41
байланысы тиімді түрде ойластырылып құрылмаса, кейін қолданбалы
программа жазу немесе дайын программаны өзгерту
қиын жағдайда өткізілуі
мүмкін. Мәліміттер қоры саласындағы мамандар осы бағытта оптималды
мәліметтер қорын жобалау шешімі ретінде екі әдісті ұсынып отыр:
1 әдіс:
Кестелерді қалыптастыру әдісі
2 әдіс:
Мән – байланыс немесе диаграммалар әдісі
Бұл әдістердің қолдану тәртібі:
Алдымен мән – байланыс әдісі арқылы пәндік аймақтың құрылымын
желілік немесе иерархиялық түрден кестелер немесе реляциялық түрге
келтіріледі. Ары қарай реляциялық моделі кестелерді
қалыптастыру әдісі
арқылы жетілдіріледі.
Тарихи бірінші шыққан кестелерді қалыптастыру әдісін қарастырайық.
Кестелерді қалыптастыру әдісінің мақсаты артық қайталанатын
мәліметтерді жаю болып келеді. Қалыптастыру процесі негізінде үлкен
кестелерді шағын кестелерге бөліп, олардың арасындағы байланыстарды
белгілеу процестері болып келеді.
Басқаша айтқанда, бір қалыптасқан
формадан екінші қалыптасқан формаға көшу десе де болады.
Қалыптастыру теориясында бес қалыптастыру формасы бар.
Сурет 5.2.1 Қалыпты пішіндер байланысы
1 қ.ф. Бірінші қалыпты форма (пішін)
Бойсс – Кодтың қалыптасу формасы (Б.К.Қ.Ф).
Практикада толығымен үш қалыптасқан форма қолданылады. Солардың
жүзеге асырылуын мысал ретінде қарастырайық. Ол үшін үш қалыптасқан
форманың анықтамаларын берейік.
Анықтама 1:
Кесте 1 қ.ф тұр дейді егерде келесі 4 шарт орындалса:
1 шарт: қайталанатын өрістер тобы кездеспейді- өрістер атомарлы
2 шарт:
қайталанатын кортеждер жоқ
42
3 шарт: жолдар реттелмеген
4 шарт: бағаналар реттелмеген
Анықтама 2:
Кесте 2 қ.ф тұр, егерде келесі 2 шарт орындалса:
1 шарт: кесте 1 – ші қалыпты формада тұрса
2 шарт: кез келген индекстелмеген өріс толық индекстелген өрістер
жиынымен бірмәнді анықталады. (
Достарыңызбен бөлісу: