Тексерген: Амиров А



бет2/6
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#15426
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Әдеби тіл тарихы

Әр елдің ұлт болып қалыптасуының басты шарты тарихы, діні және тілі болса, соның ең басты тірегі - тіл деп білеміз. Кез келген дамыған халықтың жалпыға ортақ, сұрыпталған әдеби тілі болады. Қазақ әдеби тіл тарихы туралы айтылғанда да, ең бірінші әдеби тіл деген ұғымды дұрыс түсініп алу керек.


Қазақ әдеби тілінің тарихы жеке пән ретінде ХХ ғасырдың 40-50 жылдарында ғана қалыптаса бастады. Бұл кезеңдегі зерттеулер Кеңес кезеңінде жарық көргендіктен орыс тіл білімінің негізінде жазылды, ұлы тілдің ықпалынан шығып кете алмады. Тек әдеби тілдің тарихы ғана емес, жалпы қазақ тілі білімі және оның негізгі салалары орыс тіл білімінің ыңғайына қарай қарастырылды.

Әдеби тіл дегеніміз не? деген сұраққа бірқатар қазақ тілі мамандары орыс әдеби тілінің ұлттық немесе қазіргі дәуіріне сай келетін анықтама мен белгілерді келтіріп жауап беріп келді. Мәселен, "Қазақ әдеби тілі тарихы" атты 1968 жылғы оқулық авторлары "Әдеби тіл дегеніміз - жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл" деген анықтама береді де, тілдің әдеби болуы үшін төмендегі белгілердің болуын міндетті деп санайды:



1)  Әдеби тіл, ең алдымен, жазба тіл болуы керек, ол жазу арқылы ғана қалыптасады;

2) Әдеби тіл нормалан ған тіл болуы керек;

3)  Әдеби тілдің стильдік тармақтары болуы керек "тілдің стильдік жүйелерінің саралануы - тілдің әдебилігінің басты белгісінің бірі";

4) "Әдеби тіл - қоғамдық қызметі ерекше тіл". "Жазба әдебиет арқылы әдеби тілдің икемділігі, ортақтық қасиеті артып, құрылысы жүйелі қалыпқа түседі", "тілге орамды, жүрекке жылы тиетін" элементтері ұштала түседі.

Әдеби тілдің жүйелілік, нормалық, сымбаттылық қасиеттері, өмір сүру формалары мен стильдік сипаты, қоғамдық қызметі оның мәнінен, басты қасиетінен туындап, нақтылы қалыптасу жолы мен кезеңдері арқылы әдеби тілдің даму процесі айқындалады.

Дүние жүзіндегі барлық әдеби тіл атаулыға бірдей, сондай-ақ әдеби тілдің барлық кезеңіне ортақ әмбебап анықтама болмайды. Ал белгілі бір ке-зеңдегі әдеби тілдің анықтамасын түзіп, негізгі белгілерін айқындағанда, әр дәуірдегі әдеби тілдің нақтылы мүмкіндігі, қызмет ету сферасы, оған жүктелетін міндет, өмір сүру формасы ескерілуі керек.



Әдеби тіл

Қоғамды ұйымдастырушылык яғни, қоғамның рухани, мәдени қажетін өтей алатындай әлеуметтік қызмет атқаруы

Сол нормалардың қоғам мүшелерінің бәріне бірдей міндетті

Жергілікті диалектілер мен қарапайым сөйлеу тіліне қарағанда жалпы қауым "дұрыс" деп тапқан нормасы бар

Әр түрлі әдеби тілдер арасындағы ұқсастықтар мен ортақ сипаттарды байқауға болады. Солардың негізінде әдеби тілдің қалыптасуының негізгі үш жолы бар:

1. Әдеби тіл белгілі халықтың бір ғана тобы сөйлейтін бір диалектісінің негізінде қалыптасады.

2. Әдеби тіл кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен халықтың тілі болуы да мүмкін. Бөтен тілдің әдеби тіл болуы сол халықтың тәуелсіздігінің жоқтығымен, басқа елге бағынышты болуымен, мәдениетінің артта қалуымен байланысты.

3. Көп жағдайда әдеби тіл сол халықтың бар болса барлық немесе бірнеше диалектісінің, жалпы халықтық тілінің негізінде, сол сияқты сөйлеу тілі мен бай ауыз әдебиетінің дәстүрінде қалыптасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет