Тәжірибелік сабаққа арналған тапсырмалар ФӨТ Заттар мен энергия алмасу Тапсырма№1. Анықтама беріңіз Заттар мен энергия алмасу дегеніміз – заттар мен энергияның адам организмінде өзгеруі жүретін физикалық,химиялық,физиологиялық үрдістердің жиынтығы.
Тапсырма №2. Зат алмасуының 4 кезеңі бар. Кестені толтырыңыз
Қоректік заттардың ішек-қарындағы гидролизі-қоректік заттардың ферменттік ыдырауы.
2.
Гидролиз өнімдерінің қанға,лимфаға сіңуі.
3.
Қоректік заттар мен оттектің жасушаларға тасымалдануы- заттар мен энергияның жасуша ішілік алмасуы.
4.
Заттар алмасуының соңғы өнімдерінің сыртқа шығарылуы.
Тапсырма №3.Анықтама беріңіз
Негізгі алмасу дегеніміз – тіршілікке қажетті ең төменгі энергия алмасуы.
Кестені толтырыңыз
Негізгі алмасуды стандартты жағдайларда анықтайды:
1. Аш қарында,ас қабылдаған соң 12-14 сағаттан кейін.
2. Дене еттері босаңсыған,толық тыныштық күйде.
3. Комфортты температурада 18-22°.
Тапсырма №4. 1). Ересек адам үшін негізгі алмасудың орташа мәні -1 ккал/тәул.
2) Салмағы 70 кг, бойы 165-170, жасы 35-16 ересек ер адам үшін негізгі алмасудың мәні -1700 ккал/тәул. 3) Әйелдер үшін - 1500 ккал/тәул.
Тапсырма №5. Организмге қажетті энергия және құрылыс (пластикалық материалдар) тағам құрамымен күнделікті үздіксіз сырттан түсіп тұруы шарт. Олардың ағзадағы әртүрлі қызметтерін жазыңыз:
Тағамтану- - ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері,ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіреді.