18
Гипермәтінді құру әдісі оның толықтай платформадан тәуелсіздігін
қамтамасыз етеді. Windows басқаруында болған компьютерде Web-бетті құрған
кезде сіз администратор UNIX басқармасындағы
немесе қандайда бір басқа
оперциялық жүйесі бар компьютерде файлдарды қолдана алады.
HTML негізгі ерекше принциптерінің бірі – қабілетілігі. Бұл HTML басқа
тілдерден ерекшелейтін фактор, оларда теориялық негізде кодты ішке
салынатын конструкцияларсыз жазуға болады. Нақты жағдайда бұл мүмкін
емес. Әрбір элементтер ӛзінің ішіне тікелей тек белгілі элементтердің
салынуына мүмкіндік береді, олар ӛз алдында
тек белгілі бір элементтер
қатарының ішіне сала алады. Осы әдіспен гипермәтіннің негізгі құрылымы
құрылып қана қоймай, түрлі визуалды эффектілер жасалынады.
HTML-дің ең бірінші версиясын 90-шы жылдардың басында сол кездерде
әйгілі Mosaic браузері үшін Тим Бенерс-Лимен құрастырған болатын. Бірақ сол
кездерде не браузер, не жаңа тіл үшін лайықты қолданыс табылмады. 1993
жылы HTML+ версиясы пайда болады. Бірақ бұл да ешқалай ерекшеленбеді.
1994 жылдың маусымында гипермәтінге кең таратылыс берген 2.0 версиясы
жарық кӛрді. Бұл WWW-дің бүкіл әлем бойынша таралуының басы еді. Бұл
версияға енгізілген элементтер әлі күнге дейін қолданылуда.
HTML 3.0 версиясы бір жылдан кейін пайда болды, онда тіл элементтері
арқылы математикалық символдарды бейнелеу жүзеге
асырылған болатын
(интеграл, шексіздік, бӛлшек, жақшалар және тағы басқа). Бұл версия үшін
Arena браузері де құрастырылған болатын. Бірақ бұл жоба тығырыққа тіреліп,
ары қарай дамымады.
1996 жылы HTML 3.2 версиисы пайда болды. Бұл жаңашыл шешім
болатын. Тіл спецификациясына Web-беттерді құрастырушыларының арасында
белгілі болған фреймдер енгізілгенін айту жеткілікті.
Қазір де осы
спецификация негізінде жетерліктей жаксы дизайнерлік шешімдерді жасауға
болады. Осы күнгі браузерлердің айтарлықтай барлығы 3.2 версиясын
жетектейді. Сондықтан авторларда олардың элементтерінің жұмыс істеу
қабілеті жайында сұрақтар туындамайды.
Динамикалық HTML 4 ресми спецификациясы 1997 жылы пайда болды.
Бұл кезден бастап-ақ гипермәтіннің ары қарай дамуы скрипттік бағдарламалау
арқылы жүзеге асырыла бастады. Бұл тілге жаңа элементтерді енгізуі әлдеқайда
тиімді болып шықты. Сол кездерде пайда болған Netscape Navigator 4, Microsoft
Internet Explorer 4 браузерлері бағдарламалық
кодты жеткілікті дәрежеде
интерпретациялады.
Достарыңызбен бөлісу: