциялау және сәндiк қолданбалы өнер, оқушылардың қауiпсiздiк ережесiн, электр қауiпсiздiгiн, санитарлық-гигиеналық талаптарды бiлуiн қадағалау.
Тест әдiсi көп жағдайда жеке дара, топпен жүргiзiледi. Бұған мынадай негiзгi мiндеттер кiредi:

  • оқушылардың технология пәнінен жүйелi бiлiмін тексеру

  • оқушының қабiлетiн, талантын ояту, жетiлдiру

  • технология пәні арқылы iскерлiкке, шығармашылыққа үйрету.

Шығармашылық дағдысын дамыту үшiн мақсатты оқу еңбегi қажет. Бiлiммен еңбек дағдысы оқушылардың өзiндiк шеберлiгiн, әсемдiктi сезiну қабiлетiн арттырып ұлттық санасының қалыптасуына негiз қалайды.


5 сынып
Білуі тиіс:

  • қонақ қабылдау ережесі;

  • өсімдік талшықтарынан жасалған матаның қасиеттері;

  • матаның сыртқы бетінің құрылысы;

  • адам денесінің өлшемін алу ережесі;

  • тігін машиналарының түрлері;

  • ауыл шаруашылық техникасы көмегімен топырақты өңдеу тәсілдерін;

  • сәнді-гүлді өсімдіктерді егу және тұқымын жинау тәсілдерін;

Дағдыларды меңгеруі тиіс:

  • көкеніс негізінде бутербродтарды дайындай алуы;

  • көкеністерді қарапайым әдістермен кесе алуы;

  • көкеніс салаттарын дайындай алуы;

  • гүл шоқтарын жасай алуы тиіс.

6 сынып
Білуі тиіс:
- көкеністердің пісіру мерзімін;
- сүттен ботқа жасау ережелерін;
- адамдардың тамақтануындағы сүт өнімдерінің рөлін;
- ұлттық дәстүрде қонақ күтуді;
- жібек пен жүннің экологиялық қасиеттерін;
- белді бұйымдарды үлгілеулері;
- көкеніс дақылдарын өсіру тәсілдерін;
- жеміс ағаштарын отырғызу тәсілдерін;
Дағдыларды меңгеруі тиіс:
- қазіргі заманғы жабдықтарды қолдана отырып, аспаздық жұмыстарды ұйымдастыруды;
- дәнді дақылдан, бұршақ тұқымдастарынан, ұннан жасалатын қарапайым тағамдарды дайындауды;
- түскі және кешкі ас дастархан мәзірленуді;
7 сынып
Білуі тиіс:
- қазақтың ұлттық тағамдарын (сорпа, бауырсақ, талқан);
- дайын тағамдардың сақталу мерзімі мен шарттарын;
- киім тігу технологиясын;
- пішу сызбасн жасауды;
- иық жасамдарының түрлерін пайдалануы;
- бас киімдерге, комзолға, желетке оөрнекті таңдауды.
Дағдыларды меңгеруі тиіс:

  • ашытқысыз қамыр дайындауды;

  • қамырдан тәтті тағам әзірленуі;

  • дастархан мәзірленуі;

  • сапасыз тігістердің тігілу себептерін анықтауды;

  • тігін инесін орналастыруды және оның қызметі;

  • әр ұлттық бас киімнің түрлерін анықтауды және олардың маңызын;

  • мата бетіне ою-өрнек түсірілуі;

  • бұымды өңдеу үшін технологиялық карта құруды.

8 сынып
Білуі тиіс:

  • әдет-ғұрыптарды сақтай отырып, қонақтарға ет тартып сыйлауы;

  • кәсіпкерлік қызметтің мәнін;

  • тігін операцияларының технологиясы;

  • композиция негіздерін;

  • бұйымға фон, түс беру техологиясы;

  • үй экономикасының мақсаты мен маңызы;

  • үй шаруашылығын дұрыс жүргізуді.

Дағдыларды меңгеруі тиіс:

  • ет пен балықтың сапасын анықтауды;

  • қоспалы көжелерді дайындауды;

  • ашытқы камырды илеуді; қонақ күтуді;

  • алынған ақпараттарды сақтауы;

  • шығармашылық жобаны компьютерге түсірді.

9 сынып
Білуі тиіс:

  • техникалық қауіпсіздік ережелерін;

  • ою-өрнек жайлы мәліметтерд;

  • сән журналдарымен жұмыс істеуге;

  • мамандық түрлерін.

Дағдыларды меңгеруі тиіс:

  • екінші ет тағам тізімін жасауды;

  • бисквитті қамырдан өнім алуды;

  • күнделікті тағамның тізімін жасауды;

  • екінші ет тағамына гарнир таңдауды;

  • өз размерін анықтауды;

  • мамандық түрлерін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет