Технологиялары



Pdf көрінісі
бет2/57
Дата28.07.2023
өлшемі2,79 Mb.
#104886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Алғы сөз 
XX-шы ғасырдың 60-80 ші жылдары пайда болып дами бастаған 
мәліметтер базасы концепциясы мен қолданысқа ұсынылған теориялар мен 
программалық құралдар, бүгінгі күнгі цифрлық технологиялардың өмірге 
белсенді енгізіп журген кезеңдерінде де өз қажеттілігін жоймай, 
пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін орындауға арналған жаңа 
әдістер мен қолданбалар әкелуде. Күннен күнге мәліметтер базасымен жұмыс 
жасау талаптары күрделеніп, тиімді шешімдер қабылдау өзекті сұрақтардың 
бірі болып келеді. Күрделенудің себептері - электрондық форматында 
жинақталып пайдалануға көзделген мәліметтер базасының көлемінің тым өсуі, 
мәліметтерді көрсету түрлерінің көбеюі, желілік технологиялар арқылы 
мәліметтер орталықтандырылған құрылымға біріктіріліп, пайдаланушылардың 
қатынау құқықтарын бақылау қажеттілігі.
Мәліметтер базасын зерттеу, теорясын меңгеріп практикалық дағдылар 
қалыптастыру IT-саласындағы мамандарды даярлауда маңызды, өз орны 
белгіленген қажеттілігі бар құзіреттіліктердің қатарында. 
Назарларыңызға ұсынылып отырған оқу құралында мәліметтермен жұмыс 
жасу технологиялары жүйелі түрде болашақ мамандарға арналып қажетті 
теориялық, практикалық және зерттеушілік кәсіби құзіреттіліктерді 
қалыптастыруға бағытталған. Құралдың ерекшеліктеріне базалық мазмұны мен 
қатар қосымша тарауларға тоқталып жаңа әдістер мен үлгілер қарастырылғаны 
жатады.
Оқу құралының алғашқы тараулары (1-3) пәннің теориялық, технологиялық 
негіздемесін қалыптастырса, сонғы (4-7) тараулар тәжірибелік жұмыс негізінде 
жинақталған әзірлемелерге назар аударады. Авторлар өз педагогикалық 
тәжірибелерінде жоғары білім беру саласында аттас пәндерді оқытып, өз 
пікірлерімен ашық сабақ деңгейінде, конференцияларда баяндамалық 
жарияланымдар түрінде және дипломдық жобалар шеңберінде мәліметтер 
базасы пәнінің бағдарламасын жылдан жылға толықтырып, өзекті мазмұнмен 
жаңартып отыруда. 
Жазылған оқу құралы 2018 ж. енгізілген жаңа классификатор құрамындағы 
«6B0610-Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бакалавриат бағытына 
кіргізілген мамандықтардың дайындық мазмұнына сәйкес келеді, ал кейбір 
қосымша 
тарауларында 
«7М0610-Ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар» магистратура бағытында мамандардың құзыреттілігін қамтитін 
сұрақтар талқыланған[1]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет