С. Исаев «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму кезеңдері» деген еңбегінде әдеби тілдің сипаты, қызметі, қалыптасу жолдары т.б. проблемаларды қамтыған. Автор қазақ әдеби тілінің қалыптасуын шартты түрде үш дәуірге бөледі: 1.Қазақ халқының жеке халық болып қалыптасқанына дейіңгі көне дәуір, яғни жалпы түрі әдеби тілі дәуірі. 2.Қазақ халқының халық болып қалыптасқанынан кейінгі кездегі қазақ әдеби тілінің туып, даму дәуірі. 3.Қазақ әдеби тіл дамуының советтік дәуірі.
Ғалым Б.Әбілқасымовтың айтуынша, орыс тіл білімінде әдеби тіл дегеніміз не? дегенге жауап беретіндей қалыптасқан анықтама бар. Ғалым лингвистикалық терминдер сөздігінің авторы, белгілі тіл маманы А.С.Ахманованың Әдеби тіл дегеніміз - белгілі бір қалыпқа түскен, диалектілер мен қарапайым сөйлеу тіліне қарағанда жалпыға бірдей міндетті және дұрыс деп қабылданған нормасы бар тіл деген анықтаманы дұрыс деп табады.