ТӘҢірдің теңдессіз сыйын төмендетпеу серт



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата12.01.2017
өлшемі4,51 Mb.
#1741
1   2   3   4   5

Сәкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ,

«Заң газеті» 

ТӘУЕЛСІЗДІКТІ БАҒАЛАЙ АЛЫП ЖҮРМІЗ БЕ? ЖАЛПЫ, ТӘУЕЛ-

СІЗДІК ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ НЕ БЕРДІ? ОСЫНАУ 25 ЖЫЛ ІШІНДЕ ЕЛІМІЗ 

АУЫЗ ТОЛТЫРЫП АЙТАРЛЫҚТАЙ ҚАНДАЙ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТТІ? 

ЕЛІМІЗДІҢ ӘР САЛАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ТӘУ-

ЕЛСІЗДІК ЖАЙЛЫ ЛЕБІЗДЕРІН БІЛГЕН ЕДІК...

Арықбай АҒЫБАЕВ, заң ғылымдарының докторы:

«Заңдарды мүлтіксіз орындау тетіктері нығайды»

БЕЙБІТШІЛІКТІ ҚОЛДАЙТЫНЫМЫЗДЫ 

ПАШ ЕТТІК

ТӘҢІРДІҢ ТЕҢДЕССІЗ 

СЫЙЫН 

ТӨМЕНДЕТПЕУ СЕРТ

Тұғыр


Біз тәуелсіздіктің дәм-тұзы бұйырған бақытты 

ұрпақпыз. Бодандықтың, өзгенің әмірімен жүріп-тұру-

дың не екенін, жалтақтауды білмейтін өр мінезді ұрпақ 

өсіріп жатырмыз. Тұңғыш Президентіміздің сындарлы 

саясаты мен халқымыздың қиындықтан қорықпайтын 

қайсар мінезі мен сабырлылығының нәтижесі. Қысқа 

мерзімнің ішінде әлемдегі дамушы елдердің қатарына 

қосылып, ең беделді халықаралық қауымдастықтар-

дың белсенді мүшесіне айналдық. Көпұлтты қазақ 

топырағы мемлекетаралық ықпалдастықтың үлгісін 

көрсетіп, дінаралық татулықтың символы атанды. 

Қазақстан өз тәуелсіздігін алысымен әлемге қауіп 

төндірген ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, 

өзінің бейбітшілікті қолдайтын ел екенін паш етті. Бұл 

оқиға әлем тарихының бетінде өшпес ізін қалдырды. 

Санамалай берсек, Қазақстанның жетістіктері мен 

бағындырған белестері бір ғасырға жүк деуге болады. 

Мәселен, Сарыарқаның төсінде бой көтерген Аста-

намызбен қалай мақтанбайсыз?! Бүгінде халқының 

саны 800 мыңнан асып жығылған бас қаламыздың 

көркіне көз тоймайды. Саусақпен санарлықтай ғана 

жасы бар қазақстандықтардың Елордасын әлем біледі. 

Сәулетімен ғана емес, қонақжайлығымен алыс-жақын 

мемлекеттерден келген меймандарды талай таңдай 

қақтырған Астана бейбітшілік пен келісімнің мекеніне 

айналды. 

Рас, бүгінде тұрақты даму, жүйелі саясат пен 

нарықтың тамырын дөп басып әрекет ету дамыған 

елдердің өзіне оңайға соғып отырған жоқ. Алайда, 

Қазақстан өзінің жастығына, тәжірибесінің аздығына 

қарамастан, қиындықтарды еңсерудің ерен үлгісін 

көрсетіп, алға жылжып, даму қарқынын бәсеңдеткен 

жоқ. Керісінше, әлемдегі дамыған көшбасшы отыз 

елдің қатарына қосылуға ұмтылуда. Бүгіннің өзінде 

Қазақстанның әлемдік дағдарысты еңсерудегі тәжіри-

бесіне елең етпеген мемлекеттер кемде-кем. Біз бүгін 

қиындықтардың бәрі артта қалды, алда жарқын бола-

шақ күтіп тұр деп зор сеніммен айта аламыз! 



Гүльназ БАУБЕКОВА, 

Сарқан аудандық сотының судьясы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ



– Тәуелсіздіктің аты Тәуелсіздік! Бұл ұғымды еш-

теңемен салыстыруға келмейді. Осы жылдар ішінде 

құқық қорғау органдарын басқарудың қандай тиімді 

жақтары бар екені екшеліп, көптеген сот реформала-

ры жасалды. Үш сатылы аудандық, облыстық, Жоғарғы 

соттың  қызметі,  міндеті  анықталып,  судьяларды 

қызметке тағайындаудың нақты тетіктері бекітілді. 

Қабылданған заңдардың мүлтіксіз орындалуы үшін бар-

лық жағдай жасалып жатыр. Ішкі істер органдарында 

да көптеген өзгерістер орын алды. Мұның барлығы 

Тәуелсіз еліміздің егемендігін нығайтып, осы елде өмір 

сүріп жатқан әрбір азамат құқығының қорғалуы үшін 

жасалып жатқан әрекеттер. Кеңестік жүйеге қараған-

да Тәуелсіздік алғалы бері еліміздің құқық қорғау саласы, 

сот жүйесі халыққа жақын бола түсті. 

Жадыра ДӘРІБАЕВА, ақын:

«Бәсекеде бәсіміз артты»

– Тәуелсіздік алғалы халқымыз өз жерінің, елінің егесі 

екенін терең сезініп, еңсесін көтерді, мемлекетіміздің 

бүгіні мен болашағына деген зор жауапкершілігі мен 

ерекше сүйіспеншілік сезімдері арта түсті. Жұрты-

мыздың санасы түледі, бұрынғы жасқаншақтық, екінші 

сорттылық синдромынан арыла бастады. Қадамын 

нық басқан ұлтымыз өз қабілетін дамытуға кеңінен жол 

ашыла бастағанын көріп, жаңа тынысы ашылды, жан 

дүниесіндегі ерік, жігер, қуаты артып, рухы көтерілді. 

Жаңа заманның қай саласына болса да именбей кірісіп, 

жақсы нәтижелерге жетіп жатыр.

 Ең бастысы – егемен ел екенімізді бүкіл дүниежүзі 

мойындап, бізбен саяси аренада мықты мемлекеттер 

санаса бастады. Экономикалық, дипломатиялық қа-

рым-қатынас жасауға тұрақты да бейбіт, әлемдегі 

прогрессивті өзгерістерді қабылдауға қабілетті халық 

екенімізге президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың тынымсыз да тиянақты сындарлы саяса-

тының арқасында дүниежүзінің көзі жетті. Нарықтық экономиканың қыр-сырын игере 

бастаған кәсіпкерлеріміз мемлекет қолдауымен әлемдік бәсекеге араласа бастады. 

Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз ынтымақты, жастарымыз жасампаз, рухани бай, ел тірегі 

болып, өсіп-өркендей берейік!

 

Рахман АЛШАНОВ, «Тұран» университетінің ректоры, профессор:

«Экономикада өсу қарқынды»

– Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде еліміздің экономи-

касы, ғылымы, әлеуметтік жағдайы қатты өзгерді. 

Еліміз әлемнің дамыған, алдыңғы қатарлы елдерінің 

қатарына енуге әрекет жасауда. Қазір әлемнің дамыған 

30 елінің қатарына енуді мақсат етіп отырсақ, қазірдің 

өзінде 48-орында тұрмыз. Ішкі жалпы өнімнің де көлемі 

өсті. Қазір көптеген елдердің экономикасы төмендеп 

кетті. Бұл тұрғыда бізде қарқын төмен болғанымен, 

өсу бар. Елбасының айтуы бойынша, қазір 500-дей 

өнім шығаратын жаңа өндіріс орындары пайда болды. 

Тамақ, металлургия, машина жасау салаларында алға 

қарай ілгерілеушілік бар. Демек, құр қарап отырған 

жоқпыз. Мұнайдың ғана игілігін көруді күтіп отыра 

бермей, басқа салаларды дамытып жатқанымызға 

көңіл толады. Бұл экономикамыздың тұрақтылығын 

білдіреді. Бұрын сырттан бәрін алдыртатын болсақ, 

қазір біртіндеп соларды өзіміз өндіруге күш салып жатырмыз. Мәселен, елімізде қазір 

құрылыс саласы қарқын алып бара жатыр. 8 миллион шаршы метр үй салып тастадық. 

Талай үйсіз отбасылар үймен қамтылып жатыр. Бұл бұрын болмаған рекорд. Құрылыс-

тың қарқын алуының арқасында цемент, кірпіш шығаратын кәсіпорындар елімізде іске 

қосылды. Олар қазір жақсы жұмыс істеп жатыр. Бұрын металды шикізат күйінде сыртқа 

шығарып келсек, қазір одан өзімізде арматура жасап жатырмыз. Алюминийді де бұрын 

сыртқа таситынбыз, қазір өзімізде өңдеп, алюминий өндіріп таза металл, сым темір 

жасаудан дүниежүзі бойынша 38-орынға көтерілдік. Тамақ өнеркәсібі де даму үстінде. 

Мәселен, зығыр өндіруден дүниежүзі бойынша үшінші орынға шықтық. Бұрын күнбағыс 

өндіруден алда едік. Осылайша заман сұранысына сай өнім өндіріп жатырмыз. Бұрын 

тепловоз жасамаушы едік. Ақтөбе қаласынан рельс шығаратын болдық. Қарап отырсақ 

барлық салада алға ілгерілеушілік бар. Оралда кеме шығарып жатса, Авиация саласы, ма-

шина жасау ісіне де көңіл бөле бастадық. Бұл еліміздің барлық салада алға дамып жатқа-

нын байқатады. Бұл секілді мысалдарды өте көп келтіре беруге болады. Жалпы алғанда, 

25 жылда біз тек дамып отырдық деп айта аламын. Елімізде барлық салада даму бар.

Дайындаған Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ

4

№142 (2920) 

16 желтоқсан 2016

zangazet@mail.ru

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ — 25 ЖЫЛ

Сарап


Пайым

Әр мерекенің қоғам үшін 

өзіндік маңызы мен мәні, та-

рихы, атқаратын рөлі, арқа-

лаған жүгі бар. Біздің еліміз 

үшін орны аса бөлек, ең бас­

ты мерекеміз – Қазақстан 

Рес публикасының Тәуел-

сіздігі  күні.  Қазақ  халқы 

тәуелсіздігіне оңай жеткен 

жоқ. Ақиық ақынымыз Жұ-

бан Молдағалиев «Мен қа-

зақпын мың өліп, мың тіріл-

ген, Жөргегімде таныстым 

мұң  тілімен»  деп  жырға 

қосқанындай, талай тағдыр 

теперішін көріп, күрделі ге-

осаяси жағдайы мен тағы да 

басқа көптеген түрлі себеп-

терге байланысты қилы­қи-

лы замандарды басынан өт-

кізіп барып азаттыққа әрең 

дегенде қолы жеткен біздің 

мемлекет үшін тәуелсіздік 

баға жетпес байлық. 

Қазақтың абыз ақыны 

Абайдың сөзімен айт қанда, 

«Соқтықпалы, соқпақсыз» 

сан ғасыр ларға жалғасқан 

даму  жолдарынан  өтіп 

келе  жатқан  халқымыз-

дың  тарихы  тәуелсіздік 

үшін күрес терге толы бол-

ды. Ата­бабаларымыздың 



Ұлық мерекемізді 

қастерлейік!



Жанас ҚУАНЫШЕВ, 

Байғанин аудандық 

сотының төрағасы

Тәуелсіздік жариялаған сәттен бас­

тап, Қазақстанды күтіп отырған оқиға-

лардың мән­жайын түсініп, мемле-

кеттің одан әрi даму үрдiсiн болжап, 

халықтың талғамына сай, жан­жақты, 

жігерлі, саясат жүргізуде көшбасшы 

бола алатындай, ой­өрісі кең, интел-

лектуалды тұлға қажет еді. Мұндай 

тарихи әрі жауапты міндет осы қа-

сиеттерге сай Елбасымыз – Нұрсұл-

тан Назарбаевтың еншісіне бұйырды. 

Қазіргі таңда Қазақстанның өзіндік 

үні, пікірі, мәртебесі бар. Біз әлемдік 

деңгейде аяғымызды сенімді басып, 

басқа елдер санасатын мемлекетке ай-

налдық. Тәуелсіз мемлекеттің қазіргі 

келбеті, бастан өткен  қиындықтар мен 

жеңістері тұңғыш президентіміз, Елба-

сының есімімен тікелей байланысты.  

Кеше ғана алынбас асу боп көрінген 

2030­дың бөктерін еңсеріп, қырқасына 

келіп бел жазған шақта, 2050 стратеги-

ялық биігі келесі бағындырар меже боп 

белгіленді. Қазіргі таңда еліміз әлемнің 

ең дамыған, бә секеге қабілетті 30 елінің 

қатарына кі руді көздейтін «Қазақстан 

– 2050» Стратегиясында, «Нұрлы Жол 

– Болашақ қа бастар жол»  және «Ұлт 

жоспары – 100 нақты қадам» бағдарла-

масында қойылған міндеттерді орындау 

жолындамыз.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылда-

рынан бастап Елбасы Н.Ә.Назарбаев 

демократиялық мемлекеттің жоғары 

стандарттарына лайықты сот жүйесін 

құруды алға қойған болатын. Осы жыл-

дар ішінде Қазақстанның сот жүйесі 

реформалық сатылардан өтіп, қазір 

әлемдік стандартқа толық сәйкес ке-

летін сот жүйесіне айналды. Тұңғыш 

Президентіміздің «Ұлт жоспары – бес 

институционалдық реформасын жүзеге 

асырудың 100 қадамы» осының нақты 

айғағы. Бүгінде халықтың қолдауына ие 

болған бұл халықтық реформалар еге-

мен елімізді болашаққа апарар жарқын 

жолдың бастауы, тұғырнамасы іспет-

тес. Олардың аясында халқымыздың 

әділдікпен демократиялық саясатқа 

деген сенімі айқындалып, Қазақстан-

ның кемелді келешегіне алтын көпір 

жалғанды деп ашық айта аламыз. Мем-

лекет басшысының және Қазақстан Рес­

публикасы Жоғарғы Сотының төрағасы 

Қайрат Әбдіразақұлының біздерге жүк-

теген сот саласындағы тапсырмаларын  

Шығыс Қазақстан облысының барлық 

деңгейдегі соттары іске асыру үшін бар 

ынта­ықыластарымен жүйелі жұмыс 

атқаруда. 

Елбасының күнделікті қамқорлығы-

ның арқасыңда отандық сот жүйесі 

ха лықаралық стандарттарға сай дамып 

ке леді. Сондықтан да,  Ғаламдық бәсе-

кеге қабілеттілік индексінің «Соттар-

дың тәуелсіздігі» индикаторы бойынша 

Қазақстанның рейтингі жыл сайын 

жақсаруда. 

Егемендік алған алғашқы жылда-

ры жалпы сотталғандардың бас бос­

тандығынан  айыру  көрсеткіші  бо­

йынша  АҚШ­пен  Рессейден  кейін 

үшінші орында болсақ, Тұңғыш Прези-

дентіміздің  басшылығымен жүргізіл-

ген ізгілендіру саясатынының арқасын-

да дамыған озық елдердің тәжірибесін 

ала отырып, бұл тұрғыда түбегейлі өз-

герістерге қол жеткіздік. Мемлекет бас-

шысының Бес институттық реформасы 

бойынша «Ұлт жоспары – 100 нақты 

қадам» бағдарламасында белгіленген 

міндеттерді, әсіресе сот саласы қыз-

меткерлеріне орындау халыққа – жақ-

сылық, судьяларға – абырой әкелмек. 

Ұлт жоспарындағы негізгі бағыттардың 

бірі заң үстемдігін құру болса, заңдар-

дың үстемдігінің артуы – адам құқықта-

рының жоғары орынға шығуы деген 

ұғымды білдіреді. Құқықтық мемлекет 

теориясына ерекше үлес қосқан фран-

цуз ойшылы Жан Жак Руссо: «Еңкей-

ген қариясынан, еңбектеген баласына 

дейін заңдар деп аталатын қасиетті қа­

мытқа мойынсынып ғұмыр кешу – адам 

өмірінің жарты бақыты», – десе, ұлты-

мыздың мақтанышы, батыр Бауыржан 

Момышұлы – «Тәртіпке бағынған құл 

болмайды, тәртіпсіз ел болмайды», – 

деп бекер айтпаса керек.

«Бидайдың барар жері диірмен», – 

демекші, әр даудың барар жері сот. Сон-

дықтан елімізде сот саласын дамытуға 

байланысты көптеген іс­шаралардың 

атқарылып жатқаны белгілі. Елбасы 

егемендік елбасы 

есімімен тікелей 

байланысты

Республикада жүргізіліп жатқан 

сот­құқықтық реформалардың басты 

мақсаты – даму жағдайымызға сай, 

өзінің тәуелсіздігімен, кәсіби шебер-

лігімен ерекшеленетін сот жүйесін 

құру. Бұл құқықтық демократиялық 

мемлекетті  қалыптастыратын  қа-

дамдар. Дауларды құқықтық тұрғыда 

реттеуге бағытталған сот жүйесі жұ-

мысының тиімділігін арттыру сенімді 

нығайтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі 

таңда сот саласын қайта құрылымдау, 

сот корпусын тағайындау мен маман-

дарды іріктеудің жаңа жүйесі қалып-

тасты. ҚР Конституциясына сәйкес, 

қазақстандық тәуелсіз сот құрылды.  

Азаматтардың еркіндігі мен құқығын 

сотпен  қорғаудың  өрісі  кеңейтіл-

ді.  Сот  билігі  атқарушы  органдар 

ықпалынан түпкілікті шықты. Сот 

жүйесінің дамуына халықаралық дең-

гейде танылған стандарттар енгізілді. 

Конституция талабына сай, судьялар-

ды Республика Президенті тағайын-

дайды. Қазақстан Республикасының 

судьялар одағы құрылды. Судьялар 

съезін өткізу дәстүрге айналды. «Қа-

зақстан Республикасының сот жүйесі 

мен судьялар мәртебесі туралы» кон-

ституциялық заңында судьялардың 

әлеуметтік және құқықтық қорғалуы 

жетілдіріліп, материалдық­қаржылық 

база  жақсартылды.  Маманданды-

рылған  экономикалық,  әкімшілік, 

жасөспірімдер, т.б. соттар құрылды. 

2007 жылы сот өндірісіне халық өкіл-

дері, яғни, алқабилер тартылды. Бұл 

жаңалық өз кезегінде  сот процесін 

демократияландырды. 1997 жылдан 

Халықаралық заңгерлер, 2004 жыл-

дан бері Халықаралық судьялар қа-

уымдастығының мүшесіміз.

Еліміздің сот жүйесін дамыту әр-

дайым ілгері қозғалуда. Атап айтқан-

да, соттардың тәуелсіздігін нығайту 

жолында сот шешімдерінің ашықтығы 

мен жариялылығы қамтамасыз етілді. 

Қазіргі уақытта соттар осы заманның 

соңғы жетістіктеріне қол жеткізді. 

Сот жүйесін жетілдіре түсу міндеттері 

Елбасының «Қазақстан–2050» страте-

гиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа 

саяси бағыты» атты халыққа Жолда-

уында да айқын көрініс тапты. Онда 

сот төрелігін жүзеге асыру процесін 

оңайлату, басы артық бюрократиялық 

рәсімдерден арылту, жаңа ақпарат-

тық технологияларды белсенді енгізу 

көзделді. Бүгінгі таңда соттарда «Сот 

қабинеті» сервисі, Гибридті почта, 

«SMS» хабарлама жолдау, «Төрелік» 

ақпараттық жүйесі, CALL орталығы, 

бейне­дыбысжазба АБТ жүйесі, сенім 

телефондары енгізілді.

Конституциямыз әлемде демокра-

тиялық қоғамның негiзгi мiн дет терiне 

сай келеді. Тәуелсіздік жыл да рында 

елімізде азаматтардың құқығы мен 

бостандығын қорғау кепілін ны ғайту 

үшін көп жұмыс жасалды және оның 

негізгі міндеттері Конституцияның қа-

рымын ашатын елі міздің 2010 жылдан 

2020 жылға дейінгі кезеңге арналған 

Құқықтық саясат тұжырымдамасында 

белгіленген. Республика Президенті 

халық пен мемлекеттік биліктің бір­

тұ тас тығы, Конституция, азаматтар 

құқықтары мен бос тан дықтарының ке-

пілі. Еліміздің мемлекет пен тұлғаның 

ынты мақ тастығын құрудағы жиыр­

ма бес жылғы даму жолына бүгінде 

халықаралық ұйымдар жоғары баға 

беруде. Ендігі мақсат, өткеннен қалған 

тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтқа 

деген махаббатты жастар бойы мен 

ойына өрелі сіңіре білу. Сонда қазіргі 

жетістіктеріміз бен жемісті істеріміз,  

еркіндігіміз одан әрі еселене түсері 

анық.


Алтынгүл ҚАРАБЕКОВА,

Жаңаөзен қалалық сотының 

судьясы

МАңҒыСТАу ОБлыСы

бағдарламасында  азаматтардың сот 

төрелігіне қолжетімділігін жеңілде-

ту үшін сот жүйесі инстанцияларын 

оңтайландыру, судья лауазымына үміт-

керлерді іріктеу оңтайланып, біліктілік 

талаптарын қатайту мәселері, судья-

лардың есеп беру тәртібін күшейту, 

жаңа  Этикалық  кодексті  қабылдау 

мәселелері  де назардан тыс қалмаға-

ны қуантарлық жағдай. Себебі, сот 

билігінде бір ғана басты тұлға – судья. 

Яғни, судья беделі – сот беделі, ал, 

сот беделі – мемлекет беделі дейміз. 

Расында да, судьялар үнeмі халықпeн 

тiкeлeй қарым­қатынас та болғандықтан 

олардың моральдық бейнесі мен кәсіби 

жетістігі қызмет барысында eрeкшe рөл 

атқаратындығы белгілі. Сондықтан, 

әрбір судья сот билігінің тәуeлсіздігін 

нығайтуға, заңның үстемдігін қамтама-

сыз етуге, өз кәсібінің беделін артты-

руға, сот төрeлігін нығайтуға қатысты 

жұмыстарды адал жүзeгe асыруға тиіс.  

Өткен жылдың соңында елміздің ба-

сты жоспарын игілікке асыру мақсатын-

да  59 заң күшіне еніп, биылғы жылдың 

бірінші қаңтарынан бастап «100 нақты 

қадамды» орындаудың практикалық 

кезеңі басталды. Нәтижесінде, айқын-

далған өзгерістер мен толықтырулар 

нақты іске асуда. Жаңартылған заңна-

малар қоғамның сот жүйесіне деген 

сенімінің артуына өз ықпалын тигізеді. 

Биылғы жылдан бастап бес сатылы 

сот жүйесі үш буынды сот жүйесіне 

ауысты. Мұндай қадам соттағы әу-

ре­сарсаңның алдын алып, сот шешімін 

қабылдаудың  мерзімін  қысқартты. 

Үш буынды сот жүйесі Еуропаның 

көптеген дамыған елдерінде қалыпта-

сқан үрдіс. Қазір сотқа түскен істердің 

басым көпшілігі бірінші және екінші 

сатыдағы, яғни, аудандық, облыстық 

және оларға теңестірілген соттарда 

өзінің түпкілікті шешімін тауып жатыр. 

Мұның пайдасы, сот шешімдерінің 

жедел әрі сапалы қабылдануына және 

орындалуына мол мүмкіндік тудырып 

отыр. Нәтижесінде, жалпы сот даула-

рының қаралу мерзімі 1,5 жылдан он 

айға қысқарып отыр. Сондай­ақ, бүгінгі 

күні сот жүйесінде ғана емес, еліміздегі 

ауыл­аймақтарда жергілікті ақсақалдар-

дан құралған кәсіби емес медиаторлар 

ортасы қалыптасып келеді. Себебі, 

ауылдардағы майда­шүйде дау­дамай-

лар қазіргі заманда абыз ақсақалдар мен 

ақжаулықты аналар төрелігінің арқа-

сында әділ әрі тез шешілуіне, әсіресе 

сотқа жетпей байыбына келуіне ауадай 

қажет.

Еліміздегі сот әділдігін іске асы-



руда оның халыққа ашық және қол-

жетімді болуы – Елбасы алға қойған 

ең жауапты міндеттердің бірі. Бұл жа-

уапкершілікті біздер барынша сезініп, 

берілген тапсыр маларды одан әрі де 

тыңғылықты атқаруға тиістіміз. Ол 

үшін өзіміздің ұлттық заңнамаларымы-

здың қасиетін терең ұғынып, қадіріне 

жете білгеніміз жөн.

Заңды сыйлау, оны орындау біздің 

қоғамның басты шарттарының бірі 

болуы тиіс. Осы орайда, еліміздің Тұң­

ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан  

Назарбаевтың: «Халқы заңын сыйлай-

тын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған 

қоғам», деген қанатты сөзін әр азамат 

жадында сақтап, бойтұмардай бағалай 

білгені абзал.

Өз басым  Тұңғыш Президентіміз 

айқындаған негізгі міндеттерді іске 

асыру, отанын, халқын сүйер әр азамат-

тың борышы деп бағалаймын. Сондай 

ақ, баршаңызды Елбасымыздың «Мәң-

гілік Ел» – ұлттық идеясының маңына 

топтасуға, «бір жағадан бас, бір жеңнен 

қол шығарып» жарқын болашақ жолын-

дағы міндеттерді орындауға жұмыла 

кірісуге шақырамын. 



Досжан 

Әміро

В

,

Шығыс Қазақстан облыстық сотының  төрағасы

Көзқарас


АзАмАттАр қҰқығын 

сотпен қорғау кеңейтілді



Ел президентінің халық­

қа  арнаған  жыл  сайынғы 

жолдаулары, мемлекеттік 

және стратегиялық бағдар­

ламалары, Бес институцио­

налдық реформаны іске асы­

рудағы «100 нақты қадам» 

– Ұлт жоспары, «Мәңгілік 

Ел» жалпы ұлттық патри­

оттық идеясы қарапайым 

халықтың әл­ауқатын жақ­

сартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталған. Және осы айқын мақсаттар бізді арманымызға қол жет­

кізуге нақты әрі сенімді қадамдар жасауға жетелейді

.

және 1986 жылғы алдыңғы 

буын аға­ апаларымыздың 

жанқиярлық ерліктері мен 

азаттық сүйгіш, өршіл рухы 

арқасында келген ел тә уел­

сіздігі мен егемендігінен 

айы рылып қалмай, лайықты 

ұс тап, қорғай білу – бүгінгі 

және келешектегі ұрпақтар-

дың қасиетті борышы және 

парызы. Елбасымыз Н.На-

зарбаевтың айтқанындай, 

Мәңгілік ел халқының сана-

лы да отансүйгіш ұрпақта-

рын тәрбиелеп қалыптасты-

ру үшін осы бағытта аянбай 

еңбектенуіміз қажет.  

Кеңес Одағының құра-

мынан босап, тәуелсіздік 

алғанымыздан кейін де мем-

лекетіміздің алдында сал-

мағы зіл батпан жауапкер-

шілікке толы мәселелер күтіп 

тұрды. Ең бірінші мәселе 

саяси тұрақтылық пен ұлт­

аралық татулықты, елдегі 

бейбітшілікті сақтау болды. 

Елбасының жарқырап көрін-

ген жері де осы тұс болды. 

Бұрынғы одақтық байланыс­ 

тар үзілген «Балапан басына, 

тұрымтай тұсына» дегендей, 

қиын­қыстау заман еді. Ол 

уақытта көптеген адамдар 

нарықтың талаптарын түсін-

бей, жаңа заманға бейімделе 

алмай, үкіметке қарап аузын 

ашып отырды. Елді жұмыс-

сыздық жайлады. «Жұт – 

жеті ағайынды» демекші, 

ұрлау, тонау, қарақшылық, 

зорлау, ұйым дасқан қылмыс­

тық топтар көптеп құрылып, 

қылмыскерлер көбейе баста-

ды. Міне, осындай сындарлы 

сәттерде саяси тұрақтылық 

пен ұлтаралық татулықты, 

елдегі бейбітшілікті сақтау 

дегеннің қаншалықты өзекті 

екендігі байқалды. Елбасы-

ның сол кездегі еңбегін атап 

айтсақ, елде кәсіпкерліктің 

дамуына кеңінен жол ашты, 

шағын және орта кәсіпкер-

лерге мемлекет тарапынан 

үл кен қолдау білдірілді. Ұл-

таралық қақтығыстар бол-

мауын қадағалап, қантөгіске 

жол бермей ептілікпен басқа-

ра білді. 

Ең бастысы, әлем кар-

тасында Егемен, Тәуелсіз 

Қазақстан Республикасы ре­

тінде орнығып, өркениеттің 

көшіне ілестік. Қолымыз 

жеткен табыстарға тоқмей-

ілсіп, босаңсуға әсте бол-

майды. Біздің мәңгілік мұра-

тымыз – Мәңгілік ел атану. 

Осындай  ізгі  ниеттерді, 

ой­пікірлерді жас ұрпақтың 

санасына сіңіріп насихаттап, 

тәрбиелеуіміз керек. 

АҚТӨБЕ ОБлыСы

Елбасының «Қазақстанның тәуел-

сіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың 

сыйы  емес,  өзінің  ежелгі  жерінде 

қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол 

жеткен өз мемлекттілігін құруға деген 

заңды құқығы екені даусыз және саяси 

фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», 

деп атап көрсетуінде үлкен мағына 

жатыр. Мемлекет басшысы айтқандай, 

Қазақстан бүкіл әлемге қоғамдағы 

татулық пен ынтымақтастықты сақтау­

дың, әртүрлі ұлттық мәдениеттер мен 

діндердің үйлесімді дамуына қамқор-

лық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп 

берді. 


Егемендік алған жылдар ішінде 

өзіне тән барлық институттары бар, 

әлемдік қауымдастықтың ықпалды 

мүшесі болып табылатын мемлекет 

Белес

Әлемдік қауымдастықтың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет