Тәжірибелік жұмыс №2 Тақырып Интеграция әдіснамалық құбылыс ретінде. Талқылауға арналған сұрақтар



Дата06.01.2022
өлшемі16,47 Kb.
#16124
түріСабақ
Байланысты:
тіл және әдебиет. 2 тәжірибелік жұмыс.


ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС № 2

Тақырып 2. Интеграция әдіснамалық құбылыс ретінде.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Интеграцияланған пәндерді жіктеп айтыңыз.

2. Интеграцияланған сабақтар қазіргі заманғы білім беру технологиялары ретіндегі көрінісін айқындаңыз.

3. Интергация әдіснамасы жайлы мәліметтер.

4. Интеграциялық деңгейлер туралы не білесіз?

Тәжірибелік сабақты орындауға арналған тапсырмалар:

1. Біріктірілген сабақтың конспектісі (тіл мен оқу)

2. Сабақтың тақырыбына байланысты библиография құрастыр (кем дегенде 20 дерекөзі)

1. Өзін-өзі тану, география, әдебиет, тарих, физика. Кез келген пәндерді интеграциялауға болады.

2. Интеграцияланған сабақ бірнеше пәннен білімдерін біріктіріп жинақтап сабақтың мақсатына жететін, бірнеше пән бойынша мәселелерді қарастыруға мүмкіндік беретін арнайы ұйымдастырылған сабақ. Басқа сабақтарға қарағандағы айырмашылығы: ақпараттылығы жоғары, сондықтан оқушылардың танымдық әрекеттерін кеңейтеді. Бұндай сабақтарды ұйымдастырған кезде әр кезеңі, тапсырмалары нақты, жинақы болуы тиіс. Бұндай сабақтарда оқушылардың назары әр түрлі тапсырмалар мен әрекеттерде болғандықтан олар шаршамайды. Бұнда оқушылар үшін бір қызықсыз пән деген болмайды, балалардың шығармашылық, танымдық әрекеттері дамиды.

3. Қазіргі білім берудегі кейбір интеграциялық процестер туралы Қазіргі заманауи жағдайындағы білім берудің болашағы қоғамның даму үдерісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып жəне үнемі өсіп отыратын, ақпарат көлемінің əр түрлі тегімен анықталады. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда жоғары оқу орындарындағы білім берудің сапасы мен-деңгейін жан-жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Тəуелсіздік алған жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың əлеуметтік-саяси жəне басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі — білім беру саласы.

4. Интеграцияның төрт деңгейі бар - бірнеше біріккен пәндерден тұратын арнайы курстар; - әртүрлі бөлімдерді блоктарға біріктіру ; - екі немесе бірнеше пән негізінде бір тақырыпты оқыту; - ойлау операциясын жалпылау негізінде білімді біріктіретін курс.

1. Біріктірілген сыныптардағы ұйымдастырылған сабақтың құрылымы 3 бөлімнен, 3 кезеңнен тұрады.

І.Кіріктірілген бөлім. Бағдарлау-мотивациялық кезең (өткенді қайталау,сабақ мақсатымен таныстыру, байланыстыру, жағдаят туғызу)

ІІ.Сараланған бөлім Операциялық-орындаушылық кезең (проблемалық жағдаятты шешу жолдарын іздеу, оқушылар өздік жұмыстар орындау арқылы оқулықпен және қосымша материалдармен жұмыс істеу)

ІІІ.Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық бағалау кезеңі (тапсырмалар арқылы тақырыпты бекіту, қорыту , өзін-өзі бағалау, үй тапсырмасы ) Сабақта қолданылған әдістер: сұрақ- жауап, әңгімелеу, талдау, көрнекілік, рефлексия,жинақтау.

Көрнекіліктер: кестелер, бағалау парағы, таратпа материалдары, оқулық, суреттер (слайдтан),Сабақты ұйымдастыруда дамыта оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, ойын,ақпаратты- ойын,ақпаратты-коммуникативтік (ғаламтордан көрсету) технологияларының әдіс- тәсілдері енгізілді.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақ нәтижесі бойынша 2 сынып 1оқушы «5», 2оқушы «4», 3сынып 2 оқушы «5», 1 оқушы»4», 1 оқушы «3»бағаларына бағаланды.

2. Пән: қазақ тілі.

Тақырып: Дара және күрделі зат есімдер.

Зат есім дегеніміз - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы.

Дара зат есім

Зат есімдер құрамы жағынан дара және күрделі зат есім болып екіге бөлінеді.

Негізгі түбірден жасалған зат есімдерді дара зат есім дейміз. Мысалы: бала, оқушы, кітап.

Күрделі зат есімдерге кемінде екі немесе онан да астам түбір морфемадан құралған зат есімдер жатады. Мысалы: белбеу, АҚШ, ата – ана, күн тәртібі.

Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі:

5. Біріккен зат есімдер,

6. Қосарланған зат есімдер,

7. Тіркес (құрама) зат есімдер,

8. Қысқарған зат есімдер.

Біріккен зат есімдер.

Біріккен зат есімдерге кемінде екі түбір морфемадан бірігу арқылы жасалған зат есімдер жатады.

Мысалы: бәйтерек, бәйшешек, белбеу, көкпар, қайнаға, қолбасы, қолқанат т.б

Қосарланған зат есімдер.

қосарланған зат есімдерге екі түбір морфемадан қосарланып жасалған зат есімдер жатады.

Мысалы: абысын-ажын, ақыл-айла, ас-су, ата-ана, бала-шаға, әл-қуат, ел-жұрт, жігіт-желең, жауын-шашын, ой-пікір, ой-қыр, отын-су, тері-терсек, ұрыс-керіс, шай-су т. б.

Тіркес зат есімдер.

Тіркес (құрама) зат есімдерге кемінде екі я онан астам түбір сөздерден әр қилы жолмен тіркесу арқылы жасалған зат есімдер жатады.

Мысалы: ауыл шаруашылығы, балалар бақшасы, кәсіп одағы, күн тәртібі, қоғамдық еңбек, сары май т. б.

Қысқарған зат есімдер



Қысқарған зат есімдерге бірнеше сөзден құралып қысқарған зат есімдер жатады.  

Мысалы: ҚР, БҰҰ, ҚазМҰУ, пединститут, см, мм, га, Кб, Мб т. б.  

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет