Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Қоғамдық шаруашылық түрлері. Сұрақтар



Дата22.09.2023
өлшемі15,95 Kb.
#109802
түріСабақ

Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Қоғамдық шаруашылық түрлері.
Сұрақтар:
1. Тауар өндірісі. Ақша.
2. Қоғамдық шаруашылық түрлері: табиғи, тауарлық және әкімшілік-командалық.
3. Еңбек құнының теориясы. Шекті пайдалылық теориясы.
4. Ақшаның мәні мен функциялары. Ақша айналымының заңдары.

Оқушы жауабы:
1.Тауар өндірісі – қоғамдық өндірістің белгілі бір ұйымы. Тауар өндірісінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастар нарық арқылы, олардың еңбегінің өнімдерін сатып алу, сату арқылы көрініс табады. Ол еңбек өнімділігін арттырудың және өндіріс көлемін ұлғайтудың пәрменді тетігін жасайды. Тауар өндірісі мен оның тетігі – адамзат өркениетінің жалпыға ортақ мәнді жетістіктерінің бірі, қоғамдық-экономикалық формациялардың бірде-біреуі оны орағытып өте алмады. Тауар Өндірісінің өнімдерді тікелей айырбастау, тауар айналымы, тауар өндірісі сияқты қалыптасу сатылары бар.
Ақша — айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ
2. Қоғамдық шаруашылықтың нысаны – адамдардың шаруашылық қызметін ұйымдастырудың белгілі бір тәсілі. Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің тарихи тұрғыдан қалыптасқан 2 әдісі бар:
1) Натуралды шаруашылық – қоғамның тек өз қажеттіліктері
үшін ғана қажетті өнімдердің жиынтығын өндірумен айналысатын
тұйық шаруашылық.
2) Тауарлы шаруашылық – өнімдердің жеке тұтыну үшін
емес, олардың айырбастау және сату үшін өндірілуін сипаттайтын
шаруашылықтың дамыған түрі
3. Құнның еңбек теориясы - экономистердің тауарларды нарықтағы белгілі бір салыстырмалы бағаларға айырбастаудың себебін түсіндіруге бағытталған алғашқы әрекеті. Ол тауардың құнын анықтауға және оны өндіруге қажет жұмыс уақытының орташа санымен объективті түрде өлшеуге болатындығын болжады.
Шекті пайдалылық теориясы адамдарға өмір сүру үшін материалдық игіліктердің белгілі бір жиынтығы қажет дейді, игіліктердің адамның белгілі бір қажеттігін қамтамасыз ететін қабілеті, оның пайдалылығы деп аталады. Адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін игіліктер әр шамада болады: мол шамада, сирек шамада.
4. Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақшаның атқаратын қызметтері:
1. Ақшаның құн өлшемі құралы ретіндегі қызметі. Ақшаның
бұл қызметі өндірілетін барлық тауарлардың құнын көрсете алады,
нақтырақ айтсақ, тауар құнының ақшалай көрінісін бағалар деп
атайды. Осы жерде бағалар сұраныс пен ұсынысқа байланысты тауар
құнынан ауытқып отыруы мүмкін.
2. Ақшаның айналым құралы ретіндегі қызметі. Ақшалар
осы қызметі арқылы қолма-қол нысанда нақты тауар айырбасына
делдалдық жасайды. Айналымда жүрген нақты ақша белгілері осы
қызметті атқарады.
3. Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметі. Бұл қызметті ақша
тауарды несиеге (төлем мерзімін ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны
қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақыны, дивидендті,
пәтер төлемін және басқа да төлемдерді төлегенде атқарады.
4. Ақшаның жинақтау құралы ретіндегі қызметі. Болашақ
тұтыныстарды қанағаттандыру және ұзақ пайдаланылатын тауарларды
(теледидар, жиһаз, білім алу, үй сатып алу, т.б.) сатып алу ақшалар
бұл жерде өз айналысын тоқтатып қорланады. Бұл нарық жағдайында
кездейсоқ жағдайлардан сақтану үшін әр адамға қандай да бір ақша
резервінің болуын қажет етеді.
5. Ақшаның «әлемдік ақшалар» ретіндегі қызметі. Бұл жерде
әлемнің дамыған елдерінің тұрақты валюталары (доллар, еуро, йена,
рубль, т.б.) әлемдік ақшалар қызметін орындайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет