Тексерген: Амиров А



бет6/6
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#15426
1   2   3   4   5   6

Б.Әбілқасымов әдеби тіл атаулыға тән ортақ белгілер ретінде мыналарды атап көрсетеді: 1) халықтың сөйлеу тіліне қарағанда оның өңделген, сөз шеберлерінің қолдануынан өткен түрі; 2) қоғам мүшелеріне ортақ әрі міндетті нормасы бар тіл; 3) сол халықтың ұзақ тарихи бойына сақтаған тұрақты, жүйелі дәстүрі бар тіл; 4) диалектілер мен әртүрлі жаргондық тілдерден жоғары тұрған тіл

Ғалым А.Ысқақов төл әдеби тілдің жазбаша нұсқаларынан ауызша нұсқаларының әрі ертерек шыққаны, әрі қалың бұқараға әлдеқайда кең жайылғандығы және ықпалы мен әсері де анағұрлым басым болғаны күмән келтірмеске тиіс дей келе төл әдеби тілді ауызша және жазбаша болған деп бөледі

Б.Әбілқасымов та қазақ халқының ауызша әдеби тілінің бейнелігі мен көркемдігі жағынан дүниежүзінің ешбір жазба әдеби тілінен кем түспейтінін жазды.

Академик Н.Т Сауранбаев та қазақ әдеби тілі туралы біраз пікірлер айтқан. Ол: «Қазақтың әдеби тілі революциядан бұрыңғы дәуірлерде жасалып, белгілі бір жағдайда өмір сүрген, бұл дәуір қазақ әдеби тілінің алғашқы адымы, нәрестелік дәуірі», - деді Н.Т Сауранбаев. Неге бұлай аталатының себебін түсіндіреді. Яғни, ол кісінің пікірінше бұның себебі; сол кездегі ақындардың еңбектерін халық сауатсыз болғандықтан пайдалана алмаған және сол ақын – жазушылардың шығармаларының дәл жазылған уақытта басылмағандығы Н.Т Сауранбаев қазақ әдеби тілін мынадай үш дәуірге бөледі: 1. ХІХ ғасырдың ІІ – ші жартысына дейіңгі дәуір. 2. ХІХ ғасырдың ІІ – ші жартысынан ХХ ғасырдың 20 жылдарына дейінгі дәуір. 3. Советтік дәуір.

Менің ойымша, қазақ әдеби тілі Х ғасырдан бастап дами бастады, яғни қазақ хандығы құрылған кезде бастау алады. Ал көне түркі тілі қазақ әдеби тілінің қалыптасу басы емес, тек арналарының бірі. Ал, қазақ әдеби тілнің жаңа сатыға көтерілуі – ХІХ ғасырдың ІІ–ші жартысына дейінгі кезең, яғни Абай, Ыбырайлармен байланыстырамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет